Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
GPP_Otvety.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
327.46 Кб
Скачать

Талаптың негіздемесі – талап қоюшының сотқа өз үндеуінің негіздейтін мән-жайлар.

Талап талаптары субъективтік азаматтық құқықтарынан пайда болады. Мысалы: меншік иесі өзінің жоғалған мүлкіне иеленуді қалпына келтіру туралы өзінің меншік құқығы бар екеніне сілтеме жасауы; өнертапқыш өзінің ойлап тапқан өнертабысын талап етуде - өзінің интеллектуалды меншігіне сілтеме жасауы.

Талаптар мына негіздер бойынша жіктеледі:

  • материалдық-құқықтық белгілер;

  • процессуалдық-құқықтық белгілер.

Талаптардың процесуалдық-құқықтық белгісі бойынша жіктелуі талаптың мазмұны бойынша қалыптасқанын білдіреді, яғни талап қоюшы талабының сот арқылы қорғану түрі бойынша. Талаптардың түрлерге бөлінуінің процессуалдық-құқықтық жіктелуі негізі арқылы талаптардың мазмұны танылады.

Сондықтан осындай жіктелуі негізі бойынша талаптарды үш түрге бөлуге болады:

1-ұйғару туралы талаптар;

2-мойындау туралы талаптар;

3-өзгертетін (құқық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға арналған) талаптар.

Ұйғару туралы талаптар немесе атқару талаптар дегеніміз бұл жауапкердің белгілі әрекеттер жасау немесе жасамауын соттан талап қоюшының сұрайтын талабы. Талап қоюшының соттан жауапкердің өз міндеттерін орындатуды сұрауы ұйғару талапдеп аталады (мысалы: талап қоюшы соттан жауапкермен қарызды төлеуі, пәтерді босату, келтірілген зардапты өтеу). Осындай сотқа қойылған талаптар бойынша сот шешімдері негізінде атқару парақтары беріледі, сондықтан олар тағы атқару талаптарыдеп аталады.

Мойындау туралы талаптар бойынша талап қоюшы соттан белгілі құқық қатынасының бар немесе жоқтығын бекітуін сұрайды (мысалы, талап қоюшы белгілі бір әдебиет шығармашылығына өзінің авторлық құқығын бекітуін сұрауы).

Өзгертетін талаптар материалдық-құқықтық қатынастарын өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған. Әдетте азаматтық айналымның қатысушылары (жеке және заңды тұлғалар) соттың қатысуысыз өз еркілерімен араларындағы құқық қатынастарын өзгертеді немесе тоқтатады, бірақ кейбір жағдайларда белгілі құқық қатынастары тек соттың бақылауымен ғана өзгертіледі немесе тоқтатылады. Мысалы, неке бұзу туралы (егер ортақ кәмелетке толмаған бала немесе ортақ мүлікті бөлу жөнінде дау болса) талап бойынша.

Материалдық-құқықтық белгісі бойынша талаптар жіктелуі келесі түрлерге бөлінеді: отбасылық, алименттік, тұрғын үй, жер құқықтық қатынастарынан пайда болатын және т.б.

37-сұрақ. Талап арыз, оның құрылымы.

Талап арыз – субъективтік құқық туралы дауды шешу үшін заңмен белгіленген сотқа жүгіну нысаны.

Әр адам өзінің субъективтік құқығын немесе заңмен қорғалатын мүддесін сот арқылы қорғау үшін сотқа талап арыз ұсыну қажет.

Талап арыз мазмұны:

  • кіріспе;

  • сипаттау;

  • дәлелдеу;

  • сұрау бөліктерінен тұрады.

Талап арыз сотқа жазбаша нысанда беріледі (ҚР АІЖК 150-бабының 1-бөлігі).

Талап арыздың кіріспе бөлігінде:

  • талап арыз берілетін соттың атауы;

  • талап қоюшының атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер талап қоюшы ұйым болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері, сондай-ақ, егер арызды оның өкілі берсе, өкілдің атауы мен мекен-жайы;

  • жауапкердің атауы, оның тұрғылықты жері немесе, егер жауапкер ұйым болса, егер талап қоюшыға белгілі болса, оның тұрған жері мен банктік реквизиттері көрсетілуге тиіс.

Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істер бойынша арызда жауапкердің мәліметтері көрсетілетін орнына органның (лауазымды тұлғаның) атауы, оның тұрғылықты жері және шағымдануға жататын әрекеттері немесе қабылданған шешімдері. Ерекше іс жүргізу істер бойынша арыздың кіріспе бөлігінде арыз беруші туралы мәліметтер.

Сонымен қатар талап арыздың кіріспе бөлігінде талап қоюдың нысанасын, егер талап мүліктік сипатта болса, онда бағасы белгіленуі тиіс.

Талап арыздың (арыздың) сипаттау бөлігінде:

  • талап қоюшының құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін және оның талап қою талаптарын бұзудың немесе бұзу қауіпінің мәні;

  • талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер.

