Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сист.админ емтихан сұрақтары(жауаптарымен).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87.17 Кб
Скачать

25. Linux файлдарының түрлері. Қарапайым файлдар. Каталогтар. Орнастыру файлдары.

ls командалары

Линукс файлдық жүйесінде файлдардың бірнеше түрін атап айтуға болады. «Файл» түсінігі құрылғылармен интерфейстік жұмыс жасауды, жүйедегі процесстерге ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін каналдарды қамтиды. [student@ns lesson_2]$ ls -l total 40 -rwxr-xr-x 1 root root 2872 Aug 27 2001 arch -rw-rw-rw- 1 root root 612 Jun 25 2001 chain.b brw-rw---- 1 root disk 3, 1 Feb 3 15:38 hda1 drwxrwxrwx 2 root root 32768 Feb 3 15:38 ida Енді құрылғылардың әр түрлі типін қалай ажырату керектігін түсіндірейік, негізгі типтері: Қарапайым файлдікі: d -каталог l -сілтеме b - блоктық құрылғы с - символдық құрылғы бойынша ажыратылады. Каталогтағы файлдардың тізімін көру үшін ls командасы қолданылады.Бұл команданың көп опциялары бар. Негізгілері:l,s,a,t. ls-l-толық формат(типі,рұқсат құқықтары,пайдаланушы және группа,өлшемі) ls-a-жасырылған файлдарды көрсету ls-t-өзгеру уақыты бойынша реттелген ls-s-өлшемін көрсетеді ls-u- өзгеру уақыты бойынша кері реттелген. Толық мәліметті man ls командасы арқылы алуға болады.

26. Файлдық жүйе бойынша навигация : cd, pushd, popd, pwd.

Файлдық жүйе бойынша навигациясы дегеніміз Linux операциялық жүйесі кезінде ең маңызды дағдылардың бірі. Файлдық жүйе бойынша навигация кезінде қолданылатын негізгі командалар мыналар: pwd – қолданушы қолданып отырған каталогтың толық атын көрсетеді.  [student@ns student]$ pwd /home/student [student@ns student]$_ cd – файл жүйесінде бір каталогтан басқа каталогқа ауысу үшін терілетін команда. Бұл команданың параметрі-ауысатын каталогтың жолы. cd үй каталогына өзгертеді . каталогты каталогтар ағашы бойынша бір деңгей жоғары орналасатынға өзгертеді. [student@ns student]$ pwd /home/student [student@ns student]$ cd primer [student@ns primer]$ pwd /home/student/primer [student@ns primer]$ cd .. [student@ns student]$ pwd /home/student [student@ns student]$ cd /home/student/primer [student@ns primer]$ pwd /home/student/primer [student@ns primer]$ cd [student@ns student]$ pwd /home/student [student@ns student]$ cd /bin [student@ns bin]$ pwd /bin [student@ns bin]$ cd ~ [student@ns student]$ pwd /home/student [student@ns student]$_ Ал pushd, popd командалары байланыста жұмыс жасайды. pushd командасының параметрі бар . pushd көрсетілген каталогқа өзгертеді .. каталогты каталогтар ағашы бойынша бір деңгей жоғары орналасатынға өзгертеді. Бұл команданың cd командасынан негізгі айырмашылығы- каталогтар алмаструдың бүкіл тарихы оңай есте сақталады және содан соң popd командасының көмегімен лездік кері навигация үшін қолданылуы мүмкін. [student@ns student]$ pushd /var /var ~ [student@ns var]$ pushd log /var/log /var ~ [student@ns log]$ popd /var ~ [student@ns var]$ popd ~ [student@ns student]$

27. Файлды құру, жою және көшіру. Touch, rm, cp командалары.

Linux-тің әр қолданушысы күн сайын файлдарды құру, көшіру және жоюмен айналысады. Бұл операциялар файлдық жүйе бойынша орын ауыстыру сияқты аса маңызды болып табылады.  cp командасы файлдарды көшіру үшін қоданылады. Оның синтаксисі мынандай:  cp [параметрлер] <файлдың аты > <каталог қабылдаушысының аты>болады.  Каталогтың ішіндегі бәрін қосқанда ең көп қоданылатын параметрлердің бірі болып каталогтарды рекурсивті көшіруге мүмкіндік беретін R параметрі болып табылады. touch командасы файлдарды құруға мүмкіндік береді. Оның қолданылуы өте қарапайым: touch < файл аты>. Егер осындай аты бар файл ағымдағы директориядан табылса, онда touch командасы оның құру уақытын ағымдағы уақытқа жаңартады,яғни өжгертеді. [student@ns lesson_3]$ ls primer_1 primer_2 primer_3 [student@ns lesson_3]$ touch file [student@ns lesson_3]$ ls file primer_1 primer_2 primer_3 [student@ns lesson_3]$_ rm командасы файлдарды жояды.. rm командасы қолдатын негізгі параметрлер - бұл  -i (жоюды растау арқылы жою), -r (рекурсивті жою) және  -f (растамай барлық файлдарды жою),  -v (жасалатын әрекеттерді толық сипаттау).  -r және -f параметрлері файлдардың көптеген бөлігін жою үшін қолданылады. Бірақ қолдану кезінде мұқият болу қажет, себебі осы параметрлер арқыла бүкіл жүйені жойып жіберуге де болады.