Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.46 Кб
Скачать

2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.

Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында іс бойынша қортынды беру үшін және азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін өз бастамасы немесе соттың бастамасы бойынша процеске қатыса алады.

Жауапкер мен оның өкілі соңғы сөздерін айтып болғаннан кейін іс бойынша тарап болып табылмайтын және ҚР АІЖК-нің 55-бабының 2-бөлігінде көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор жалпы істің мәні бойынша қортынды береді.

Сотта азаматтық істерді қайта қарау сатысы бойынша прокурор 2 (екі) нысанда қатысуы мүмкін:

1-Осы саты бойынша өндірісті (апелляциялық не қадағалау наразылықтарын келтіру арқылы) қозғау. Заңсыз және дәлелсіз шешімдер мен ұйғарымдарға наразылық жасау прокурордың лауазымдық міндетіне жатады, осының негізінде азаматтық сот істерін жүргізу саласында мемлекет атынан заңдардың тура және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалау жүзеге асады. Сонымен, заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне, ұйғарымдарына прокурор апелляциялық наразылық келтіреді, ал заңды күшіне енген сот актілеріне қадағалау тәртібі бойынша наразылық келтіреді. Азаматтық сот ісін жүргізуде заңдардың дәлме-дәл және бір үлгіде қолданылуына жоғары қадағалау жүргізу ісін мемлекет атынан Қазақстан Республикасының Бас прокуроры тікелей өзі және өзіне бағынатын прокурорлар арқылы жүзеге асырады (ҚР АІЖК 55 бап, 1 бөлігі).

2-Іс бойынша қатысатын не қатыспайтын тараптардың немесе басқа да тұлғалардың құқықтары мен міндеттері жөнінде қабылданған сот шешімі бойынша шағымды қарайтын іске қатысу. Азаматтық істерді қайта қарау сатыдағы сотта прокурор процеске қатысу нысанына қарамастан іс бойынша қортынды береді.

Сот қаулыларын орындау сатысында прокурор сот шешімдерінің уақытылы және заңды орындалуына қадағалауды жүзеге асырады. Бұл сатыда прокурор екі нысанда қатысады:

  • сотта арыз, талап арыз беруші болған себептен өтініш жасау, атқару және өзге де әрекеттер жасауға қатысу арқылы;

  • сот орындаушының әрекетіне наразылық келтіру арқылы.

120.Азаматтықісжүргізугетеңқатысушылардың iсжүргiзуқұқықтарыменмiндеттерi.

Іс жүргізуге тең қатысушылық - бұл бірден азаматтық процесте талап қоюшы не жауапкер жағында немесе екі тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) жағынан бір-біріне мүдделері қайшы келмейтін бірнеше тұлғалар қатысуы.

ҚР АІЖК 50-бабында: "Талапты бірнеше талап қоюшы бірлесіп қоюы немесе оның бірнеше жауапкерге қойылуы мүмкін. Талап қоюшылардың немесе жауапкердің әрқайсысы екінші тарапқа қатысты процесте дербес болады. Тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) іс жүргізуді тиісінше тең талап қоюшылардың немесе тең жауапкерлердің біреуіне тапсыра алады".

Егер іске бірнеше талап қоюшының қатысуы болса, онда олар тең талап қоюшылар деп аталады.

Егер іске бірнеше жауапкердің қатысуы болса, онда олар тең жауапкерлер деп аталады.

Теория жүзінде бірігіп қатысушылықты екі мағынада қарастырады:

  1. процессуалдық-құқықтық мағынада;

  2. материалдық-құқықтық мағынада.

Процессуалдық-құқықтық мағынада ол 3 түрге бөлініп қаралуы мүмкін:

1-ші түрі – белсенді бірігіп қатысуы – сотта талап қоюшы ретінде бірнеше тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы 3 талап қоюшы мен 1 жауапкердің қатысуы;

2-ші түрі – еңжар бірігіп қатысуы – сотта жауапкер жағынан бірнеше тұлғаның қатысуы (екеу және одан көп қатысуы), мысалы 1 талап қоюшы мен 3 жауапкердің қатысуы;

3-ші түрі – аралас бірігіп қатысуы – бірден сотта талап қоюшы мен жауапкер жағынан бірнеше тұлғаның қатысуы, мысалы 3 талап қоюшы мен 3 жауапкердің қатысуы.

