Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
10
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.46 Кб
Скачать

58. Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы

Бірінші инстанция сотында азаматтық іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы мүмкін. Заң бұл жағдайда азаматтық іс бойынша іс жүргізуді ұйғарым шығарумен аяқтауды көздейді. ҚР АІЖК-сі іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтаудың 2 (екі) нысанын белгілейді:

іс бойынша іс жүргізуді қысқарту (ҚР АІЖК 20-тарауы);

арызды қараусыз қалдыру (ҚР АІЖК 21-тарауы).

Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту және арызды қараусыз қалдыру институттар нормалары талап қою бойынша, ерекше талап қоюмен және ерекше өндірістер бойынша азаматтық істерге қолданылады.

Іс бойынша іс жүргізуді қысқарту – бұл заңмен көзделген негіздемелер бойынша іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтаудың бір нысаны және осы іс бойынша екінші рет сотқа жүгіну мүмкіндігін жоққа шығарады. ҚР АІЖК 247-бабы іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың толық негіздемелерін көздейді, оларды үш топқа бөліп қарастыруға болады (З.Х.Баймолдина):

1-азаматтық процестің құқыққа қайшы қозғалғанына, тұлғаның талап қоюға құқығы жоқтығына сілтеме жасайтын мән-жайлар. Судья істі қозғау мәселесін шешу кезінде қателік жасап арызды (талап арызды) қабылдады, енді осы қателікті заңсыз қозғалған процесті қысқару жолымен түзетуге жатады.

2-өз еркілерін білдіру негізінде тараптар өз ара құқық туралы дауды ерікті шешуге сілтеме жасайтын мән-жайлар.

3-сот еркіне, тараптар еркіне байланысты емес, бірақ іс жүргізу кезінде басталған және оны қысқартуды белгілейтін мән-жайлар.

Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың бірінші топ негіздемелеріне ҚР АІЖК 247-бабының 1 және 2-бөліктерінде көзделген мән-жайлар жатады:

іс азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпауы (ҚР АІЖК 247-бабының 1-бөлігі);

сол тараптардың арасындағы сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша шығарылған, заңды күшіне енген сот шешімі немес талап қоюшының өз талабынан бас тартуына немесе тараптардың бітімгершілік келісімін орнықтыруына байланысты іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы соттың ұйғарымы болса.

Осы мән-жайлар ҚР АІЖК 153-бабының 1 және 2-бөлігінде және талап қою құқығының алғы шарты болып танылады.

Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың екінші топ негіздемелеріне ҚР АІЖК 247-бабының 3 және 4-бөліктерінде көзделген мән-жайлар жатады:

талап қоюшы өз талабынан бас тартса және бас тартуды сот қабылдаса (ҚР АІЖК 247-бабының 3-бөлігі);

тараптар бітімгершілік келісімін жасаса және оны сот бекітсе (ҚР АІЖК 247-бабының 4-бөлігі).

Іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың үшінші топ негіздемелеріне ҚР АІЖК 247-бабының 5 және 6-бөліктерінде көзделген мән-жайлар жатады:

іс бойынша тараптардың бірі болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол бермесе (ҚР АІЖК 247-бабының 5-бөлігі);

іс бойынша тарап ретінде әрекет жасайтын ұйым қызметі тоқтатылуына және құқық мирасқорлары болмауына байланысты таратылса (ҚР АІЖК 247-бабының 6-бөлігі).

Іс бойынша іс жүргізу сот ұйғарымымен қысқартылады. Іс бойынша іс жүргізу қысқартылған жағдайда сол тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге заң бойынша жол берілмейді.

Соттың іс бойынша іс жүргізуді қысқарту туралы ұйғарымына іске қатысушы адамдар жеке шағым беруге, ал прокурор жеке наразылық келтіруге құқылы.

Арызды қараусыз қалдыру – бұл заңмен көзделген негіздемелер бойынша іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтаудың бір нысаны және осы іс бойынша екінші рет сотқа жүгіну мүмкіндігін жоққа шығармайды.

ҚР АІЖК 249-бабы іс бойынша іс жүргізуді қысқартудың толық негіздемелерін көздейді, оларды үш топқа бөліп қарастыруға болады (З.Х.Баймолдина):

1-заңмен бекітілген талап қою құқығын жүзеге асыру тәртібін талап қоюшымен бұзуына сілтеме жасайтын мән-жайлар. Азаматтық іс қозғау кезінде соттан кеткен қателікті арызды қараусыз қалдыру нысаны ретінде заңсыз басталған процесті аяқтау жолымен түзеледі.

2-істің жүруіне әсер ететін және істі мәні бойынша шешуге тараптың немесе талап қоюшының (тараптар) кінәсі бойынша кедергі жасау мүмкін мән-жайлар. Бұл мән-жайлар іс қозғалған соң пайда болады.

3-заңның тікелей көзделуімен осы процесте арызды қарау мүмкін еместікті куәландыратын мән-жайлар.

Арызды қараусыз қалдырудың бірінші топ негіздемелеріне ҚР АІЖК 249-бабының 1-4-бөліктерінде көзделген мән-жайлар жатады. Оларға:

талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және осы тәртіпті қолданудың мүмкіндігі жоғалмауы (ҚР АІЖК 249-б. 1-б.);

арызды әрекетке қабілетсіз адам беруі (ҚР АІЖК 249-б. 2-б.);

арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттігі жоқ болуы (ҚР АІЖК 249-б. 3-б.);

осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде осы тараптар арасындағы, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша бұрын қозғалған іс бар болуы жатады (ҚР АІЖК 249-б. 4-б.).

