
- •Халықаралық құқық ерекше құқық жүйесі ретінде.
- •Халықаралық құқық- құқтың айырықша жүйесі ретінде.
- •2. Халықаралық құқықтың қалыптасу кезеңдері
- •3. Халықаралық құқықтың кодификациясы. Бұұ және басқа халықаралық ұйымдардың ролі.
- •4.Халықаралық құқықтың жүйесі.
- •6.Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары.
- •12. 30.05.2005 Жылғы қр «Халықаралық келісім-шарттар туралы” Заңына қысқаша сипаттама.
- •25. Бұұ әрекеттерінің негізгі бағыттары.
- •29 .Қр 1991 ж. «Азаматтық туралы» Заңы, 1993,1995 ж.Ж. Енгізілген өзгертулер мен қосымшалармен.
- •30. Қос азаматтық. Азаматтығы жоқтық.
- •31. Шетелдіктердің құқықтық режимінің негізгі түрлері.
- •32. Қазақстан Республикасы - халықаралық құқық субъектісі.
- •33. Қазақстан Республикасы - бұұ мүшесі.
- •34. Қазақстанның сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік саласында стратегиялық бағыты.
- •35. Қазақстанның тәуелсіздігі және халықаралық құқық, Қазақстандағы халықаралық-құқық ғылымының қалыптасуы мен дамуы.
- •69)Мемлекеттердің бұұ-дағы және басқа халықаралық ұйымдағы тұрақты өкілдіктері.
- •70)Халықаралық гуманитарлық құқық ұғымы.
- •78 Халықаралық экономикалық құқық: ұғымы, қалыптасуы.
- •79 Халықаралық экономикалық құқықтың қайнар көздері.
- •80 Халықаралық экономикалық құқықтың мақсаттары мен қағидаттары.
- •81 Халықаралық экономикалық ынтымақтастық саласындағы халықаралық ұйымдар.
- •82 Халықаралық экономикалық шарттар ұғымы, оның түрлері және жүйесі.
- •83 Әскери қақтығыстардың құқықтық салдары, уақыт бойынша әрекет етуі, әрекет ету аясы.
82 Халықаралық экономикалық шарттар ұғымы, оның түрлері және жүйесі.
Халықара-қ шарттар мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында халықаралық шарт жасасу, оның әрекет еруі, сондай-ақ күшін жою жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы болып табылады. Жазбаша түрде халықаралық шарттар шамамен алғанда бұдан 5 мың жыл бұрын пайда болған. Қазіргі кезге жеткен халықаралық шарттардың бірі, ол – б.з.д. 13 ғасырдың бірінші жартысында Аккад патшасы Нарамсин және Эламның ұсақ билеушілері арасында жасалған халықаралық шарт. Құл иеленушілік дәуірде шарттар бейбітшілік, бітімгершілік, әскери көмек, сауда мәселелеріне айналды. Бірақ бұл мәселелердің барлығы бейбітшілік туралы шарттарда көрініс тапты. Шарттарды мемлекеттер ғана емес сонымен қатар дербес қалалар, мемлекеттер одағы, кейде діни ұйымдар жасай алды. Шарт жасау рәсімі діни сипаттағы әрекеттерді жасаумен қатар жүрді. Егер ол жасалмаса, шарт жарамсыз болып есептелді. Халықаралық шарттардың нысаны, құрылымы және атауы. Халықаралық шарт жазбаша түрде немесе ауызша түрде жасалады. Себебі ауызша жасалған шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақты белгілемейді. Шарттардығ құрылымына: атауы, кіріспесі, негізгі және қорытынды бөлімдері кіреді. Кіріспеде шарттың мақсаты жазылады. Оның шарты талқылау кезінде үлкен мәні бар. Негізгі бөлім баптардан яғни қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Қорытынды бөлімде шарттың күшіне енуі мәтіннің тілін реттейтін ережелер болады.
83 Әскери қақтығыстардың құқықтық салдары, уақыт бойынша әрекет етуі, әрекет ету аясы.
1907 жылғы Ашық әскери іс-әрекеттер туралы конвенцияның 1 бабына сәйкес мемлекеттер арасында әскери алдын ала келісімсіз, ескертпесіз басталмауы тиіс. Сонымен бір уақытта бейтарап мемлекеттер жариялануы тиіс. Әскери іс-әрекеттердің жариялануы мен басталуының арасындағы қандай да бір мерзімді халықаралық құқық бекітпейді. Соғысушы мемлекеттердің арасында соғыс жағдайын жариялағаннан бастап оларға мынадый құқықтық салдар пайда болады: Дипломатиялық және консулдық қатынастар тоқтайды;Дұшпан мемлекеттің меншігі конфискеленеді;Соғысушы мемлекеттің азаматтары үшін арнайы режим енгізіледі;Бейбіт кездегі халықаралық шарттар әрекет етуін тоқтатады;Халықаралық гуманитарлық құқықтың нормалары өз күшіне енеді. Соғыс театры —соғысушы тараптардың жауынгерлік әрекеттер жүргізетін кеңістік. Бұл құрлықтағы, теңіз, әуедегі аумақ, сонымен қатар бейтараптанған және демилитаризацияланған аумақты есептемегенде халықаралық аумақ. Мысалы: халықаралық теңіз каналдарында, Шпицберген архипелагында, Айда, және басқа да аспан денелерінде әскери әрекеттер жүргізуге болмайды.Қарулы қақтығыс қатысушылары комбатанттарға на (соғысушылар) және комбатант еместерге (соғыспайтындарға) бөлінеді. Комбатанттарға бүкіл соғысушы құрам кіреді: 1)қарулы күштер; 2) жасақтанған ерікті және партизандық отрядтар, қарсыласушы куштер. Комбатант мәртебесіне жауап беру үшін олар: Бағыныштылар үшін жауап беретін басында бір тұлға болу керек;Алыстан ерекшеленіп көрініп тұратын белгісі болуы керек; Қаруды ашық ұстап жүру керек; Соғыс жүргізу ережелерін сақтау тиіс.Комбатант еместерге: 1) медициналық персонал; 2) рухани персонал.Комбатанттар мен комбатант еместердің құқықтық жағдайы әртүрлі. Біріншілерге әскери тұтқын режимі таралады, ал екіншісіне таралмайды.Әскери барлаушы- өзінің армиясының формасында қарсылас туралы мәлімет жинайтын тұлға. Тұтқындалғанда әскери тұтқынның құқығын пайдаланады.Әскери тыңшы (лазутчик) — қарсыластың армиясының әрекет ететін аумағында өз армиясына беру мақсатымен құпия түрде мәлімет жинайтын тұлға. Тұтқындалған жағдайда әскери тұтқын мәртебесін ала алмайды, басқаша айтқанда оны соттауға болады.Соғыс жағдайының тоқтатылуы және оның құқықтық салдары. Қарулы қақтығыс кезінде мемлекеттер соғыс жағдайында болады. Әскери әрекеттердің тоқтатылуынан соң соғысушы мемлекеттер арасында бейбітшілік қатынастар қайта жаңартылады. Әскери әрекеттер екі жолмен тоқтатылады: уақытша бітім және капитуляция.Уақытша бітім — бұл соғысушы мемлекеттер арасында әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімін жүзеге асыру. Уақытша бітім жалпы және жергілікті болады.Әскери әрекеттерді тоқтатудың басқа нысаны - капитуляция. Ол қарулы күштердің қарсылығын немесе соғысушы тараптардың бір бөлігінің қарсылығын тоқтату. Уақытша бітім немесе капитуляция кезінде тек қана әскери әрекеттер тоқтатылады. Бірақ соғыс жағдайы мемлекеттер арасында сақталады. Ол бейбітшілік шартын бекіткеннен кейін ғана тоқтатылуы мүмкін.