Материалдық-құқықтық мағынада 2 түрде қарастырылуы мүмкін:

1-ші түрі – қажетті (міндетті) – заң бойынша іске барлық қатысушылардың (талап қоюшы не жауапкер ретінде) қатысуын міндетті түрде тілейді, мысалы ортақ мүлік бөлуде өз ұпайын белгілеу;

2-ші түрі – факультативті (міндетті емес) – бірігіп қатысуын міндетті түрде тілемейді, яғни іс бойынша бірнеше талап қоюшылардың немесе бір ғана талап қоюшының бірнеше жауапкерлерге жеке және бір-біріне байланыстырмай қаралуын білдіреді. Бірнеше талап қоюшы талаптар қойған немесе талаптар бірнеше жауапкерге қойылған кезде сот, егер талаптарды ажыратып қарауды неғұрлым дұрыс деп тапса, бір немес бірнеше талапты жеке іс жүргізуге бөлуге құқылы (АІЖК-нің 171 б. 2-ші бөлігі). Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын біртектес, не бір талап қоюшының әр түрлі жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған талабы бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мұндай біріктіруді дұрыс деп тапса, бұл істерді біріктіріп қарау үшін бір іске біріктіруге құқылы (АІЖК-нің 171 б. 3-ші бөлігі).

Басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі сотта өкіл бола алады (АІЖК-нің 59 б. 6-шы бөлігі).

Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтарын: жалпы және арнайы деп бөліп қарастырса болады. Жалпы – бұл тараптардан басқа да іске қатысушы тұлғаларға тән құқықтар: іс материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге, қарсылықтарын мәлімдеуге, дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға және т.б. (ҚР АІЖК 47-бабы). Арнайы - ҚР АІЖК 32, 49, 50, 156, 158 және т.б. баптарында көзделген. Мысалы, талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Жауапкер талап қоюды толық не жартылай тануға, немесе талаптан бас тартуға құқылы.

Тараптардың азаматтық іс жүргізу міндеттерін: жалпы және арнайы деп бөліп қарастырса болады. Жалпы – тараптар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға, сот отырысындағы тәртіпті сақтау, сотта төрағалық етушінің қаулыларына бағынуға тиіс. Арнайы – ол азаматтық іс жүргізудің сатыларына және нақты іс жүргізу әрекеттердің мінезіне байланысты. Осылай, талап қоюшы сотқа өзі ұсынған талап арызында міндетті түрде заңда көрсетілген мәліметтер бар болу керек (ҚР АІЖК 150-бабы); әр тарап (талап қоюшы мен жауапкер) өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс (ҚР АІЖК 65-бабы).

121.Апелляциялықсатыдағы соттың өкiлеттiктерi

Апелляциялық сатыдағы соттың өкiлеттiгi

 Апелляциялық сатыдағы сот:       1) шешiмдi өзгерiссiз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмай тастауға;      2) бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiн өзгертуге;       3) бiрiншi сатыдағы сот шешiмiнiң күшiн жоюға және жаңа шешiм шығаруға;       4) осы Кодекстiң 366-бабында көзделген iс жүргiзу құқығы нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда шешiмнiң күшiн жойып, iстi бiрiншi сатыдағы соттың жаңадан қарауына жiберуге құқылы. Апелляциялық сатыдағы сот қандай да бiр дәлелдемелердiң дәйектiлiгi немесе дәйексiздiгi туралы, бiр дәлелдемелердiң басқаларынан артықшылығы туралы мәселелердi, сондай-ақ iстi жаңадан қарау кезiнде қандай шешiмнiң шығарылуға тиiс екенiн алдын ала шешуге құқылы емес;       5) осы Кодекстiң 247 және 249-баптарында көзделген негiздер бойынша шешiмнiң толық немесе оның бөлiгiндегi күшiн жоюға және iс бойынша iс жүргiзудi қысқартуға не арызды қарамай тастауға құқылы.

122.Кассациялық сатыдағы соттың өкiлеттiктерi.

