
- •1304000 - «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету»
- •Әдістемелік нұсқау
- •Мазмұны
- •Дипломдық жобаның жалпы ережелері
- •Дипломдық жобаны дайындауға жетекшілік
- •Дипломдық жобаның мазмұнын (жоспарын) құру тәртібі
- •Ақпарат дерек көздерін іріктеу және зерделеу
- •Дипломдық жобаның мазмұнына және ресімделуіне қойылатын негізгі талаптар
- •Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері.
- •2 Дипломдық жобаның мәтінін жазу тәртібі
- •3 Блок- кесте элементтерінің белгіленуі
- •4 Дипломдық жобаның түпкілікті нұсқасын рәсімдеу
- •5 Дипломдық жобаны қорғау және бағалау тәртібі
- •Қосымша а Титул бетті рәсімдеу үлгісі
- •Қосымша в "Мазмұны" бөлімінің рәсімделуі Мазмұны
- •Қосымша г " Қолданылған әдебиеттер тізімі " бөлімінің рәсімделуі Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша д Дипломдық жобаға пікір жазу бланкісі
3 Блок- кесте элементтерінің белгіленуі
Деректер.
Нышан деректерді бейнелейді, деректерді
тасушы анықталмаған.
Жатталатын
деректер. Нышан өңду үшін жарамды
түрдегі сақталатын деректерді бейнелейді, деректерді
тасушы анықталмаған.
Жедел
жаттайтын құрылғы. Нышан жедел жаттайтын
құрылғыда сақталатын деректерді бейнелейді.
Кезекті қатынаумен жаттайтын құрылғы. Нышан тікелей қатынаумен (магниттік лента, магниттік лентасы бар таспа, магнитофон таспасы) жаттайтын құрылғыда сақталатын деректерді бейнелейді.
Тікелей қатынаумен жаттайтын құрылғы. Нышан Тікелей қатынаумен (магниттік диск, магниттік барабан, иілгіш магниттік диск) жадтайтын құрылғыда сақталатын деректерді бейнелейді.
Құжат. Нышан тасушыда оқуға ыңғайлы нысанда (машинограмма, оптикалық және магниттік есептеу үшін құжат, микрофильм, қорытынды деректері бар лента бумасы, деректерді енгізу бланкасы) ұсынылған деректерді бейнелейді.
Қолымен енгізу. Нышан кез- келген үлгідегі құрылғыдан (пернетақта, қайта ажыратқыш, батырма, сәулеқалам, штрихтік коды бар жолақтар) өңдеу кезінде қолымен енгізілетін деректерді бейнелейді.
Карта. Нышан тасушыда карта түрінде (перфокарталар, магниттік карталар, есептейтін белгілері бар карталар, сканерленетін белгілері бар карталар) ұсынылған деректерді бейнелейді.
Қағаз лента. Нышан тасушыда қағаз лента түрінде ұсынылған деректерді бейнелейді.
Диплей. Нышан тасушыда бейнелейтін құрылғы түрінде (көрсету бақылауы үшін экран, ақпарат енгізу индикаторы) адам оқи алатын нысанда ұсынылған деректерді бейнелейді.
Процесс. Нышан кез- келген түрдегі (белгілі операцияны немесе топты орындау) деректерді өңдеу қызметін бейнелейді. Мәннің өзгеруіне пішініне немесе ақпараттың орналасуына, бірнеше ағынның бағытын анықтауға әкелетін операциялар.
Процесті алдын- ала анықтау. Бұл таңба бір немесе бірнеше операциялардың бағдарлама ішінде немесе модульде орналасқан бағдарламалар адымынан тұратын алдын- ала анықтау прцесін белгілейді.
Қолмен орындалатын операция. Адам көмегімен орындалатын кез- келген процесті білдіретін таңба.
Дайындық. Бұйрық немесе бұйрықтар топтарының модификациясының кейінгі орындалатын іс- әрекетіне әсер ету мақсатын (ауыстырғышты орналастыру, индекстік рагистердің модификациясы немесе бағдарламаны инициялизациялау) білдіретін таңба.
Шешімі. Ауыстырғыштың түрлерінің бір ену және балама амалдарының қатары, бір және біреу ғана осы таңбаның ішінде шартты шешімін тапқаннан кейін екпінделген шешімін немесе қызметін білдіретін таңба.
Параллельді әрекеттер. Екі немесе одан да көп. Параллельді операцияларды синхронизациялауды білдіретін таңба.
Сызық. Мәліметтердің ағынын немесе басқаруды білдіретін таңба. Қажет болса немесе оқудың ыңғайлылығы үшін бағыт сілтемелерді қосылуы мүмкін.
