
- •Халықаралық құқық ерекше құқық жүйесі ретінде.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырықша жүйесі ретінде.
- •2. Халықаралық құқықтың қалыптасу кезеңдері
- •3. Халықаралық құқықтың кодификациясы. Бұұ және басқа халықаралық ұйымдардың ролі.
- •4.Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •6.Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •12. 30.05.2005 Жылғы қр «Халықаралық келісім-шарттар туралы” Заңына қысқаша сипаттама.
- •25. Бұұ әрекеттерінің негізгі бағыттары.
- •29 .Қр 1991 ж. «Азаматтық туралы» Заңы, 1993,1995 ж.Ж. Енгізілген өзгертулер мен қосымшалармен.
- •30. Қос азаматтық. Азаматтығы жоқтық.
- •31. Шетелдіктердің құқықтық режимінің негізгі түрлері.
- •32. Қазақстан Республикасы - халықаралық құқық субъектісі.
- •33. Қазақстан Республикасы - бұұ мүшесі.
- •34. Қазақстанның сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік саласында стратегиялық бағыты.
- •35. Қазақстанның тәуелсіздігі және халықаралық құқық, Қазақстандағы халықаралық-құқық ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
- •69)Мемлекеттердің бұұ-дағы және басқа халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілдіктері.
- •70)Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы.
- •78 Халықаралық экономикалық құқық: ұғымы, қалыптасуы.
- •79 Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •80 Халықаралық экономикалық құқықтың мақсаттары мен қағидаттары.
- •81 Халықаралық экономикалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық ұйымдар.
- •82 Халықаралық экономикалық шарттар ұғымы, оның түрлері және жүйесі.
- •83 Әскери қақтығыстардың құқықтық салдары, уақыт бойынша әрекет етуі, әрекет ету аясы.
33. Қазақстан Республикасы - бұұ мүшесі.
Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 2 наурыздан бастап (БА 46/224 қарары) Біріккен Ұлттар Ұйымының толық қанды мүшесі болды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қазақстандағы өз жұмысын 1992 жылғы 5 қазанда Президент Назарбаевпен сол кездегі БҰҰ Бас Хатшысы Бутрос Бутрос Гали арасында келісімге қол қойылғаннан кейін 1993 жылдың басында бастады. Соңғы 19 жылда БҰҰ агенттіктері макроэкономикалық реформа жүйесінде бірқатар стратегиялар, бағдарламалар мен заң жобаларын әзірлеуге, денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны сақтау саласындағы басқаруды жақсартуға қолдау көрсетті. Олардың ішінде айтарлықтай маңыздысы «Қазақстан-2030» ұзақмерзімдік даму бағдарламасы болып табылады. Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде жұмыс істей отырып әрбір агенттіктің өз мандаты бар және қызметтің белгілі бір түріне назар аударады. Агенттік басшылары БҰҰ Тұрақты үйлестірушінің жетекшілігімен БҰҰ Елдік Командасын қалыптастырады. БҰҰ Елдік Командасы агенттіктің ұжымдық мықты жақтарына сүйене отырып дамудың ұлттық басымдықтарына қол жеткізу үшін стратегиялық үлес қосуды қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымының мынадай мамандандырылған агенттіктері, бағдарламалары мен қорлары жұмыс істейді:
Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ)
БҰҰ АИВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарламасы (ЮНЭЙДС)
БҰҰ Гуманитарлық мәселелерді үйлестіру жөніндегі басқармасы (БҰҰ ГМҮБ)
БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар басқармасы (БҰҰ АҚЖКБ)
БҰҰ Еріктілерінің бағдарламасы (БҰҰЕ)
БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ)
БҰҰ Қоғамдық ақпарат департаменті (БҰҰ ҚАД)
БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ)
БҰҰ Азия және Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО)
Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі біріккен ұлттар ұйымы (ЮНЕСКО)
БҰҰ Гендерлік теңдік және әйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі құрылымы (БҰҰ Әйелдер)
БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы (БҰҰ БЖКБ)
БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ)
БҰҰ Халық саласындағы қоры (ЮНФПА)
БҰҰ Орталық Азия үшін превентивтік дипломатия жөніндегі аймақтық орталығы
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ)
Мыңжылдық Саммиті кезінен бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевты қоса алғанда әлем жетекшілері 2000 жылғы қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойған Мыңжылдық Декларациясында белгіленген мақсаттарға сәйкес жүргізіліп келеді. Мыңжылдық Даму Мақсаттары (МДМ) деп аталған бұл мақсаттар мемлекеттердің 2015 жылға қарай миллиондаған адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартуға деген ұмтылысына қол жеткізудің нақты және өлшемді көрсеткіштерін белгілейді.МДМ кедейлікті қысқарту, ана мен баланың денсаулығын жақсарту, гендерлік теңдік, ғасыр ауыруларымен күрес, бастапқы білімге көптеп қол жеткізу және экологиялық тұрақтылық сияқты дамудың маңызды салаларын қамтиды.Қазақстан МДМ бастапқы қойған кедейлікті қысқарту, бастапқы білімге көптеп қол жеткізу және әйелдер құқығын ілгерілету сияқты мақсаттарының кейбіріне әлден-ақ қол жеткізіп отырғандықтан, үкімет өзіне «МДМ+» тәртібі бойынша, демек Қазақстанда орындалған МДМ бойынша мақсаттарды жоғарылатуға міндеттеме қабылдады.