
- •1304000 - «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету»
- •Әдістемелік нұсқау
- •Мазмұны
- •Дипломдық жобаның жалпы ережелері
- •Дипломдық жобаны дайындауға жетекшілік
- •Дипломдық жобаның мазмұнын (жоспарын) құру тәртібі
- •Ақпарат дерек көздерін іріктеу және зерделеу
- •Дипломдық жобаның мазмұнына және ресімделуіне қойылатын негізгі талаптар
- •Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері.
- •2 Дипломдық жобаның мәтінін жазу тәртібі
- •3 Блок- кесте элементтерінің белгіленуі
- •4 Дипломдық жобаның түпкілікті нұсқасын рәсімдеу
- •5 Дипломдық жобаны қорғау және бағалау тәртібі
- •Қосымша а Титул бетті рәсімдеу үлгісі
- •Қосымша в "Мазмұны" бөлімінің рәсімделуі Мазмұны
- •Қосымша г " Қолданылған әдебиеттер тізімі " бөлімінің рәсімделуі Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша д Дипломдық жобаға пікір жазу бланкісі
Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері.
Р/с № |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
Саны |
1 |
Жұмыстардың жалпы көп еңбекті керек етушілігі, соның ішінде |
Ад/сағ |
292,30 |
1.1 |
Техникалық тапсырма |
Ад/сағ |
42 |
1.2 |
Техникалық жұмыс жобасы |
Ад/сағ |
196,3 |
1.3 |
Енгізу |
Ад/сағ |
53,98 |
2 |
Жоспар бойынша жобаны әзірлеу мерзімі |
Күндер |
18 |
3 |
Персоналдың саны |
Ад |
2 |
4 |
Өнімнің өзіндік құны |
Теңге |
52377,5 |
5 |
Кәсіпорынның табысы |
Теңге |
7856,62 |
6 |
Жіберу құны |
Теңге |
69269 |
7 |
Орташа айлық еңбекақы |
Теңге |
24933,71 |
8 |
Еңбек өнімділігі |
% |
101,49 |
– бағдарламаға
жалпы көп еңбекті керек етушілік.
Епл = ч * t * 8 = 2 * 18 * 8 = 288
Мұнда:
С –Бағдарламашылар саны
t – Жұмыс орындалуының жоспарлы мерзімі.
8 – Жұмыс күнінің ұзақтығы.
Техникалық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар қауіпсіздігі
Осы тарау мынадай ақпараттардан тұруы тиіс.
Еңбекті қорғау жөніндегі жалпы қағидаттар мен заңнама;
Дербес компьютерде жұмыс істеу кезіндегі өрт қауіпсіздігі;
Қоршаған ортаны қорғау.
Қорытынды
«Қорытынды» тарауы мыналардан тұруы тиіс:
Орындалған жұмыс нәтижелері бойынша қысқа қорытындылар;
Өндіріске енгізуді қоса алғанда оларды пайдалану бойынша ұсыныстар;
Даму болашағы;
Өзгеріс және толық өңдеу мүмкіндігі.
Қосымша коды
Қосымшаға келесі құжаттар кіруі тиіс:
Құрастырылған бағдарламасы, оның бастапқы мәтінімен және бақылау үлгісі (барлық парольдар не алынуы тиіс, не дипломдық жобасында «Пайдалану» тарауында ескертілуі тиіс) бар дискет;
Бағдарлама негізгі модулінің листингі;
Кіру және шығу құжаттарының үлгілері;
Бақылау үлгісінде немесе енгізілген өнімнің нақты жұмыс нәтижесінде бағдарламаны жөндеу кезінде алынған жұмыс нәтижжесі.
2 Дипломдық жобаның мәтінін жазу тәртібі
Жалпы талап
Дипломдық жоба мәтіннің беттері А4 форматына сәйкес келуі тиіс. Дипломдық жоба А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал сақтай отырып, компьютер мен принтерді қолдана баспа әдісімен орындалуы тиіс. Шрифт-қалыпты, кегль 14, Times New Roman. Айқындалып Түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалана, белгілі терминдер, формулаларға назар аударатын компьютердің мүмнкіндіктерін пайдалануға рұқсат етіледі.
Дипломдық жобаның мәтінін, қағаз бетінің келесі мөлшерлерін сақтай отырып басу керек: оң жағы – 10 мм, жоғары жағы – 20мм, сол жағы – 30 мм және төменгі жағы – 25мм. Жолдардың ара қашықтығы 1,5 пт
Жаңа жолдан басталған мәтін азат жолдан 1,25пт қалдырылады.