85 ТМД – ның құқықтық табиғаты.
ТМД ыдыраған КСРО орнына 1991ж.21 желтоқсанда құрылағн халықаралық ұйым. 1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20 ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстанбасшылары Алматыда желтоқсан 21|21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
84. Халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарының жүйесі және олардың негізгі құжаттарда бекітілуі: БҰҰ Жарғысы, 1970 жылғы БҰҰ-ның халықаралық құқық қағидалары туралы дикларациясы. 1975 жылғы Хельсинкідегі Кеңестің қорытынды актісінің маңызы.
Мемлекеттердің мінез-тәртібін реттейтін көптеген нормалардың арасында негіз қалаушы нормалар бар. Бұл нормаларды сақтамай ешқандай мемлекет және халықаралық құқықтың басқа субъектілері де қалыпты қарым-қатынас жасап, өмір сүре алмайды. Осындай нормаларды қағидалар деп атайды. Негізгі қағидалардың кейбіреулері көне заманнан бері өмір сүріп, халықаралық құқықтың бастауы болған. Бірақ олардың барлығы халықаралық түрінде тек қана 1945 ж. БҰҰ Жарғысында құрылып, жазылған. Ал содан кейін 1970ж. БҰҰ БА-мен ''БҰҰ Жарғысына сәйкес мемлекетаралық достық қарым-қатынастарды реттейтін халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларацияда'' жүйеленіп, келісімді талқыға түсіп, кодификацияланған. • БҰҰ Жарғысына сәйкес қабылданған мемлекттердің өз міндеттерін адал орындау. 1975 ж. СБСЕ-нің қорытынды акті оларға тағы үшеуін қосты: шекара беріктігі; территория тұтастығы; адам құқықтарын құрметеу. Олардың ішінен бірінші қағида ғана жалпы халықаралық құқықтың құрамына кіре алмаған Оның негізгі таралу аймағы Еуропа болып табылады. Қорытындылай келе, қазіргі заман халықаралық құқықта ресми түрде 10 қағида бекітілген. Оларды 3 топқа бөлуге болады: • Халықаралық ынтымақтастық қағидалары; • Халыұаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары; • Адам, ұлт және халықтардың құқықтарын қорғау қағидалары. Бірінші топқа мемлекеттердің егеменді тең құқықтылығы, мемлекттердің ішкі істеріне араласпау, мемлекттердің ынтымқтасуы, мемлекеттердің міндеттерін адал орындау қағидалары жатады. Екінші топқа халықаралық қатынастарда күш қолданудан бас тарту, шекара беріктігі, территория тұтастығы, халықаралық дауларды бейбіт жолдармен шешу қағидалары кіреді. Үшінші топқа халықтардың тең құқықтылығы мен өзін-өзі анықтау, адам құқықтыры мен бостсндықтарын құрметтеу қағидалары жатады. Негізгі қағидалардың жіктелуі, әрине, шартты, өйткені олардың барлығы өзара байланысты және әр біреуі бүкіл мемлекетаралық жүйе үшін маңызы зор.
1. Халықаралық құқық ерекше құқық жүйесі ретінде. Халықаралық қуқық-мемлекеттер арасындағы әртүрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі. Ол құқықтың ерекше жүйесі ғана емес ішкі мемлекеттік құқықтың барлық өзге салаларынан едәуір айырмашылығы бар. Халықаралық құқық халықаралық қатынастарды реттейтін шарттық және нормалар мен қағидалар жүйесін және мемлекеттің салыстырмалы келісілген еркін көрсетеді.
4. Халықаралық құқықтың қайнар көздері.Халықаралық құқықтың қайна көздері бұл халықаралық құқықтың субъектілері қабылдаған халықаралық нормаларды бекітетін ресми нысандар. Халықаралық құқықтың негізгі қайнар көздері екі жақты бекітетін акт болып табылады. Оның төрт түрі бар: Халықаралық шарттар – негізгі және кең тараған түрі; Халықаралық әдет ғұрыптар; Халықаралық жиналыстар мен мен конференциялардың Қорытынды актілеріХалықаралық ұйымдардың резолюциялары.
7. Халықаралық құқықтың субъектілері. Халықаралық құқықтың субъектілері – құқықтары мен міндеттері және атқаратын қызметтері халықаралық құқықтық нормалармен белгіленген халықаралық қатынастың қатысушылары болып табылады.халықаралық құқықтың негізгі субъектілер: мемлекеттер, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтар мен ұлттар. Қосымша субъектілері: мемлекетке ұқсас құрыламдар, еркін қалалар, халықаралық ұйымдар жатады. Мемлекеттің халықаралық құқықтың негңзгң субъектісі болып танылуы үшін: аумағы, сол аумақта тұратын халық, билік, басқа мемлекетпен қатынасқа түсу қабілеті, егемендігі болуы керек. Мемлекет халықаралық құқықтың субъектісі ретінде үшке бөлінеді: біртұтас мемлекет мұнда біртұтас жоғары билік жүйесі болады және де бір конституция, бір азаматтың бір құқықтық жүйесі болады,сонымен қатар, мемлекеттің аумағы әкімшілік аумақтық бөлшектерге бөлінеді., конфедерация бұл мемлекеттің бірлігі бұл жерде мемлекеттер бәріне ортақ мәселелерді шешеу үшін жалпы заң қабылдайды және орган құрады., федерация бұл күрделі және тығыз мемлеттік құрылым,яғни жай бірлігі емес бірлескен мемлекет.Халықаралық ұйымдар бұл халықаралық құқықтың ерекше туынды субъектісі болып табылады. Халықаралық ұйымдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында құқықтар мен міндеттерге ие болмайды. Тек қана халықаралық шарттар негізінде жұмыс жасайды. Ең үлкен әмбебап ұйымы болып БҰҰ болып саналады.
8. Халықаралық құқықтағы тану институты. Тану бұл танылып жатқан мемлекетпен заңды қатынастарға түсу үшін қажетті акт. Бұл институт халықаралық құқық норамларымен және жекелеген көпжақты, екі жақты шарттармен реттеледі. Танудың екі теориясы бар: Декларативті бұл белгілі бір халықаралық құқық субъектілерінің пайда болғанын айтады,бірақ үлкен заңды маңызы жоқ, Конститутивтік бұл мемлекет тек оны басқа мемлекеттер таныған кезде ғана таниды. Мемлекетті тану жазбаша нысанда болады. Танылып жатқан мемлекет ол тануды дипломатиялық нота арқылы белгілейді. Халықаралық танудың нысандары: де юре құқық субъектісін пайда болғаннан толықтай тану, де факто құқық субъектісі пайда болғаннан жартылай тану,ад хос құқық субъектісін пайда болғаннан бір реттік тану.танудың түрлері: мемлекетті тану,үкіметті тану конституциялық жолмен емес, биліктің ауысуы жағдайында тану, ұлт азаттық қозғалысты тану.
9. Мемлекеттердің құқық мирасқорлығы. Бұл бір нақты оқиғалар мен жағдайлардың нәтижесінде бір мемлекеттің құқықтары мен міндеттерінің екінші бір мемлекетке өтуі. Мирасқорлықтың түрлері: мемлекет бөлінгенде, мемлекеттен территорияның бөлігі бөлінгенде, мемлекеттерді бір мемлекетке біріктейді,әлеуметтік революцияның нәтижесінде жаңа мемлекет пайда болғанда, отардан азат ету процессі нәтижесінде жаңа мемлекеттер пайда болғанда. Халықаралық құқықтағы мирасқорлық:әмбебеп мирасқорлық теориясы, жеке бөліктелген мирасқорлық теориясы, контиунитет мирасқорлық теориясы болып бөлінеді. Мирасқорлықтың пайда болу негіздері: мемлекеттік меншікке,мемлекеттік шарттарға,мемлекеттік мұрағатқа, мемлекеттік қарызға.мирасқорлықтың реттейтін екі конвенциялары: 1983 ж.мемлекеттік меншікке,мұрағатқа және қарыздарға байланысты мемлекеттің құқықтық мирасқорлық туралы Вена конвенциясы; 1978 ж. Шарттарға байланысты Вена конвенциясы.
