Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1list.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.22 Кб
Скачать

4.Халықаралық құқықтың жүйесі.

Құқық жүйесі жайлы толы мәселесі мен халықаралық құқықтың (жекеше алып қарастырғанда) жүйесі жайлы мәселелері маңызды болып келеді. Екі түсінікті айта кетуге болады, яғни ұлттық құқықтың жүйесі (яғни ішкімемлекеттік құқық жүйесі) мен ха­лықаралық құқық жүйесі. Бұл түсініктің әрқайсысы бірдей бо­лып табылмайды, сонымен қатар, олар әртүрлі тегістікте әрқалай жүреді. Ұлттық құқық жүйесі салаларға, институттар мен нормаларға бөлінуін көрсетеді; яғни жариялық құқықтық, жеке құқықтық, қылмыстық құқықтық және т.б. Ұлттық құқық жүйесі, әрбір жеке алып қарастырылатын мемлекетке тән нәрсе. Халықаралық құқық жүйесі бір ғана халықаралық құқықтың мем­лекетаралық сипатымен туындайды. Бұл жүйеде жалпы және ерек­ше бөлімдерге бөлінуі көрсетіледі, осы шеңберде қандай да бір салаларға жататындығы, институттарға бөлінуі, ең ақыры нормаларға келіп тіреледі. Мұндағы үш тармаққа бөлінуі, ха­лықаралық құқықтың ерекше бөліміне қатысты болып саналады. Жалпы бөлімінде, тек негізгі кіріспелік сипатындағы тараула­ры жайлы айтылады, алайда олардың біразы, халықаралық құқықтың нақты нормаларын қайткенмен де біріктіре түседі. Соған сәйкес, олардың шеңберінде халықаралық қатынастардың нақты реттелінуі жүзеге асырылады, мысалға халықаралық шарт­тардың құқығы, халықаралық құқықтағы жауапкершілік, ха­лықаралық ұйымдардың құқығы. Толы айтқанда, қазіргі ха­лықаралық құқық, тұрып қалған жүйені көрсете отырып, сала­ларға қарасты түрлерін кіргізеді. Жалпы бөлім ішінде:

- Халықаралық құқықтың түсінігі, тарихы, қызметі, қағидалары,

- Халықаралық құқықтың субъектілері,

- Халықаралық құқықтың қайнар көздері,

- Халықаралық шарттардың құқығы,

- Халықаралық ұйымдардың құқығы,

- Халықараалық құқықтағы жауапкершілік,

Ерекше бөлім ішінде:

- Халықаралық қауіпсіздік құқығы және дауларды бейбіт жолы­мен реттеу,

- Дипломатиялық және консулдық құқық,

- Адамның халықаралық құқықтары мен халық мәселесі,

- Халықаралық құқықтағы жер мәселесі,

- Халықаралық қоғамдық құқық,

- Халықаралық экономикалық құқық,

- Халықаралық теңіз құқығы,

- Халықаралық әуе құқығы,

- Халықаралық экологиялық құқық,

- Халықаралық ғарыш құқығы,

- Халықаралық қылмыстық құқық,

Халықаралық құқықтың жалпы және ерекше бөлімдерінде әртүрлі авторлармен қосымша тараулары да көрсетіліп кеткен, мысалы халықаралық құқықтық реттеу, халықаралық құқық нормаларын қолдану және талқылау (жалпы бөлім ішінде)

ғылыми-техникалық ынтымақтастықты халықаралық құқықтық реттеу (ерекше бөлімі ішінде) және т.б.

Екінші жағынан алып қарағанда, объективті дамып келе жатқан халықаралық қатынастардың әсерінен, халықаралық құқық жүйесі салалардың актуализацияға қатысты өзгерту­лерді шыдап келеді, яғни халықаралық ғарыш құқығы, халықаралық жауапкершілік құқықтары, халықаралық қылмыстық құқығы, тарауөа жататындарының, мысалы халықаралық құқық субъ­ектілері тарауындағы аса зор мәнге ие болып келе жатқан ха­лықаралық құқықтағы ұлттық меньшинстваларды, халықтарды құқықтық реттеу мәселесі болып саналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]