
- •7. Unix way дегеніміз не?
- •8. Unix тарихы.
- •9. Unix-тің түрлері.
- •10. Linux, Linux ядросы, Dos интерфейстері және Windows дегеніміз не?
- •11. Жүйелік ақпаратты көру шаралары(uname, free командалары).
- •12. Linux дистрибутивтері. Ең танымал дистрибутивтер.
- •25. Linux файлдарының түрлері. Қарапайым файлдар. Каталогтар. Орнастыру файлдары.
- •26. Файлдық жүйе бойынша навигация : cd, pushd, popd, pwd.
- •27. Файлды құру, жою және көшіру. Touch, rm, cp командалары.
- •28. Mkdir, rmdir команда каталогтарымен операция жасау.
- •29. Linux файодық жүйесінің ең маңызды каталогтері: /bin каталогтері.
- •30. Linux файодық жүйесінің ең маңызды каталогтері: /boot.
- •11. /Etc/group файлдары..
- •12. /Etc/shadow файлдары..
- •13. /Etc/gshadow файлдары..
- •14. Root тіркеу жазбасы.
- •15. Linux-тегі парольдер .
- •16. Login, su, newgrp командалары.
- •17. Passwd, gpasswd, chage командалары.
- •18. Тіркеу жазбасын құру және жою.
- •7. Linux –тегі тіркеу жазбасының құқықтарын ұйымдастыру. Оқу . Жазу. Орындау .
- •8. Каталогтардың құқықтарының ерекшеліктері .
- •9. Chmod командасының рұқсат құқығын тағайындау.
- •10. Chown командасының рұқсат құқығын тағайындау..
- •11. Chgrp командасының рұқсат құқығын тағайындау..
- •12. Sticky bit.
- •7. Cat, less, head, more, tail, od, tac командаларының мәтіндік ақпаратты экранға шығару
- •8. Man анықтамалық басшылықты көру программасы.
- •9. Шығаруды қайта бағыттау. Stdin, stdout, stderr жайлы түсінік. Каналдар.
- •11. Ақпаратты фильтрлеу. Регулярлы өрнектер . Grep командасы.
- •12. Архивтендіру. Tar және gzip утилиттері.
- •6. Linux-тегі процесстер . Процесстердің идентификаторлары. Демондар.
- •7. Ps командасы.
- •8. Процесстердің рұқсат құқықтары. Нақты және эффективті идентификаторлар. Suid және sgid биттары.
- •9. Процесстерді басқару. Сигналдар.
- •10. Nice, nohup, kill, killall командалары.
- •7. Командалық қабыршақтар жайлы түсінік. Командалық қабыршақтарға шолу жасау.
- •9. Консольдің күрделілігі.Тапсырмалар.Тапсырмаларды басқару.
- •10. Ауыспалы орталар.
- •11. Midnight commander.
15. Linux-тегі парольдер .
Linux-та қолдпнушыларға арналған құқық таратудың дамыған жүйесі қолданылады. Бірақ бір аты бар қолданушыны дұрыс табу үшін қауіпсіздік жағынан қарағанда жеткілікті емес. Сондықтан да пароль – еркін ұзындықты еркін символдар тобы қолданылады, олар әдетте шифрлеу әдісімен қоданылады. Бүгінгі таңда Linux-тің көптеген нұсқаларында парольдер 3DES және MD5 алгоритмдері бойынша шифрленеді. 3DES алгоритмі қайтымды болғанда MD5 – бұл қайтымсыз түрлендіру екені туралы шифрмен жазылғанды оқып айтуға болады. Аутентификациялау кезінде қолданушы енгізген пароль бастапқыда қолданған әдіспен шифрленеді, содан соң шифрленген көшірмелер салыстырылады. Егер олар бірдей болса, онда аутентификация сәтті деп есептеледі. Күннен күнге қауіпсіздікке қойылатын талаптардың өсуіне байланысты Linux- те жасырын парольдерді қолдануға мүмкіндік бар. /etc/passwd және / etc/group файлдары барлық қолданушыларға рұқсат етіледі, бұл жүйе қауіпсіздігіндегі үлкен кемшілік болып табылады. Сондықтан Linux–тің жаңа нұсқаларында жасырын парольдерді қолдану дұрысырақ болады. Мұндай парольдер сәйкес қолданушылар мен топ парольдеріне арналған /etc/shadow и /etc/gshadow файлдарында орналасады. Олар тек root қолданушысының оқуы үшін қол жетімді болады.
