- •2.Биосфера ұғымы мен түсініктері.
- •3. Биосфераның құрылысы.
- •4.Атмосфера ұғымы мен түсініктері.
- •5. Гидросфера ұғымы мен түсініктері.
- •6. Литосфера ұғымы мен түсініктері.
- •7. Биосфераның негізгі қызметі.
- •8. Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы.
- •10. Азот айналымы.
- •11. Фосфор айналымы.
- •12. Су айналымы.
- •13. Оттегінің циклі.
- •14. Үлкен және кіші зат айналым шеңберлері.
- •15. Жердің жалпы құрылысы және эволюциялық даму тарихы.
- •16. Жердің ішкі құрылысы.
- •17.Жердің жұлдыз ретіндегі даму кезеңі.
- •18. Биосфераның бөлімдері.
- •19. Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі.
- •20. Литосфераның даму заңдылықтары.
- •2. Қазақстандағы тұщы су ресурстары.
- •3. Биогеохимиялық айналымдар.
- •4. Ноосфераның пайда болуы және дамуы.
- •5. Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы.
- •6. Қоршаған ортаның биологиялық және химиялық ластануы.
- •7. Әлемдік мұхит проблемалары.
- •8. Парникті эффект және оның пайда болу себептері.
- •9. Қышқыл жаңбырлар. Улы тұман.
- •10. Атмосфераның автокөліктермен ластануы.
18. Биосфераның бөлімдері.
Биосфераның бөлімдері: Тропосфера, Гидросфера, Литосфера, Ноосфера.
ТРОПОСФЕРА (грек. τροπόσ – бұрылыс, өзгеріс және σφαιρα – шар) – атмосфераның жер бетімен тығыз әрекетте болатын ең төменгі қабаты. Қалыңдығы жер бетінен қызған ауаның жоғары өрлеген ағындарының көтерілетін биіктігімен анықталады. Экваторлық ендіктерде ауа 16 – 17 км, қоңыржай белдеуде 10 – 11 км, полюстік аймақтарда 7 – 8 км биіктікке көтеріледі. Осы биіктіктер Тропосфераның жоғарғы шекарасын белгілейді. Орташа қалыңдығы 10 – 11 км. Үстіндегі стратосферадан жұқа тропопауза өтпелі қабатымен бөлінген. Атмосфераның жер бетіне таяу қабатында ауа Жердің тартылыс күшіне және газдардың сығылуына байланысты барынша тығыз орналасады. Атмосфераның бүкіл массасының 80%-ы және су буы түгелдей Тропосферада шоғырланған. Әр 100 м-ге биіктеген сайын ауаның температурасы орта есеппен 0,6С-қа төмендейді. Осы қабатта ауа райы мен климат түзуші процестер өтеді. Жерге іргелес ең төменгі қабатында ауаның температурасы тәулік ішінде және жыл бойы өзгеріп отырады. Тропосфера түгелдей Жердің географиялық қабығының құрамына кіреді.
ГИДРОСФЕРА. Жер су қабығы, ол ғаламшардағы химиялық қосылысқа түспеген аймақтардың барлығын (сұйық, қатты және бу түріндегі) қамтиды. Гидросфераны құрамдас бөліктерін зерттейтін ғылымды гидрология деп атайды. Гидросфераның жалпы көлемі, шамамен, 1,5 млрд км3. Бұл орасан мол су массасының тек 2,5%-ы ғана тұщы су, қалған бөлігін Дүниежүзілік мұхит пен құрлықтағы ащы сулар құрайды. Тұщы сулардың басым бөлігі мұздықтарда шоғырланған.
ЛИТОСФЕРА — жер қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның кқалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.
НООСФЕРА (гр. νόος – сана және σφαῖρα – орта, шар) немесе Антропосфера (грек. antһropos — адам, spera — қабық) — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі; адамның саналы түрде жүргізген іс-әрекеттерінен туындайтын жер сферасындағы барлық өзгерістер мен олардың дамуын анықтайтын басты фактор;ғаламдағы адамзаттың мекендейтін аясы.
19. Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі.
Жер кеңістігінде жүретін табиғи процестерге әсер тигізетін тіршілік екені туралы 19 және 20 ғасырлар аралығындағы еңбектерінде пікірін айтумен қатар дәлелдеген орыс ғылымы В.В. Докучаев.
