- •2.Биосфера ұғымы мен түсініктері.
- •3. Биосфераның құрылысы.
- •4.Атмосфера ұғымы мен түсініктері.
- •5. Гидросфера ұғымы мен түсініктері.
- •6. Литосфера ұғымы мен түсініктері.
- •7. Биосфераның негізгі қызметі.
- •8. Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы.
- •10. Азот айналымы.
- •11. Фосфор айналымы.
- •12. Су айналымы.
- •13. Оттегінің циклі.
- •14. Үлкен және кіші зат айналым шеңберлері.
- •15. Жердің жалпы құрылысы және эволюциялық даму тарихы.
- •16. Жердің ішкі құрылысы.
- •17.Жердің жұлдыз ретіндегі даму кезеңі.
- •18. Биосфераның бөлімдері.
- •19. Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі.
- •20. Литосфераның даму заңдылықтары.
- •2. Қазақстандағы тұщы су ресурстары.
- •3. Биогеохимиялық айналымдар.
- •4. Ноосфераның пайда болуы және дамуы.
- •5. Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы.
- •6. Қоршаған ортаның биологиялық және химиялық ластануы.
- •7. Әлемдік мұхит проблемалары.
- •8. Парникті эффект және оның пайда болу себептері.
- •9. Қышқыл жаңбырлар. Улы тұман.
- •10. Атмосфераның автокөліктермен ластануы.
16. Жердің ішкі құрылысы.
Ғарышқа қарағанда Жердің ішкі құрылымын зерттеудегі жетістіктеріміз өте мардымсыз. Жерді зерттегеннен гөрі ғаламшарларды, олардың серіктерін зерттеу адамзат үшін оңай болып көрінді. Жер қойнауындағы зерттеу мақсатындағы бұрғылау жұмыстары 15 км тереңдікке дейін барды. Ал Жердің осіне дейін 6000 км. Жердің ішкі құрылымы жер қыртысы, мантия және ядро деген қабықтардан тұрады. Солардың арасында ең жұқасы жердің үстіңгі қабығы – жер қыртысы. Ол арқылы өзендер ағып, орманда өсіп, таулар көтеріліп,елді-мекендер салынуда. Пайдалы қазбалар – тас көмір, мұнай, бағалы тастар да осы қабаттан қазып алынады. Жер қыртысының қалыңдығы біркелкі емес. Таулы аудандарда оның қалыңдығы 70-80 км, жазықтарда 30-40 км, мұхит табанының астында 6-8 км жетеді.
Жердің келесі қабаты – мантия. Шамамен 2900 км тереңдікке дейін барады. Мантия жартылай балқыған және иілмелі күйде болады. Температура ядроға қарай біртіндеп көтеріліп, соған сай қысым да арта түседі.
Үшінші қабатымыз – жердің кіндігі ядро. Ядро ішкі және сыртқы деп екіге бөлінеді. Сыртқы ядро – қоймалжың сұйық күйінде болса, ішкі ядро - қатты болып келеді. Ондағы температура 3000ºС-қа дейін жетеді. Жер өзінің құрылымына қарай тастардан емес, металдардан (темір, никель, кремний, алюминий, магний, кальций және т.б.) құралған.
Жер қабығының құрылымын, ондағы болып жатқан процестерді білу жер сілкіністерінің себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Дүние жүзінің көптеген аймақтарында және Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысы аймақтарында жер сілкіністері болып тұрады. Соңғы кездері дүние жүзінің көптеген елерінде, соның ішінде Қазақстанда жер сілкінудің алдын алу, оны болжау жұмыстары жүргізіліп, болжам карталары жасалуда.
Су астындағы жер сілкінісінің нәтижесінде өте биік толқындар – цунами пайда болады. Цунами мұхиттардың үстіңгі қабатында пайда болып, жойқын күшпен жағалауға қарай қозғалады. Толқындардың биіктігі 20-30метрге дейін жетіп жағалауға жүздеген метр ішке қарай еніп, елді-мекендерге, ауыл шаруашылық жерлеріне және адамдарға үлкен зиян келтіреді.
