
- •1. Азаматтық iс жүргiзу құқығының пәнi, әдiсi және жүйесi.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі
- •3. Азаматтық iс жүргiзу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •4. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары.
- •5. Азаматтық іс жүргізудегі қағидалар, олардың жіктелуі.
- •7. Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.
- •8. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі ұғымы.
- •10. Соттың құрамы. Апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттың құрамы.
- •11. Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •12. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •13. Судъялардың тәуелсіздігі принципі.
- •14. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы қағидасы.
- •15. Сотта істі қараудың жариялылығы қағидасы.
- •16. Соттылықтың түсiнiгi, түрлерi.
- •17. Аймақтық соттылық, оның түрлерi.
- •18. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы.
- •19. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу.
- •20. Ерекше соттылық ұғымы
- •21. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру ұғымы.
- •22. Талаптың түсiнiгі, элементтерi, түрлерi.
- •23. Сотта өкілдік ету ұғымы
- •24. Сотта өкілдік ету түрлері
- •25. Соттағы өкілдің өкілдіктері және оны ресімдеу
- •26. Іс жүргізу мерзімдерінің ерекшеліктері мен түрлері
- •29. Көпше ведомстволық бағыныстылық түрлері
- •Заңды және қоғамдық өкілдердің, заңды тұлғалардың органдары мен өкілдерінің өкілеттіктері сәйкесті заңдардан, құрылтай құжаттарынан немес ережелерден туындайды.
- •Талаптың негіздемесі – талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.
- •39. 37Мен бірдей
- •Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыру
- •Тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыру
- •41, 42. Мәжбүрлеу шаралары. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары.
- •43. Еріксіз келтірутолықтыру керек
- •Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру.
- •54. Дәлелдемелер ұғымы
- •55. Дәлелдемелерді жіктеу
- •56. Құқықтар мен мүдделерді қорғауда талап тәсілдерімен билік ету
- •57. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
- •58. Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы
- •59.Сот отырысының хаттамасы
- •60. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •61. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері, айырмашылықтары
- •62. Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы: оның құқықтары, міндеттері, қатысу нысандары
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
- •66. Сот бұйрығы атқарушылық құжат ретінде . Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру
- •67. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түсінігі және олардың түрлері
- •68. Талап қою бойынша іс жүргізу
- •70. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары
- •71. Талап арызды қабылдаудан бас тарту
- •72. Талап арызды қайтару негіздері
- •74. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру
- •76. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері
- •77. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы
- •78. Сотта іс қарау бөлімдері
- •79. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •80.Сот жарыссөздері
- •81. Істі сотта қарау кезіндегі прокурордың қорытындысы.
- •82. Істі қарауды кейінге қалдыру
- •83. Сот шешiмiнiң заңды күшi. Шешiмдi дереу орындау (түрлерi және негiздерi).
- •84. Сот шешiмiнiң мәнi және маңызы және шешiмнiң түрлерi, құрылымы және мазмұны.
- •85. Сот шешімнің мазмұны.
- •86. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету
- •87. Қосымша шешім
- •90. Шешімді орындау.
- •91.Дереу орындауға жататын шешімдер
- •92.Сырттай iс жүргiзудiң негiздемелері.
- •93.Сырттай шешімге шағым жасау.
- •94.Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру міндеті.
- •95. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы.
- •96.Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.
- •97. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша iс жүргiзу. (аіжк 25-тарауы)
- •99. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. (аіжк 26-тарауы)
- •101. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу. (аіжк 28-тарауы)
- •102.Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінуі. (аіжк 29-тарауы)
- •103. Ерекше iс жүгiзудiң түсiнiгi және мәнi.
- •104. Ерекше жүргiзiлетiн iстердi қараудың тәртiбi.
- •105. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •106.Азаматтық хал актiлерi жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •107.Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •Істі қарау кезінде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы міндетті (қр аіжк 398-б. 1-б.).
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
57. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру – бұл заңмен белгіленген мән-жайлар бойынша белгісіз мерзімге сотпен іс жүргізу әрекеттерін уақытша тоқтату.
Іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың заң 2 (екі) топ негіздемелерін белгілейді:
1) міндетті (ҚР АІЖК 242-бабы);
2) факультативті (ҚР АІЖК 243-бабы).