Әрбір тарауды жаңа беттен бастау керек. Параграфтар мен тармақтардың мәтінін, жеткілікті орын болған жағдайда, аяқталмаған беттің бос бөлігіне басуға болады.
Тараулардың, параграф пен тармақтардың атаулары арасындағы ара-қашықтық мәтіннен бір жолға шегінуі құрауы тиіс: параграф (тармақ) атауы мен мәтін арасындағы ара-қашықтық мәтіннен екі жолды құрауы тиіс; алдындағы параграф (тармақ) мәтінінің соңы мен келесі параграф (тармақ) атауы арасындағы ара-қашықтық мәтіннен екі жолға шегінуді құрауы керек.
Дипломдық жобан орындау кезінде бүкіл мәтін бойынша біркелкі тығыздық пен бейнелердің анық көріну талабын сақтау қажет. Дипломды жобандағы сызықтар, әріптер, сандар мен белгілер айқын, бұлыңғыр болмауы қажет.
Мәтін парақтарының бүлінуіне, түзетулер жасап шимайлауға және толық жойылмаған бұрынғы мәтін (кескін) іздеріне жол берілмейді. Дипломдық жобаның мәтінінде сканирленген кескіндер, сызбалар, кестелерді және т.б. пайдалануға рұқсат етілмейді.
Тегі, ұйымның атауы, бұйым аты және дипломдық жобандағы басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тілінде келтіріледі.
Өз атын транслитерлеуге және ұйым атауын түпнұсқадағы (бірінші айтылған) атын қоса отырып, дипломдық жоба жазылған тілге аударғандағы атауын келтіруге рұқсат етіледі.
Дипломдық жобаның құрылымы
Дипломдық жобаның құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», тараулардың атауы, «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» дипломдық жобаның құрылымдық элементтерінің бас тақырыптары болып табылады және Мазмұнында, сол сияқты абзацтан басталған дипломдық жобаның мәтінінде бас әріптермен жазылады.
Жұмыстың негізгі бөлімін тарауларға, параграфтарға және тармақтарға бөлу көзделеді.
Тараулар, параграфтар және тармақтар тақырыптарға ие болуы тиіс. Тақырыптар тараулардың, параграфтардың және тармақтардың мазмұнын анық және қысқа көрсетуі тиіс.
Параграфтардың және тармақтардың атауын, астын сызбай, соңына нүкте қоймай, шегініс жасап абзацтан бас әріптермен басу керек.
Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.
Дипломдық жобаның беттерін нөмірлеу
Дипломдық жобаның беттерін, дипломдық жобаның бүкіл мәтіні бойынша қатар нөмірлеуін сақтай отырып, араб цифрларымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері парақтың төменгі бөлігінің ортасына нүктесіз қойылады.
Титул беті, дипломдық жобана тапсырма, Мазмұны, Кіріспенің бірінші бетін беттердің жалпы нөмірлеуіне кіргізеді. Титул бетіне, дипломдық жобана (жобасына) Тапсырмада, Мазмұнында беттердің нөмірі қойылмайды.
Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар мен кестелер дипломдық жоба беттерінің жалпы нөмірлеуіне кіреді (немесе Қосымшаға шығарылады).
Тараулар, параграфтар мен тармақтарды нөмірлеу
Дипломдық жобаның тараулары шегініс жасап жаңа жолдан жазылады және нүктесіз араб цифрларымен белгіленеді, «1», «1.1» бүкіл жұмыс шегінде реттік нөмірлері болуы тиіс. Параграфтардың әрбір тараулар шегінде нөмірлері болуы қажет. Параграф нөмірі, нүктемен бөлінген, тараулардың және параграфтың нөмірлерінен тұрады. Параграф нөмірінің соңынан нүкте қойылмайды. Тараулар мен параграфтар бір немесе бірнеше тармақтардан тұруы мүмкін.
Параграфтардың немесе тармақтардың ішінде тізім атаулар орын алуы мүмкін.
Әрбір тізім атаудың алдынан дефис немесе құжат мәтінінде сілтеме жасау қажет болған кезде тізім атаудың біріне кіші әріптер (ё, з, й, о, ч, ь, ы, ъ қоспағанда) жазылып, соңынан жақша қойылады.
