Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Аида курсовой.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
370.99 Кб
Скачать

2.4 Қондырғының тиімді тәртібін таңдау.

Көтеру құбырлары бағанасының диаметрін таңдайды (егерде ол берілмесе) және оны ұңғы түбіне түсіру мүмкіншілігін бағалайды.Ұңғы шығымына тәуелділікте келесідегідей диаметрдегі сораптық компрессорлық құбырлар қолдану ұсынылады.

Ұңғы шығымы м3 /тәу .............................20-50 50-70 70-250 250-350 350

СКҚ диаметрі (ішкі), мм............................40.3 50.3 62.0 76.0 88.6

Көтеру құбырының ең жоғары мәнде рұқсат етілген түсіру тереңдігін бағананың өз салмағынан және пакерді орнату және шығарып алу кезінде түсетін күштен пайда болатын созылу күштері кезінде оның беріктігіндегі қажетті қорды қамтамасыз ететін жағдайынан анықтайды.Түсірудің шекті тереңдігін келесі формула бойынша шамамен анықтайды:

Келесідегідей бастапқы мәліметтер кезінде үздіксіз жұмыс істейтін газлифт қондырғысымен жабдықталған ұңғы жұмысының үйлесімді тәртібін таңдау: Qж.ст.=36 м3/тәу; ρн.д.= 895 кг/м3; βв=0; ρro.= 1,22 кг/м3; Pпл=24,8 МПа; μн.д.=226 мПа*с; Pу=1МПа; ρн.(Рпл;Тпл)=875 кг/м3; Рry=6 мПа; μн.(Рпл;Тпл)=56 мПа*с; К=50 м3/(тау*МПа); Г=20 м33;Тпл=313 К; Рнас=5 МПа; ω=0,014 К/м; bн(Рпл; Тпл)=1,05; Lc=1300м; Dэк=0,140 м; Dт=0.0635 м; (құрыш маркасы D:σт=294 МПа, ρт=7800 кг/м3)

Шешімі. 1.Берілген диаметрдегі көтеру құбырлары бағанасын ұңғы түбіне дейін түсіру мүмкіншілігін беріктіктің қажетті қорын қамтамасыз ету жағдайы негізінен бағалау . Бұл үшін мына теңдеу бойынша мүмкіндіктегі түсіру тереңдігін анықтаймыз.

Ндоп= 285*106/(1,4 *9,81*7800)=2603,72 м

Мұнда а құбыр материалының созылу кезінде ағу шегі,Па; рт- құбыр материалының тығыздығы , кг/м3 ; к- беріктік қоры коэфиценті, әдетте 1,5 деп қабылдайды.

Егерде Ндоп ≥ Lс болғанда, осы диаметрдегі бағананы ұңғы түбіне дейін түсіруге болады.

Көтеру бағанасында берілген шығым және айдалынатын газдың әртүрлі үлесті шығымдары үшін қысым профильдерін анықтайды.Бұл кезде қабаттағы газдық факторды Г есепке алады. Қажет профильдерді ұңғыны пайдаланудың қарастырылып жатқан жағдайы үшін сәйкестіктегі әдістеменің біреуімен есептейді немесе арнайы коталог бойынша таңдап алады (мысалы,»Камко», «Отис» және т.б. фирмалар),Алынған қысым профильдерін келешекте олардың параметрлері есебінде пайдалану ыңғайлылығы үшін жалпы газдың үлесті шығынын қабылдайды.

a =Rr+aпл, м33=260+20м33=280м33

Мұнда апл- қабат қысымының үлесті шығыны.

апл=Г(1-βв),м33=20м33*(1-0)=20м33

2-суретте көтеру құбырындағы қысым профильдерінің үлгідегі диаграммасы келтірілген.Оң жақтағы шеткі қисық диаграмма(а= 0) бір фазалы сұйық ағынындағы қысым профильіне,ал сол жақтағы шеткі- ең аз мәндегі градиенті бар қысым профиліне сәйкес келеді.Газдың шығыны бұл профиль үшін көрсетілгеннен жоғары ұлғайған кезде үйкеліске және сырғуға шығындалатын қысым қатынасының өзгеруі күшінен қысым градиенті ұлғая бастайды және қысым профилі оңға ығысады.Бұл жағдайда айдалатын газдың энергиясын тиімсіз пайдаланылатындығын есепке алып, қысым профилін есептеуді (таңдауды) ең аз мәндегі градиенті бар профильмен шектейді.

