
- •1304000 - «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету»
- •Әдістемелік нұсқау
- •Мазмұны
- •Дипломдық жобаның жалпы ережелері
- •Дипломдық жобаны дайындауға жетекшілік
- •Дипломдық жобаның мазмұнын (жоспарын) құру тәртібі
- •Ақпарат дерек көздерін іріктеу және зерделеу
- •Дипломдық жобаның мазмұнына және ресімделуіне қойылатын негізгі талаптар
- •Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері.
- •2 Дипломдық жобаның мәтінін жазу тәртібі
- •3 Блок- кесте элементтерінің белгіленуі
- •4 Дипломдық жобаның түпкілікті нұсқасын рәсімдеу
- •5 Дипломдық жобаны қорғау және бағалау тәртібі
- •Қосымша а Титул бетті рәсімдеу үлгісі
- •Қосымша в "Мазмұны" бөлімінің рәсімделуі Мазмұны
- •Қосымша г " Қолданылған әдебиеттер тізімі " бөлімінің рәсімделуі Қолданылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша д Дипломдық жобаға пікір жазу бланкісі
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Астана қаласы Білім басқармасы
М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжі
1304000 - «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету»
мамандығы бойынша дипломдық жобаны орындауға арналған
Әдістемелік нұсқау
Астана 2013ж.
М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінің әдістемелік комиссия кеңесінің отырысында қарастырылды және ұсынылды Хаттама № ___ «___» _____ 201___ж. |
БЕКІТЕМІН М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінің Әдістемелік коммисия кеңесінің төрайымы_____________ Ұ.С.Құттыбаев «___» ___________ 201___жыл.
|
Құрастырған : ________________________
(аты-жөні)
Дипломдық жобаны орындаудың жалпы ережелері, дипломдық жобаның тақырыптарына, жазылу ережелеріне, дипломдық жобаның мазмұны мен құрылымына, ресімдеу және қорғауға ұсынуға, қорғау процедурасына және сақтауға қойылатын талаптар келтірілген.
Дипломдық жобаны жазуға арналған әдістемелік нұсқау «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығына арналған және «Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламасының негізінде жасалды.
«Жалпы кәсіптік техникалық пәндер» пәндік циклдық әдістемелік комиссиясының отырысында қарастырылды және бекітілді
ПЦӘК төрайымы Сәнкібаева А.Ж. ____________________
«___» __________ 201___жылғы №_______ хаттама
Мазмұны
Кіріспе........................................................................................................................................ |
4 |
1. Дипломдық жобанын жалпы ережелері.......................................................................... |
5 |
1.1 Дипломдық жобаны дайындауға жетекшілік ................................................................ |
5 |
1.2 Дипломдық жобаның мазмұнын (жоспарын) қалыптастыру тәртібі.................................................................................................................................. |
5 |
1.3 Ақпарат дерек көздерін іріктеу жіне зерделеу................................................................ |
5 |
1.4 Дипломдық жобаның мазмұнына қойылатын негізгі талаптар.................................... |
6 |
2 Дипломдық жобаның мәтінің жазу тәртібі....................................................................... |
18 |
3 Блок-кесте элементтерінің белгіленуі............................................................................... |
21 |
4 Дипломдық жобаның түпкілікті нұсқасын рәсімдеу...................................................... |
25 |
5 Дипломдық жобаны қорғау және бағалау тәртібі........................................................... Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................................... |
26 27 |
Қосымшалар |
|
Кіріспе
Дипломдық жоба өздігінен жүргізілген зерттеуді білдіреді, онда оқушының материалды өз көзқарасымен мазмұндауда және қаралып отырған зерттеу объектісін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуде теориялық қабілеттерін барынша толық ашады
Дипломдық жоба жазудың негізі, әдетте, теориялық пәндер бойынша таңдалған тақырыптары болып табылады, олар әдебиетпен және практикалық материалмен толықтырылады. Дипломдық жобаның теориялық және практикалық бағыты болуы тиіс.
Дипломдық жобаның мақсаты мыналар болып табылады:
дипломдық жобаның тақырыбы бойынша теориялық негіздеме және экономикалық санаттардың, құбылыстардың мәнін ашу, мәселені қорытындылау, материалды жоспар бойынша жүйелі мазмұндау, өзіндік шығармашылық өнім жасау;
кәсіби практика кезеңінде дипломдық жобаның тақырыбына қатысты жиналған және өңделген нақты материалды талдау;
нақты және негізделген нұсқаулар мен ұсыныстарды әзірлеу.
Дипломдық жұмысқа мынадай негізгі талаптар қойылады:
тақырыптың өзектілігін, оның теориялық және практикалық мәнін негіздеу;
зерттеу тақырыбы бойынша экономикалық әдебиетке қысқаша шолу жасау;
зерттелетін тақырыптың теориялық және практикалық аспектілерін толық ашу;
зерттеу нәтижелерінің қысқаша, негізделген қорытындысы;
экономикалық талдау, компьютерлік бағдарламаларды математикалық модельдеу әдістерін қолдану.