10. Халықаралық келісімшарттардың құқықтық табиғаты. Халықаралық келісімшарт құқығы –бұл мемлекеттер арасындағы немесе халықаралық құқықтың басқа субъектілері арасындағы жазбаша немесе ауызша нысанда жасалған және халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісімхалықаралық шарттардың әртүрлі атауы бар: конвенция, пакт, келісім, статут, хаттама, хартия. Келісімшарттың заңды күші оның атауына байланысты емес. Халықаралық келісімшарт құқығының субъектісі болып халықаралық құқытың барлық субъектілері болып табылады, өйткені олардың халықаралық келісімшартты жасасуға құқытық қабілеті бар.бірақ осындай құқық қабілеттілік халықаралық құқықтың негізгі қағидаларынан немесе басқа да императивті нормаларымен шектелген.Халықаралық шарттың түрлері: 1. Келісімшартқа отыратын субъектілеріне байланысты халықаралық келісім шарт 3 түрге бөлінеді: мемлекетаралық(мемлекет атынан жасалатын),үкіметаралық(үкімет аталатын жасалатын),ведомоствааралық (ведомство атынан, мысалы,атқарушы билік органдарымен жасалынатын). 2. Келісімшартқа отырушы субъектілердің саны бойынша: екіжақты,көпжақты. 3) нысаны бойынша: ауызша және жазбаша.Халықаралық келісімшарт құқығының қайнар көздері: 1) 1969ж. Халықаралық келісімшарт құқығы туралы Вена конвенциясы; 2) 1986ж. Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар арасындағы немесе халықаралық ұйымдар арасындағы келісімшарт құқығы туралы Вена конвенциясы. Осы құжаттар халықаралық шарттарды жасасу, орындау және әрекетін тоқтату тәртібін реттейді. Халықаралық шарттардың қағидалары: I. Pacta sun servande- шарттар орындалуы тиіс.II. Res inter adios acta – шарт қатысушылар арасындағы қатынастарды ғана реттейді.III. Pacta tertiis nes nocent nes prosunt – үшінші тарап үшін ешқандай құқықтарды да, мінденттерді де қалыптастырмайды.
11. 1969 ж. «Халықаралық шарттар құқығы туралы» Вена Конвенциясы. Конвенция осы саладағы ең негізгі құжат болып табылады. Бұл құжаттың негізгі артықшылығы ол. Сол кездің жалпымен танылған әдет ғұрып нормалары ғана емес, соымен бірге мемлекеттердің халықаралық шарттардың рөлін арттыруға бағытталған прогрессивті ой. Конвенция 1980 ж. 27 қаңтарда күшіне енді, себебі 1969ж. Ковенцияның 84 бабына сәйкес «ол қосылу туралы отыз бесінші бекіту грамотасымен немесе отыз бесінші құжатты сақтауға бергеннен кейін отыз күн өткенде күшіне енеді» деп көрсетілген. Қазақстан оған 1993ж. 31 наурызда қосылды. Бұл жүйелеу құжаты 85 баптан және қосымшадан тұрады. Оның кіріспесінде халықаралық шарт құқықтың жүйеленуі және үдемелі дамуы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға және бір бірімен ынтымақтастықты жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі деп көрсетілген Конвенциядан.
13. Халықаралық келісім-шарттарды жасау сатылары. Шартты арнай құжат өкілеттілік берілген тұлғалар ғана жасауына болады.ол өкілеттілік шарт жасаудың барлық немесе жекелеген кезеңдеріне ғана берілуі мүмкін.1969жылғы конвенцияға сәйкес мемлекет басшылары,үкімет басшылары және сыртқы ведомстволарының басшылары келісім шарт жасауға арнайы құжат қажет етпейді.өкілеттіліктің берілуі мемлекеттің ішкі заңымен реттеледі. Қазақстанның заңына сай шартты Президентке, Премьер министрге, Сыртқы істер министріне оны жасауға арнайы өкілеттіліксіз жасауға құқық берілген.ал шартқа қол қоюды арнайы рұқсаттың негізінде жүргізеді. Халықаралық келісім-шарттарды жасау сатылары:1) мәтінді дайындау және оның түпнұсқалығын белгілеу;2)келісімшарт мәтінін қабылдау, 2/3 дауыспен қабылдайды;3)келісімшарттың міндеттілігіне келісімін беру, аутенттикалығын белгілеу(келісім беру);3)халықаралық шартқа қол қою. Қол қоюдың ерекше тәртібі бар. Ол альтернат деп аталады. Альтернат мемлекет жасасқан шарттардың теңдігін білдіреді.
14. Халықаралық шарттарды талқылаудың түрлері.Талқылау әртүрлі әдістерді қолдану арқылы жасалады. Оларға грамматикалық, логикалық, тарихи және жүйелік талқылау жатады.Грамматикалық талқылау грамматикалық және басқа да ережелер негізінде бөлек сөздер мен шарт мазмұнының мағынасын анықтау.Логикалық талқылауда бір бапты басқа баптар негізінде және оларды бір бірімен салыстыру арқылы талқылау.Бұл әдісті қолданғанда шарт мәтінінің біртұтастығы сақталуы тиіс.Жүйелік талқылау шарт ережелерін басқа шарт ережелерімен салыстыра отырып талқылау.
15. Депозитарий және оның функциялары.Көпжақты шарттар жасасқан кезде шарт түпнұсқасын және оған байланысты құжаттарды сақтайтын депозитарийге қажеттілік туады.Вена конвенцияларына сәйкес, депозитарий ретінде бір немесе бірнеше мемлекет,халықаралық ұйым немесе осы ұйымның лауазымды тұлғасы тағайындалуы мүмкін.Депозитарий қызметіне құзыреттердң белгілейтін құжаттарды,ратификациялық грамоталарын,қосылу туралы құжаттарды сақтау,бекітілген шарт көшірмесін мемлекеттерге және халықаралық ұйымдарға жіберу үшін дайындау,шарттарға байланысты ақпарат беру, құжаттардың белгіленген тәртібі мен нысанының сақталуын қамтамасыз ету жатады.
16. Халықаралық келісім-шарт құрылымы. Халықаралық шарттарды топтастыру.Халықаралық шарт жазбаша түрде немесе ауызша түрде (джентілмендік келісім)жасалады.Көбінесе жазбаша түрде жасалады,себебі ауызша жасалған шарттар тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақты белгілемейді. Шарттың құрылымына:атауы,кіріспесі,негізгі және қорытынды бөлімдері кіреді.Кіріспеде шарттың мақсаты жазылады,оның шартты талқылау кезінде үлкен мәні бар.Негізгі бөлім баптардан,яғни қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады.Қорытынды бөлімде шарттың күшіне енуі,мәтінінің тілін реттейтін ержелер,шартқа қосылу тәртібіне қатысты мәселелер көрініс табады.Шарттар көптеген негіздер бойынша топтастырылады.Қатысушылар санына байланысты олар екіжақты,көпжақты,мүше болып кіру жағдайына байланысты саяси,экономикалық,ғылыми техникалық болып бөлінеді.Ашық халықаралық шарт – оған мүше болу үшін қатысушыларының арнайы рұқсатын қажет етпейтін шарт,жабық халықаралық шарт – мүше болу үшін қатысушыларының арнайы рұқсаты қажет. Халықаралық шарттар мемлекетаралық,үкіметаралық,ведомствоаралық болып бөлінеді. Мемлекетаралық республиканың атынан,үкіметаралық үкімет атынан,ведомствоаралық министрліктер,мемлекеттік комиттер және басқа да орталық атқару органдарының,сонымен қатар Президентке тікелей бағынышты органдардың атынан жаслады.
