
- •2.Биосфера ұғымы мен түсініктері.
- •3. Биосфераның құрылысы.
- •4.Атмосфера ұғымы мен түсініктері.
- •5. Гидросфера ұғымы мен түсініктері.
- •6. Литосфера ұғымы мен түсініктері.
- •7. Биосфераның негізгі қызметі.
- •8. Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы.
- •10. Азот айналымы.
- •11. Фосфор айналымы.
- •12. Су айналымы.
- •13. Оттегінің циклі.
- •14. Үлкен және кіші зат айналым шеңберлері.
- •15. Жердің жалпы құрылысы және эволюциялық даму тарихы.
- •16. Жердің ішкі құрылысы.
- •17.Жердің жұлдыз ретіндегі даму кезеңі.
- •18. Биосфераның бөлімдері.
- •19. Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі.
- •20. Литосфераның даму заңдылықтары.
- •2. Қазақстандағы тұщы су ресурстары.
- •3. Биогеохимиялық айналымдар.
- •4. Ноосфераның пайда болуы және дамуы.
- •5. Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы.
- •6. Қоршаған ортаның биологиялық және химиялық ластануы.
- •7. Әлемдік мұхит проблемалары.
- •8. Парникті эффект және оның пайда болу себептері.
- •9. Қышқыл жаңбырлар. Улы тұман.
- •10. Атмосфераның автокөліктермен ластануы.
5. Гидросфера ұғымы мен түсініктері.
Гидросфера – жердiң сулы қабаты. Оған теңiз және мұхит сулары, құрлық сулары (өзендер, көлдер, батпақ, тоғандар, мұздықтар) жер асты сулары, сонымен бiрге атмосферадағы су буы жатады.
Жер – күн жүйесiнiң ең сулы планетасы. Судың негiзгi қоры мұхиттар мен теңiздерде 97% болады, және олар жер бетiнiң 70% — тең көп бөлiгiн алып жатқан дүниежүзiлiк мұхитты түзедi. Дүниежүзiлiк мұхиттың орташа тереңдегi 4000 м. Теңiз және мұхит суларында көп тұздар ерiген, сондықтан теңiз суының дәмi тұзды-қышқылды және iшуге жарамсыз. Дүниежүзiлiк мұхиттың суы буланса, оның құрамындағы тұз мұхит түбiн 60 м қабатта, ал жердi 45 м қабатта жауып қалатын едi. Теңiз суында бiз тағамға пайдаланатын ас тұзы бар, ол суға тұзды дәм берiп тұр. Ал қышқыл дәмдi магний тұздары бередi. Бiр литр теңiз суында шамамен 35 г тұз бар. Судың тұздылығының тiрi организмдер тiршiлiгiнде үлкен маңызы бар. Тұщы және тұзды су қоймаларының өсiмдiк немесе жануар дүниесi бiр-бiрiнен қатты ерекшеленедi, өйткенi барлық организмдер тұзды суда тiршiлiк ете алмайды.
Құрлық суларының дүниежүзiлiк мұхит суынан ерекшелiгi: олар тұщы және iшуге жарамды. Оларда да тұздар бар, өйткенi суда ағып өтетiн тау жынысы еридi, бiрақ өзендер мен көптеген көлдердiң суларында 1 л – де 1 г – нан аз тұздар бар, сонымен су бiзге тұщы дәм бередi. Дүниежүзiлiк мұхитпен салыстырғанда құрлық суы гидросфераның 3% су мөлшерiн алып жатыр, сонымен тұщы суға өте ұқыпты қарау керек, оны үнемдеп, ластамау қажет.
Жерасты сулары жер қыртысында орналасады. Олар тау жыныстарынан ағатын жаңбыр, өзен, көлдер, су қоймаларының суларынан түзiледi. Жерасты сулары тұщы немесе мұзды болады. Олар өте таза, iшуге пайдаланады, әсiресе өзен мен көл аз жерлерде. Топырақтағы суларды өсiмдiктер сiңiредi.
