Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сырқатнама.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87.26 Кб
Скачать

Асқорыту жүйесі

Миндалиналар қалыпты. Қызыл иек өзгеріссіз. Тістері ішінара жоқ. Тілі қалыпты, сулы, жөту қиындамаған, қалыпты.

Іш қуысы қалыпты, симметриялы, тыныс алуда бірдей қозғалады, кіндігі кірінкі.

Пальпация

Беткей: іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Щеткин Блюмбер симптомы теріс.

Терең: сигма тәрізді ішек сол жақ мықын аймағында пальпацияланады, ауыру сезімінсіз.

Соқыр ішек ауыру сезімінсіз, ені 2 см пальпацияланады.

Асқазан пальпацияланбайды.

Бауырдың төменгі шеті дөңгелектенген, тегіс, эластикалық, ауыру сезімінсіз, қабырға доғасынан шықпайды, беті тегіс.

Өт қабы пальпацияланбайды. Ортнер симптомы әлсіз оң. Мерфи симптомы, френикус теріс.

Ұйқы безі пальпацияланбайды.

Көкбауыр пальпацияланбайды.

Перкуссия

Курлов бойынша бауырдың көлемі:

Оң жақ бұғана орта сызығы бойыеша 9 см, алдыңғы орта сызық бойынша 8 см, сол жақ қабырға доғасы 7 см. Көкбауырдың жоғарғы шекарасы қолтық орта сызығы бойынша IX қабырға.

Несеп – жыныс жүйесі

Бел аймағында ешқандай өзгерістер жоқ.

Бүйректер пальпацияланбайды.

Бел аймағын соққылағанда симптом теріс. Дизуриялық өзгерістер жоқ. Зәр шығару қалыпты, ауыру сезімінсіз.

Жүйке жүйесі

Санасы анық, адекватты, сөйлеуі өзгеріссіз. Сезімталдығы бұзылмаған. Жүрісінде өзгеріс жоқ, қалыпты.

Эндокрин жүйесі

Дене салмағының бойына қатынасы пропорционалды. Бойдың өспеуіне, арықтауға, аштық сезімінің болуы, тершендікке, бұлшықеттің әлсіздігі жоқ.

Тітіркендіргіштік байқалмайды.

Алдын ала диагноз

Anamnesis morbi-ға сүйене келе, аурудың жедел және тез дамығанын байқауға болады. (4 күн).

Anamnesis vitae-ға сүйене келе білгеніміз, қосымша аурулар: III дәрежелі гипертониялық ауру, ИБС байқалады.

Негізгі диагнозды қою науқастың шағымдары мен объективті тексерулерге байланысты.

Науқастың шағымдарына байланысты (құрғақ жөтел, ентігу) тыныс алу жүйесіне зақым келгенін білуімізге болады.

Объективті мәліметтерге негізделсек:

  1. Перкуторлы дыбыстың оң жақта бұғана орта сызығы бойынша V-VI қабырғааралығында топастығы байқалады, бұл осы аймақта инфильтрацияның болуын көрсетеді.

  2. Аускультация кезіндегі оң өкпенің төменгі бөлігінде крепитация байқалуы альвеола саңылауында қабыну эксудациясының болуын көрсетеді.

  3. Оң өкпенің төменгі бөлігіндегі құрғақ сырылдар бронхтағы обструктивті және қабыну процесстері жүріп жатқанын көрсетеді, науқас осыдан 4 күн бұрын басталған құрғақ жөтелге шағымданғанын қорытындылай жедел бронхитті бары анықталды.

Жоғарыда сипатталған шағымдар және дәлелдемелерге сәйкес науқаста оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы мен жедел бронхиттің болуына күдіктенуге болады.

Ондай болатын болса алдын ала диагноз мынадай болады:

Негізгі ауру: оң жақ өкпенің төменгі бөлігінің пневмониясы мен жедел бронхит.

Қосымша аурулар: III дәрежелі гипертониялық ауру, ИБС.

Тексеру жоспары

Зертханалық тексеру:

  • Қанның клиникалық анализі

  • Биохимиялық анализ

  • Зәр анализі

Инструменталды зерттеу:

  • Рентгенография – 3 проекцияда.

  • Фибробронхоскопия

  • ЭКГ