Осы мән-жайлар ҚР АІЖК 154-бабының 1, 3-5-бөліктерінде көзделген және талап қою құқығын жүзеге асыру шарттары ретінде аталады.

Арызды қараусыз қалдырудың екінші топ негіздемелеріне ҚР АІЖК 249-баптың 5-9-бөліктерінде көзделген мән-жайлар жатады. Оларға:

тараптар арасында бұл дауды заңға сәйкес аралық соттың шешіміне беру туралы келісім жасалса және жауапкерден істі мәні бойынша қарау басталғанға дейін дауды сотта шешуге қарсылық білдірілуі (ҚР АІЖК 249-б. 5-б.);

өздерінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген тараптар екінші шақыру бойынша сотқа келмеуі (ҚР АІЖК 249-б. 6-б.);

өзінің қатысуынсыз істі қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпеуі (ҚР АІЖК 249-б. 7-б.);

өзінің мүддесіне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамауы (ҚР АІЖК 249-б. 8-б.);

талап арызды қайтарып алу туралы өтініш берілсе, ал жауапкер істі мәні бойынша қарауды талап етпеуі жатады (ҚР АІЖК 249-б. 9-б.).

Талап қоюшының не жауапкердің өтінімімен сот арызды қараусыз қалдыру жөніндегі өз ұйғарымының күшін жояды, егер тараптар өздерінің сот отырысында болмауының дәлелді себептерін растайтын дәлелдемелер ұсынса. Соттың осындай өтінімді қанағаттандырудан бас тартқан ұйғарымына жеке шағым берілуі мүмкін (ҚР АІЖК 250-б. 4 және 5-бөліктері).

Арызды қараусыз қалдырудың үшінші топ негіздемелеріне ҚР АІЖК 249-бабының 10-бөлігінде және 290-бабында көзделген мән-жайлар жатады:

егер құжатты иеленушіден көрсетушіге арналған күші жойылған бағалы қағаздар және ордерлі бағалы қағаздар бойынша құқықты қалпына келтіру туралы іс бойынша құжатқа өз құқығы жөнінде өтініш түскенде. Өтініш жергілікті ақпарат құралдарында (газет, теледидар) сотта осы істі қозғау туралы жарияланымнан бастап үш ай мерзім аяқталғанға дейін берілуі тиіс (ҚР АІЖК 249-б. 10-б.).

егер істі ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде соттың қарауына жататын құқық туралы дау туындаса, сот істі талап қою тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады. Іс талап қою тәртібімен оның қозғалу орны бойынша қаралады. Арыз беруші мен басқа да мүдделі адамдарға талап қою талаптарды сот белгілеген мерзімде орындау қажет екендігі түсіндіріледі. Сот ұйғарымы белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда арыз қаралмай қалдырылады, ал мүдделі адамдарға олардың жалпы негіздерде талап қою құқығы түсіндіріледі (ҚР АІЖК 290-бабының 2 және 3-бөлітері).

ҚР АІЖК-тің 249-бабының 1)–5), 8), 9) тармақшаларында көзделген мән-жайлар болған жағдайда оны сотта қарауға әзірлеу кезінде іс бойынша іс жүргізудің тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы не арыздың қараусыз қалдырылуы мүмкін. Сондықтан сотта іс қарау кезінде және сотта істі қарауға әзірлеу кезінде арызды қараусыз қалдырылуы мүмкін.

ҚР АІЖК 250-бабының 3-бөлігіне сәйкес арызды қараусыз қалдыруға негіз болған мән-жайлар жойылғаннан кейін мүдделі адам жалпы тәртіп бойынша сотқа тағы да арыз беруге құқылы.

Осымен арызды қараусыз қалдыру іс бойынша іс жүргізуді қысқартуынан айырмашылығы негіздері мен құқықтық салдарында.

Іс бойынша іс жүргізу арызды қараусыз қалдырған жағдайда соттың ұйғарымымен аяқталады. Бұл ұйғарымда сот ҚР АІЖК 249-бабында аталған істі қарауға кедергі келтіретін мән-жайларды қалай жоюды көрсетеді.

Талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды алдын ала сотқа дейін шешудің міндетті тәртібін сақтамаса және арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе арызды қараусыз қалдыра отырып, сот ұйғарымда мемлекеттік бажды қайтаруды және талапты қамтамасыз ету жөнінде қолданылған шаралардың тоқтатылатындығын көрсетеді (ҚР АІЖК 250-б. 1-б.).

Іске қатысушы, сот отырысына келмеген тараптар мен басқа адамдарға іс бойынша арыздың қараусыз қалдырылуы туралы сот ұйғарымының көшірмесі ұйғарым шығарылғаннан бастап 5 (бес) күннен кешіктірілмей жіберіледі (ҚР АІЖК 254-б.).

Соттың арызды қараусыз қалдыру жөніндегі ұйғарымына жеке шағым берілуі немесе жеке наразылық келтірілуі мүмкін (ҚР АІЖК 250-б. 2-б., 344-б. 1-б.).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]