Сонымен ҚР АІЖК-нің 242-бабы міндетті түрде іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрудың келесі мән-жайларын көздейді. Осымен:
егер даулы құқық қатынасы құқық мирасқорлығына жол беретін болса, істе тарап болып табылатын азамат қайтыс болғанда немесе заңды тұлға қайта құрылғанда, таратылғанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады, ал шығып қалған адамның құқықтық мирасқоры анықталғанда іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;
тарап әрекет қабілеттілігінен айрылғанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады, ал әрекетке қабілетсіз адамға өкіл тағайындалған іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;
жауапкер ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа әскерлері мен әскери құрамаларында болған немесе ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушы бөлімдерінде, басқа әскерлері және әскери құрамаларында жүрген талап қоюшылардың өтініші болғанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады, ал тарап ҚР-сы Қарулы Күштердің құрамында болуын тоқтатқанда іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;
азаматтық, қылмыстық немесе әкімшілік сот ісін жүргізуде тәртіппен қаралып жатқан басқа істің шешілуіне дейін бұл істі қараудың мүмкіндігі болмағанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады, ал сот шешімі, үкімі, ұйғарымы немесе қаулысы заңды күшіне енгенде іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;
егер ол осы іс бойынша қолданылуға тиісті заң немесе басқа нормативтік құқықтық акті адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтындығын байқаған және осы актінің Конституцияға сай еместігін тану туралы ҚР Конституциялық Кеңесіне өтініш жасаған, сондай-ақ Конституциялық Кеңес басқа соттың бастамасымен осы іс бойынша қолданылуға тиісті нормативтік құқықтық актінің конституциялылығын тексеріп жатқандығы белгілі болғанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады, ал ҚР-сы Конституциялық Кеңесінің шешімі күшіне енгенде іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;
құқықтық көмек көрсету жөніндегі тапсырмамен шет мемлекеттің сотына өтініш жасағанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады, ал сот құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындағанда іс бойынша іс жүргізу қайта басталады.
ҚР АІЖК-нің 243-бабы іске қатысушы адамдардың өтініші бойынша немесе сот бастамашылығымен іс жүргізуді тоқтата тұрудың (факультативті) негіздерін көздейді. Осымен:
тарап ҚР-ның Қарулы Күштерінде, басқа әскерлерінде және әскери құрамаларында шақыру бойынша әскери қызметте болған немесе ол басқа да мемлекеттік міндетті орындауға тартылғанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады, ал тарап ҚР-сы Қарулы Күштердің құрамында болуын тоқтатқанда немесе ол мемлекеттік міндетті орындауды аяқтағанда іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;
тарап істі қарау мерзімінен асатын мерзімде қызметтік іссапарда болғанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады, ал қызметтік іссапардан оралғанда іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;
тарап емдеу мекемесінде болғанда немесе оның сотқа келуіне кедергі жасайтын сырқаты болғанда және ол медициналық мекеменің құжатымен расталғанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады, ал емдеу мекемесінен шыққанда немесе сырқатынан айыққанда іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;
жауапкер ҚР АІЖК-тің 135-бабында көзделген жағдайларда іздеуде болғанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады, ал жауапкер іздестіріліп болғанда іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;
сот сараптама тағайындағанда сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады, ал сарапшының қорытындысын сотқа табыс етілгенде іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;
қаралып жатқан іс бойынша құқықтық көмек көрсету жөнінде сотқа тапсырылған өтініш болса сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады, ал сот құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындағанда іс бойынша іс жүргізу қайта басталады;
қорғаншылық және қамқоршылық орган бала асырап алу ісі жөнінде асырап алушылардың тұрмыс жағдайын зерттеуді белгілегенде сот іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұрады, ал осы қорғаншылық және қамқоршылық органның қорытындысын сотқа табыс етілгенде іс бойынша іс жүргізу қайта басталады.
Жоғарыда атап өткен соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру және қайта бастау мән-жайлары бойынша сот ұйғарым шығарады. Іске қатысушы адамдар мен өкілдер соттың іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы ұйғарымына жеке шағым беруі немесе прокурор жеке наразылық келтірілуі мүмкін.
Істі тоқтата тұруды туғызған мән-жайлар жойылғаннан кейін іске қатысушы адамдардың арызы бойынша немесе соттың бастамашылығымен іс жүргізу қайта басталады. Іс жүргізу қайта басталған кезде сот іске қатысушы адамдарға азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы ережелері бойынша хабарлайды (ҚР АІЖК 246-бабы).