20 ғ-ң 20-шы жылдарында В.И. Вернадскийдің еңбектерінде биосфера Жер шарының тірі организмдер жайлайтын бөлігі, ең үлкен экожүйе екенін ғылыми түрде негіздеді және ол бірінші рет тірі организмдердің геологиялық ролі туралы биосфера ілімін ұсынды. Ол еңбектерінде топырақ түзу процесі ауа райынан басқа өсімдіктермен жануарлардың жиынтық әсеріне байланысты екенін көрсетті; тірі организмдердің іс-әрекеті жер қыртысының кейпін өзгертетін ең негізгі фактор екенін де дәлелдеді.
В.И. Вернадский биоссфера заттегі геологиялық жағынан кездейсоқ емес әртүрлі 7 бөлшектерден тұратынын айтты: тірі заттек, тіршілік (биогенді) заттегі, өлі (енжар) заттек, биологиялықенжар т.б. Ол ғаламшардағы барлық организмдердің жиынтығын тірі заттек деп атай отырып, оның негізгі қасиеті ретінде жалпы массасын, химиялық құрамын және энергиясын қарастырады. В.И. Вернадскийдің анықтамасы бойынша өлі (енжар) заттек деп түзілуіне тірі организмдер қатыспайтын биосферадағы заттектер жиынтығы айтылады.
Биосферадағы тірі организмдердің қызметі: Энергетикалық қызметі
Биосфераның қалыпты тіршілігі үшін және оның дамуы үшін энергия қажет. Ондай негізгі энергия көзі — Күн. Жасыл өсімдіктер фотосинтез процесі кезінде Күн сәулесін өзіне сіңіріп, мүшелерінде органикалық заттардың қорын жинақтайды. Өсімдіктердегі органикалық заттарды басқа организмдер пайдаланады. Жасыл өсімдіктерде жинақталған энергияның есебінен бүкіл биосферадағы тіршілік қалыпты жүріп отырады.
Газдық қызметі
Газдардың тасымалдануы және олардың бір күйден екінші күйге өзгеруі тірі организмдердің қатысуымен жүреді. Газдық қызмет арқылы биосфераның газдық құрамының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Жер бетіндегі көптеген газдар биогенді жолмен пайда болған. Тірі организмдердің тіршілігі нәтижесінде оттек, азот, көмірқышқыл газы, күкіртті сутек, метан, т.б. газдар тасылмалданады.
Жинақтау қызметі
Тірі организмдер коршаған ортадан алған, биогенді элементтерді өз мүшелерінде жинайды. Тірі организмдер құрамында болатын элементтердің коршаған ортада кездесетін элементтерден едәуір айырмашылығы болады. Тірі организмдердің құрамында сутек, көміртек, азот, оттек, натрий, магний, кремний, күкірт, т.б. элементтердің жеңіл атомдары көбірек кездеседі. Мұндай элементтердің тірі организмдерде жинақталуы қоршаған ортаға қарағанда жүздеген, мыңдаған есе көп болады. Осы арқылы биосфераның химиялық құрамының әр түрлі екендігі байқалады.
Тотығу-тотықсыздану қызметі
Тірі организмдер топырақ арасында және гидросферада бұл қызметін үнемі атқарып отырады. Тірі организмдер заттарды тотықтыру арқылы оксидтер түзеді, ал кейбір заттарды (көмірсутек, күкіртті темір, т.б.) қалпына келтіреді. Кейбір ұсақ организмдер пайдалы қазбалар (әктәс, боксит, т.б.) түзуге де қатысады.
Биохимиялық қызметі
Тірі организмдердің биохимиялық қызметі қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және (өлген организмдердің) ыдырауы мен шіруі кезінде байқалады. Бұл кезде элементтер атомдар түрінде бір орыннан екінші орынға ауысады. Кейде адамның іс-әрекетінің нәтижесінде, биосфераға тән емес әрі биосфераға зиянды әсер ететін зат айналымы байкалады. Мысалы, өнеркәсіп орындарынан, көліктерден улы қоспалар бөлініп ауаны ластайды. Ал қышқыл жаңбырдың да табиғатка зияны мол. Сондықтан да табиғатты мұндай ластанудан корғау шараларына ерекше мән беру кажет.
