Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сист.админ емтихан сұрақтары(жауаптарымен).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87.17 Кб
Скачать

7. Ps командасы.

Linux –те процесстердің тізімін қарау үшін ps командасы қолданылады.  ps [PID] options – процестер тізімін қарау. ps параметрсіз командасы демондардан басқа ағымдағы сессия кезінде іске қосылған процесстердің бәрін көрсетеді. Options келесі мәндердің бірін немесе олардың комбинацияларын қабылдауы мүмкін: -A немесе -e – барлық процесстерді көрсетеді -f –алфавит бойынша сұрыптайды -w – процесстер сипаттаудың толық жолдарын көрсету. Егер олар экран ұзындығынан асып кетсе, онда келесі жолға көшіріледі. 1-мысал: [gserg@WEBMEDIA gserg]$ ps   PID TTY          TIME CMD  3126 pts/2    00:00:00 bash  3158 pts/2    00:00:00 ps [gserg@WEBMEDIA gserg]$_ 2 -мысал: [gserg@WEBMEDIA gserg]$ ps 3126   PID TTY      STAT   TIME COMMAND 3126 pts/2    S      0:00 /bin/bash [gserg@WEBMEDIA gserg]$_

8. Процесстердің рұқсат құқықтары. Нақты және эффективті идентификаторлар. Suid және sgid биттары.

Linux ОЖ-дегі процесстер қолданушы ие болатын құқықтарға ие және сол қолданушы атынан процесс қосылады. Негізінде операциялық жүйе жұмыс жасап жатырған қолданушыныны оның атынан жіберілген процесстер жиынтығы ретінде қабылдайды. Себебі қолданушының сеансының өзі қолданушы атынан командалық қабықшада ашылады. қолданушының файлға рұқсат құқығы ” туралы айтқанда, ол “қолданушы атынан жіберілген процесстердің файлға рұқсат құқығы ” дегенді білдіреді. Процессті іске жіберген қолданушы атын анықтау үшін операциялық жүйе процесске арналатын қолданушы мен топтың шынайы идентификаторларын қолданады. Бірақ бұл идентификаторлар рұқсат құқықтарын анықтау кезінде шешуші рөл атқармайды. Ол үшін әр процессте идентификаторлардың басқа тобы – эффективті тобы бар. Ереже бойынша процесстердің шынайы және эффективті идентификаторлары бірдей, бірақ айырмашылықтары да жоқ емес. Мысалы, passwd утилитінің жұмысы үшін суперқолданушының идентификаторын қолдану қажет, себебі тек суперқолданушы парольдер файлына жзуына рұқсаты бар. Бұл жағдайда процесстердің эффективті идентификаторлары шынайылардани айырмашылығы бар болады. Әр файлдың тағы бір басқа рұқсат құқығы жиынтығы бар – SUID жне SGID биттері. Бұл биттер программаны қосу кезінде оған қожайынның және топ-қожайынының эффективті идентификаторларын меншіктеуге және сәйкесінше басқа қолданушының рұқсат құқығы арқылы процесс орындауға мүмкіндік береді. Passwd файлы root қолданушысына қатысты және оның SUID бит орнатылғандықтан, іске қосу кезінде passwd процессі root қолданушысының құқықтарына ие болады.  Chmod программасы арқылы SGID және SUID биттері орнатылады: chmod u+s filename – SUID битінің орнатылуы  chmod u+s filename – SGID битінің орнатылуы  Абсолютті режимде бұл битерді орнату үшін оларды сәйкесінше SUID, SGID, Sticky bit үш бит түрінде көрсетуге болады. Қажетті құқықтарды көрсетуден кейін арнайы биттерді орнату үшін санның басына цифр енгізу керек.

9. Процесстерді басқару. Сигналдар.

Жүйедегі барлық процесстердің үлкеніне init процессі жатады. Оның PID әрқашан 1, PPID – 0. Процесстердің барлық кестелерін init процессі түбірі болатын ағаш ретінде қарастыруға болады. Бұл процесс ядро бөлігі болмаса да, бірақ жүйеде өте өте маңызды рөл атқарады, ол туралы сіздермен 16-шы сабақта талқылайтын боламыз.  Аттары квадрат жақшаға алынған процесстер, мысалы “[keventd]” – бұл ядро процесстері. Бұл процесстер жүйе жұмысын басқарады, дәл айтқанда оның жады менеджері, процессор уақытының жоспарлаушысы, ішкі құрылғылар менеджерлері және т.б. сияқты бөліктерін басқарады. Қалған процесстер командалық жол арқылы немесе жүйені инициализациялау кезінде іске қосылған қолданушылық болып табылады.  Әр процесс өмірі келесі фазалар арқылы көрсетіледі: Процессті құру – бұл этапта жаңа процесс құратын процесс көшірмесі жасалады. Мысалы, сіз интерпретатордан орындалуға ls командасын жібердіңіз. Командалық интерпретатор өзінің толық көшірмесін жасайды.  Процесс кодының жүктелуі және іске қосылуға дайындық – бірінші этапта құрылған көшірме орындауға қажетті есеп кодымен алмастырылады және оның айналасы құрылады – керекті айнымалылар орнатылады және т.б.  Процестерді орындау Зомби жағдайы – бұл этапта процесс орындалуы аяқталады, оның коды жадыдан алынады, айналасы жойылады, бірақ жазба процессор кестесінде қала береді. Процесстің өлуі – барлық аяқтайтын стадиялардан кейін жазба процессор кестесінен жойылады – процесс өз жұмысын аяқтайды. Процесс жұмысы кезінде ядро жағдайын қадағалайды және қолайсыз жағдайлар туғанда оған жіберген сигналдарды жіберу арқылы процессті басқарады. Процесс үнсіздік бойынша әрекетті қодануы мүмкін немесе егер процессте сигнал өңдеушісі болса, онда ол сигналды елемеуі немесе алып кетуі мүмкін. SIGKILL және SIGSTOP сигналдарында алып кетуге, елемеуге мүмкіндік жоқ. Үнсіздік бойынша бірнеше әрекеттерді жасауға болады: елемеу – сигнал алынғанына байланысты жұмысты жалғастару. аяқтау – процесс жұмысын аяқтау. аяқтау + core – процесс жұмысын аяқтау және процесс жадысының образын қамтитын core аты бар ағымдағы каталогтағы файлды құру (код және ақпараттар). тоқтату – процесс орындалуын тоқтату, бірақ оның жұмысын тоқтатпай және жадыдан кодты жүктемеу арқылы. Жүйеде орын алатын біраз сигналдардың тізімі: SIGABRT- егер процесс abort() жүйелік шақыруын жасаса. сигнал жіберіледі. SIGCHLD -Ұрпағы аяқталған кезде аталық процесске жібрілетін сигнал. SIGSYS-Сигнал ядро арқылы жол берілмейтін жүйелік шақыруды жүзеге асырған кезде жіберіледі, тағы басқалары. Процесстер өміріндегі маңызды рөлді жоспарлаушы орындайды – ол жүйенің көп тапсырмалығына жауапты бір ядро бөлігі. Себебі уақыттың бір өлшемінде бір процессорда тек бір тапсырма орындалуы мүмкін. Сондықтан жоспарлаушы ғана процесстердің қайсысы бірінші, қайсысы екінші болып орындалатынын анықтайды. Ол үшін әр процессте приоритет деп аталатын тағы бір параметр бар. Процесстердің приоритетін қарау үшін -l параметрлі (long – кеңейтілген шығару) бізге таныс ps командасын қолданған жөн