3.Ұңғыға қажет етілген сұйық көлемінің ағып келуін қамтамасыз ететін кездегі ұңғы түбі қысымын анықтаймыз (3-сурет):

Рзаб = Рпл - Qж ст /К, МПа=24.8-36/50= 24 МПа

Qж ст =36м3/тәу;Дт =0,0635м: Г=20 м33 үшін ұңғының көтеру бағанасындағы қысым профильдерінің үлгідегі диаграммасы. Қысымның м33 -тегі профильдері үшін газдың жалпы үлесті шығыны және айдалатын газдың үлесті шығыны келесідегідей м әндерде болады: 1-а=0, Rr=0; 2-а=aпл=20, Rr=0; 3-а=70, Rr=50; 4-а=120,

Rr=100; 5-а =170, Rr=150; 6-a =270, Rr=250; 7-a=370, Rr=350;

4.Газлифтілі қондырғының мүмкіншіліктегі жұмыс істеу тәртібін графикалық түрде келесідегідей анықтайды.

Калькада диаграмма масштабында р және Н осьтерінің координаттарын жүргізеді;

Қысым р өсіне ұңғы сағасындағы ру берілген қысым және айдалатын газдың жұмысшы қысымына ргу сәйкестіктегі нүктені, ал координаттық алаңға ұңғы түбіндегі қысымға (Н=Lс; р=рзаб ) сәйкестіктегі нүктені саламыз.

ргу нүктесінен құбыр сыртындағы кеңістікке айдалатын газдың қысымы профилін жүргізеді, оны мынадай барометрлік формула бойынша өз бетінше алынған тереңдіктегі Н қысымды анықтауға салады.

(Н=0; Р=Ру=1,0 МПа),( Н=0;Р=Ргу=6,0 МПа), ( Н=Lс=1300м; Р=Рзаб=24 МПа).

Ұңғы сағасындағы температура:

ТУ=313-0.0138*1300=292.43 К

Ұңғы оқпанындағы орташа температурасы:

Тср=(Ту+Т(Н))/2=(292.43+313.0)/2=302.5К

Ту және Т(Н)- бұл сағалық температура және Н тереңдігіндегі температура.£ср-бұл бір ізді жақындастыру амалымен анықталатын,қысым және температураның орташа мәндері кезіндегі газдың шектен артық қысылуы коэфиценті. Бұл коэфицентті(.£ср) шамамен Рсргу деп қабылдап анықтауға болады.

4–сурет. Үздіксіз әрекет ететін газлифтілі қондырғымен жабдықталған ұңғының мүмкіншіліктегі жұмыс тәртібін анықтау.

Әртүрлі үлесті шығымда RГ газды енгізудің мүмкіншіліктегі нүктесінен жоғарыда орналасқан көтеру құбырлары бағанасының участкесіндегіқысым профилін және газ енгізуден төмен орналасқан бағана участкесіндегіқысым профилін салады, ол үшін кальканы тереңдік өсі дәл келетіндей қылып диаграммаға бірінің үстіне бірін қояды және Н өсі бойымен төмен сырғытады.Бұл кезде Русәйкестіктегі нүкте газдың әртүрлі үлесті шығындары а қисығына жататын болады.Осы нүктелерден калькада осы қисықтарды жүргізеді. Одан кейін кальканы қабат газының (а=апл) үлесті шығынына сәйкес келетін қисығы бар Рзаб сәйкестіктегі нүктеге тап болғанға дейін жоғары ығыстырады.Осы нүктеден калькаға осы қисықты жүргізеді. Көтеру құбырларындағы қысымның алынған профильдерінің қиылысу нүктелеріндегі және құбыр сыртындағы кеңістіктегі қысым профиліне қатынастығы бойынша олардың орналасуында, сағадағы берілген қысым және жұмысшы қысымы бар газ кезінде ұңғыдан қажетті сұйықты алуды қамтамасыз ететін газлифт қондырғысының мүмкіншіліктегі жұмыс тәртібін анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]