Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сист.админ емтихан сұрақтары(жауаптарымен).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
87.17 Кб
Скачать

Емтихан сұрақтары

UNIX операциялық жүйесіне кіріспе

7. Unix way дегеніміз не?

Unix Way дегеніміз бұл тек операциялық жүйе емес, сонымен қатар ол- компьютермен жұмыс жасау идеологиясы. Unix  Windows–қа ұқсамайды  (сыртқы ұқсастықтарды ескермесек) және Unix жұмыс қабылдауы  Windows жұмыс қабылдауынан ерекшеленеді.  Unix Way - бір тапсырма, яғни бір программа. Unix- те «барлығын бірдей» орындауға арналған ұқсас тапсырмалар жасауға болмайды. Ондағы программа бір қарапайым әрекетті ғана орындай алатындай болу керек. Бірақ сонымен қатар сол әрекетті жақсы орындай алатындай болуы керек. Оны  шешудің жолы бар. Сол немесе басқа комплексті есепті шешу үшін әр адам шешудің қарапайым компоненттерінің жиынтығын таңдайды. Бұдан басқа Unix-тің тағы ерекшеліктері-онда барлығы файл түрінде. Unix-тағы ең тамаша концепция. Unix-те программалар, баптамалар, жүйелік деректер мен тіпті құрылғылар барлығы барлығы файл түрінде көрсетілген. Және құрылғылармен қарапайым файлдармен жұмыс жасағандай жұмыс жасауға болады. Осының барлығы Unix-тің артықшылығын көрсетеді. 

8. Unix тарихы.

Unix-тің тарихы 1969-жылдан бастау алады. 1969 жылы  AT&T корпорациясының жұмысшылары Денис Ритчи мен Кен Томпсон  PDP­7 компьютеріне арналған кішігірім операциялық жүйе құрастырды . Бұл операциялық жүйені Unix деп атады. Бірақ AT&T  компаниясының жоспарына бұл операциялық жүйені тарату кірген жоқ , ол техникалық қадағалау қызметін ұйымдастырмай, қателіктерін түземей әрі ешқандай кепілдік бермей тұрып АҚШ-тың жоғары оқу орындарына оның символдық ақысы ретінде берді. Соның салдарынан университеттік есептеуіш орталықтың өкілі болған барлық қолданушылар бір-бірімен жұмыс жасауларына тура келді. Олар өздері туындаған қателерді түзеді, керекті программаларды және утилиттерді құра білді және оларды бірлесіп қолданды. Жұмыс нәтижесі ретінде 1990 жылға дейінгі Bell Labs  компаниясының эгидасымен таралған Unix версиясының бүтін сериялары болды. Unix –тің қолданушылар тобының бірі Берклидағы калифорниялық университетте болған.  1977 жылы бұл оқу орнының мамандары Unix тарихында маңызды қадам жасады және 2BSD (Berkeley Software Distribution) операциялық жүйесі бар  магниттік ленталардың таралуына көшті. Содан бері 75 көшірме сатылған болатын. Unix  VR4 және BSD негізінде барлық заңа заманғы Unix түрлері құрылды.Осылайша Unix тарихы 20-шы ғасырдың ортасынан басталып,күні бүгінге дейін жалғасып келеді.

9. Unix-тің түрлері.

Unix-тің көптеген түрлері бар. Ең танымалдарына SUN Microsystems корпорациясының Solaris (бұрынғы SunOS), IBM компаниясының  DEC  AIX,  DEC,  SCO фирмасының Unix, UnixWare түрлері және тағы басқалары. Жоғарыда айтылғандардың барлығы коммерсиялық түрі болып табылады және оларға көбінесе жоғарғы баға береді. Олар әр түрлі архитектураларда (Intel, Sparc, Alpha, PowerPC және т.б.) жұмыс жасайды. Бірақ бүгінгі заманда адамдардың үлкен қызығушылығын ашық кодқа құрылған,мәселен, Linux сияқты операциялық жүйелер тудырып отыр. Linux алғашында еркін таралатын Unix версиясы ретінде жасалған болатын. 1991 жылы Хельсинки университетінің студенті Линус Торвальдс Linuxтің алғашқы версиясын жасады. Ол Minix операциялық жүйесіне  – сұйығ кристалға арналған Unix-тің  шектелген аналогына негізделіп істелген. Бірінші «қателігі аз» версияның шығарылуынан кейін  1992 жылдың наурызында көптеген әлемнің программистері бұл операциялық жүйенің өңделуіне үлес қосты және ол дами бастады. Бүгінгі күнде Linux Unix-тің жартылайфункционалдық, ашық және аздап тегін аналогы болып саналады. Бірақ егер GNU жобасының көлемінде программалық қамтамасыз етілу болмаса  (GNU’s  not  Unix,  GNU  – бұл Unix емес), бұл жағдай орындалмас еді. Linux  тексерулер, мәтіндік редакторлар, баспа утилиттері және тағы басқаларды қосқанда көптеген GNU утилиттерінен, көптеген программалау тілдерінің трансляторларынан (C,  C++,  Fortran,Pascal,  LISP,  Ada,  BASIC,  Perl,  PHP  және т.б.) тұрады. GNU жобасы еркін таралатын программалық қамтамасыз ету қорының көмегімен дамып жатыр.Ол қордың аты – Free Software Foundation (FSF) деп аталады.