Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.46 Кб
Скачать

94.Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру міндеті.

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру – бұл заңмен белгіленген мән-жайлар бойынша белгісіз мерзімге сотпен іс жүргізу әрекеттерін уақытша тоқтату.

Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың заң 2 (екі) топ негіздемелерін белгілейді:

1) міндетті (ҚР АІЖК 242-бабы);

2) факультативті (ҚР АІЖК 243-бабы).

      242-бап. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру міндеті

      Сот:       1) егер даулы құқық қатынасы құқық мирасқорлығына жол беретін болса, істе тарап болып табылатын азамат қайтыс болғанда немесе заңды тұлға қайта құрылған, таратылған;       2) тарап әрекет қабілеттілігінен айырылған;       3) жауапкер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа әскерлері мен әскери құрамаларында болған немесе Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа әскерлері және әскери құрамаларында жүрген талап қоюшылардың өтініші болған;       4) азаматтық, қылмыстық немесе әкiмшiлік сот iсiн жүргiзуде қаралып жатқан басқа істің шешілуіне дейін бұл істі қараудың мүмкіндігі болмаған;       5) егер ол осы іс бойынша қолданылуға тиісті заң немесе басқа нормативтік құқықтық акті адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтындығын байқаған және осы актінің конституцияға сай еместігін тану туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасаған, сондай-ақ Конституциялық Кеңес басқа соттың бастамашылығымен осы іс бойынша қолданылуға тиісті нормативтік құқықтық актінің конституциялылығын тексеріп жатқандығы белгілі болған;       6) құқықтық көмек көрсету жөніндегі тапсырмамен шет мемлекеттің сотына өтініш жасаған;      7) тараптар медиацияны жүргізу туралы келісім жасаған жағдайда іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті. Медиацияны жүргізу мерзімі ұзартылған кезде тараптар бұл туралы бірлескен жазбаша хабарламамен сотқа хабарлауы тиіс.

Жоғарыда атап өткен соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру және қайта бастау мән-жайлары бойынша сот ұйғарым шығарады. Іске қатысушы адамдар мен өкілдер соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына жеке шағым беруі немесе прокурор жеке наразылық келтірілуі мүмкін.

Істі тоқтата тұруды туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейін іске қатысушы адамдардың арызы бойынша немесе соттың бастамашылығымен іс жүргізу қайта басталады. Іс жүргізу қайта басталған кезде сот іске қатысушы адамдарға азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы ережелері бойынша хабарлайды (ҚР АІЖК 246-бабы).

95. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы.

     243-бап. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы

      Сот:       1) тарап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлерінде және әскери құрамаларында шақыру бойынша әскери қызметте болған немесе ол басқа да мемлекеттік міндетті орындауға тартылған;       2) заңды тұлғалардың өкілдері іске қатысқан жағдайларды қоспағанда, тарап істі қарау мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда болған;       3) заңды тұлғалардың өкілдері іске қатысқан жағдайларды қоспағанда, тарап емдеу мекемесінде болған немесе оның сотқа келуіне кедергі жасайтын ауруы болған және ол медициналық мекеменің құжатымен расталған;       4) жауапкер осы Кодекстің 135-бабында көзделген жағдайларда іздеуде болған;       5) сот сараптама тағайындаған;       6) қаралып жатқан іс бойынша құқықтық көмек көрсету жөнінде сотқа тапсырылған өтінішті;       7) қорғаншылық және қамқоршылық орган бала асырап алу ісі жөнінде асырап алушылардың тұрмыс жағдайын зерттеуді белгіленген жағдайларда іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе өз бастамашылығымен іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұра алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]