Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.46 Кб
Скачать

10. Соттың құрамы. Апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттың құрамы.

АІЖК. 37-бап. Соттың құрамы

      1. Бірінші, апелляциялық сатылардағы соттарда азаматтық істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды.       2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 59-бабының 8-тармағында және 66-бабының 3-тармағында, сондай-ақ «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 5-тармағында көзделген азаматтық істерді сот атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды.       3. Iстердi кассациялық немесе қадағалау сатысындағы сотта қарауды соттың алқалы құрамы жүзеге асырады. Іс алқалы түрде қаралған кезде соттың құрамына саны тақ (кем дегенде үш) судья кіруге тиіс, олардың біреуі төрағалық етуші болып табылады, оның міндетін тиісінше облыстық соттың төрағасы немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тиісті алқасының төрағасы не олардың тапсырмасы бойынша судьялардың бірі атқарады.

11. Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер.

 АІЖК. 40-бап. 1. Егер судья:        1) осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;        2) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса;        3) істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс.        2. Істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды. 

12. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру үшін негіздер.

41-бап. 1. Осы Кодекстің 40-бабының бірінші бөлігінде аталған қарсылық білдіру үшін негіздер прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына да қолданылады. Яғни, (40-бап. 1. Егер судья:        1) осы істі мұның алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман, аудармашы, өкіл, сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы ретінде қатысса;        2) іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің біреуінің туысы болса;        3) істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса, ол істі қарауға қатыса алмайды және оған қарсылық білдірілуге тиіс. )       2. Сонымен қатар сарапшы немесе маман не аудармашы, егер:        1) ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;        2) ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса не осы азаматтық істі қарағанда пайдаланылса;       3) олардың білікті емес екені байқалса, істі қарауға қатыса алмайды.       3. Прокурордың, маманның, аудармашының, сот отырысы хатшысының осы істі мұның алдында қараған кезде тиісінше прокурор, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіруге негіз болып табылмайды. Адамның іске сарапшы ретінде алдыңғы қатысуы, оның қатысуымен жүргізілген сараптамадан кейін ол қайта тағайындалатын жағдайларды қоспағанда, іс бойынша сараптама жүргізуді оған тапсыруды болдырмайтын мән-жай болып табылмайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]