Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.46 Кб
Скачать

39. 37Мен бірдей

40-сұрақ. Азаматтық процесте тиісті және тиісті емес тараптар

Тиісті тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) – нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізудің нағызғы қатысушылары, яғни тарапты іс материалдары бойынша даулы құқық қатынасының субъектісі болуы мүмкін деген болжау.

Тиісті емес тараптар (талап қоюшы мен жауапкер) – нақты азаматтық іс бойынша азаматтық іс жүргізудің нағызғы қатысушысы емес, яғни даулы құқық қатынасының субъектісі болуы мүмкін деген болжау іс материалдары бойынша жоққа шығарылған тарап.

Тиісті емес тарап болып тиісті емес талап қоюшы немесе жауапкер танылуы мүмкін. Тиісті емес тарап – азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі бар тұлға. Ол тараптың барлық іс жүргізу құқықтары мен міндеттеріне ие болады, яғни іс бойынша тарап болып танылады. Сондықтан сот тиісті емес талап қоюшымен немесе тиісті емес жауапкерге талап қоюда талап арыз қабылдаудан бас тартуға болмайды.

Тиісті емес жауапкер тиістімен мына жағдайда ауыстырылуы мүмкін:

  1. сотпен - өз ықыласы бойынша (ҚР АІЖК 170 б. 3 б.)

  2. талап қоюшының өтініші бойынша (ҚР АІЖК 51 б. 1 б.)

Барлық жағдайда диспозитивтік принципке сәйкес тиісті емес жауапкерді тиістімен орын ауыстыруда талап қоюшының келісімі керек (ҚР АІЖК 51 б. 2 б.), ал тиісті емес жауапкердің тиістімен орын ауыстыруда келісімнің қажеті жоқ. Сот істі дайындау үстінде немесе бірінші сатыдағы сотта оны қарау кезінде талап бойынша жауап беруге тиісті емес адамға талап қойылып отырғанын анықтаса, істі тоқтатпай талап қоюшының өтініші бойынша тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен ауыстыра алады.

Тиісті емес тарапты тиістімен орын ауыстырған жағдайда сот сәйкесті ұйғарымын шығарады.

Тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыру

Оның екі жолы болады:

Жолдары

Оның көрінісі (қортындысы)

1. талап қоюшы тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыруға келісім берсе

Сот тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстырады

2. талап қоюшы тиісті емес жауапкерді тиісті жауапкермен орын ауыстыруға келісім бермесе

Сот тиісті емес жауапкерді екінші жауапкер ретінде іс бойынша тартады және тиісті емес жауапкер азаматтық процесте болады.

Тиісті емес жауапкерді ауыстырғаннан кейін істі дайындау және қарау басынан бастап жүргізіледі.Егер талап қоюшы тиісті емес жауапкерді басқа тұлғамен ауыстыруға келіспесе, сот істі ұсынылған талап қою бойынша қарайды.Бұған қоса азаматтық процесте керісінше болу мүмкін, яғни тиісті емес талап қоюшы.Себебі жоғарыда тиісті емес тараптар деп атаған едік, ал тараптар ретінде біз талап қоюшы мен жауапкерді танимыз, сондықтан бұнда тиісті емес талап қоюшы туралы айтқан орынды.

Сот азаматтық процесте тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыра алады.

Тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстыру

Оның төрт жолы болу мүмкін:

Жолдары

Тиісті емес талап қоюшы

Тиісті талап қоюшы

Оның қортындысы

1

басқа тұлғамен орын ауыстыруға келіспейді

Азаматтық процеске кіруге (қатысуға) келіседі

Тиісті емес талап қоюшы азаматтық процеске дербес талаптарымен үшінші тұлға ретінде кіреді (қатысады)

2

басқа тұлғамен орын ауыстыруға келіспейді

Азаматтық процеске кіруге (қатысуға) келіспейді

сот азаматтық істі қарайды және талап арызды қанағаттандырмайды

3

басқа тұлғамен орын ауыстыруға келіседі

Азаматтық процеске кіруге (қатысуға) келіседі

Сот тиісті емес талап қоюшыны тиісті талап қоюшымен орын ауыстырады

4

басқа тұлғамен орын ауыстыруға келіседі

Азаматтық процеске кіруге (қатысуға) келіспейді

Сот іс бойынша өндірісті қысқартады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]