
- •1. Азаматтық iс жүргiзу құқығының пәнi, әдiсi және жүйесi.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі
- •3. Азаматтық iс жүргiзу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •4. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары.
- •5. Азаматтық іс жүргізудегі қағидалар, олардың жіктелуі.
- •7. Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.
- •8. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі ұғымы.
- •10. Соттың құрамы. Апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттың құрамы.
- •11. Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •12. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •13. Судъялардың тәуелсіздігі принципі.
- •14. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы қағидасы.
- •15. Сотта істі қараудың жариялылығы қағидасы.
- •16. Соттылықтың түсiнiгi, түрлерi.
- •17. Аймақтық соттылық, оның түрлерi.
- •18. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы.
- •19. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу.
- •20. Ерекше соттылық ұғымы
- •21. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру ұғымы.
- •22. Талаптың түсiнiгі, элементтерi, түрлерi.
- •23. Сотта өкілдік ету ұғымы
- •24. Сотта өкілдік ету түрлері
- •25. Соттағы өкілдің өкілдіктері және оны ресімдеу
- •26. Іс жүргізу мерзімдерінің ерекшеліктері мен түрлері
- •29. Көпше ведомстволық бағыныстылық түрлері
- •Заңды және қоғамдық өкілдердің, заңды тұлғалардың органдары мен өкілдерінің өкілеттіктері сәйкесті заңдардан, құрылтай құжаттарынан немес ережелерден туындайды.
- •Талаптың негіздемесі – талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.
- •39. 37Мен бірдей
- •Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыру
- •Тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыру
- •41, 42. Мәжбүрлеу шаралары. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары.
- •43. Еріксіз келтірутолықтыру керек
- •Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру.
- •54. Дәлелдемелер ұғымы
- •55. Дәлелдемелерді жіктеу
- •56. Құқықтар мен мүдделерді қорғауда талап тәсілдерімен билік ету
- •57. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
- •58. Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы
- •59.Сот отырысының хаттамасы
- •60. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •61. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері, айырмашылықтары
- •62. Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы: оның құқықтары, міндеттері, қатысу нысандары
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
- •66. Сот бұйрығы атқарушылық құжат ретінде . Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру
- •67. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түсінігі және олардың түрлері
- •68. Талап қою бойынша іс жүргізу
- •70. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары
- •71. Талап арызды қабылдаудан бас тарту
- •72. Талап арызды қайтару негіздері
- •74. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру
- •76. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері
- •77. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы
- •78. Сотта іс қарау бөлімдері
- •79. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •80.Сот жарыссөздері
- •81. Істі сотта қарау кезіндегі прокурордың қорытындысы.
- •82. Істі қарауды кейінге қалдыру
- •83. Сот шешiмiнiң заңды күшi. Шешiмдi дереу орындау (түрлерi және негiздерi).
- •84. Сот шешiмiнiң мәнi және маңызы және шешiмнiң түрлерi, құрылымы және мазмұны.
- •85. Сот шешімнің мазмұны.
- •86. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету
- •87. Қосымша шешім
- •90. Шешімді орындау.
- •91.Дереу орындауға жататын шешімдер
- •92.Сырттай iс жүргiзудiң негiздемелері.
- •93.Сырттай шешімге шағым жасау.
- •94.Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру міндеті.
- •95. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы.
- •96.Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.
- •97. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша iс жүргiзу. (аіжк 25-тарауы)
- •99. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. (аіжк 26-тарауы)
- •101. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу. (аіжк 28-тарауы)
- •102.Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінуі. (аіжк 29-тарауы)
- •103. Ерекше iс жүгiзудiң түсiнiгi және мәнi.
- •104. Ерекше жүргiзiлетiн iстердi қараудың тәртiбi.
- •105. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •106.Азаматтық хал актiлерi жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •107.Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •Істі қарау кезінде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы міндетті (қр аіжк 398-б. 1-б.).
