Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры ДНГЯ - коротко.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
313.86 Кб
Скачать

1 Билет

ХІХ ғасырдың І жартысындағы ресми іс қағаздар тілі

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы ресми іс қағаздар тілінің лексикалық, грамматикалық, синтаксистік ерекшеліктері өткен ғасырдағы ресми іс қағаздар тіліне қарағанда халыққа біршама түсінікті, бір нормаға түсе, дами бастаған тіл болып қалыптаса бастады. Сол кезеңдегі ресми іс қағаздары тіл тарихын зерттейтін, саяси-әлеуметтік жағдайды көрсететін құжаттар болғаны мәлім.

Қазақ даласында ел билеу, әкімшілік – сот істеріне қатысты көптеген жаңа атаулар пайда болып, әлеуметтік терминдер қалыптасты.Осы кезеңде мемлекеттік салық енді.Сот билігінің үш түрі жүргізілді. «Жеті жарғы» негізінде соттайтын билер соты, ірі қылмыстармен, саяси қылмыстарды қарайтын Россия империялық сот системасы, шариғат жолымен сот билігін жүргізу.

1822 жылы «Сібір қазақтары туралы Устав», 1831 жылы «Ел басқарудың дистанциялық системасы» деген құжаттар шығарылып, қазақ балаларына орыс мектептерінде оқуға право берілді. Орынбор, Омбы кадет корпустарында қазақ балалары оқи бастады. Баспасөз, ана тіліндегі мектептер, таза қазақ тілінде кітап басып шығару ісі болмағанмен қазақ тілінде жазылған іс қағаздарының нұсқалары алуан түрлі формада сақталды. Мысалы; қазақтарға қолайлы жер бөліп беру туралы өтініш; егіншілікпен айналысуға рұхсат ету туралы өтініш; әскери губернаторға жазылған рапорт; қызын сатқаны туралы жасасқан шарт, алым-салық жинау туралы т.б. құжаттар.

Қазақ даласындағы ел басқару системасы мен әлеуметтік құрылыстың іс қағаздарында хан, ханзада, ханым, ханша, төре, сұлтан, би, қазы, ақ сүйек, бай, кедей, қара, қара қазақ сөздері әлеуметтік термин болып қалыптаса бастады.

Қазақстанның батысындағы шаруалар көтерілісі де іс қағаздар тарихында өз ізін қалдырды. М.Өтемісұлының М.Ладищинскийге, Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына т.б. жазған хаттары оған дәлел.

Қолхат. Кепілхат. Олардың құрылымы.

Кепілхат, қолхат – белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алыс-берісін куәландыратын, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Құжаттың бұл түрлері міндетті түрде мөрмен бекітіліп, құқықтық сипатқа ие болады.

Қолхат - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын және оны белгілі бір мерзімде қайтарып беретіндігін міндеттеп, азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін ресми құжат түрі. Бұл бағасы төмен құндылықтарды уақытша пайдалану жағдайында рәсімделеді. Сондықтан қолхат негізінен мекемеішілік қатынастарда жиі қолданылады.

Қолхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

- құжаттың аты; қолхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); қолхат алушы туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); алынған заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі); қайтарылатын нақты уақыты; қайтара алмаған жағдайдағы шарты; қолхат жазылған күн; тараптардың қолы; мекеме мөрі.

Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат пен кепілхат бір-біріне ұқсас.

Кепілхаттың мәтінінде адресатқа орындалған жұмыстың немесе қандай да бір қызметтің (ғимараттың, тұрғын үйдің және т.б. жөндеу жұмыстары) ақысын төлеу туралы кепілдеме беріледі. Хатта адресант ұйым өзіне белгілі бір міндеттеме алады, сондықтан хаттың құқықтық күші болады.

Қолхат

Мен, Әйгерім Асылбекқызы Қозыбаева Алматы қаласы Таугүл-1 шағын ауданы 84 үй, 31 пәтердің тұрғыны, жеке басымның куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген, Алматы қаласы Абай даңғылы, 25 үй, 64 пәтерде тұратын азамат Арман Мұхитұлы Асқаровтан, жеке куәлігі №123456789 ҚР ІІМ-гі берген 3000 (үш мың) АҚШ долларын алдым.

2011 жылы 15 қыркүйекте жасалған келісім-шартқа сәйкес 2011 жылғы 10-қыркүйектен 10 желтоқсанға дейін алынған ақшаның пайызын төлеп тұруға міндеттенемін.Пайыз көлемі келісім-шартта көрсетілген. Азамат Асқаров Мұхитұлы Арманның міндетін орындауына басқа талабым жоқ.

10.12.2011жыл қолы

Қолхат

Мен, ОПИ-І0-Іқ тобының студенті Ержан Бауыржанұлы Хайрош, университеттің сызба-геометрия кафедрасынан штангенциркуль (500 теңге) алдым. Штангенциркульді бір жетіде қайтарып беремін деп міндеттенемін.

Жеке куәлік №11655223.

24.03.11 қолы

Х.Б.Ержанның қолын растаймын.

