
- •26. Қр дипломатиялық құжаттама тәжиірбесінде дипломатиялық құжатты рәсімдеу мен дайындауға қойылатын талаптарды қарастыру.
- •27. Декларация: айрықша белгілері, қолдану ерекшеліктері, түрлері.
- •28. Хх ғасырдағы халықаралық кеңестер мен конференциялар шеңберіндегі көпжақты келіссөздер мысалын қарастыру мен сараптау: ұйымдастырылуы мен құжаттамамен жұмысты қарастыру.
- •29. Ішкі ведомстволық хат алмасу құжаттары. Жылдық саяси есеп мысалын келтіру.
- •Протоколы
- •Декларации
26. Қр дипломатиялық құжаттама тәжиірбесінде дипломатиялық құжатты рәсімдеу мен дайындауға қойылатын талаптарды қарастыру.
Мемлекеттің дипломатиялық құжаттары:
Ішкі ведомстволық құжаттар:
Жылдық саяси есепті елшіліктердің болу елдерінің ішкі және сыртқы саясаты мәселесі бойынша алдын ала жазған құжаты негізінде дайындалады, оның жазылуын елшіліктің аға дипломаттары жүзеге асырады. Ондда болу елінің саяси, экономикалық, ғылыми- мәдени қатынастары қамтылады. Есеп сараптамалық сипатта жазылады: қысқа бағалау және болу елінің сыртқы саяси жағдайын, ішкі саяси және экономикалық жағдацының дамуына болжау жазылады;
Саяси хат елдің басшылығын, министрлігін болу еліндегі жағдайлармен ақпараттандыру кезінде жасалады. Саяси хаттың сипаты:
Тақырыптың маңыздылығы;
Ақпараттың өз уақыттылығы;
Терең көп жақты талдау;
Елшіліктің өз елін және оның азаматтары қорғауға бағытталған ұсыныстың міндетті түрде болуы.
Көлемі 4-6 бет, бірақ 8-10 беттен аспауы керек;
Саяси мінездеме саяси және қоғамдық қайраткерге, дипломат, бизнесменге мінездеме ішкі хат алмасудағы маңызды құжат. Ол СІМ-не керек, оны мемлекет және үкімет делегациялар сұрайды. Мақсаты – басқа тұлға жөнінде толық мәлімет беру, оның саяси көзқарасын, мінезін, байланыстары туралы. Мінездеме берудің қайнар көзі биографиялық анықтама болып табылады. Мінездеменің басым бөлігінде саяси, қоғамдық қызметі, оның көзқарастары, елдегі саяси рөлі жазылады. Міндетті түрде оның ерекшеліктерін, оның діни көзқарастары айтылуы керек;
Баспасөзге шолу – қысқа мерзімде не болғаны тематикада жасалады. Бұрын кең қолданылған, уақыт өте келе маңызы азайды. Олардың құндылығы: І) ең жаңа ақпарат береді; ІІ) қосымша шығындарды талап етпейді;
Ақпараттық хат немесе тақырыптық анықтама СІМ-н қызықтыратын тақырып бойынша жазылады, оны дайындаудың белгіленген ережесі жоқ. Олар тақырыбымен, оның актуалдылығымен, қайнар көздерінің, сонымен қатар БАҚ-ң материалдары ғана емес, мемлекет қайраткерлерінің сөздерінен дәйектер келтірілуі тиіс. Шолулар нақты, тексерілген дәйектерге негізделуі керек. Анықтама қарапайым тілде жазылады;
Құпияланған жеделхатты күн сайын жібереді, оны шектеулі адамдар жазады: аға дипломаттар, кеңесшілер мен елшілер;
Қызметкерлермен жұмыс жөніндегі шетелдегі өкілдіктердің жылдық есебі;
Талдау жазбасы;
Дипломатиялық сұхбат жазбасы;
Консулдық жылдық және статистикалық есебі.