. Кассациялық сатыдағы соттың өкiлеттiгi

      Сот iстi кассациялық тәртiппен қарап:       1) апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымын – өзгерiссiз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырусыз қалдыруға;       2) апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының күшiн толық немесе бiр бөлiгiнде жоюға және егер кассациялық саты апелляциялық сатыдағы соттың жiберген қателiктерiн түзете алмаса, iстi бiрiншi немесе апелляциялық сатыдағы сотқа судьялардың өзге құрамында жаңадан қарауына жiберуге құқылы. Кассациялық сатыдағы сот қандай да бiр дәлелдемелердiң дұрыстығы немесе дұрыс еместiгi туралы, бiр дәлелдемелердiң басқаларынан артықшылығы туралы мәселелердi, сондай-ақ iстi жаңадан қарау кезiнде қандай шешiмнiң шығарылуға тиiс екенi туралы алдын ала шешуге құқылы емес;       3) апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының толық немесе бiр бөлiгiнде күшiн жоюға және осы Кодекстiң 247, 249-баптарында көзделген негiздер бойынша iс бойынша iс жүргiзудi қысқартуға не арызды қараусыз қалдыруға;       4) бiрiншi сатыдағы соттың шешiмiн күшiнде қалдырып, апелляциялық сатының қаулысы мен ұйғарымының күшiн жоюға;       5) егер iс бойынша дәлелдемелердi жинау немесе қосымша тексеру талап етiлмесе, бiрiншi немесе апелляциялық сатыдағы сот iстiң мән-жайын дұрыс және толық анықтаса, бiрақ материалдық құқық нормаларын қолдануда қателiктерге жол берiлсе, iстi жаңадан қарауға жiберместен, бiрiншi немесе апелляциялық сатыдағы сот шешiмiнiң күшiн жойып, қаулыны өзгертуге немесе жаңа қаулы шығаруға құқылы.

123.Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы іс жүргізу.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлердiң банкроттығы туралы iстердi сот банкроттық туралы заңдарда белгiленген ерекшелiктермен қоса, осы Кодексте көзделген жалпы ережелер бойынша қарайды .

124. жылжымалы затты иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы іс жүргізу

Жылжымалы мүлiктi иесiз деп тану және жылжымайтын мүлiкке коммуналдық меншiк құқығын тану

      314-бап. Арыз беру

      1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген жағдайларда жылжымалы мүлiктi иесiз деп тану туралы арыз осы мүлiктi иеленуге кiрiскен жеке тұлға тұратын жердегi немесе ұйым орналасқан жердегi сотқа берiледi.       2. Жылжымайтын мүлiкке коммуналдық меншiк құқығын тану туралы арызды коммуналдық мүлiктi басқаруға уәкiлеттi орган сол мүлiк орналасқан жердегi сотқа бередi.       3. Егер коммуналдық мүлiктi басқаруға құқық уәкiлеттiгi берiлген орган жылжымайтын мүлiкке құқықты мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын органның осы мүлiктi есепке алған күнiнен бастап бiр жыл өткенге дейiн сотқа арызбен жүгiнсе, сот жылжымайтын мүлiкке коммуналдық меншiк құқығын тану туралы арызды керi қайтарады.

      315-бап. Арыздың мазмұны

      1. Жылжымалы мүлiктi иесiз деп тану туралы арызда қандай мүлiктiң иесiз деп тануға жататындығы көрсетiлуге, оның негiзгi ерекше белгiлерi сипатталуға, сондай-ақ мүлiкке меншiк құқығын сақтау ниетiн көздемей, сол мүлiктi меншiк иесiнiң тастап кетуiн куәландыратын дәлелдер және арыз иесiнiң мүлiктi иеленуге кiрiскенiн куәландыратын дәлелдер келтiрiлуге тиiс.       2. Коммуналдық мүлiктi басқаруға құқық уәкiлеттiгi берiлген органның жылжымайтын мүлiкке коммуналдық меншiк құқығын тану туралы арызында қандай мүлiктiң иесiз деп танылатыны, оның иесiз мүлiк ретiнде қай уақытта есепке қойылғаны көрсетiлуге, сондай-ақ осы мүлiкке меншiк құқығын сақтау ниетiн көздемей, меншiк иесiнiң осы мүлiктi тастап кеткенiн куәландыратын дәлелдемелер келтiрiлуге тиiс.