17. Халықаралық ұйымдардың ұғымы және оларды топтастыру.Халықаралық ұйым белгілі бір мақсаттарды орындау үшін халықаралық шарттар негізінде құрылған тұрақты қызмет ететін органдар жүйесі бар халықаралық құқық субъектілікке ие және халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаттары негізінде құрылған мемлекеттің тұрақты бірлестігі.Халықаралық ұйымның белілеріне:халықаралық жарғылық шарттардың болуы;белгілі бір мақсаттардың болуы;ұйымдық құрылымы:тұрақты органдаржүйесі және штат пәтері;мүше мемлекеттер құқығы мен мінденттерінен ажыратылатын өзіндік құқықтары мен міндеттері;халықаралық құқық нормалары мен қағидаттарына сәйкес құрылуы;үш және одан да көп мемлекеттер мүшелігі жатады.
18. БҰҰ-ның құрылу тарихы. Біріккен Ұлттар Ұйымы – екінші дүниежүзілікHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D0%BA%D1%96%D0%BD%D1%88%D1%96_%D0%94%D2%AF%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D0%B6%D2%AF%D0%B7%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA_%D1%81%D0%BE%D2%93%D1%8B%D1%81" HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D0%BA%D1%96%D0%BD%D1%88%D1%96_%D0%94%D2%AF%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D0%B6%D2%AF%D0%B7%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA_%D1%81%D0%BE%D2%93%D1%8B%D1%81"соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы. Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Біріккен Ұлттар Ұйымының ең басты әрі негізгі құжаты оның Жарғысы болып табылады. Тарихи деректерді алға тартсақ, Ұйым Жарғысының жобасы КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттері өкілдерінің қатысуымен жасалған. Құжат бес тілде – орыс, ағылшын, қытай, франHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D1%80%D0%B0%D0%BD%D1%86%D1%83%D0%B7_%D1%82%D1%96%D0%BB%D1%96"цуз және испан тілдерінде дайындалып, оған 1945 жылдың 26 маусымында Сан-Франциско конференциясында 51 мемлекет қол қойды. Ал Жарғы сол жылдың 24 қазанында аталмыш конференцияға қатысушы елдердің Жарғыны ратификациялауларына байланысты күшіне енгізілді. Содан бері 24 қазан халықаралық қоғамдастықта Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылған күні ретінде кеңінен аталып өтіп жүр.Ұйымға мүше барлық мемлекеттер кіретін Бас Ассамблея Біріккен Ұлттар Ұйымының бас органы саналады. БҰҰ-ға мүше елдердің әрқайсысы шешім қабылдау кезінде бір дауысқа иелік етеді. Жалпыға ортақ ерекше маңызды мәселелер, атап айтқанда, бейбітшілік пен қауіпсіздік, Ұйымға жаңа мүшелер мен оның бюджетін қабылдау мәселелері БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің үштен екісі қатысып, дауыс беру қорытындысы бойынша шешіледі. Сондай-ақ Бас Ассамблея Ұйымның бюджетін қарап, бекітеді. Ұйымның әртүрлі органдарына мүшелер Қауіпсіздік Кеңесінің ұсынуымен БҰҰ-ның Бас хатшысын сайлайды. Бүгінде Қауіпсіздік Кеңесіне Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания және Франция мемлекеттері тұрақты мүше.
19. БҰҰ-ның мақсаттары, принциптері және оған мүшелік. БҰҰ өз қызметінде келесі 4 мақсатты көздейді: бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау;ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту;халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру мен адам құқығын құрметтеуді қолдау;осы мақсаттарға қол жеткізуде ұлттардың бірлесіп әрекет ететін орталығы болу. БҰҰ мүше-мемлекеттері үшін басты маңыздылық Ұйымның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруын таратпау секілді өзекті мәселелерді шешуге қатысуы болып табылады. Ұйым, сонымен қатар лаңкестік, есірткінің заңсыз айналымы мен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша халықаралық күш-жігер бастамасын көтерді. БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі - бүкіл әлемде бейбітшілікті сақтау.БҰҰ өз қызметін жүзеге асырғанда мынандай қағидаларды басшылыққа алады:ұйымның барлық мүшелерінің дербес теңдік қағидасы; өздеріне жүктелген міндеттемелерді адал орындау қағидасы; туындаған дауларды бейбіт құралдармен шешу қағидасы;БҰҰ-ның Жарғыға сәйкес атқаратын барлық әрекеттеріне барынша көмек көрсету қағидасы;БҰҰ-ның мүшесі болып табылмайтын мемлекеттердің БҰҰ-ның құрамына еркіті түрде кіру қағидасы;мемлекеттердің ішкі құзіреттеріне жататын істерге БҰҰ-ның қол сұқпаушылық қағидасы.
20. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы. БҰҰ-ның басты органдарының бірі. БҰҰ-на мүше мемлекеттердің барлығы тең құқылы түрде Бас Ассамблеяны құрайды. Мүшелерінің әрқайсысы 1 дауыс қана иеленіп, делегаттар мәжіліс залына мемлекеттердің ағылшын тіліндегі ресми атауына орай алфавиттік ретпен жайғасады.Ассамблея халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау ісіндегі ынтымақтастықтың ортақ қағидаларын талқылауға, сондай-ақ бүкіл мәселе бойынша мүдделі мемлекеттерге және Қауіпсіздік Кеңесіне нақты ұсыныстар жасауға уәкілетті.әрекет жасауды қажет ететін істің кез келгенін талқылаған соң немесе талқыламай-ақ ол істі Қауіпсіздік Кеңесіне жолдай алады.халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін ахуалды Қауіпсіздік Кеңесінің қаперіне салуға құқы бар.Бас Ассамблея экономикасы, әлеуметтік саладағы, мәдениет, білім беру, денсаулық сақтау аясындағы халықаралық ынтымақтастықты өрістетіп, адам құқылары мен бостандықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесу мақсатымен, сондай-ақ халықаралық құқықтың прогрессивті даму бағытында зерттеулер жүргізіп, нұсқаулар береді. Халықтар арасындағы ортақ игіліктер мен достық қарым-қатынастарға нұқсан келтіруі ықтимал шараларды жоюды ұсынады. Бас Ассамблея Қауіпсіздік Кеңесінің және БҰҰ-ның басқа да органдарының жыл сайынғы, арнайы баяндамаларын талқылауға, БҰҰ бюджетін қарап, бекітуге міндетті; сонымен қатар, мамандандырылған мекемелер арасындағы қаржылық және бюджеттік келісімдерді бекітеді. Бас Ассамблеяның мәселелер бойынша шешімдері мәжіліске қатысушы әрі дауыс беруші мүшелерінің үштен екісінің басым көпшілігінің даусымен қабылданады. Өзге мәселелер жөніндегі, әсіресе, процедуралық шараларға қатысты шешімдер кәдуілгі басым көпшілік дауыспен қабылдана береді. Шешімдерді қабылдау үшін Ассамблеяға БҰҰ-ның барлық мүшелерінің кемінде жартысы қатысуы шарт. Бас Ассамблея жыл сайын кезекті және арнайы сессияларын өткізеді. Арнайы сессияларды Қауіпсіздік Комитетінің, БҰҰ-на мүше елдердің көпшілігінің талап етуіне орай немесе БҰҰ-на мүше бір елдің (егер оны қалған мүшелердің кемінде жартысы қолдаса) талап етуі бойынша Бас Хатшы шақырады. Әр сессияда төраға және оның 21 орынбасары сайланады. Бұған қоса екі процедуралық к-т құралады; құрамына сессия төрағасы, оның орынбасарлары және Ассамблеяның негізгі 7 комитетінің төрағалары енетін Бас комитет пленарлық мәжілістің күн тәртібін әзірлеумен, қаралатын мәселелер кезегін белгілеумен, Бас Ассамблеяның барлық комитеттерінің қызметін үйлестірумен, ал екінші комитет уәкілеттіліктерді тексерумен айналысады. Бас Ассамблеячның негізгі 7 комитетінің мынадай міндеттері бар: Бірінші комитет саяси мәселелермен және қарусыздануды қоса алғанда, қауіпсіздік мәселелерімен; Арнаулы саяси комитет Бірінші к-тке қатысты мәселелермен; Екінші к-т экон. және қаржы мәселелерімен; Үшінші к-т әлеуметтік-гуманитарлық және мәдени мәселелермен, Төртінші к-т қамқорлық және өзін-өзі басқара алмайтын терр-ларға жәрдемдесу мәселелерімен; Бесінші к-т әкімш. және оның қаржы мәселелерімен, Алтыншы к-т құқықтық мәселелерімен айналысады.Ассамблеяның үш жылға тұрақты сайланатын әкімшілік, қаржы мәселелер жөніндегі консультативтік және Жарналар жөніндегі к-ті бар.
21. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі. Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін күреседі. Қауіпсідік кеңесі БҰҰ-ның барлық мүшелерінің атынан қызмет атқарады және БҰҰ мүшелері Қауіпсіздік Кеңесі шешімдеріне бағынуды және оларды орындауды өздеріне міндет етіп алады. Қауіпсіздік Кеңесі 15 мүшеден тұрады. (Ресей,АҚШ,Ұлыбритания,Франция,Қытай) вето құқығына ие.Ал қалған он тұрақсыз мүшелерді БҰҰ жарғысының 23 бабына сәйкес сайланады.
22. БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесі. мәдениет, білім, денсаулық сақтау, экономика, әлеумет мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіп, баяндамалар әзірлейді және Бас Ассамблеяға, Біріккен Ұлттар Ұйымы мүшелеріне, ұйымның арнайы мамандандырылған мекемелеріне білім, мәдениет, экономика т.б. мәселелер бойынша ұсыныстар жасайды. Экономикалық және әлеуметтік кеңесі Бас Ассамбеля тарапынан үш жыл мерзімге сайланатын 54 мүше елден тұрады. Кеңестегі экономикалық, мәдени, білім т.б. шешімдер мүше елдердің басым көпшілігі дауысымен қабылданады. Әр мемлекет кеңесте бір дауысқа ие.
23. БҰҰ-ның Халықаралық соты.мемлекеттер арасында даулы мәселелерді шешетін,БҰҰ органдарының оның мамандандырылған мекемелерінің құқық мәселелері бойынша ұсыныстық ұйғарым шығаратын ең басты ұйым болып саналады. Өзінің мәртебесі бойынша халықаралық сот БҰҰ органдарына оның ұйымдарына есеп бермейтін тәуелсіз орган. Халықаралық соттың басты міндеті қарсы мемлекеттерден келіп түскен істерді дауласушы жақтардың келісімімен халықаралық құқық негңзңнде шешу.Халықаралық сот 15 тәуелсіз соттардан тұрады. Олар басқа жұмыстармен айналысуға құқықтарынан айырылған және дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттерге ие. Сотқа тек мемлекеттер ғана қатыса алады,ал жеке және физикалық тұлғалар қатыса алмайды. Соттың мекен жайы Гаага қаласында орналасқан.
24. БҰҰ-ның Секретариаты. Бұл әлемнің барлық БҰҰ кеңселерінде түрлі ресми жұмыстармен айналысатын халықаралық персонал. Негізгі кеңселері Нью Йоркте,Женевада және Венада орналасқан. Хатшылықты бас хатшы басқарады. БҰҰ органдарының тапсырысымен орындайды,зерттеу жұмысын жүргізеді,келіссөз дайындайды және халықаралық мәліметтер жасайды.
26. БҰҰ-ның арнайы мекемелері. БҰҰ-ның арнайы мамандандырылған мекемелері:
Дүниежүзілік метеорология ұйымы;Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы;Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымы;Дүниежүзілік почта одағы;Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік.;Халықаралық даму ассоциациясы.;Халықаралық қайта құру және даму банкі.;Халықаралық валюта ұйымы.;Халықаралық теңіз ұйымы;Халықаралық азаматтық авиация ұйымы;Халықаралық еңбек ұйымы;Электр байланысы одағы;Халықаралық қаржы корпорациясы;Халықаралық ауыл шаруашылығын дамыту қоры.;БҰҰ-ның білім беру,ғылым мен мәдениет жөніндегі ұйымы.;БҰҰ-ның өнеркәсіптік даму жөніндегі ұйымы.;БҰҰ азық түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы:БҰҰ-ның айналадағы орта жөніндегі бардарламасы. БҰҰ-ның мамандандырылған 4 белгісі бар: мемлекеттердің қабылдаған жарғысы,халықаралық жауапкершілік,олардың қызметі әлеуметтік,экономикалық,гуманитарлық салада қызмет атқарады,бәрі БҰҰ-мен тығыз байланысты.
27. ТМД: мақсаттары, қағидалары және оның қызметінің негізгі бағыттары.ТМД ыдыраған КСРО орнына 1991ж.21 желтоқсанда құрылағн халықаралық ұйым. 1991 ж. желтоқсанның 8-інде Минскіде (Беловеж) Ресей, Беларусь және Украина басшылары кездесіп, 1922 ж. КСРО құрылуы туралы Келісімі істен жойылғандығы және ТМД құрылғандығы туралы келісімге қол қойды. 1991 ж. желтоқсаннның 13-інде Орта Азия мен Қазақстан басшылары Ашғабатта кездесіп, «Беловеж келісімін» қолдайтындықтарын мәлімдеді. 1991 ж. желтоқсаннның 20 ында Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, ТүHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%AF%D1%80%D1%96%D0%BA%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD"рHYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D2%AF%D1%80%D1%96%D0%BA%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD"ікменстан, Өзбекстанбасшылары Алматыда желтоқсан 21|21 желтоқсанда ТМД-ны құру туралы Келісім хаттамасына қол қойды. Кездесуге қатысушылар ішкі және сыртқы саясаттың әртүрлі салаларында ынтымақтастыққа бейілділігін растайтын, бұрынғы КСР Одағының халықаралық міндеттемелерін орындауға кепілдік жариялайтын Алма-Аты Декларациясын қабылдады. 1993 жылғы желтоқсанда Достастыққа Грузия қосылды, ал 2009 жылғы 18 тамызда аталған бірлестіктен шықты. Түрікменстан ТМД-ның қауымдастырылған мүшесі болып табылады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекет болып табылмайды және ұлтүстілік өкілеттікке ие емес. Ол өзінің барлық мүшелерінің егеменді теңдігіне негізделген және 1993 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығы бойынша іс-әрекет жасайды. Достастықтың мүше мемлекеттері халықаралық құқықтың дербес және теңқұқықты субъектілері болып табылады.