Сыртқы ведомстволық құжаттар:
Вербальді нота – дипломатиялық хат алмасу және актілердің кең таралған формасы. Ол ноталық бланкіде ІІІ жақта жазылады, мерзімі: жіберу күні, индекс, жеке немесе курьермен жіберіледі. Вербальді нотаға қол қойылмайды;
Жеке нота – маңызды және қағидатты мәндегі мәселе бойынша дайындалатын немесе кез келген бір ірі оқиғалар жөнінде ақпаратты мағынаға ие болады. Ноталық бланкіде жазылады, яғни еледің мемлекеттік елтаңбасы басылған ерекше қағазда жазылады. Елтаңба астында «ҚР СІМ» жазуы жазылады. Жеке нотада құжатқа қол қоюшының аты І жақта ресімделеді және қаратпа сөзбен басталып, құрмет, сыпайылықпен аяқталады;
Жеке жолдау;
Сенім грамотасы – дипломатиялық өкілдіктің өкілдік сипатын куәландыратын және оны осы сапада шет мемлекетте аккредиттейтін құжат. Қабылдаушы мемлекеттің басшысына жолданатын сенім грамотасына дипломатиялық өкілдікті тағайындайтын мемлекет басшысы қол қояды және СІМ- ң қолымен рәсімделеді; елшіге, уәкілге, арнайы делегациясының басшысына беріледі;
Жадынамалық жазбалардың екі түрі бар: жеке берілежі және курьермен бағаланады. Мақсаты: істердің барысын жеңілдету және ауызша өтініштерді сұхбат. Сұхбат барысында ауызша мәлімделердің маңызын білдіру мақсатында тапсырылатын құжат. Жеке тапсырылған жағдайда мәтіні жақсыз түрде, мемлекеттік елтаңбасы жоқ қарапайым қағазға жазылады;
Меморандум (латын тілінен нені есте сақтау керек) ерекше белгісі - қандай да болмасын мәселені дәлелге негіздеу немесе заңды түрде толық мазмұндау. Меморандум жеке құжат ретінде сыртқы істер ведомстволарының немесе шетелдік мекемесінің ноталық бланкісінде басылады, мәтін астында жөнелтілген орны мен күні мен орны көресетіледі, мөр қойылмайды;
Жартылай ресми сипаттағы жеке хат қарым-қатынастарды орнату мен кеңейту үшін дайындалады. Ресми тұлғаларға жеке сипаттағы жағдайларда бағытталады;
Жеделхат – БАҚ-та жарияланатын және радио мен телевидениядан беретін дипломатиялық құжаттың түрі. Ерекшелігі: қысқа және саяси мазмұн болуы керек, жауап қайтарылады. Жеделхат басқа себепке абйланысты мемлекет, үкімет басшысы және Парламент атынан жіберіледі;
Бері шақыру грамотасы – өз үкіметінің ықыласы бойынша – өкілдің жаңа қызметі орнына тағайындалуына, отставкаға шығуына, гауқасына немесе қандай да болмасын басқа себептерге байланысты жүзеге асырылады; қабылдаушы мемлекет үкіметінің ықыласы бойынша – дипломатиялық өкілді персона нон грата деп жариялау жағдайынада, дипломатиялық қатынастардың үзілуі немесе олардың тоқтатылуы жағдайында жүзеге асырылады;
Босату қағазы – кейбір мемлекеттердің дипломатиялық тәжірибесінде, өз үкіметінің ықыласы бойынша кері шақырылған диплдоматиялық өкілдің жолға шығуынан кейін, қабылдаушы мемлекет басшысы дипломатиялық өкілді тағайындаушы мемлекет басшысына босату қағазын жібереді.
Аса жоғары деңгейдегі кездесулердің, халықаралық мәжілістерінің қорытынды құжаттары:
Бірлескен мәлімдеме;
Бірлескен Декларацияда тараптардың сәйкес көзқарастары, бірлескен мақсаттары жазылады.;
Бірлескен Коммюнике – халықаралық келіссөздер және жасалған халықаралық келісім-шарт жөніндегі ресми хабарлама. Коммюнике қысқа және кең көлемді болады. Коммюнике алғашқы міндеті келіссөздердің, пікір алмасудың қорытындысын дұрыс мазмұндау. Коммюнике – қарапайым құжат, оның мақсаты – баспасөздерге келіссөздердің нәтижесін хабарлау.
«Дипломатиялық тіл»- екі түрлі түсінікті түсіндіруде қолданылатын ұғым. Біріншіден,бұл тілде ресми дипломатиялық байланыстар жүргізіледі және халықаралық келісім\шарттар жасалады. Екіншіден,бұл жалпы қабылданған дипломатиялық сөздікті құрайтын арнайы термин сөз орамдарының жиынтығы. Қазіргі таңда ресми дипломатиялық байланыстарды жүргізуде және халықаралық келісім\шарттарды құрастыруда арнайы бір тіл қалыптасқан жоқ(бұрын француз тілі міндетті болатын). Өз уақытымен тілдердің теңқұқығы қағидасы бекітіліп келеді.Алайда көптеген сыртқы істер жөніндегі мемлекеттік органдары ресми хат алмасуларды,дипломатиялық құжаттармен алмасуды өзінің ұлттық тілінде жүргізеді. Дипломатиялық тіл(ағыл.diplomatic language)-дипломатиялық тәжірибеде қолданылатын тіл,ол ресми дипломатиялық байланыстарды орнату,дипломатиялық құжаттарды құрастыру барысында қолданылады және жалпықабылданған дипломатиялық лексиконға кіретін дипломатия саласындағы белгілі бір түсінікті дәл бейнелейтін сөзорамдары мен терминдердің жиынтығы болып табылады. Мысал ретінде бір екеуін атап өтсек:
Делимитация ( лат.delimitation – орнату,белгілеу) келіссөздер жүргізу жолымен мемлекеттер арасындағы шекара сызықтарының бағытын анықтау.
Демаркация (лат.demarcatio – шек қою, айыру) – мемлекеттік шекараны арнайы шекаралық белгілермен белгілей отырып жүргізу.
Ратификация (лат.ratus – шешілген, бекітілген және facere – жасау)– Бекіту– белгілі мемлекет немесе оның үкіметі оның өкіметі атынан қол қойылған халықаралық келісім шарттың жоғарғы мемлекеттік органдармен бекітілуі.
Нотификаия (лат.notificare – хабарлау ) – дипломатиялық және келісім шарттық тәжірибеде кең таралған ресми хабарландыру.
Пакта Сунт Серванда(лат.pacto sunt servanda)-шаттар орындалуға тиіс.Тараптар халықаралық шарттар бойынша өздеріне жүктелген міндеттемелерді орындауға тиіс.Халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының бірі.
Агреман(фран.agrement-мақұлдау,келісу)-бір ел ұсынған адамды екінші елдің елшілік өкілі ретінде қабылдауға ресми келісім беруі.