
- •2 Техникалық-технологиялық бөлім
- •2.1 Мәтін кенорнын игеру жағдайы
- •2.2 Ұңғыларды пайдалану әдістері
- •2.2.1 Фантандаудың минималды түптік қысымын анықтау
- •2.3 Таңдалған әдісті негіздеу
- •2.4 Қондырғының тиімді тәртібін таңдау.
- •2.5 Газлифтілі ұңғыны іске қосу жүйесін есептеу
- •3. Ұңғымаларды газлифтілі әдіспен пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі және өртке қарсы іс-шаралар
3. Ұңғымаларды газлифтілі әдіспен пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі және өртке қарсы іс-шаралар
Ұңғының негізгі газлифтілі әдіспен пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі және өртке қарсы іс-шаралар конструктивтік параметрлеріне – шеген тізбектерінің саны мен диаметрі, олардың түсірілу тереңдігі, қашаудың диаметрі саналады.
Ұңғы конструкциясын таңдаудың негізгісі болып – ол өндірілетін мұнай мен газдың көлеміне, онда жүргізілетін жөндеу, аулау жұмыстары үшін түсірілетін жабдықтарға байланысты пайдалану шеген тізбегінің диаметрі саналады.Пайдалану тізбегінің диаметрі кіші болған сайын соғұрлым аралық тізбектердің, бағыттаушының және кондуктордың диаметрлері де кішілеу болады.Сонымен қатар құбырдың диаметрі неғұрлым кіші болса сыртқа және ішкі қысымдарға төтеп беруі де жоғарылайды. Шеген тізбегінің диаметрі кіші боған сайын оның салмағы мен құны да төмендейді. Диаметрі кіші ұңғылардың құрылысын тұрғызуда энергия, металдар, бұрғылау ерітінділері және химиялық қопаларда үнемделеді.
Өндірістегі «қауіпсіздік» курсы үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімінде – еңбекті қорғау бойынша заңнамалардың негізгі мәселелері; екінші бөлімінде – өндірістік санитария және еңбек гигиенасының негіздері; үшінші бөлімінде – еңбек қауыпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық мәселелері қарастырылады;
Өндірістегі қауыпсіздік курсының екінші бөлімінде: өндірістің зиянды факторларының (жәйттерінің); гигиеналық мөлшерлеу принциптерінің; олардың адамдарға әсер етулерін негізгі жою немесе төмендету жолдары қарастырылған.
Үшінші бөлімінде технологиялық процестер мен өндірістік жабдықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қорытынды түрде қарастырылған, өйткені олардың көпшілігі арнайы пәндерде оқытылады. Бұл бөлімде қауіптілігі жоғары технологиялық жабдықтарға қойылған қауіпсіздік талаптары толық баяндалды. Осылармен қатар қорғау қондырғыларына да қажетті көңіл бөлінген. Бұл қажеттілік мына жағдайда орындалуы мүмкін, егер адамның еңбегі қолайлы жағдайда өтетін болса, ол жағдай адамның барлық қабілетінің дамуына мүмкіндік туғызса және жоғарғы өнімділігін қамтамасыз етсе.
Қауіпсіз технологиялық процестерді жобалау принциптері: Қауіпсіз және зиянсыз өндірістік технологиялық процестер желілерін жобалау кезінде жекелеген операциялардың потенциялды қауіпсіздіктерін қолданылатын заттардың қасиеті мен оларды өңдеу жағдайларына тәуелділік сипатын анықтау қажет. Өндірістік процестерден улы, жарылысқа қауіпті және жеңіл тұтанатын заттарды алып тастау, потенциялды қауіпті операцияларға жарақаттану мен кеселдену қауіпін төмендететін неесе болдырмайтын өңдеудің прогессивтік тәсілдерін енгізу, сонымен қатар қауіпті заттарды мүмкіндігінше қауіптілігі аз заттармен алмастыру қажет. Мыслы желімдерді ерітуге өрт қауіптілігі жоғары бензин орнына, қауіптілігі төмен су дисперциялары – латекстер толығымен алмастрады. Адам денсаулығына зиянды бірқатар еріткіштер (бензин, дихлороэтан) бояуларды лактарды және желімдерді еріту үшін асетонмен толығымен немесе ішінара алмастыра алады. Жабдықтарды, бөлшекткрді және ыдыстарды тазартуға және майсыздандыруға сілтілі ерітінділер орнына сульфанол тәріздес ерітінділерді толығымен қолдануға болады.