43. Мемлекет – халықаралық құқықтың негізгі субъектісі. Халықаралық субъектілернің бірніші қатарында мемлекеттер тұрады. Мемлекет бұл саяси биліктік сипаттағы күрделі ұйым.Жалып мемлекеттің қмір сүруі үшін мынадай төрт жағдайлардың болуы қажет: біріншіден,мемлекеттің халық,ғяни нәсіліне,тіліне және діни қөзқарасы мен басқа да жағдайларға қарамастан,қоғамда бірге өмір сүретін екі жынысты дамдар тобының қажеттігін айтамыз.Екіншіден,осы халықтың өмір сүруі үшін жері,аумақтың болуы.Үшіншіден,мемлкетте үкімет,яғни елдің басқаратын бір немесе бірнеше тұлғалардан тұратын халықтың өкілдері болуы қажет.Төртіншіден,сол үкіметтің егемендігі. Егемендік бұл жер бетіндегі қандай да бір билікке тәуелсіз,ең жоғарғы билік.Егемендік мемлекеттің халықаралық құқық субъектісі ретінде міндетті, керекті белгісі.Мемлекет халықаралық құқықтың субъектісі ретінде үш түрге бөлінеді:біртұтас мемлекет,конфедерация,федерация. біртұтас мемлекет мұнда біртұтас жоғары билік жүйесі болады және де бір конституция, бір азаматтың бір құқықтық жүйесі болады,сонымен қатар, мемлекеттің аумағы әкімшілік аумақтық бөлшектерге бөлінеді., конфедерация бұл мемлекеттің бірлігі бұл жерде мемлекеттер бәріне ортақ мәселелерді шешеу үшін жалпы заң қабылдайды және орган құрады., федерация бұл күрделі және тығыз мемлеттік құрылым,яғни жай бірлігі емес бірлескен мемлекет.
46. Қазіргі кездегі халықаралық үкіметаралық ұйымдардың құқықсубъектілігі. Халықаралық ұйымдар бұл халықаралық құқықтың ерекше түрдегі субъектісі болып табылады.Оның құқықтық субъектілігі мемлекеттің құқықтық субъектілігіне ұқсамайды,өйткені олардың мүшелері мемлекеттер,сондықтан халықаралық ұйымдар туынды субъектіге жатады.Қазіргі жағдайда ең үлкен әмбебеп ұйым болып БҰҰ саналады. Халықаралық ұйымдар өз өкілеттіктерін жүзеге асыру барысында құқықтар мен міндеттерге ие болмайды. Сонымен қатар, олардың өздерінің жеке шекарасы болмайды. Халықаралық ұйымдар тек қана халықаралық шарттардың негізінде жұмыс істейді. Халықаралық ұйымдар «мемлекеттің ішкі ісіне араласпау» қағидасын ұстануға міндетті. Халықаралық ұйымдардың дауларда мәжбірлеу құралдары мен шешу құралдарын таңдауда құқықтары шектеулі. Халықаралық ұйымдар БҰҰ –ның халықаралық сотының отырыснда талап қоя алмайды,олар тек кеңес ала алады.Халықаралық ұйымдар сонымен қатар,халықаралық жеке құқықтың немесе ұлттық құқықтың субъектісі бола алады.
49. Мемлекетті тану : де- юре, де – факто, ad-xoc. Бұлар халықаралық тану нысандары.Де юре,толық көлемде тану бұл танымды қайтіп алуға болмайды. Мұндай таным кезінде танылып жатқан мемлекетпен немесе танылып жатқан үкіметпен толық көлемде дипломатиялық консулдық және басқа да қатынастар орнатылады.Де факто,бұл жартылай тану,мұндай таным кезінде дипломатиялық қатынас орнатылмайды,тек консулдық немесе сауда қатынастары орнатылады.Мұндай таным қайтарылуы мүмкін. Әдетте жаңа мемлекетті танығанда емес,жаңа үкіметті танығанда қолданылады.Ад хос,бұл уақытша белгілі бір мәселеге байланысты тану,мұндай таным кезінде мемлекет танығысы келмеседе тануға мәжбүр болады.Мысалы,өз азаматтарын сауда жағынан қорғау.
50. Танудың декларативтік және конститутивтік теориялары. Соғысушы және көтерілісуші тараптарды, күресуші ұлттарды, қарсыласу органдарын, үкіметтерді тану.Халықаралық құқықтық теорияда танудың екі теориясы қалыптасқан.Олар Декларативті бұл белгілі бір халықаралық құқық субъектілерінің пайда болғанын айтады,бірақ үлкен заңды маңызы жоқ.Өйткені мемлекеттің халықаралық құқық субъектісі ретінде пайда болуы тануға байланысты емес. Конститутивтік бұл мемлекет тек оны басқа мемлекеттер таныған кезде ғана таниды.Бұл теория мемлекеттің басты белгісі мемлекеттік егемендігінің маңызын төмендетеді.Мемлекет басқа мемлекеттің еркіне қалауына байланысты пайда болады.
51. Шарттар құқығы, оның қайнар көздері және жүйелеу.Халықаралық шарттар құқығы мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілері арасында халықаралық шарт жасасу,оның әрекет етуі,сондай ақ күшін жлюы жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.
53. Ескертпелер және олардың заңды салдарлары. Вена конвенциялары ескертпелерді мемлекет немесе халықаралық ұйым шартты ратификациялау,қол қою,қабылдап бектіу,қосылу немесе ресми мақұлдау актісі арқылы шарттың белгілі бір ережесінің өзіне қатысты заңдық әрекетін өзгерту немесе жою кезінде кез келген нысандағы бір жақты разы ретінде анықтайды. Егер ескертпе жасау,а шартта тыйым салынса, шарттың объектісі мен мақсатына қайшы келсе немесе шартта рұқсат етілгнедер қатарына жатпаса, шартқа ескертпе жасауға болмайды. Егер шартта ескертпе жасау туралы нақты айтылып кетсе, қатысушылардың арнайы рұқсаты қажеті жоқ,ал басқа жағдайларда ескертпе жсалған соң,он екі ай ішінде қарсылықтар айтылуы тиіс,егер қарсылық білдірілмесе,онда ескертпе қабылданған болып есептелінеді. Ескертпелер,қарсылықтар мен келісімдер жазбаша нысанда жасалып,қатысушыларға хабарлануы керке. Ескертпеге келісім беру үнсіз де жасалуы мүмкін. Ескертпе жасаған қатысушы оның күшңн кез келген сәтте жоюға құқығы бар,бұл жағдайда қалған қатысушылардың рұқсаты қажет емес. Ескертпеге білдірілген қарсылықтың да дәл сол сияқты кез келген уақытта күшін жоюға болады. Ескерпенің және оған білдірілген қарсылықтың күшін жою жазбаша түрде рәсімделуі қажет. Ескертудің заңды салдары оны жасаған мемлекетпен және келісімшарттың басақада қатысушылар арасындағы қатынсатарда келісімшарттың жағдайларын өзгертеді.
56. Шарттың күшін тоқтату және тоқтата тұру. Шарттың күшін тоқтатудың негіздері, оның салдары.Шарттың күшін жоюы оны орындаудың,уақытының өтуі, жаңа jus cogens нормасының шығуы,шартта көзделгеннегізде денонсациялау негізінде болуы мүмкін.кейінгі жасалған шарт осыған дейін жасалған шарттың күшін мына жағдайларда жояды: егер екеуіде бір мәселені реттесе;егер бір бірімен сыйыспайтын болса;егер тараптар соңғысын қолдануға келіссе. Мемлекеттің өзі жасасқан халықаралық шарттан ресми түрде бас тартуы денонсация деп аталады. Егер шартта көрсетілмесе және қатысушылардың оған ниеттері болмаса шартты денонсациялауға болмайды. 1969 және 1986 жылдардағы Вена конвенцияларында келісім шарттардың күшін тоқтата тұру кез келген уақытқа белгіленуі мүмкін. Шарттың әрекетт етуі тоқтатылған кезде тараптар өз міндеттерін орындамай тоқтата тұрады. Егер шартта өзгеше көрсетілмесе,тараптар келісе отырып, шарттың әрекет етуін тоқтата тұруына болады. Бірақ тоқтата тұру шарттың басқа тараптырының құқытарына нұқсан келтірмеуі тиіс және шарттың объектісі мен мақсаттарына қайшы келмеуі тиіс.Халықаралық шарттың әркетін тоқтату негіздері:соғыс болған жағдайда;егер бір тарап өз міндеттемелерін орындамаса,екінші тараптың тоқтатуы;келісімшарттың әрекет ету мерзімі біткенде;келісімшарт орындалғанда;келісімшарттың субъектісі өмір сүруін тоқтатқанда;келісімшартты денонсациялағанда келісімшарттың әрекет етуі тоқтатылады.
