
- •2.Биосфера ұғымы мен түсініктері.
- •3. Биосфераның құрылысы.
- •4.Атмосфера ұғымы мен түсініктері.
- •5. Гидросфера ұғымы мен түсініктері.
- •6. Литосфера ұғымы мен түсініктері.
- •7. Биосфераның негізгі қызметі.
- •8. Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы.
- •10. Азот айналымы.
- •11. Фосфор айналымы.
- •12. Су айналымы.
- •13. Оттегінің циклі.
- •14. Үлкен және кіші зат айналым шеңберлері.
- •15. Жердің жалпы құрылысы және эволюциялық даму тарихы.
- •16. Жердің ішкі құрылысы.
- •17.Жердің жұлдыз ретіндегі даму кезеңі.
- •18. Биосфераның бөлімдері.
- •19. Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі.
- •20. Литосфераның даму заңдылықтары.
- •2. Қазақстандағы тұщы су ресурстары.
- •3. Биогеохимиялық айналымдар.
- •4. Ноосфераның пайда болуы және дамуы.
- •5. Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы.
- •6. Қоршаған ортаның биологиялық және химиялық ластануы.
- •7. Әлемдік мұхит проблемалары.
- •8. Парникті эффект және оның пайда болу себептері.
- •9. Қышқыл жаңбырлар. Улы тұман.
- •10. Атмосфераның автокөліктермен ластануы.
10. Азот айналымы.
Өсімдіктер азотты ыдыраған өлі органикалық заттан алады. Бактериялар ақуыздардың азотын өсімдіктер сіңіре алатын түрге өткізеді. Атмосферадағы бос азотты өсімдіктер тікелей сіңіре алмайды. Бактериялар мен көк жасыл балдырлар атмосфералық азотты байланыстырып, топыраққа өткізеді. Көптеген өсімдіктер олардың тамырларында түйнектер түзетін азот- фиксациялаушы бактериялармен симбиоз түзеді. Өлген өсімдіктерден немесе жануарлардың өлекселерінен бактериялардың басқа топтарының іс-әрекеті нәтижесінде бос түрге өтеді де қайтадан атмосфераға қайтады. Азот барлық биогенді белоктардың құрылымына кіреді және сонымен қатар биогенді элементтердің ішінде ең негізгі организмдердің тіршілік әрекетіне қажет элемент болып саналады. Атмосферадағы бос молекулалық түрдегі азоттың өте аз мөлшері ғана биоталық айналымға қатысады.
11. Фосфор айналымы.
Фосфор тау жыныстарында болады. Тау жыныстарының бұзылуы мен эрозиясының әсерінен топыраққа өтеді де, оны өсімдіктер пайдаланады. Редуцент - ағзалардың тіршілік қызметі нәтижесінде ол қайтадан топыраққа қайтады. Азот пен фосфор қосылыстарының бір бөлігін жауын сулары өзендерге одан теңіз бен мұхитқа қарай шайып, оны балдырлар қолданады. Ең соңында өлі органикалық заттың құрамында фосфор су түбіне шөгіп, қайтадан тау жыныстарына кіреді.
Фосфор азот сияқты шектеуші биогендер қатарына жатады. Ол нуклеин қышқылдарының құрамына, клетка мембраналарының, энергия тасымалдаушы жүйеге (аденозиндифосфат, аденозинтрифосфат), сүйек тканіне, дентинге кіреді. Оның айналымын басқа айналымдардай қозғалысқа келтіретін энергия және де бұл процеске қатысушы фосфорорганикалық түрден бейорганикалыққа, одан қайта органикалық түрге алма – кезек ауысып отырады.
Фосфордың биогеохимиялық циклінің ерекшелігі редуценттердің фосфорды органикалық түрден бейорганикалық түрге тотықтырмай көшіретіндігінде.
Көміртектің, оттектің және азоттың айналымынан тағы да бір айырмашылығы фосфордың циклін тұйықталған деп есептеуге болмайды, себебі фосфаттардың басым көпшілігі мұхит шөгінділерінде қалып отырады.
Фосфор жылжымалы элемент, сондықтан оның айналымымен байланысты процестер қоршаған ортаның көптеген факторларына тәуелді, бірінші кезекте антропогендік факторларға. Мысалы, табиғи сулардың фосфор тыңайтқыштарымен, жуғыш заттармен ластануы салдарынан су қоймалары эвтрофтанады. Осы себептен бір қатар елдерде фосфоттарды жуғыш заттар құрамына қосуға тиым салынған, оның балама алмастырғыштары қолданылады.
Өсімдіктердің фосфорды сіңіруі топырақ ерітіндісінің қышқылдығына байланысты. Суда натрий мен кальций фосфаттары нашар ерісе, сілтілі ортада мүлде ерімейді, қышқылдық көтерілген сайын фосфаттар жақсы еритін фосфор қышқылына айналады. Фосфор тыңайтқыштарын біліксіз артық мөлшерде қолданса, топырақта фосфорлану деген зардап орын алуы мүмкін. Фосфор уытты элемент болмаса да, фосфорлану кезінде тұздардың концентрациясы жоғары болғандықтан өсімдіктердің өсуі мен дамуы, әсіресе вегетация басталған кезеңде тежелуі байқалады, себебі фосфордың мөлшері топырақта көп болғандықтан басқа элементтердің біршама тапшылығы күшейіп, өсімдіктердің қоректенуінің бұзылуы орын алуымен қатар, экологиялық тұрғыдан зиянды ауыр металлдарды және де басқа токсиканттарды көбірек сіңіруге ықтималдығы жоғарлайды.