Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.46 Кб
Скачать

3. Азаматтық iс жүргiзу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.

С.С.Алексеевтың айтуы бойынша «Барлық құқықтық жүйенің негізін қалаушы сала бұл – мемлекеттік құқық». Сол себепті, ең алдымен азаматтық іс жүргізу құқығының мемлекеттік (конституциялық) құқықпен арақатынасын қарастырған жөн. Бұл өзара байланыстылықтың негізі мынада жатыр: Конституция сот билігі және оның міндетінің жүзеге асырылуын, соттардың жүйесін белгілейді,судьялар тәуелсіздігіне кепілдігін және оған қойылатын талаптарды ескереді.

Материалды құқық (азаматтық, отбасы, еңбек, салық және т.б.) салалары мен азаматтық іс жүргізу құқықғы арасындағы байланыс. ҚР құқықтық жүйесі, басқа да кеңестік мемлекеттердегі сияқты романо-германдық жүйеге жатқандықтан материалды құқықтардың азаматтық процессуалдық құқықтың дамуына әсер ететіні айқын. Осыған сәйкес, материалды құқықтағы өзгерістер, объективті түрде азаматтық процессуалдық құқыққа өзгерістер енгізуді көздейді. Материалдық және процессуалдық құқық арақатынасы көптеген нормалардың мазмұны мен сол құқық салаларының жеке институттарынан байқалады.

Азаматтық іс жүргізу мен қылмыстық іс жүргізу арақатынасы. Екеуі де заң реттелуін әділ сот төрелігімен жүзеге асырылады. Азаматтық іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізуі ҚР-да барлық сот пен судьяларға бір болып табылатын әділ сот төрелігінің конституциялық қағидаларына негізделген. Осы екі құқықтың басты айрымашылығы оның пәнінде, сол себепті азаматтық және қылмыстық іс жүргізу құқықғын біріктіру мүмкін емес.

4. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары.

Конституция. Қазақстан Республикасының Конституциясы (30.08.1995) сотты ұйымдастыру мен оынң әрекеті, судьялардың тәуелсіздігі мен оларға қойылатын талапты анықтайтын қағидалардан тұратын жалпы сипаттағы нормалар; ҚР барлық территориясында жоғарғы заңи күші мен тікелей әрекеті бар. АІЖК-нің нормалары мен Конституция арасында қарама-қайшылық туған жағдайда Конституция басымдылық етеді.

Конституциялық заң. «ҚР сот жүйесі мен судья мәртебесі туралы» Конст. заң (25.12.2000) судьяларды материалды және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейді. АІЖК-нің нормалары мен конституциялық заң арасында қарама-қайшылық туған жағдайда Конституциялық заң басымдылық етеді.

Бір деңгейлі нормативті құқықтық актілер – кодекстер, ҚР заңдары және заң күші бар ҚР Президентінің жарлықтары.Азаматтық іс жүргізу кодексі (13.07.1999) азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру тәртібін реттейді. АІЖК-нің нормалары мен өзге заң арасында қарама-қайшылық туған жағдайда АІЖК басымдылық етеді. «Мемлекеттік баж салығы туралы» заң (31.12.1996) салық төлеуші мен мемлекет (сот) арасындағы қатынастарды реттейді, есептеудің, төлеудің және баж салығын қайтарудың бірегей тәртібін орнататын заң. «ҚР Прокуратурасы туралы» Президент Жарлығы (21.12.1995) сотта мемлекет атынан өкілдік ететін және атқарушы сот әділдігінің заңдылығын қадағалау жүргізетін прокуратураның құзыреті мен қызметін анықтайды. «Адвокаттық қызмет туралы» заң (05.12.1997) азаматтық істерде өкілдік ету бойынша, сонымен қатар, азаматтардың заңды мүдделері мен құқығы, еркіндігн қорғау үшін басқа да заңи көмек көрсету туралы адвокаттық қызметтің әрекетін реттейтін заң.

Заң асытылы нормативті құқықтық актілер. Оларға ҚР Президентінің және ҚР Үкіметінің нормативті құқықтық актілері жатады. Мысалы, ҚР қаулысымен бекітілген ҚР сот судьяларын атестаттау туралы ереже (24.05.1996); ҚР қаулысымен бекітілген ҚР Жоғарғы сотының тәртіптік алқасы туралы, облыстық және оған теңестірілген тәртіптік алқа туралы ереже (12.11.1997); Салық комитетінің бұйрығымен «мемлекеттік салықтық бажды санау мен төлеу тәртібі туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» (04.03.1997)

Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу қайнар көздеріне ҚР Конституциялық кеңесінің және ҚР Жоғарғы сотының нормативтік қаулысы және халықаралық шарттық және басқа да ҚР міндеттемелері жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]