Талап арыздың дәлелдеу бөлігі кейде оның сипаттау бөлігімен ұйқасады. Осы бөлікте талап қоюшы (арыз беруші) өзінің талаптарын қанағаттандыру үшін заң нормаларына сілтеме жасайды. Егер прокурор азаматтардың мүдделері үшін өтініш жасайтын болса, онда:

  • талап арызда азаматтың өзінің талап қоюы мүмкін еместігінің себептерін негіздеу болуға тиіс;

  • арызға, әрекетке қабілетсіз адамның мүдделері үшін арыз беретін жағдайларды қоспағанда, азаматтың сотқа талап қоюмен жүгінуге келісімін растайтын құжат қоса тіркелуге тиіс. Егер талап қою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасын көрсетілуге тиіс.

Талап арыздың сұрау бөлігінде мүдделі тұлғаның бұзылған құқықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауға қамтамасыз етуі мүмкін талаптары көзделеді.

Егер заңмен белгіленсе немесе тараптардың шартында көзделсе, жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау туралы мәліметтер көрсетілуге тиіс. Талап арыздың соңында қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс, оларға:

  • жауапкерлер мен үшінші тұлғалардың санына қарай талап арыздың көшірмесі;

  • мемлекеттік баж төлеуді растайтын құжат (квитация), ал егер төленбесе онда төлеуден босату негіздерін көрсету қажет;

  • егер іс бойынша өкіл қатысатын болса, онда өкілдің өкілеттігін куәландыратын сенімхат немесе өзге де құжат;

Арызға талап қоюшы немесе талап арызға қол қоюға және оны көрсетуге өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды.

38-сұрақ. Талап қою құқығы

Талап термині екі мағынада қолданылады:

  1. материалдық;

  2. процессуалдық.

Материалдық мағынады талап қою құқығы дегеніміз сотқа үндеу арқылы субъективтік азаматтық құқықты мәжбүрлеп жүзеге асыру құқығы, яғни сот арқылы субъективтік құқығын қорғауға құқық. Азаматтық процесте сот талап қоюшының талап қоюға (материалдық мағынада) құқығы бар не жоқтығын анықтайды.

Процессуалдық мағынада талап қою құқығы дегеніміз дауды қарап, шешу үшін сотқа талап қою құқығы, яғни сот істі мәні бойынша шешу үшін сотқа тікелей талап арыз, арыз және шағым беру. Бұл нақты азаматтық-құқықтық дау бойынша сот төрелігіне жүгіну құқығы.

Талап қою құқығы – ҚР Конституциясымен (13-баптың 2-бөлігі, 75-бабы) бекітілген сот арқылы қорғану құқығының бір нысаны. Сот жүгіну арқылы құқықтарды қорғау құқығы азаматтық процеске қатысатын азаматтарға және ұйымдарға (ҚР АІЖК 5-бабы), сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға (ҚР АІЖК 45-тарауы) тиесілі.

Талап қою құқығы белгілі шарттармен байланысты. Талап қою құқығы заңмен белгіленген шарттармен анықталады. Талап қою құқығының шарттарына нақты заңдыдеректер жатқызылады, олардың бар не жоқтығы негізінде заң азаматтық іс бойынша талап қою субъективтік құқығының пайда болуын байланыстырады.

Талап қою құқығының шарттары – нақты азаматтық іс бойынша тұлғаның талап қою субъективтік құқығының пайда болуын заң бойынша оның бар не жоқтығымен байланыстыратын мән-жайлар.

Бұл шарттар өзара:

  • жалпы;

  • арнаулы;

  • жаратымды;

  • жаратымсыз деп бөлініп қарастырылады.

Талап қою құқығының жалпы шарттары:

  • Талап қоюшы мен жауапкердің азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттігі, яғни азаматтық процесте тарап болу қабілеттігі (ҚР АІЖК 45-бабы);

  • Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы (ҚР АІЖК 24-бабы);

  • өз құзыреті шегінде сол мәселе туралы азаматтық іс бойынша қабылданған сот шешімінің жоқтығы;

  • тараптардың өзара дауды аралық соттың қарауына беру туралы келісімнің жоқтығы (ҚР АІЖК 25-бабы).

Жоғарыда аталғанның алғашқы екеуі жаратымды, ал қалғаны – жаратымсыз сипатта болады.

Талап қою құқығының арнаулы шарттары дегеніміз бұл кейбір субъектілер немесе категория істері үшін жалпы шарттармен қатар, заңмен белгіленген шарттар. Мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар өзара дауларын сотқа дейін талап (претензия) қою арқылы реттеу тиіс (ҚР «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» (17.01.2002 ж. қабылданған) заңның 232-235 баптары).

Талап қою құқығының шарттарының болмауы сотпен келесі әрекеттер жасауына әкеледі:

  • талап арызды қайтару (ҚР АІЖК 154-бабы);

  • талап арызды қабылдаудан бас тарту (ҚР АІЖК 153-бабы);

  • іс бойынша іс жүргізуді қысқарту (ҚР АІЖК 247-бабы);

  • арызды қараусыз қалдыру (ҚР АІЖК 249-бабы).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]