      316-бап. Арызды қарау

      Жылжымалы мүлiктi иесiз деп тану туралы немесе жылжымайтын мүлiкке коммуналдық меншiк құқығын тану туралы арызды сот арыз берушiнiң және iс бойынша барлық мүдделi адамдардың қатысуымен қарайды.

      317-бап. Арыз бойынша сот шешiмi

      1. Жылжымалы мүлiк иесiнiң болмауын не иесiнiң оған меншiк құқығын сақтау ниетiн көздемей тастап кеткенiн тани отырып, сот жылжымалы мүлiктi иесiз деп тану туралы және оны иеленуге кiрiскен адамның меншiгiне беру туралы шешiм шығарады.       2. Жылжымайтын мүлiк иесiнiң болмауын не оның меншiк құқығын  сақтау ниетiн көздемей тастап кеткенiн және белгiленген тәртiппен есепке алынғандығын таныған соң сот жылжымайтын мүлiктi иесiз деп тану және коммуналдық меншiк құқығын тану туралы шешiм шығарады.

125.азаматтық хал актілері жазуларының дұрыс еместігін анықтау туралы іс жүргізу.

Азаматтық хал актiлерi жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау

      318-бап. Арыз беру

      Егер құқық туралы дау болмаған кезде азаматтық хал актiлерiн жазу органдары жасалған жазбаға түзетулер енгiзуден бас тартса, сот азаматтық хал актiлерiн жазу кiтаптарындағы жазулардың жаңсақтықтарын анықтау туралы iстi қарайды. Азаматтық хал актiлерiн жазу кiтаптарындағы жазбаның жаңсақтығын анықтау туралы арыз оны берушiнiң тұратын жерiндегi не азаматтық хал актiлерiн жазу органы орналасқан жердегi сотқа берiледi.

      319-бап. Арыздың мазмұны

      Арызда азаматтық хал актiлерiн жазу кiтабындағы жазудың жаңсақтығы неде екендiгi, қашан болғаны және азаматтық хал актiлерiн жазудың қандай органы жасалған жазбаны түзетуден немесе өзгертуден бас тартқандығы көрсетiлуге тиiс.

      320-бап. Арыз бойынша сот шешiмi

      Азаматтық хал актiлерiн жазу кiтабындағы жазбаның жаңсақтығын анықтаған сот шешiмi азаматтық хал актiлерiн жазу органдарының мұндай жазбаны түзетуiне немесе өзгертуiне негiз болып табылады.

126.Заңды күшіне енбеген шешімдерге апелляциялық шағымдарды, наразылықтарды қарайтын соттар.

      Аудандық және оларға теңестiрiлген соттар шығарған шешiмдерге апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды облыстық және оған теңестiрiлген соттың судьясы жеке-дара қарайды

Осы апелляциялық шағымдар мен наразылықтарды қарайтын соттар:

  • аудандық және оларға теңестірілген соттар шығарған шешімдерге – облыстық және оған теңестірілген соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы;

  • облыстық және оларға теңестірілген бірінші сатыдағы соттар шығарған шешімдерге – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі алқасы.

Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша апелляциялық сатыдағы сот:

  • істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша істің нақты мән-жайы анықталуының;

  • материалдық құқық нормаларының қолданылуы мен түсіндірілуінің дұрыстығын;

  • істі қарау мен шешу кезінде азаматтық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын тексереді.

Апелляциялық сатыдағы сот құрамы кем дегенде 3 (үш) судьядан тұрады, біреу төрағалық етуші болады.

Апелляциялық сатыдағы судья апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірілген тұлғаның өтініші бойынша бірінші сатыда қабылданған, ҚР АІЖК-тің 237-бабында аталған істер бойынша шешімдерден басқа, шешімнің орындалуын тоқтата тұрады (ҚР АІЖК 343-бап).

Істі апелляциялық тәртіппен қарау кезінде сот бірінші сатыдағы сот шешімінің заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді (ҚР АІЖК 345-б. 1-б.).

