
- •1. Азаматтық iс жүргiзу құқығының пәнi, әдiсi және жүйесi.
- •2. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні мен жүйесі
- •3. Азаматтық iс жүргiзу құқығының басқа құқық салаларымен арақатынасы.
- •4. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдары.
- •5. Азаматтық іс жүргізудегі қағидалар, олардың жіктелуі.
- •7. Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық принциптері.
- •8. Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі ұғымы.
- •10. Соттың құрамы. Апелляциялық, кассациялық, қадағалау сатыларындағы соттың құрамы.
- •11. Судьяға қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •12. Прокурорға, сарапшыға, маманға, аудармашыға, сот отырысының хатшысына қарсылық білдіру үшін негіздер.
- •13. Судъялардың тәуелсіздігі принципі.
- •14. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы қағидасы.
- •15. Сотта істі қараудың жариялылығы қағидасы.
- •16. Соттылықтың түсiнiгi, түрлерi.
- •17. Аймақтық соттылық, оның түрлерi.
- •18. Азаматтық iстердiң мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы.
- •19. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттың соттауына жатқызу.
- •20. Ерекше соттылық ұғымы
- •21. Істі бір соттың жүргізуінен алып басқасына беру ұғымы.
- •22. Талаптың түсiнiгі, элементтерi, түрлерi.
- •23. Сотта өкілдік ету ұғымы
- •24. Сотта өкілдік ету түрлері
- •25. Соттағы өкілдің өкілдіктері және оны ресімдеу
- •26. Іс жүргізу мерзімдерінің ерекшеліктері мен түрлері
- •29. Көпше ведомстволық бағыныстылық түрлері
- •Заңды және қоғамдық өкілдердің, заңды тұлғалардың органдары мен өкілдерінің өкілеттіктері сәйкесті заңдардан, құрылтай құжаттарынан немес ережелерден туындайды.
- •Талаптың негіздемесі – талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.
- •39. 37Мен бірдей
- •Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыру
- •Тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыру
- •41, 42. Мәжбүрлеу шаралары. Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін мәжбүрлеу және жауаптылық шаралары.
- •43. Еріксіз келтірутолықтыру керек
- •Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту және қалпына келтіру.
- •54. Дәлелдемелер ұғымы
- •55. Дәлелдемелерді жіктеу
- •56. Құқықтар мен мүдделерді қорғауда талап тәсілдерімен билік ету
- •57. Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру
- •58. Іс бойынша іс жүргізуді сот шешімін қабылдамай аяқтауы
- •59.Сот отырысының хаттамасы
- •60. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •61. Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің түрлері, айырмашылықтары
- •62. Бірінші сатыдағы сотқа прокурордың қатысуы: оның құқықтары, міндеттері, қатысу нысандары
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
- •66. Сот бұйрығы атқарушылық құжат ретінде . Өндіріп алушыға сот бұйрығын беру
- •67. Бірінші сатыдағы сот актілерінің түсінігі және олардың түрлері
- •68. Талап қою бойынша іс жүргізу
- •70. Талап қоюды қамтамасыз ету шаралары
- •71. Талап арызды қабылдаудан бас тарту
- •72. Талап арызды қайтару негіздері
- •74. Талап арызды қозғалыссыз қалдыру
- •76. Судьяның істі сотта қарауға әзірлеу жөніндегі іс-әрекеттері
- •77. Сотта іс қарау сатысының мәні және құрылымы
- •78. Сотта іс қарау бөлімдері
- •79. Азаматтық істерді қараудың және шешудің мерзімдері
- •80.Сот жарыссөздері
- •81. Істі сотта қарау кезіндегі прокурордың қорытындысы.
- •82. Істі қарауды кейінге қалдыру
- •83. Сот шешiмiнiң заңды күшi. Шешiмдi дереу орындау (түрлерi және негiздерi).
- •84. Сот шешiмiнiң мәнi және маңызы және шешiмнiң түрлерi, құрылымы және мазмұны.
- •85. Сот шешімнің мазмұны.
- •86. Шешімдегі қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзету
- •87. Қосымша шешім
- •90. Шешімді орындау.
- •91.Дереу орындауға жататын шешімдер
- •92.Сырттай iс жүргiзудiң негiздемелері.
- •93.Сырттай шешімге шағым жасау.
- •94.Соттың iс жүргiзудi тоқтата тұру міндеті.
- •95. Соттың іс жүргізуді тоқтата тұру құқығы.