Тізім атауды одан әрі нақтылау үшін, соңынан жақша қоя отырып, араб цифрларын пайдалану қажет, ал жазу жаңа жолдан шегініс жасау арқылы жасалады.
Иллюстрациялар
Иллюстрацияларды (сызбалар, карталар, графиктер, кескіндер, компьютермен басып шығарылған беттер, диаграммалар, түсірілген суреттер) дипломдық жобанда, олар жайында алғаш айтылған мәтіннен кейін немесе келесі бетке орналастыру көзделеді.
Иллютрациялар компьютермен орындалған және түрлі түсті болуы мүмкін. Жұмыста барлық иллюстрацияларға сілтеме жасау қажет.
Компьютерлік басуды пайдалану арқылы сызбалар, графиктер, диаграммалар, кескіндерді орындауға рұқсат етіледі.
А4 форматынан кіші көлемдегі түсірілген суреттер ақ қағаздың стандартты парақтарына жапсырылуы тиіс.
Қосымшалардағы иллюстрациялардан басқа иллюстрацияларды жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырмай араб цифрларымен нөмірлеу көзделеді.
Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1» болып белгіленеді. «Сурет» сөзі мен оның аталуы жолдың ортасында орналасады және нүктемен бөлінеді.
Қажеттілігіне қарай иллюстрациялардың аталуы және түсініктеме деректері (сурет астында мәтіндері) болуы мүмкін. «Сурет»сөзі мен оның аталуы түсініктеме деректерден кейін орналастырылады.
Әрбір қосымшаның иллюстрациясы латын алфавитінің үлкен әріптерімен жеке нөмерлермен белгіленеді.
Иллюстрацияларға сілтеме жасау кезінде «... 2-суретке сәйкес...» деп жазу қажет.
Кестелер
Кестелер жақсы көрнекілік пен көрсеткіштерді салыстыруға ыңғайлы болу үшін қолданады. Кестенің атауы оның мазмұнын көрсетуі, дәл және қысқа болуы тиіс. Кесте атауын, кестенің үстінен, «кесте 1» сөзінен кейін жазу керек.
Кесте 1. Механикалық қасиеттер
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сурет 1. Кестенің безендірілуі
Кесте екінші параққа жалғастырылатын болса «кесте 1 жалғасы» деп жазылады. Кесте
Барлық кестелерге дипломдық жобанда сілтеме болуы тиіс. Сілтеме жасау кезінде, оның нөмірін көрсете отырып, «Кесте» сөзін жазу керек. Қосымшалардағы кестелерді қосағандағы кестелер, жұмыстың басынан аяғына дейін қалдырылмай араб сандарымен нөмірленеді.
Көп жолдарды алатын кестені келесі параққа (бетке) ауыстыруға рұқсат етіледі. Кестенің бір бөлігін келесі параққа көшіру кезінде «Кесте» сөзі мен оның нөмірі кестенің бірінші бөлігінің астынан шегініс жасап абзацтан, сол жақта бір рет көрсетеді, өзге бөліктерінің астынан «Жалғасы» деген сөз жазады және кестенің нөмірін көрсетеді, мысалы: «1-кестенің жалғасы».
Формулалар мен теңдеулер
Формулалар мен теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формуланың немесе теңдеудің жоғары және төменгі жағынан бір бос жол қалдырылуы тиіс. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбасынан кейін (=) немесе қосу (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:) белгілерінен кейін, немесе өзге математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады. Көбейту операциясы белгісіндегі формуланы тасымалдау кезінде. «х» қолданылады.
Символдар мен сандық коэффициенттер мәндерінің түсініктемесін, олардың формулада берілген бірізділікпен, тікелей формуланың астынан келтіру керек.
Дипломдық жобандағы формулаларды барлық жұмыс шегінде реттік нөмерлеумен, жолдың оң жақ шетінен дөңес жақшаларда араб сандармен нөмірлеу көзделеді. Мысалы:
А=а:б (1)
Мәтіндегі формулалардың реттік нөмерлеріне сілтемелер жақшаға алынып жасалады. Мысалы – (1)формулада.
Қосымшаларда орналасқан формулалар әрбір қосымша шегінде әрбір сан алдынан қосымшаның белгісін қосу арқылы араб сандарының бөлек нөмірлерімен нөмірленуі тиіс, мысалы формула (А.1).
Дипломдық жобанда математикалық теңдеулерді баяндау тәртібі, формулалардағы сияқты болады.