16. Login, su, newgrp командалары.
Login командасы жүйеге кіру кезінде қолданылады. Ол қолданушының паролі мен атын енгізу дұрыстығын тексереді, каталогты үй каталогына ауыстырады, айналаны тұрақтандырады және командалық интерпретаторды жібереді. Login командасын командалық жолдан жіберуге болмайды – бұл қателіктер туғызады және сеанстың аяқталуына әкеп соқтырады. Su командасы сеанс процессі кезінде қолданушы идентификаторын ауыстыруға мүмкіндік береді. Оның синтаксисі оңай: su username, мұндағы username – қолданылатын қолданушы аты. Осыдан кейін программа пароль сұрайды. Парольді дұрыс енгізген кезде su өзін көрсеткен қолданушы құқы бар жаңа командалық интерпретаторды жібереді және оның идентификаторларын сеансқа меншіктейді. Егер қолданушы аты алып тасталса, онда su командасы root атын қолданады. [student@ns student]$ su root Password: [root@ns student]#_ Root қолданушысы su командасын қолдану кезінде ол ешқашан пароль сұрамайды. Newgrp командасы топ ауысуы айырмашылығына байланысты su мүмкіндіктеріне ұқсас болып келеді. Қолданушы newgrp командалық жолда көрсетілген топқа қосылуы керек. Root қолданушысы newgrp командасын қолдану кезінде ешқашан пароль сұрамайды. Команданың синтаксисі su командасының синтаксисіне ұқсас: newgrp groupname, мұндағы groupname – қолданушы ағымдағы атқа өзгертетін топ аты. Passwd командасы Linux-тегі пароль ауыстыратын құрал болып табылады. Өзіңнің парольіңді өзгерту үшін командалық жолда passwd сөзін терсе болғаны: [student@ns student]$ passwd Changing password for student (current) UNIX password: New password: Retype new password: passwd: all authentication tokens updated successfully [student@ns student]$_
17. Passwd, gpasswd, chage командалары.
Топты басқару және оның парольін өзгерту үшін gpasswd командасы қолданылады. Парольді ауыстыру үшін gpasswd командалық жолға GROUPNAME сөзін енгізсеңіз жеткілікті. Егер сіз топ администраторы болсаңыз ғана парольді өзгрте аласыз. Егер пароль бос есем болса, онда топ мүшелері үшін newgrp шақыру керек емес, ал топ мүшелері еместер пароль енгізк керек. Топ администраторы сәйкес -a және -d параметрлерінің көмегімен топтарды қоса және жоя алады. Администраторлар -r параметрін топ парольін жою үшін қолданылады. Егер пароль берілмесе, онда тек топ мүшелері newgrp командсының көмегімен топқа кіре алады. -R параметрін көрсету арқылы newgrp командасының көмегімен пароль бойынша топқа кіруге тыйым салуға болады (бірақ топ мүшелеріне бұл ереже жүрмейді). Жүйелік администратор (root) топқа администратор тағайындау үшін -A параметрін қолдануы мүмкін. Chage командасы парольдің ескіруі мен есептік жазбалары туралы ақпаратты басқарады. Жай қолданушы (root емес) команданы тек өзінің парольдерінің ескіруі параметрлерін қарау үшін қолданады: gserg@ADM:/$ chage -l gserg Last password change : Май 03, 2007 Password expires : never Password inactive : never Account expires : never Minimum number of days between password change : 0 Maximum number of days between password change : 99999 Number of days of warning before password expires : 7 Суперқолданушы басқа параметрлерді де қолдана алады, олар төменде көрсетілген: -d дата (жүйелік дата форматында, мысалы КК.АА.ЖЖЖЖ) – қолданушы арқылы пароль ауыстырылған датаны бекітеді. -E дата – қолданушы арқылы есептік жазбалардың ескіру датасын бекітеді -I N – есептік жазбаларды блоктап болғаннан кейін парольдің ескіру мезетінен бастап алынған N белсенді емес күндер саны. -m N – парольдерді ауыстыру арасындағы минималды күндер (N) санын береді -M N – парольдерді ауыстыру арасындағы максималды күндер (N) санын береді -W N – парольдердің ескіргені туралы ескерту берілетін күндер санын береді.