Апелляциялық сатыдағы сот мәлімделген талап қою шегінде жаңа фактілерді анықтап, тараптың дәлелді себептер бойынша бірінші сатыдағы сотқа беруге нақты мүмкіндігі болмаған жаңа дәлелдемелерді зерттей алады (ҚР АІЖК 335-б. 3-б. және 345-б. 2-б.).

Апелляциялық сатыдағы сот шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыруы (ҚР АІЖК 336-б.), қайтаруы (ҚР АІЖК 337-б.) мүмкін.

Апелляциялық шағым берген тұлға апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін одан бас тартуға, ал наразылық келтірген прокурор немесе жоғары тұрған прокурор наразылықты кері қайтарып алуға құқылы. Одан кейін шешімге басқа адамдар шағым жасамаса немесе жоғары тұрған прокурор наразылық келтірмесе, сот шағымнан бас тартуды және наразылықты қайтарып алуды қабылдау туралы апелляциялық іс жүргізуді қысқартатын қаулы шығарады.

Іс апелляциялық сатыда ол бірінші сатыдағы соттан келіп түскен күннен бастап 1 (бір) айлық мерзімнен кешіктірілмей қаралуға тиіс (ҚР АІЖК 349-бап).

Апелляциялық сатыдағы сотта іс жүргізу ҚР АІЖК-тің 41-тарауында көзделген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Апелляциялық сатыдағы соттың отырысына іс бойынша қорытынды беретін прокурор міндетті түрдеқатысады.

Апелляциялық сатыдағы сотта істі талқылау бөлімдері:

  • сот отырысын ашу. Төрағалық етуші сот отырысын ашып, қандай іс, кімнің шағымы немесе наразылығы бойынша және қай соттың шешімі қаралып отырғанын, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттың құрамын және егер істің қаралуына қатысып отырса, прокурорды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды хабарлайды.

  • Іске қатысушылардың келуін тексеру. Төрағалық етуші іске қатысушы адамдардың қайсысы келгенін анықтайды, келген адамдардың кімдер екенін айқындайды, өкілдердің өкілеттігін тексереді.

  • Іске қатысушы адамдарға олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

  • Іске қатысушы адамдардың сот отырысына келмеуінің салдары. Істің қаралатын уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбаған іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда сот істі қарауды кейінге қалдырады. Содан кейін іске қатысушыларға соттың қайта өткізілетін отырысында істің қаралу уақыты мен орны жайында тиісінше хабарлайды. Бұл жағдайда істі талқылау басынан бастап жүргізіледі.

  • Соттың іске қатысушы тұлғалар арыздарын шешуі. Іске қатысушы тұлғалардың апелляциялық сатыдағы істі қарауға байланысты барлық мәселелер бойынша арыздар мен өтініштерін сот іске қатысушы басқа тұлғалардың пікірін тыңдағаннан кейін шешеді. Мәлімделген өтінімдерді шешу ҚР АІЖК-тің 186-бабының ережелері бойынша жүргізіледі, бұл орайда апелляциялық сатыдағы соттың өтінімдері бірінші сатыдағы сот қанағаттандырмағандығын негізге алып, оны қанағаттандырудан бас тартуға құқығы жоқ.

  • Істі мәні бойынша қарау. Істі мәні бойынша қарау судьяның шағым жасалған шешімнің мән-жайы, апелляциялық шағымның, наразылықтың дәлелдері және іс материалдары туралы баяндамасымен басталады. Соттың отырысына келген іске қатысушы тұлғалар мен өкілдердің түсініктемелерін тыңдайды. Апелляциялық шағым берген немесе наразылық келтірген тұлға және оның өкілі бірінші болып сөз сөйлейді. Егер екі тарап та шешімге шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді. Тараптардың түсініктемелерінен кейін сот істе бар және тараптар жаңадан табыс еткен, дәлелді себептермен олар бірінші сатыдағы соттың қарауына табыс ете алмаған дәлелдемелерді тексереді. Сотқа қосымша дәлелдемелер табыс еткен тұлғалар олардың қандай жолмен алынғанын және қосымша дәлелдемелер табыс ету қажеттігі қандай мән-жайларға байланысты туындағанын көрсетуге міндетті. Апелляциялық сатыдағы сот іске қатысушы, сот отырысына келмеген адамдардың түсініктемелерін, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы сот отырысына шақырылмаған куәлардың айғақтарын жария етуге құқылы. Егер бұл түсініктемелер мен айғақтарға тараптар дау шығарса, аталған адамдар апелляциялық сатыдағы сотқа шақырылуы мүмкін.

  • Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы. Іс мәні бойынша қаралып біткен соң төрағалық етуші тараптар мен өкілдерден олардың жасайтын өтінімдері мен толықтырулары туралы сұрайды. Сот бұл өтінімдерді шешіп, содан соң жарыссөздеріне көшеді. Сот жарыссөздері ҚР АІЖК-тің 211-бабында көзделген ережелер бойынша өткізіледі, бұл орайда апелляциялық шағым немесе наразылық берген адам бірінші болып сөйлейді. Шешімге екі тарап та шағым жасаған жағдайда бірінші болып талап қоюшы сөйлейді. Сот жарыссөздерінен кейін прокурор іс бойынша қорытынды береді. Содан соң сот соттың актісін қабылдауға арналған кеңесу бөлмесіне кетеді.

  • Апелляциялық қаулы шығару және оны жариялау. Апелляциялық саты істі қарау нәтижелері бойынша сот актісін қаулы түрінде шығарады (ҚР АІЖК 359-бап). Апелляциялық қаулы кеңесу бөлмесінде шығарылып, оған судьялардың барлық құрамы қол қояды және судьялар кеңесу бөлмесінен қайтып келген соң, отырыс залында жарияланады. Апелляциялық сатыдағы сот істі қарағаннан кейін оны бірінші сатыдағы сотқа қайтарады (ҚР АІЖК 369-бап).

Апелляциялық сатыдағы сот келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:

  1. шешімді өзгеріссіз, ал шағымды немесе наразылықты қанағаттандырмай тастау туралы;

  2. бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгерту туралы;

  3. бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жоюға және жаңа шешім шығару туралы (ҚР АІЖК 362-бап);

  4. ҚР АІЖК-тің 364-бабында көзделген материалдық немесе іс жүргізу құқығы нормаларының бұзылғаны анықталған жағдайда шешімнің күшін жойып, істі бірінші сатыдағы соттың жаңадан қарауына жіберу туралы (ҚР АІЖК 365 және 366-баптар);

  5. ҚР АІЖК-тің 247 және 249-баптарында көзделген негіздер бойынша шешімнің толық немесе оның бөлігіндегі күшін жоюға және іс бойынша іс жүргізуді қысқарту не арызды қарамай тастау туралы (ҚР АІЖК 367-бап).

Апелляциялық сатыдағы соттың қаулылары қабылданған күннен бастап заңды күшіне енеді (ҚР АІЖК 368-бап).

127.Апелляциялық шағымдар, наразылықтар беру (келтіру) тәртібі мен мерзімдері

      1. Шағымдар, наразылықтар шешiм, қаулы шығарған сот арқылы берiледi (келтiрiледi). Тiкелей апелляциялық сатыларға келiп түскен шағымдар, наразылықтар осы Кодекстiң осы бабы екiншi бөлiгiнiң және 338-бабының талаптарын орындау үшiн шешiм шығарған сотқа жiберiлуге тиiс.       2. Шағымдар, наразылықтар iске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшiрмелермен қоса сотқа берiледi (келтiрiледi). Қажет болған жағдайларда судья апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тiркелген жазбаша айғақтардың iске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшiрмелерiн беруге мiндеттей алады.       3. Шағым, наразылық сот шығарған шешiмнiң көшiрмелерi тапсырылған күннен бастап он бес күн iшiнде берiлуi (келтiрiлуi) мүмкiн.       4. Iстi қайта қарау кезiнде шығарылған шешiмге жалпы тәртiппен шағым жасалуы, наразылық келтiрiлуi мүмкiн.       Ескерту. 334-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2001.07.11 N 238, 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      335-бап. Апелляциялық шағымның немесе наразылықтың                мазмұны

