Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.46 Кб
Скачать

5. Азаматтық іс жүргізудегі қағидалар, олардың жіктелуі.

Азаматтық іс жүргізудегі қағидаларды екі түрге жіктеуге болады, олар: функционалды қағидалар және ұйымдастырушылық қағидалар.

Функционалды қағидаларға жатады: заңдылық - сот істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, азаматтық іс жүргізу кодексінің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті. 

Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау - Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар немесе азаматтар заңда көзделген жағдайларда өзге адамдардың немесе адамдардың белгісіз бір тобының құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.

Тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы - азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың айтысуы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Тараптар бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді. 

Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау - Судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен әділ, жан-жақты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады.

Ұйымдастырушылық қағидаларға жатады: Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы - азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың биліктік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады. 

Судьялардың тәуелсіздігі - судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. 

Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі - Азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүзеге асырылады.

Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу - Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады.

Жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы - Азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы заңның қорғауында болады. Әркімнің жеке салымдар мен жинақтар, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарлар құпиясына құқығы бар. Азаматтық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

Сотта істі қараудың жариялылығы - мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды негізге алған іске қатысушы адамының өтінішін сот қанағаттандырған кезде, заңға сәйкес істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады. Ал қалған барлық соттар мен барлық сот сатыларында сотта істі қарау ашық жүргізіледі. 

Сот ісін жүргізу тілі - Азаматтық істер бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады. 

Сотта іс қараудың тікелей жүргізілу принципі (ҚР АІЖК 177-баптың 1-бөлігі). Бұл принципке сәйкес сот (судья) істі қарап және шешу кезінде сотқа ұсынылған дәлелдемелерді зерттеу тәсілі мен әдістерін анықтап, оларға тиісті баға береді. Осы мақсатқа жету үшін істі қарау кезінде сот іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зерттеуге: тараптардың және іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындыларын, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындыларын тындауға, құжаттармен танысуға, заттай дәлелдемелерді қарап шығуға, дыбыс жазбаларын тындауға және бейне жазбаларды, кино-, фотоматериалдарды көруге, ақпаратты қайта құрудың өзге де құралдарының материалдарымен танысуға міндетті.

Сотта іс қараудың ауызша жүргізілу принципі (ҚР АІЖК 177-баптың 2-бөлігі). Бұл принципке сәйкес сотта іс қарау ауызша жүргізіледі. Осылай, мысалы, істі қарау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай азаматтық іс қаралуға тиіс екенін жария етеді. Сот отырысының хатшысы осы іс бойынша шақырылған адамдардан кімнің келгенін, келмеген адамдарға хабар берілген-берілмегенін және олардың келмеу себептері туралы қандай мәліметтердің бар екенін сотқа баяндайды. Төрағалық етуші келгендердің кім екенін анықтайды, сондай-ақ лауазымды адамдар мен өкілдердің өкілеттіктерін тексереді. Егер іс бойынша аудармашы қатысса, оған оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, сот құрамын жария етеді, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде кімдердің қатысатынын хабарлайды және іске қатысушы адамдарға олардың қарсылық білдіру құқығын түсіндіреді

6. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды ұйымдастыру принциптері.

Ұйымдастырушылық қағидаларға жатады: Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы - азаматтық істер бойынша сот төрелігін азаматтық іс жүргізу заңдарында белгіленген ережелер бойынша тек қана сот жүзеге асырады. Соттың биліктік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады. 

Судьялардың тәуелсіздігі - судья сот төрелігін атқару кезінде тәуелсіз болады және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады. 

Барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі - Азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүзеге асырылады.

Жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу - Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысушы адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін шешімдер мен іс-әрекеттерге тыйым салынады.

Жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы - Азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы заңның қорғауында болады. Әркімнің жеке салымдар мен жинақтар, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарлар құпиясына құқығы бар. Азаматтық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

Сотта істі қараудың жариялылығы - мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар шешімдерді хабарлауды қоса, сондай-ақ бала асырап алу құпиясын, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе өзге де заңмен қорғалатын құпияларды, азаматтар өмірінің ашық айтпайтын сырлары туралы мәліметтерді сақтауды қамтамасыз ету қажет екендігін не істі ашық қарауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайларды негізге алған іске қатысушы адамының өтінішін сот қанағаттандырған кезде, заңға сәйкес істерді қарау жабық сот отырысында жүзеге асырылады. Ал қалған барлық соттар мен барлық сот сатыларында сотта істі қарау ашық жүргізіледі. 

Сот ісін жүргізу тілі - Азаматтық істер бойынша сот ісі мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған жағдайда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілмен орыс тілі немесе басқа тілдер бірдей қолданылады. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]