Мұздықтар құрлықтағы мұздардың табиғи жиналуын айтады. Оларда су қатты түрде болады. Мұздықтар ауа температурасы төмен жерлерде – тау басында, Антарктида да түзiледi. Антарктида бетiн жауып жатқан мұздықтар биiктiгi 4-5 км жетедi. Мұздықтарда тұщы судың үлкен қоры бар. Тұщы және тұзды су атмосферада су буы, газды түрiнде болады. Ауада үнемi су буы бар. Бiз оны көрмеймiз. Бiрақ жоғарғы биiктiкте су буынан бұлттар түзiледi. Олар су тамшылары немесе мұз кристаллдарына айналуын келесi сабақтан бiлесiз.
Судың жер бетiнде алатын орны орасан. Оның көмегiмен өсiмдiктер өседi, жауын-шашын түседi, гидроэлектростанциялар, фабрика мен заводтар жұмыс жасайды, сусыз адамдар мен жануарлар тiршiлiк ете алмайды. Адамдардың суға табынуы тегiн емес, оны бағалады, зерттедi, аңыздар мен жырларда айтылды.
Гидросфера – жердiң сулы қабаты. Оған теңiздер мен мұхиттар, құрлық суы, жерасты сулары, атмосфераның су буы жатады. Су гидросферада қатты, сұйық немесе газды күйде бола алады. Суда минералды тұздар ерiген, сондықтан солардың құрамына қарай тұщы немесе тұзды болады.
6. Литосфера ұғымы мен түсініктері.
Литосфера (грекше “lithos” — “тас” + “sphair” — “шар”) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3 км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.
Материктік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде шөгінді жыныстар қабаты, ал одан төменде геофизикалық деректер бойынша, гранит және базальт қабаттары орналасқан. Гранит және базальт қабаттарының шекаралас бөліктерінде сейсмикалық толқындардың жылдамдығы күрт өзгеретіні байқалған. Мұхиттың жер қыртысында гранит қабаты болмайды және шөгінді жыныстар қабаты салыстырмалы түрде жұқа болып келеді. Материктер мен мұхиттардың шекаралас аймақтарында жер қыртысы өтпелі сипат алады. Жер қыртысының осындай құрылымы Еуразияның Тынық мұхитпен шектескен бөлігінде кездеседі. Оған аралдар доғасы мен оны бойлай орналасқан терең мұхит шұңғымалары дәлел болады
Топырақ. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы — кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір-бірімен тығыз байланысты.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В. Докучаев XX ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.
Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болады. Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама берді, ол: топырақ түзілу процесі құнарлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсетті. Платформалар аумағында жер бедері кебшесе жазық болып келеді. бұл — ұзақ уақыт бойы сырткы күштер әсерінен жер бедерінің тегістелуінің нәтижесі. Жазық-платформалық аймақтар құрлық ауданының шамамен 53%-ын алып жатыр. Дүниежүзіндегі аса ірі Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Ұлы Қытай, Ұлы жазық пен Орталық жазық, Амазонка, Ла-Плата және т.б. жазықтар платформалық құрылымдарда орналасқан.
Топырақ – биосфераның басқа элементтерімен үздіксіз алмасып отыратын, олармен тығыз байланысты және биосфераның кейбір элементтеріне (атмосфералық ауа, жер бетілік және жер астылық сулар) өзі де әсер ете алатын өте күрделі ашық система. Топырақ үнемі климат пен ауа райы компоненттері, флора мен фауна, әсіресе соңғы кезде түрлі анторпогендік зиянды әсерлерге ұшырап отыр. Топырақта эрозиялық процестер көбейіп, өздігінен тазару қабілеті нашарлап, құнарлылығы кемуде.
Топырақтың деградациялануының (латын тілінен аударғанда – “төмендеу”, “артқа кету”) негізгі факторлары: эрозия, минералдық тыңайтқыштар пестицидтерді шамадан тыс көп қолдану, т.с.с.