
- •1. Азаматтық iс жүргiзу құқығының пәнi, әдiсi және жүйесi.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі
- •3. Азаматтық iс жүргiзу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •4. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары.
- •5. Азаматтық іс жүргізудегі қағидалар, олардың жіктелуі.
- •7. Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.
- •8. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі ұғымы.
- •10. Соттың құрамы. Апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттың құрамы.
- •11. Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •12. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •13. Судъялардың тәуелсіздігі принципі.
- •14. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы қағидасы.
- •15. Сотта істі қараудың жариялылығы қағидасы.
- •16. Соттылықтың түсiнiгi, түрлерi.
- •17. Аймақтық соттылық, оның түрлерi.
- •18. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы.
- •19. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу.
- •20. Ерекше соттылық ұғымы
- •21. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру ұғымы.
- •22. Талаптың түсiнiгі, элементтерi, түрлерi.
- •23. Сотта өкілдік ету ұғымы
- •24. Сотта өкілдік ету түрлері
- •25. Соттағы өкілдің өкілдіктері және оны ресімдеу
- •26. Іс жүргізу мерзімдерінің ерекшеліктері мен түрлері
- •29. Көпше ведомстволық бағыныстылық түрлері
- •Заңды және қоғамдық өкілдердің, заңды тұлғалардың органдары мен өкілдерінің өкілеттіктері сәйкесті заңдардан, құрылтай құжаттарынан немес ережелерден туындайды.
- •Талаптың негіздемесі – талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.
- •39. 37Мен бірдей
- •Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыру
- •Тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыру
- •41, 42. Мәжбүрлеу шаралары. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары.
- •43. Еріксіз келтірутолықтыру керек
- •Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру.
- •54. Дәлелдемелер ұғымы
- •55. Дәлелдемелерді жіктеу
- •56. Құқықтар мен мүдделерді қорғауда талап тәсілдерімен билік ету
- •57. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
- •58. Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы
- •59.Сот отырысының хаттамасы
- •60. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •61. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері, айырмашылықтары
- •62. Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы: оның құқықтары, міндеттері, қатысу нысандары
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
- •66. Сот бұйрығы атқарушылық құжат ретінде . Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру
- •67. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түсінігі және олардың түрлері
- •68. Талап қою бойынша іс жүргізу
- •70. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары
- •71. Талап арызды қабылдаудан бас тарту
- •72. Талап арызды қайтару негіздері
- •74. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру
- •76. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері
- •77. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы
- •78. Сотта іс қарау бөлімдері
- •79. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •80.Сот жарыссөздері
- •81. Істі сотта қарау кезіндегі прокурордың қорытындысы.
- •82. Істі қарауды кейінге қалдыру
- •83. Сот шешiмiнiң заңды күшi. Шешiмдi дереу орындау (түрлерi және негiздерi).
- •84. Сот шешiмiнiң мәнi және маңызы және шешiмнiң түрлерi, құрылымы және мазмұны.
- •85. Сот шешімнің мазмұны.
- •86. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету
- •87. Қосымша шешім
- •90. Шешімді орындау.
- •91.Дереу орындауға жататын шешімдер
- •92.Сырттай iс жүргiзудiң негiздемелері.
- •93.Сырттай шешімге шағым жасау.
- •94.Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру міндеті.
- •95. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы.
- •96.Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.
- •97. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша iс жүргiзу. (аіжк 25-тарауы)
- •99. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. (аіжк 26-тарауы)
- •101. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу. (аіжк 28-тарауы)
- •102.Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінуі. (аіжк 29-тарауы)
- •103. Ерекше iс жүгiзудiң түсiнiгi және мәнi.
- •104. Ерекше жүргiзiлетiн iстердi қараудың тәртiбi.
- •105. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •106.Азаматтық хал актiлерi жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •107.Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •Істі қарау кезінде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы міндетті (қр аіжк 398-б. 1-б.).
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
102.Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінуі. (аіжк 29-тарауы)
Прокурор Республика аумағында заңдардың, ҚР-сы Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады (ҚР Конституциясы 83-бабы 1-бөлігі, ҚР Прокуратурасы туралы заңның 1-бабы 1-бөлігі).
Прокурор Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды (ҚР Прокуратурасы туралы заңның 1-бабы 2-бөлігі).
Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін нормативтік актілер прокурормен анықталғанда, ол заңсыз акт шығарған органға немесе лауазымды адамға сәйкесті ұсыныс жасаумен оларға наразылық жасауға міндетті (ҚР Прокуратурасы туралы заңның 19-бабы).
Прокурор наразылық бойынша:
заңсыз актінің күшін жоюды;
немесе оны Республика Конституциясы мен заңдарына сәйкес келтіруді;
лауазымды тұлғадан заңсыз іс-әрекетті қысқартуды және (егер қажет болса) бұзылған құқықты қалпына келтіруді талап етеді.
Прокурордың наразылығы сәйкесті органмен немесе лауазымды тұлғамен он күн ішінде қаралады, ол туралы прокурорға хабарлай отырып (ҚР Прокуратурасы туралы заңның 19-бабы 3-бөлігі).
Наразылықты қабылдамаған жағдайда прокурор наразылық келтірілген актіні немесе іс-әрекетті заңсыз деп тану туралы арызбен сотта:
наразылықты қарау нәтижелері туралы хабарлама алынған кезден бастап он күш мерзімде;
немесе оны қараудың заңда белгіленген мерзімі өткеннен кейін жүгінеді.
Прокурордың сотқа жүгінуі наразылық келтірілген актінің күшін сот қарағанға дейін тоқтата тұрады (ҚР АІЖК 286-бап 2-бөлігі).
Прокурордың арызы сотпен он күн мерзімде оның қатысуымен және наразылықты қабылдамау туралы шешім шығарған органның, лауазымды адамның немесе оның өкілінің қатысуымен қаралады.
Сотта істі қарау кезінде прокурордың қатысуы міндетті. Сот отырысына наразылықты қабылдамау туралы шешім шығарған орган басшысының, лауазымды адамның немесе оның өкілінің келмеуі прокурордың арызын қарауға кедергі бола алмайды, алайда сот бұл адамның келуі міндетті деп тануы мүмкін (ҚР АІЖК 287-бап 3-бөлігі).
Сот істі қарап болған соң келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:
егер прокурор арызының негізді екендігін анықтаса, өтінішті қанағаттандыру және нормативтік құқықтық актіні, жеке қолданылатын құқықтық актіні немесе іс-әрекетті заңсыз деп тану туралы шешім;
егер наразылық келтірілген актіні немесе іс-әрекетті заңға және органның немесе лауазымды тұлғаның өкілеттігіне сәйкес деп таныса, ол арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.
286-бап. Наразылықтың қабылданбауына байланысты прокурордың жүгінуі
1. Заңға сәйкес келмейтiн нормативтiк құқықтық актiге және (немесе) жеке қолданылатын құқықтық актiге, сондай-ақ мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның iс-әрекетiне прокурордың наразылығын заңсыз акт шығарған немесе заңсыз iс-әрекет жасаған орган немесе лауазымды адам не жоғары тұрған орган немесе лауазымды адам қабылдамаған жағдайда, прокурор наразылық келтiрiлген актiнi немесе iс-әрекеттi заңсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгiнедi. Сотқа арыз наразылықты қарау нәтижелері туралы хабарлама алынған кезден бастап он күн мерзімде немесе оны қараудың заңда белгіленген мерзімі өткеннен кейін беріледі. 2. Прокурордың сотқа жүгінуі наразылық келтірілген актінің күшін сот қарағанға дейін тоқтата тұрады. 287-бап. Прокурордың арызын сотта қарау
1. Сот прокурордың арызын он күн мерзімде қарайды. 2. Прокурордың арызы оның қатысуымен және наразылықты қабылдамау туралы шешім шығарған органның, лауазымды адамның немесе оның өкілінің қатысуымен қаралады. 3. Сот отырысына наразылықты қабылдамау туралы шешім шығарған орган басшысының, лауазымды адамның немесе оның өкілінің келмеуі прокурордың арызын қарауға кедергі бола алмайды, алайда сот бұл адамның келуі міндетті деп тануы мүмкін.
288-бап. Прокурордың арызы бойынша соттың шешімі
1. Сот прокурор арызының негізді екендігін анықтай отырып, өтінішті қанағаттандыру және нормативтік құқықтық актіні, жеке қолданылатын құқықтық актiнi немесе iс-әрекеттi заңсыз деп тану туралы шешім шығарады. 2. Егер сот наразылық келтiрiлген актiнi немесе iс-әрекеттi заңға және органның немесе лауазымды тұлғаның өкiлеттiгiне сәйкес деп таныса, ол арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм шығарады.