Қорытынды
Қазақстан Республикасы өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм (өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.
Мемлекетіміздің жер қойнауындағы негізгі байлықтарының бірі, ол-мұнай-газ қоры болып табылады. Еліміздегі осы мұнай-газ қоры: өзінің мол қорымен және әлемдік нарықтық экономикадағы алатын рөлінің жоғары дәрежеде болуымен сипатталады. Ал, бұл мұнай қоры Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан аймақтарында шоғырланған. Мұнай елімізде бірінші рет 1899 ж Қарашұңғылдағы Ембі кен орнындағы мұнай ұңғысынан (скважина) атқылады. Ал 1911 ж. Доссор, 1915 ж. Мақат кен орны пайдалануға берілді. Бұл кен орындарына алпысыншы жылдары Маңқыстау түбегіндегі Өзен мен Жетібай қосылды. Кейінірек олардан да куатты Қаражамбас пен Қаламқас, Теңіз (Атырау облысы),Кеңкияқ және Жаңажол (Ақтөбе облысы), Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысы) пен Құмкөл (Қызылорда облысы) кен орындары ашылды. Қазір Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар. 1999 жылы Қазақстан қойнауынан алғашқы отандық мұнай алынғанына жүз жыл толғаны тойланды. Бүгінде республиканың жылына (2005 ж.) шамамен 50,2 млн мұнайы шет елге шығарылады. 2000 жылы Атыраудың солтүстік шығысында 45 км жерде Каспий қайраңында Қашаған мұнай кен орны ашылды. Ол соңғы 30 жылдағы дүние жүзіндегі ең ірі кен орны. Геологиялық қоры 4,8 млрд тоннаға бағаланды. Жалпы Қазақстандағы мұнай қорының болжамы 20-25 млрд тонна. Қазақстандағы жалпы газ коры 6 трлн м3. Дүние жүзінде он екінші орын алады. Соның 70%-ы Қарашығанақтың үлесінде.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы-Мәтін кен орны ХХ ғасырдың аяқ жағында ашылған, қазіргі кезде әліде өндіріліп жатқан кен орнының бірі болғандықтан, мен осы Мәтін кен орнындағы өндірістік процестің тиімділігін арттыру негізінде, сол кен орнындағы ұңғыларды пайдалануда газлифтілі әдісті енгізу дұрыс шешім болатының дәлелдедім және бұл кен орны қазіргі кезде еліміз үшін маңызды кен орны болып қала бермек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
http://kk.wikipedia.org
Қазақстанньң физикалық географиясы. - Алматы, Атам.ра, 2008 ж. ISBN 9965-34-809-Х
Шуров В.И. Технология и техника добычи нефти. - Москва, 1983 ж.
Ахмеджанов Т.А. Мұнай мен газ кен орындарын игеру. – Алматы, 2011 ж.
В.Н. Ивановский., В.И.Дарищев., А.А. Сабиров, В.С. Каштанов., С.С. Пекин. Скважинные насосные установки для добычи нефти. – Москва, 2002 ж
Г.В.Молчанов., А.Г.Молчанов. Машины и оборудование для добычи нефти и газа. – Москва, Недра, 1984 ж.
А.Н.Адонин. Добыча нефти штанговым насосами. – Москва, Недра, 1979 ж.
Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.
Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. – Алматы, 2003 ж.