- •96.Ерекше талап қоюмен іс жүргізу.
- •97. Сайлауға, референдумға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша iс жүргiзу. (аіжк 25-тарауы)
- •99. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу. (аіжк 26-тарауы)
- •101. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу. (аіжк 28-тарауы)
- •102.Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс әрекеттерін заңсыз деп тану туралы сотқа жүгінуі. (аіжк 29-тарауы)
- •103. Ерекше iс жүгiзудiң түсiнiгi және мәнi.
- •104. Ерекше жүргiзiлетiн iстердi қараудың тәртiбi.
- •105. Азаматты хабар-ошарсыз кеттi деп тану және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •106.Азаматтық хал актiлерi жазбаларының жаңсақтықтарын анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •107.Заңдық маңызы бар фактiлердi анықтау туралы iстер бойынша iс жүргiзу.
- •Істі қарау кезінде қадағалау сатысының сотына прокурордың қатысуы міндетті (қр аіжк 398-б. 1-б.).
- •2) Іс бойынша қортынды беру үшін прокурордың процеске қатысуы.
56. Құқықтар мен мүдделерді қорғауда талап тәсілдерімен билік ету
Диспозитивтік принцип бойынша тараптар өз еркілері бойынша өздерінің субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау тәсілін және көлемін анықтайды.
Сонымен:
-талап қоюшы талаптың негіздемесі мен нысанасын өзгертуге құқылы;
-талап қоюдан бас тарту;
-жауапкер талап қоюды мойындауға құқылы;
-тараптар өзара бітімгершілік келісімін жасауымен істі аяқтауы мүмкін.
Әрқайсысын жеке қарастырайық.
1.Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту. ҚР АІЖК-нің 49-бабына сәйкес талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайтуға не азайтуға немесе талап қоюдан бас тартуға құқылы. Оны жүзеге асыру үшін талап қоюшы бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жазбаша өтініш беруге тиіс. Талаптың нысанасын өзгерту дегеніміз бұл алғашқы талап нысанасын кейінгісімен орын ауыстыру.
Соттың өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негіздемесін өзгертуге құқығы жоқ. Соттың өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негіздемесін өзгертуге құқығы жоқ. Себебі диспозитивтік принципі бойынша бұндай құқық тарапқа ғана тиесілі. Егер бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпейді.
2.Талап қоюдан бас тарту. Әр кезде талап қоюшының талап қоюдан бас тарту құқығы бар. Талап қоюдан бас тарту - сотта талап қоюшының өзінің субъективтік құқығын сот арқылы қорғау талабынан бас тартып қозғалған азаматтық істі қысқартуға бағытталған. Егер талап қоюшының талабын бөліп қарастыруға болатын болса, онда ол талаптың бір бөлігінен бас тартуға құқылы (талап арызы бойынша материалдық залалды және моралдық зиянды өтеуді сұрайтын болса, онда тек материалдық залалды өтеуін талап етіп, ал моральдық зиянды өтеуден бас тартуы мүмкін). Істі мәні бойынша қарау басталғанда төрағалық етуші талап қоюшының өз талаптарын қолдайтын-қолдамайтыны туралы мәселені анықтайды. Егер талап қоюшы өз талаптарын қолдамайтын болса, онда талап қоюшы талап қоюдан бас тартуы мүмкін. Талап қоюшы талап қоюдан бас тартуы туралы сотқа жазбаша арыз ұсынуы тиіс. Бұл арыз сот отырысының хаттамасына енгізіледі және оған тиісінше талап қоюшы қол қояды.
Талап қоюшы талап қоюдан бас тарту жазбаша өтінішін беру жолымен жүргізіледі және оған бірінші сатыдағы сот шешім қабылданғанға дейін жол беріледі. Талап қоюдан бас тарту қабылданғанға дейін сот талап қоюшыға іс жүргізу әрекеттерінің салдарын түсіндіреді. Талап қоюдан бас тартуды қабылдау туралы сот ұйғарым шығарады, сол арқылы осымен бір мезгілде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады.
Сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын бекітпеген жағдайда, сот бұл туралы ұйғарым шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады.
Мемлекеттік органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары органдар мен адамдардың талап қоюдан бас тартуы мүдделеріне сай іс қозғалған адамды істі мәні бойынша қарауды талап ету құқығынан айырмайды. Егер мүдделеріне сай іс қозғалған адам мәлімделген талапты қолдамаса, үшінші тұлғалардың құқықтарына қысым жасалмаса, сот талап қоюды (арызды) қараусыз қалдырады (ҚР АІЖК 56-бабының 2-бөлігі).