Оралымның шекарасы. Екі бөлімнен тұратын таңба оралымның басталуы мен аяқталуын көрсетеді. Үзік сызық нышан екі немесе одан да көп нышандар арасындағы ұқсас байланысты бейнелейді. Бұдан басқа, нышан түсіндірілген учаскені қоршау үшін пайдаланылады.

Сызық. Мәліметтердің ағынын немесе басқаруды білдіретін таңба. Қажет болса немесе оқудың ыңғайлылығы үшін бағыт сілтемелерінің қосылуы мүмкін.
Басқаруды жеткізу. Бір процестен басқа процесске басқаруды жеткізу кейде талапты процесс өз қызметін аяқтаған соң талапты процесске тура оралудың мүмкіндігін білдіретін таңба. Басқаруды жеткізудің түрі таңбаның ішінде (мысалы сұраным салу, шақыру).
Байланыс арнасы. Нышан байланыс арналары бойынша деректердің берілуін бейнелейді.
Үзік сызық. Нышан екі немесе одан да көп нышандар арасындағы байланысты бейнелейді. Бұдан басқа, нышан түсіндірілген учаскені қоршау үшін пайдаланылады.
Қосқыш. Нышан кесте бөлігіне шығу және осы кестенің басқа бөлігінен кіруді бейнелейді және сызықты үзу және оны басқа жерде жалғастыру үшін пайдаланылады. Тиісті нышан – қосқыштар бірдей бірегей белгілеуден тұруы тиіс.
Терминатор. Нышан сыртқы ортаға шығуды және сыртқы ортадан кіруді (бағдарлама кестесінің басы немесе соңы, сыртқы пайдалану және деректерді тағайындау көзі немесе пункті) бейнелейді.
Түсініктеме. Нышанды түсіндіру немесе ескерту мақсатында сипаттайтын түсініктемелер немесе түсініктеме жазбалар қосу үшін пайдаланады. Үзік сызықтар түсініктеме сызығында тиісті нышанмен байланысты немесе нышандар тобын босатуы мүмкін. Түсініктеме немесе ескерту мәтіні шектеуші дене жанына орналастыруы тиіс.
Рұқсаттама. Нышан (үш нүкте) нышан рұқсаттамасын немесе нашындардың не үлгісі, не саны анықталмаған нышандар тобын бейнелеуге арналған кестелерде пайдаланылады. Нышан тек қана сызық нышандарда немесе олардың арасында пайдаланылады. Ол басты түрде қайталаудың белгісіз санымен жалпы шешімдерді көрсететін кестелерде қолданылады.
Пайдаланылған әдебиеттер және сілтемелер тізімі
Дерек көздері туралы мәліметті дипломдық жобаның (жобасының) мәтініндегі дерек көздеріне сілтемелер жасаудың реті бойынша орналастыру керек және жаңа жолдан кейін араб сандарымен нүктесіз нөмірленеді.
Тұтас құжатқа немесе оның бөлімдеріне және қосымшаға сілтеме жасау көзделеді.
Стандартты және техникалық шарттарға сілтеме жасау кезінде олардың белгіленуі ғана көрсетіледі, бұл ретте пайдаланылған дерек көздері тізімінде стандарт толық сипатталған жағдайда олардың бекітілген жылын көрсетпеуге рұқсат етіледі.
Пайдаланылған дерек көздеріне сілтемелер квадратты жақшаға алынады. Мысалы, [2,б.17].
Газеттердегі ақпаратты пайдалану кезінде квадрат жақшаларда дерек көзінің нөмірін ғана көрсетуге болады, мысалы, [7].
Қосымша
Қосымшалар осы дипломдық жобаның жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.
Жұмыс мәтінінде барлық қосымшаға сілтемелер берілуі тиіс. Қосымшалар мтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.
Әрбір қосымша жаңа беттен басталып, «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс және ол дипломдық жоба жазылған тілге сәйкес белгіленеді.
Қосымшаның аты болуы тиіс, ол бас әріптермен жеке жолдан мәтінге қатысты симметриялы түрде (ортасынан) жазылады.
Қосымшалар дипломдық жобаның қалған бөлімдерімен ортақ басынан басталатын беттердің нөмірленуіне жатады.
Егер дипломдық жобаңда бір қосымша болса, оны белгілемеуге жол беріледі.
Дипломдық жобаңда терминдердің, шартты белгілердің және жалпыға бірдей қабылданған қысқарған сөздердің бірыңғай атаулары сақталады (мысалы, ХҚЕС аббревавиатурасы – халықаралық қаржылық есептілік стандарты).