     1. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта:       1) шағым немесе наразылық жолданатын соттың атауы;       2) шағым жасайтын немесе наразылық келтiретiн тұлғаның атауы;       3) шағым жасалатын немесе наразылық келтiрiлетiн шешiм және сол шешiмдi шығарған соттың атауы;       4) iстi қараудың дұрыс еместiгi неде екендiгiн көрсету;       5) заңдарға, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге және материалдарына сiлтеме жасай отырып, шешiмнiң заңсыздығы немесе негiзсiздiгi неде екендiгiнiң негiздемесi;       6) шағым жасайтын немесе наразылық келтiретiн тұлғаның шағымды немесе наразылықты толық немесе бөлiгiнде келтiретiнiн және қандай өзгерiстер енгiзудi талап ететiндiгiн көрсету;       7) шағымға немесе наразылыққа қоса тiркелген құжаттардың тiзiмi;       8) шағымды, наразылықты беру (келтiру) күнi және шағым, наразылық беретiн (келтiретiн) адамның қолы болуы тиiс. Өкiл берген шағымға сенiмхат немесе iске осындай өкiлеттiк болмаса, өкiлдiң өкiлеттiгiн растайтын өзге де құжат қоса тiркелуге тиiс.       2. Апелляциялық шағымда немесе наразылықта айғақтарына апелляциялық шағым немесе наразылық бойынша дау айтылатын куәларды шақыру туралы өтiнiштiң де болуы мүмкiн.       3. Апелляциялық шағым, наразылық беретiн (келтiретiн) тұлғаның бiрiншi сатыдағы сотқа табыс етiлмеген жаңа айғақтарға сiлтеме жасауына тек шағымында олардың бiрiншi сатыдағы сотқа оларды табыс етуге мүмкiндiгi болмауы негiзделген жағдайда ғана жол берiледi.

128.Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру

апелляциялық шағым немесе наразылық берiлген (келтiрiлген) кезде судья қаулы шығарады, сол арқылы шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдырады және шағым немесе наразылық берген (келтiрген) адамға кемшiлiктердi түзетуге мерзiм тағайындайды.       2. Егер шағым немесе наразылық берген (келтiрген) тұлға  белгiленген мерзiмде қаулыдағы нұсқауларды орындаса, шағым немесе наразылық сотқа алғашқы табыс етiлген күнiнде берiлген болып есептеледi. Апелляциялық шағымды немесе наразылықты қозғалыссыз қалдыру туралы бiрiншi сатыдағы соттың қаулысына жеке шағым, наразылық берiлуi мүмкiн.

129.Бiрiншi сатыдағы соттың апелляциялық шағымды, наразылықты алғаннан кейiнгi әрекетi

1. Мерзiмiнде берiлген және осы Кодекстiң 334-бабының екiншi бөлiгiнiң және 335-бабының талаптарына сәйкес келетiн апелляциялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейiн судья:       1) шағымның, наразылықтың және оған қоса тiркелген жазбаша дәлелдемелердiң көшiрмелерiн келесi күннен кешiктiрмей iске қатысушы адамдарға жiберуге;       2) шағымдануға, наразылық келтiруге белгiленген мерзiм өткеннен кейiн iстi апелляциялық сатыға жiберуге мiндеттi.       3) алынып тасталды - ҚР 2009.12.10 № 227-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.       2. Апелляциялық шағымдануға, наразылық келтiруге белгiленген мерзiм өткенге дейiн iстi соттан ешкiм талап ете алмайды. Iске қатысушы тұлғалар сотта iс материалдарымен, сондай-ақ келiп түскен шағымдармен және оларға бiлдiрiлген қарсылықтармен танысуға құқылы.

130.Шешімнің, қаулының орындалуын тоқтата тұру.

Шешiмнiң, қаулының орындалуын тоқтата тұру

      Апелляциялық сатыдағы судья кассациялық шағым берген немесе наразылық келтiрген тұлғаның өтiнiшi бойынша бiрiншi сатыда қабылданған, осы Кодекстiң 237-бабында аталған iстер бойынша шешiмдерден басқа, шешiмнiң орындалуын тоқтата тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]