57. Дипломатиялық құқықтың түсінігі.Дипломатиялық құқық бұл дипломатиялық құқықты жүзеге асыру үшін мемлекеттер арасындағы, мемлекеттер мен халықаралық құқықтың басқа да субъектілер арасныдағы қатынасты реттейді.
58. Дипломатиялық құқықтың қайнар көздері.Дипломатиялық құқықтың қайна көзі көпжақты және екіжақты шарттар,әдет ғұрып. Дипломатиялық құқықтың қайнар көзінің ерекшелігі әдет ғұрыптың дипломатиялық құқықтың қайнар көзі ретінде маңызды рөл атқаратындығында. Халықаралық шарттардың ішіндегі ең маңыздысы 1961жылғы Дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясы,оның нормалары дипломатиялық қызметтің негізгі сқрақтарын жан жақты реттейді:дипломатиялық өкілдіктердің міндеттерін,дипломатиялық өкілдіктерді тағайындау және шақырып алу тәртібі,олардың сынптары,дипломатиялық өкілдіктердің,персоналдың және басқа қызметшілердің артықшылықтары мен имунитеттері.Мемлекеттер дипломатиялық қатынасты орнату және дипломатиялық қатынастың басқа да мәселелрі бойынша екіжақты шарттар мен келісім шарттар бекітеді.
59. Ішкі мемлекеттік сыртқы қатынас органдары: Мемлекет басшылары;Парламент;Үкімет;Сртқы істер министрлігі;Жекелеген сұрақтар бойынша сыртқы қатынасты жүзеге асыру қызметіне кіретін өзге де қызметкерлер.
60. Шетелдік сыртқы қатынас органдары: Тұрақты және уақытша.Мыслаы,дипломатиялық өкілдіктер,елшіліктер,халықаралық ұйымдардағы мемлекет өкілдері,халықаралық конференциялардағы делегациялар,арнайы миссиялар.
61. Дипломатиялық өкілдіктер және олардың түрлері, құрылысы және функциялары. Дипломатиялық өкілдіктер бұл мемлекеттің шетелдік сыртық қатынас органдары ішіндегі орталық орган болып табылады.Тұрақты дипломатиялық өкілдіктерге:елшіліктер,миссиялар,сауда және мәдениет өкілдіктері мен миссиялар, халықаралық ұйымдардағы және мекемелердегі тұрақты өкілдіктер,екіжақты және көпжақты халықаралық конференцияларда конгрестерге қатысу үшін жіберілетін делегациялар,уақытша өкілдіктер.Дипломатиялық өкілдіктің екі түрі бар:Елшілік,Миссия. Елшілікті Төтенше және Өкілетті елші.Миссияны Төтенше жіне Өкілетті Елші өкіл немесе сенім білдірілген өкіл басқарады.Дипломатиялық өкілдіктің басшылары үш класқа бөлінеді: Төтенше және Өкілетті Елшілер – мемлекет басшылары жанынан аккредиттелген; Төтенше және Өкілетті Елші –Өкілдер – мемлекет басшылары жанынан акредиттелген; СЕнім білдірілген Өкіл – Сыртқы істер министрі жанынан аккредиттелген.Дипломатиялық өкілдіктің атқаратын функциялары мынандай: келген елде өз мемлекеттің өкілдігін жүзеге асыру;келген елде аккредиттелген мемлекеттің,оның азаматтарының мүдделерін қорғау;келген елдің үкіметімен келіссөз жүргізу;келген елдегі жағдайлар мен оқиғаларды барлық заңды құралдармен анықтайды;аккредиттелген мемлекетпен және келген елдің арасындағы достық қатынастрады қолдау.
62. Дипломатиялық ранглер. Рангалар: елші;елші өкіл;кеңісші;І хатшы;ІІ хатшы;ІІІ хатшы;атташе – шетелдегі дипломатиялық елшіліктің қарамағына жіберілген белгілі бір мәселе бойынша маман. ҚР-ның 2002жылғы «Дипломатиялық қызмет туралы заңында» 11 рангы белгіленген: Атташе;Үшінші хатшы; Екінші сыныпты Екінші хатшы; Бірінші сынаптағы Екінші хатшы; Екінші сыныптағы Бірінші хатшы; Бірінші сыныптағы Бірінші хатшы; Екінші сыныптағы кеңесші; Бірінші сыныптағы кеңесші; Екінші сыныптағы Тқтенше және Өкілетті Уәкіл; Бірінші сыныптағы Төтенше және Өкілеттеі Уәкіл; Төтенше және Өкілетті Елші. Ең жоғарғы үшеуін Президент береді. Қалғандарын Сыртқы істер министрі береді. Рангілерді беру мерзімдері: атташе,үшінші хатшы,екінші және бірінші сыныпты екінші хатшы – 2 жыл; екінші және бірінші сыныпты бірінші хатшы, екінші сыныпты кеңісші – 3жыл.
65. Дипломатиялық өкілді тағайындау тәртібі.Дипломатиялық өкілдіктің басшысын тағайындаушы мемлекет аккредиттеуші мемлекет деп аталады.Дипломатиялық өкілдіктің басшысы ерекше тәртіппен тағайындалады. Бұл әр мемлекеттің өз аумағында белгілі ьір тұлғаны шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктің басшысы ретінде қабылдауға немесе қабылдамауға егемендік құқыққа ие болуына байланысты,сондықтан аккредиттеуші мемлекет қабылдаушы мемлекеттің үкіметімен белгілі бір нақты тұлғаны дипломатиялық өкілдіктің басшысы ретінде тағайындауға келісім сұрайды. Агреманнан бас тарту немесе сұрауға жауап қайтармау тұлғаны өкілдіктің басшысы етіп тағайындауға кедергі келтіреді, бас тартуын мемлекет дәлелдеуге тиісті емес. Агреманды алғаннан кейін тұлға басшы болып тағайындылады және сенім қағазы беріледі.
67. Агреманның ұғымы. Қабылдаушы мемлекеттің белгілі бір тқлғаны дипломатиялық өкілдіктің басшысы ретінде тағайындалуына келісімі – агреман деп аталады.агреманды сұрау тәртібі халыаралық құқықтың жұрт таныған нормасы болып табылады. Агреман алған тұлға persona grata (жағымды тұлға) ретінде қарастырылады.Егер тұлға қабылдаушы мемлекеттің үкіметі үшін белісіз бір себептермен тиімсіз және бас тартқан болса, онда тұлғаға persons non grata (жағымсыз тұлға) деп саналады. Мемлекет агреман беруден бас тарта алады және оның себебін түсіндіруге міндетті емес.