2 - билет

ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы ресми іс қағаздар тілі

Бұл кезеңде қазақ әдеби тілі дамуының жаңа дәуірі басталды. Ол әдеби тілдің бір тамағы ресми іс қағаздар тілінде анық байқалды. Екі тілді газеттер шыға бастап, патша өкіметінің әкімшілік органдары мен жергілікті әкімдердің қазақ тілінде жазған ресми іс қағаздары пайда болды. Бұрынғы құжаттар мен хаттар тілінің жалғасы бола тұра, өз алдына стилі қалыптасты. Ресми құжаттар қазақшаға аударылып, бұрынғыдай хан, сұлтандардың атына емес, көпшілікке арнап жазылып, баспада жарияланды. Бұл кезеңдегі жазылған іс қағаздарын мазмұн мен мақсатына қарай үш топқа бөліп қарастыруға болады. Бірінші - патша үкіметі тарапынан жазылған бұйрық-жарлық, ережелер терминологиясы, екінші - заң, сот істеріне байланысты ереже, бұйрық, анықтамалар, үшінші - жеке адамдардың ресми ұйымдарға жазған арыз, өтініштері.

Осы кезеңдегі ресми іс қағаздары ерекшеліктерінің бірі қазақ сөздерінен жасалған терминдердің қалыптасуы. Мысалы: бұйрық, жарлық, ереже, арз, ғарыз, қол (қою), алық-салық, төре, ұлық, абақты т.б. Сонымен қатар заң-законға қатысты қазақтардың әдет-ғұрып заңы бойынша қолданылып келген юриспруденция терминдері де қазақша қолданылды. Олар қазақтың төл сөздері мен қолданысқа еніп кеткен араб-парсы сөздері: айп (айып), дау, бітім, билік, кефіл (кепіл), куә, куәлік, күнә,кеңес, айғақ, тергеу, іс қорғау, мойнына алу, даугер, іс, шығын,қалың мал, дүре, жаза, барымта, төреші, үлгі, жауабкер, шабарман ,шариат ( шариғат), құн, салауат (кешірім). Бұл заң терминдерін ХІХ ғасырдың ІІ жартысында жазылған қазақша заң жинақтары мен ережелерінде, Шоқан Уалихановтың «Сот реформасы жайында», Ы.Алтынсариннің 1883 жылы «Баяділ Кейкинге» жазған хаттарында қолданған.

Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздары стилінің дамуына Семей облысы әскери генерал-губернаторының (1892ж.20.01) ресми орындарға жазылатын өтініш-шағымдарды қазақтардың өз ана тілінде жазуларына рұхсат етуі жайындағы №459 жарлығы да себеп болды. Заң жинақтары мен ережелерінде және әкімшілік орындарындағы бұйрық-жарлықтар терминдерінің көпшілігін қазақша түсінікті етіп беруге тырысты.

Көне дәуірден бастау алған ресми - іс қағаздары ХІХ ғасырдың ІІ жартысында жанрлық тұрғыда көбейіп, тілі мен стилі одан әрі жетіле түсті.

2 сурак: Сенімхатсенім білдірілген тұлғаға сенім білдіруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да бір іс-әрекетті асыруға құқық беретін, олардың өзара келісімін куәландыратын құжат. Сенімхат мекеме атынан да, жеке адам атынан да беріледі. Ол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да түрлі әрекеттер жасауға сенім білдіріп, құқық береді. Ресми сенімхаттар мекеме бланкіне рәсімделеді. Сенімхат мекеме атынан берілсе, арнаулы бланкке жазылады да, мекеме басшысының қолы мен мөрі басылады. Егер сенімхат жеке адам тарапынан берілсе, сенімхат иесінің аты-жөні, құжатының аты мен нөмірі жазылып, қолы қойылады. Төменгі жағына мекеме басшысы не нотариус сенімхат иесінің қолын растап, мөр басады.

Сенімхаттың мазмұндық-құрылымдық жүйесі :

-құжат атауы; күні, айы, жылы, мекен-жайы ; сенімхат беруші туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); сенім білдірілетін тұлға туралы толық мәлімет (аты-жөні, мекен-жайы, жеке куәлік нөмірі); алынған заттың атауы (егер ақша болса, көлемі санмен де, жазбаша да көрсетіледі); қайтарылатын нақты уақыты; қайтара алмаған жағдайдағы шарты; нотариалдық мекеме мөрі.

Сенімхатта берілетін жағдайлар:

Сенімхат кез-келген төлем түрлерін, атап айтқанда жалақы, жәрдемақы, стипендия, зейнетақы алу үшін, сондай-ақ заттай корреспонденцияларды алу үшін, мүлікті ортақ пайдалану, транспорт құралдарын иемдену, мұрагерлік құқық туралы куәлік алу үшін т. б. толып жатқан жағдайларда беріледі.Сенімхат 1 дана болып дайындалады.Төлемақы алу үшін берілген сенімхаттардың жарамдылығы - 3 ай. Мүлікті пайдалану үшін берілетін сенімхаттардың жарамдылығы - 3 жыл. Жарамдылық мерзімі жазбаша жазылуы керек.