Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
atmosfera_gidrosfera_ekzamen_A1-20_C1-10.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.76 Кб
Скачать

10. Атмосфераның автокөліктермен ластануы.

Әрбір автокөлік жылына төрт тонна ауа жұтып,800 кг көміртегі оксидін,40кг азот оксидін және 200кгдай әртүрлі көмірсутектерді атмосфераға бөледі.Автокөліктерден бөлінетін газдар 200дей заттардың қоспалары.мұнда отынның толық және жартылай жанған өнімдері көмірсутектер болады.Транспорт моторы жай айналымда,жылдамдық алар кезде және кептелісте тұрғанда қоршаған ортаға көмірсутектер көп бөлінеді.осындай жағдайда отын толық жанбайды да,лас ауа он есе көп бөлінеді.Адам организміне жағымсыз әсерлердің бірі көліктерден бөлінетін газ құрамында көп кездесетін қорғасын және оның бейорганикалық түрдегі формалары.ауадағы қорғасын мөлшері көбейген сайын оның мөлшері адам қанында да көбейе түседі.Нәтижесінде қанның оттегімен қанығуы нашарлап,ферменттердің белсенділігі төмендейді.Ал бұл өз кезегінде зат алмасу процесінің бұзылуына алып келеді.Транспорттан бөлінген газдардың құрамында одан басқа иісі күшті,тітіркендіргіш альдегидтер болады.Мұнан басқа бөлінген лас газдардың құрамында отынның толық жанбауынан ыдырап бітпеген көмірсутектер болады.егер автокөліктің моторы нашар жұмыс істейтін болса бөлінетін шайырлы заттар мен қара күйенің мөлшері де соғұрлым көп болады.мұндай жағдайда машинаның артынан будақтап түтін шығады.көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тэтраэтилқорғасынның жануынан бейорганикалық қорғасын да бөлінеді.тэтраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары бүкіл планета атмосферасына таралады.Соңғы жүз жыл ішінде Гренландия мұздықтарында қорғасынның мөлшері бес есе,ал судағы еріген қосылыстарының мөлшері соңғы жиырма жылда мұхитта он есеге көбейген.Алматы қаласында атмосфераны ластаудың 20 пайызы жеке секторлар мен жылу энергетикалық жүйелерді еншісіне тисе,80пайызы автокөліктердің еншісінде.Автокөліктердің қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендету тұрақты қоғам құрудың маңызды шарты.

Алматыда өткен жылы автокөліктерден бөлінген улы газдардың көлемі190 100 тоннаға жеткен. Шет елдерден әкелінетін көліктерге қатаң бақылау орнатылмаса, Алматыда іске қосылғалы отырған метро ауа тазалығын жақсартуға көмектесе алуы өте қиындау. Тіпті, көліктерге қатысты енгізілген «Еуро-1» стандарты да ешқандай мәселені шешпеген сыңайлы. Қазірге кезде Еуропа «Еуро-5» стандартымен жұмыс істеуге көңіл бөлуде.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]