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
76. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері
Істі сотта қарауға әзірлік жүргізуді әр түрлі іске қатысушылар жүзеге асырады, бірақ процесте негізгі қызметті судья атқарады. Сондықтан ҚР АІЖК-нің 170-бабының талаптарына сәйкес істің мән-жайларын ескере отырып, істі сотта қарауға әзірлеу тәртібімен судья жеке-дара мынадай әрекеттерді жүргізеді:
талап қоюшыдан ол мәлімдеген талаптардың мәні бойынша жауап алады, одан жауапкердің тарапынан мүмкін болатын қарсылықтарды анықтап алады, егер бұл қажет болса, қосымша дәлелдемелер беруді ұсынады, талап қоюшыға оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
қажет болған жағдайларда жауапкерді шақырып алады, одан істің мән-жайлары бойынша жауап алады, талап қоюға қандай қарсылықтар бар екенін және бұл қарсылықтардың қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екенін анықтайды; айрықша күрделі істер жөнінде жауапкерге іс бойынша жазбаша түсінік беруді ұсынады, жауапкерге оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
іске тең талап қоюшылардың, тең жауапкерлердің дербес талаптарсыз үшінші тұлғалардың кіруі туралы мәселені шешеді, сондай-ақ тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді;
тараптарға дауды шешу үшін олардың аралық сотқа жүгіну құқықтарын және мұндай әрекеттің салдарын түсіндіреді;
оның нәтижесіне мүдделі азаматтар мен ұйымдарға істі қараудың уақыты мен орны туралы хабарлайды;
куәларды сот отырысына шақыру туралы мәселені шешеді;
тараптардың өтінімі бойынша және өз бастамасы бойынша сараптама тағайындайды, сондай-ақ іске маманды, аудармашыны қатыстыру мәселесін шешеді;
тараптардың өтініштері бойынша ұйымдардан немесе азаматтардан дәлелдемелер талап етеді;
кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдарды хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексеруді жүргізеді;
талап қоюды қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді;
талап қоюшының өтініші бойынша оның берген талап арызын (арызын) қайтару туралы ұйғарым шығарады;
басқа да қажетті іс жүргізу әрекеттерін жасайды.
Судья іс жеткілікті әзірленген деп тапса, оны сот отырысында қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарады.
77. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы
Сотта іс қарау – істі мәні бойынша қарауға және шешуге бағытталған бірінші сатыдағы сот пен басқа да қатысушыларының іс жүргізу әрекеттерінен тұратын азаматтық процестің негізгі сатысы. Сотта іс мәні бойынша жан-жақты, толық және заңды шешіледі. Бұл сатыда сот өз алдына қойылған мына:
істі мәні бойынша шешу;
тараптар арасындағы даулы құқықтық қатынастарды реттеу;
сот қызметінің тәрбиелік әсер етуін қамтамасыз ету;
заңды тұлғалар мен азаматтардың бұзылған құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қалпына келтіру міндеттерді жүзеге асырады.
Бірінші сатыдағы сотпен істі сот отырысына қарауға тағайындау туралы ұйғарым шығарған кезден сотта іс қарау басталады және сәйкесті сот актісін (шешім, ұйғарым) қабылдағанға дейін жалғасады.
Сотта іс қарау мен сот отырысы өту уақыты бойынша бір-біріне сәйкес келмейді. Осылай, нақты азаматтық іс бойынша сотта іс қарау шешім немесе ұйғарым (мысалы, іс бойынша іс жүргізуді қысқарту) шығарумен аяқталады, ал сот отырысы осы іс бойынша істі қарауды кейінге қалдыру немесе іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарым шығарумен аяқталуы мүмкін. Осы сотта іс қарау сот отырысына қарағанда процессуалдық жағынан ұзақ болуы мүмкін екенін білдіреді.
Сот азаматтық сот ісін жүргізудің барлық принциптерін (қағидаларын) басшылыққа алып азаматтық істерді қарап шешеді (ҚР АІЖК-нің 2-тарауы).
Соттың бірінші сатысындағы азаматтық істерді соттың атынан әрекет ететін судья жеке-дара қарайды (ҚР АІЖК 37-бабының 1-бөлігі).
Соттың бірінші сатысында іс қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (17-тарау. “Сотта іс қарау”) жеке тарауында көрсетілген. Өзге категория істерін қарап шешудің арнайы тәртібі ҚР АІЖК-нің 25-39-тарауларында белгіленген.
ҚР АІЖК-нің 176-бабының 1-бөлігіне сәйкес төрағалық етуші сот отырыстың барысына басшылық жасайды. Төрағалық етушінің міндетін судья атқарады.
Төрағалық етуші сот отырысында:
істің барлық мән-жайының толық, жан-жақты және объективті анықталуын;
іс жүргізу әрекеттерінде дәйектіліктің және тәртіптің сақталуын;
процеске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруын және олардың міндеттерін орындауын;
процестің тәрбиелік ықпалын қамтамасыз етеді.
Оған қоса заң сот отырысында төрағалық етушіге қаралатын іске қатысы жоқ мәселелердің барлығын сот қарауынан шығарып тастау міндетін жүктеген және сот отырысында тиісті тәртіптің қамтамасыз етілуіне қажетті шаралар қолдану.
Процеске қатысушылардың қайсыбіреуі төрағалық етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдірулер сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Төрағалық етуші өзінің іс-әрекеттеріне қатысты түсініктеме береді.