17.Жердің жұлдыз ретіндегі даму кезеңі.
Жердің және жер қыртысының жасын және оның даму тарихында болып өткен ірі оқиғалардың болған уақытын анықтай білу мәселелері ғалымдардың назарынан ешуақытта да тыс қалған емес.Өйткені бұл проблемаларды шешудің теориялық және практикалық маңызы өте зор. Қазіргі кезде Жердің даму тарихы геологиялық және оған дейінгі планетарлық (немесе ғарыштық) кезеңдер болып екіге ажыратылады.
Геологиялық кезеңге дейінгі (планетарлық) уақыт Жердің алғашқы планета болып қалыптасуынан бастап жер қыртыстарының құралуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Оның тарихын геологиялық әдістер арқыт лы зерттеп-білу мүмкін емес. Жердің (ғарыштық дене ретінде) пайда болуы туралы ғылыми түсінік Күн жүйесіне кіретін басқа планеталардың жаратылысы жөніндегі жалпы көзқарастар негізінде қалыптасады. Бұл кезеңнің негізгі мазмұны ең алғашқы протопланеталық заттардың белгілі геосфераларға жіктеліп литосфера, атмосфера және гидросфера қабаттарының құралуымен сипатталады.
Геосфераларға жіктелу процесі алғашқы протопланеталық заттардық тығыздалуымен қатар байқалады. Тығыздалу кезінде протопланеталық заттар қызуға ұшырайды; қызу мөлшері радиоактивтік процестерге байланысты онан сайын арта түседі; температураның ұлғаюы заттардың гравитациялық жіктелуін тездетеді; жердің алғашқы құрамындағы газдар бөлініп шығып, атмосфера қабатын құрайды.
Алғашқы атмосфера құрамында көмір қышқыл газы және су булары көп болғандықтан Күн сәулесін өткізбейді, сондықтан жер бетінің жылулығы ішкі жылулықка байланысты өзгереді. Атмосферанын, төменгі қабаттарында (жер бетіне жақын аймақтарда) изотермиялық жағдай қалыптасады. Бұл жағдайда гидрометеорологиялық өзгерістер байқалмайды.
Жерді құрайтын алғашқы (протопланеталық) заттардың тығыздалуы мен жеке қабаттарға жіктелуі аяқталысымен жер беті және атмосфера қабаты суына бастайды. Соған байланысты су булары конденсациялық әрекеттерге ұшырап гидросфера қабаты құралады, сонымен қатар атмосфераның Күн сәулесін өткізгіштік қабілеті артады. Жер бетінің әр түрлі дәрежеде (Күн сәулесінің әсеріне қарай) қызынуына байланысты ауа және су массалары қозғалысқа араласып жалпы планетарлық (атмогидроайналым) өзгерістер байқалады.
Бұл жағдай экзогендік процестердің дамуына әкеліп соғады. Сонымен, экзогендік процестердің басталуы (Жердің даму тарихында) геологиялық кезеңнің бастамасы болып саналады.
Геологиялық кезең — Жер қыртысының алғашқы қалыптасуынан басталып қазіргі кезге дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Экзогендік процестердің нәтижесінде Жер бетіндегі жыныстар үгіліске ұшырап, үгілу заттары тасымалданып жинала келе (сулы ортада) шөгінді тау жыныстары құралады. Олар жақа ортада (эндогендік жағдайда) метаморфтық және магмалық әрекеттерге ұшырап, Жер қыртысының алғашқы құрамы біртіндеп күрделене түседі. Бұл процесс тұрақты түрде байқалады. Соның нәтижесінде, құрамы әр түрлі және өте күрделі Жер қыртысының қазіргі кездегі бедер пішіндері қалыптасады.