68. Сенім және қайтару грамоталары.Сенім грамотасы бұл аккредиттелген мемлекет басшылығының өкілі ретіндегі елшінің ерекше мәртебесін куәландыратын құжат. Сенім грамотасына аккредиттелген мемлекеттің басшысы қол қояды және Сыртқы істер министірінің қолымен бекітіледі. Сенім грамотасына елшіні тағайындаушы елбасы елшіні қабылдаушы елбасынан елшінің өз мемлекеті және үкіметі атынан айтқанының бәріне сенуін сұрайды. Тағайындалған мемлекетке келгенде дипломатиялық өкілдіктің басшысы сенім грамотасын жекелей елбасына тапсырады, ал іске сенімді сенім хаты Сыртқы істер министріне тапсырады. Әл елде сенім грамотасын тапсырудың арнайы тәртібі орнатылған және ол салтанатты жағдайда өтеді. Қабылдаушы мемлекет басшысына сенім грамотасын тапсырған кезден кейін немесе мекендік мемлекеттің сыртқы істер министіріне сенім грамотаның куәландырылған көшірмесін тапсырғаннан кейін өкілдіктің басшысы мемкендік мемлекетінде өз міндетіне кірісті деп саналады.
71. Әскери қақтығыстарды жүргізу құралдары мен әдістері. 1907 жылғы Ашық әскери іс-әрекеттер туралы конвенцияның 1 бабына сәйкес мемлекеттер арасында әскери алдын ала келісімсіз, ескертпесіз басталмауы тиіс. Сонымен бір уақытта бейтарап мемлекеттер жариялануы тиіс. Әскери іс-әрекеттердің жариялануы мен басталуының арасындағы қандай да бір мерзімді халықаралық құқық бекітпейді.
Соғысушы мемлекеттердің арасында соғыс жағдайын жариялағаннан бастап оларға мынадый құқықтық салдар пайда болады: Дипломатиялық және консулдық қатынастар тоқтайды;Дұшпан мемлекеттің меншігі конфискеленеді;Соғысушы мемлекеттің азаматтары үшін арнайы режим енгізіледі;Бейбіт кездегі халықаралық шарттар әрекет етуін тоқтатады;Халықаралық гуманитарлық құқықтың нормалары өз күшіне енеді.
Соғыс театры —соғысушы тараптардың жауынгерлік әрекеттер жүргізетін кеңістік. Бұл құрлықтағы, теңіз, әуедегі аумақ, сонымен қатар бейтараптанған және демилитаризацияланған аумақты есептемегенде халықаралық аумақ. Мысалы: халықаралық теңіз каналдарында, Шпицберген архипелагында, Айда, және басқа да аспан денелерінде әскери әрекеттер жүргізуге болмайды.Қарулы қақтығыс қатысушылары комбатанттарға на (соғысушылар) және комбатант еместерге (соғыспайтындарға) бөлінеді. Комбатанттарға бүкіл соғысушы құрам кіреді: 1)қарулы күштер; 2) жасақтанған ерікті және партизандық отрядтар, қарсыласушы куштер. Комбатант мәртебесіне жауап беру үшін олар: Бағыныштылар үшін жауап беретін басында бір тұлға болу керек;Алыстан ерекшеленіп көрініп тұратын белгісі болуы керек; Қаруды ашық ұстап жүру керек; Соғыс жүргізу ережелерін сақтау тиіс.Комбатант еместерге: 1) медициналық персонал; 2) рухани персонал.Комбатанттар мен комбатант еместердің құқықтық жағдайы әртүрлі. Біріншілерге әскери тұтқын режимі таралады, ал екіншісіне таралмайды.Әскери барлаушы- өзінің армиясының формасында қарсылас туралы мәлімет жинайтын тұлға. Тұтқындалғанда әскери тұтқынның құқығын пайдаланады.Әскери тыңшы (лазутчик) — қарсыластың армиясының әрекет ететін аумағында өз армиясына беру мақсатымен құпия түрде мәлімет жинайтын тұлға. Тұтқындалған жағдайда әскери тұтқын мәртебесін ала алмайды, басқаша айтқанда оны соттауға болады.Соғыс жағдайының тоқтатылуы және оның құқықтық салдары. Қарулы қақтығыс кезінде мемлекеттер соғыс жағдайында болады. Әскери әрекеттердің тоқтатылуынан соң соғысушы мемлекеттер арасында бейбітшілік қатынастар қайта жаңартылады. Әскери әрекеттер екі жолмен тоқтатылады: уақытша бітім және капитуляция.Уақытша бітім — бұл соғысушы мемлекеттер арасында әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімін жүзеге асыру. Уақытша бітім жалпы және жергілікті болады.Әскери әрекеттерді тоқтатудың басқа нысаны - капитуляция. Ол қарулы күштердің қарсылығын немесе соғысушы тараптардың бір бөлігінің қарсылығын тоқтату. Уақытша бітім немесе капитуляция кезінде тек қана әскери әрекеттер тоқтатылады. Бірақ соғыс жағдайы мемлекеттер арасында сақталады. Ол бейбітшілік шартын бекіткеннен кейін ғана тоқтатылуы мүмкін.
72. Бейтарапшылық: ұғымы және түрлері. Бейтараптық ешкімнің тарапына қосылмай қалыс қалу немесе енжар,селқос қарау.Мысалы,екі мәселенің де бағытына назар аудармай,ешкімнің де тарапын қолдамай қалыс қалушылық. Бейтарап мемлекеттердің,сонымен қатар, қараулы қақтығыс жағдайында соғысушы жақтардың бейтарап мемлекеттерге қатысты құқытары мен міндеттері 1907жылғы Гаага конференцияларымен «Бейтарап елдер мен тұлғалардың құрылықтағы соғыс жағдайындағы құқықтары мен міндеттері» және «Бейтарап елдер мен тұлғалардың теңіздегі соғыс жағдайындағы құқытары мен міндеттері» және сонымен қтара, бейтарап мемлекеттер аумағы әскери әтекеттер сахнасына айнала алмайтындығы жайлы бірқатар халықаралық құқықтық актілерімен реттелген.Соғыстағы бейтараптылық —мемлекеттердің соғыста қатыспауы және соғысып жатқан мемлекеттерге көмек көрсетпеу. Соғыстағы бейтараптылық тұрақты, яғни кез келген соғысқа қатыспау, уақытша, ол нақты бір соғысқа қатыспау түрінде болады.Бейтарап мемлекет міндеттенеді:Өз аумағында соғысушалар тарапынан жинақ пункттерін ашуға, әскери отрядтарын құруға жол бермеуі тиіс;Соғысушыларға қарумен, әскери материалдармен көмек көрсетпеуі тиіс;
Өз аумағында соғысушы тараптардың радиостанцияларын және басқа да техникалық құралдарын орналастырмау керек;Егер бейтарап мемлекеттің аумағында соғысушы тараптардың әскерлері жүрген болса оларды интернированиелеуге тиіс;Өз аумағы арқылы соғысушы мемлекеттердің әскерлерін және әскери көліктерін өткізбеу тиіс;
77. Консулдық патент, экзекватура.Консулдарды тағайындау және кері шақырып алу тәртібі. Мемлекет өз дипломатиялық өкілдігі арқылы алдын ала келісім сұрайды және қабылдайтын елдің СІМ консулдық патент немесе консулдық мекеменің басшысын тағайындау туралы өзге де құжаттарды жібереді. Консулдық патент дипломатиялық өкілдіктердің сенім қағаздарына ұқсас. Консулдық патентті мемлекет басшысы және СІМ береді. Келесі кезең консулдық экзеватураны алу. Вена конвенциясының 12б: консулдық мекеменің басшысы өз функциясын атқаруға баратын мемлекеттің рұқсатымен ғана жіберіледі және ол экзекватура деп аталады.Егер де ұсынатын мемлекеттің баратын елде дипломатиялық өкілдігі жоқ болса, онда консулдық лауазымды тұлға қабылдайтын мемлекеттің келісімімен нақты дипломатиялық актілер жасай алады. Консулдық лауазымды тұлғала ұсынатын мемлекеттің азаматы болуы қажет, бірақта баратын мемлекеттің азаматтары да болуы мүмкін. Мұндай жағдай да міндетті шарт баратын мемлекеттің нақты көрсетілген келісімі болуы тиіс,бірақ бұл келісім