
- •«Кәсіби қазақ тілі» пәнінен емтихан сұрақтары
- •Ресми іс-қағаздар стилистикасы.
- •1 Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар.
- •2.Жеке адам өміріне қатысты құжаттар.
- •3. Басқару, ұйымдастыру, өкім шығару қызметіне қатысты құжаттар.
- •4. Іс қағаздарының сипаттары:
- •Ауызекі сөйлеу тілінің стилі.
- •Көркем әдеби стиль.
- •Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы
- •Анықтама үлгісі; Анықтама № 34/1
- •Түйіндеме
- •Визит карточкасы
- •Мінездеме, оның түрлері.
Анықтама үлгісі; Анықтама № 34/1
2 мамыр 2006 ж.
Осы анықтама студент Ахатова Назымға берілді.
Ахатова Назым шын мәнінде Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, халықаралық қатынастар факультетінің 4 курсында оқиды.
Анықтама ұлттық кітапханаға тапсыру үшін берілді.
Анықтама 10 күн өз күшінде.
Мөр орны
Оқу бөлімінің бастығы Ж.Сабырова
12сұрақ~~ Түйіндеме, құрылымы, түйіндеменің үлгісін көрсетіңіз.
Түйіндеме
Бүгінгі нарық заманында мемлекеттік органдарға, фирма, кәсіпорындарға қызметкерлер қабылдау үшін түйіндеме талап етеді. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Сауатты әрі толық жазылған түйіндеме сіз туралы жақсы әсер қалдырады. Бұл өзіңіз қалаған жұмысты тезірек табуға көмектеседі. Түйіндеменің ерекшелігі - үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.
Түйіндемеде үміткердің:
- Аты-жөні
- Туған жылы, күні, айы, туған жері
- Ұлты
- Жынысы
- Мекен-жайы, телефоны
- Отбасы жағдайы
- Азаматтығы
- Білімі
- Бітірген оқу орындары
- Кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі
- Тілдік дағдылары
Компьютерлік сауаттылығы
Жеке қасиеттері. Мысалы: жауапкершілік, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық және басқарушылық кабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т. б.
- Қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т. б.) туралы мәліметтер және косымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертифи-каттар, наградалар, патенттер т. б.) көрсетіледі.
Кейде мақсаты да көрсетіледі. Онда қызықтыратын жұмыс түрі, қанағаттандыратын еңбекақы көлемі туралы мәлімет беріледі.
Түйіндеме үлгісімен танысыңыз.
Қазақстан Республикасы. Алматы қаласы.
Әуезов к-сі, 29-үй, 65-пәтер телефон: 8300425336
АТЫ – ЖӨНІҢІЗ
Туған жылы: 15. 02. 1969 ж.
Ұлты: қазақ
Жынысы: әйел
Отбасы жағдайы: ұрмыста
Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы
Білімі: жоғары
1992 - 1995 ж ж. Әлем тілдері университеті, халықаралық қатынастар факультеті 1984-1991 жж. Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ, заң факультеті Кәсіби тәжірибесі: 1996 - 2001 жж. "Саяхат"туристік фирмасы, кеңесші-заңгер. (Алматы қаласы) 1994 - 1996 ж.ж. «Сенім» нотариалдық кеңсесі, кеңесші-заңгер (Алматы қаласы). Тілдік дағдылары: қазақ тілі - ана тілі, орыс тілі - еркін, ағылшын тілі — өте жақсы .
Компьютерлік сауаттылығы: Windows 98, Word , Ехсеl, Intегnеt.
Жеке қасиеттері: ұстамдылық, жауапкершілік, ұйымдастырушылық және басқарушылық кабілет. т. б. Қосымша ақпараттар: «Lifе» адвокаттық кеңсесінің сертификаты (Лондон қ., 1998) Қызығушылығы: БАҚ, жарнама, спорт, саяхат.
13сұрақ~~ Визит карточкасы, құрылымы, визит карточкасының үлгісін көрсетіңіз
Визит карточкасы
Визит карточкасы – жеке тұлғаның қызмет орны, аты-жөні, байланыс мәліметтері қысқаша жазылған, ресми қатынас мәдениетіне лайықталған, белгілі бір пішінмен рәсімделген құжат.
* Визит карточкасы іскерлік қатынас үшін өте керек іс қағазы, құжат.
* Визит карточкаларының мазмұны бірдей болғанмен, безендірілуі әр түрлі болуы мүмкін.
* Аты-жөнін жазғанда фамилиясы үлкен әріппен теріледі.
- Мысалы: БЕКБОЛАТОВ Асан Қайырбекүлы.
* Қызметі. Тек ресми атқаратын кызметі жазылады. «Міндетін атқарушы, уақытша орындаушы» деген сөздер жазылмайды.
* Ғылыми дәреже, әскери т.б. атақтар кажеттілігіне карай көрсетіледі.
* Жүмыс телефоны. Алдымен хатшының телефонын көрсеткен дұрыс. Қажет деп санаған жағдайда өзіңіздің жеке телефоныңызды көрсетуге болады. Егер мобильді жүйедегі байланыс болса, жеке кодымен көрсетіледі.
* Визит карточкасы 50x90 миллиметрлік көлемдегі қатты қағазда жасалады.
* Визит карточкаларының түр-түсі әр адамның қызмет бабына карай жасалады.
.
14сұрақ~~ Мінездеме, құрылымы, түрлеріне тоқталыңыз.