- •2.Биосфера ұғымы мен түсініктері.
- •3. Биосфераның құрылысы.
- •4.Атмосфера ұғымы мен түсініктері.
- •5. Гидросфера ұғымы мен түсініктері.
- •6. Литосфера ұғымы мен түсініктері.
- •7. Биосфераның негізгі қызметі.
- •8. Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы.
- •10. Азот айналымы.
- •11. Фосфор айналымы.
- •12. Су айналымы.
- •13. Оттегінің циклі.
- •14. Үлкен және кіші зат айналым шеңберлері.
- •15. Жердің жалпы құрылысы және эволюциялық даму тарихы.
- •16. Жердің ішкі құрылысы.
- •17.Жердің жұлдыз ретіндегі даму кезеңі.
- •18. Биосфераның бөлімдері.
- •19. Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі.
- •20. Литосфераның даму заңдылықтары.
- •2. Қазақстандағы тұщы су ресурстары.
- •3. Биогеохимиялық айналымдар.
- •4. Ноосфераның пайда болуы және дамуы.
- •5. Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы.
- •6. Қоршаған ортаның биологиялық және химиялық ластануы.
- •7. Әлемдік мұхит проблемалары.
- •8. Парникті эффект және оның пайда болу себептері.
- •9. Қышқыл жаңбырлар. Улы тұман.
- •10. Атмосфераның автокөліктермен ластануы.
5. Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы.
Ластану — адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға залал келтіруі. Ластанудың салдарынан зиянды және улы заттардың мөлшері көбейіп, қоршаған ортаның экологиялық тепе-теңдігі бұзылады. Тіршілік ортасы мен орнына қарай: ғарыштық, атмосфералық, гидросфералық, т.б.; ерекшеліктеріне қарай: физикалық (электрмагнитті, радиоактивті, сәулелі, жарықты, жылулы), химиялық (мұнай, ауыр металдар және олардың тұздары мен тотықтары), биологиялық (микробты, бактериялық, вирусты) және механикалық Ластану (агенттердің өз арасындағы Ластану, мысалы, қоқыс) болып бөлінеді.
Механикалық — қоршаған ортаның, тек механикалық әсерлердің нәтижесінде ластануы. Механикалық ластауышлар шаң, қоқыс.олар органикалық отынды жаққанда және құрылыс материалдарын дайындау процестері кезінде пайда болады.көптеген аурулар ауаның шаң болуымен байланысты:өкпе құрт ауруы(туберкулез),кеңірдектің аллергиялық аурулары және т.б.
Физикалық ластану — радиоактивті заттар, электромагнитгі толқындар, жылу, шулар және тербелістер. Физикалық ластану — бұл бес түрге бөлінеді:
а) Жылулық ластану дегеніміз- қоршаған ортаға жылу-энергетика кешендерінен,мұнай өндіру саласында қосалқы газдарды жаққанда бөлінген, мұнай-химия кәсіпорындарының газ алауларынан және т.б. адамзаттың шаруашылық әрекеттерінен бөлініп шыққан жылумен ауаның, судың, топырақтың жылынуы.
ә) Жарықтық - жергілікті жерлердін табиғи жарық көздерінен баска, жасанды жарық көздері арқылы, өсімдік жөне жануарлар дүниесінің тіршілікету жағдайының өзгеріске үшырауы;
б) Шу, дабыл әсерлері шартты түрде адамды қоршаған ортаның акустикалық ластануына жатады. Бірінші кезекте акустикалық ластанудың әсер тигізетін объектісі болып адам және оның денсаулығы саналады.
в) Электромагниттік сәулелер, гамма және рентген сәулелері тірі организмдердің клеткасына оңай енеді,олар организм арқылы ешқандай әсерін тигізбейөтуі де мүмкіннемесе өткен жолында иондануды қоздыруы мүмкін. .Олардың әсері мөлшерге және энергия түріне, сонымен қатар организм мен сәуле шығаратын көздің алшақтығына байланысты.
г) Радиоактивті ластану.
Радиактивті ластану – қоршаған ортаға өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп туғызады. Ластанудың бұл түрі химиялық ластанудан кейін екінші орынға шықты. Радиациялық ластануды мынадай топтарға бөледі: радиактивті заттардан бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа- (гелий ядросы), бета- (жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулелердің әсерінен болатын радияциялық ластану. Радиоактивті ластану: қазба рудалары, жер қабатындағы радиактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену, радиактивті затарды өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядролық қаруды сынауға байланысты пайда болады.