3.Талап қоюды тану – сотта талап қоюшының талаптарын қанағаттандыруға және талап қоюшы үшін лайықты сот шешімін шығаруға бағытталған жауапкердің келісуі.
Жауапкердің өзіне берілген субъективтік құқығына сәйкес талап қоюды тану ешкімнің басымдылығысыз өз еркімен жүргізіледі.
Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады (ҚР АІЖК 49-бабының 1-бөлігі).
Істі мәні бойынша қарауды төрағалық етуші бастағанда жауапкерден талап қоюшының талаптарын мойындайтын-мойындамайтыны туралы мәселені анықтайды.
Жауапкер талап қоюды мойындағанда және оны қабылдаған кезде сот мәлімденген талаптарды қанағаттандыру туралы шешім шығарады. Егер талап қоюшының талаптарын бөліп қарастыруға мүмкіндік болса, онда жауапкер қойылған талаптарды ішінара тануы мүмкін. Мысалы, талап қоюшы талап арызы бойынша сот арқылы жауапкерден материалдық және моральдық зиянды өтеуін сұрайтын болса, онда жауапкер ішінара тек материалдық зиянды өтеуге келісімін береді, ал моральдық зиянды өтеуге келіспеуі мүмкін.
Сот жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды егер:
Бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе;
Басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса (ҚР АІЖК 49-бабының 2-бөлігі).
Сот жауапкермен талап қоюды мойындауын қабылдамаған жағдайда сот бұл туралы ұйғарым шығарады және істі мәні бойынша қарауды жалғастырады (ҚР АІЖК 193-бабының 5-бөлігі).
4.Тараптардың бітімгершілік келісімі – бұл заңмен белгіленген жағдайларға сәйкес сотта материалдық-құқықтық дауды шешуді қысқарту. Бітімгершілік келісімнің мәні – дауды өзара бітімгершілікпен шешу арқылы іс жүргізуді аяқтау.
Бітімгершілік келісімі:
өзара процессуалдық көну (талап қоюшы өзінің талап қоюдың бір бөлігі бойынша бас тартуы, ал жауапкер осы өзгерітілген талап қоюды мойындауы);
бір жақты көну (талап қоюшының талап қоюы, ал жауапкер тек талап қоюдың бір бөлігін мойындауы) негіздері болуы мүмкін.
Тараптар істі бітімгершілік келісіммен аяқтай алады, оған талап қоюшы мен жауапкер қол қояды және сотпен бекітіледі. (ҚР АІЖК 49-бабының 1-бөлігі).
Бітімгершілік келісімін жасау орнына байланысты сотта және соттан тыс жасалу түрлеріне бөлінуі мүмкін.
Сотта жасалған бітімгершілік келісім – бұл сот отырысында немесе одан тыс жасалған келісім, бірақ сотқа жолданған.
Соттан тыс жасалған бітімгершілік келісім – бұл сот отырысынан тыс жасалған келісім және сотқа жолданбаған. Соттан тыс бітімгершілік келісім жасалу фактісін және оның шарттарын жалпы тәртіп бойынша тарап сотта дәлелдеу мүмкін.
Тараптар бітімгершілік келісімін тек талап қою бойынша іс жүргізу істері бойынша жасауы мүмкін. Сондай-ақ бітімгершілік келісімін азаматтық процестің кез-келген сатысында (бірінші сатыдағы сотта, апелляциялық өндірісінде, қадағалау өндірісінде және атқарушылық іс жүргізу сатыларында) жасауға болады.
Сот тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпейді егер:
Бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе;
Басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса.
Егер тараптардың бітімгершілік келісімі сотқа жолданған жазбаша арызды жазылса, ол іске қоса тіркеледі, бұл туралы сот отырысының хаттамасында көрсетіледі.
Сот тараптардың бітімгершілік келісімін бекіту туралы ұйғарым шығарады, сол арқылы осымен бір мезгілде іс бойынша іс жүргізу тоқтатылады. Ұйғарымда тараптардың сот бекіткен бітімгершілік келісімнің шарттары көрсетіледі (ҚР АІЖК 193-бабының 3-бөлігі). Егер сот тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпесе, онда сот бұл туралы ұйғарым шығарып істі мәні бойынша қарауды жалғастырады.