
- •2.Биосфера ұғымы мен түсініктері.
- •3. Биосфераның құрылысы.
- •4.Атмосфера ұғымы мен түсініктері.
- •5. Гидросфера ұғымы мен түсініктері.
- •6. Литосфера ұғымы мен түсініктері.
- •7. Биосфераның негізгі қызметі.
- •8. Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы.
- •10. Азот айналымы.
- •11. Фосфор айналымы.
- •12. Су айналымы.
- •13. Оттегінің циклі.
- •14. Үлкен және кіші зат айналым шеңберлері.
- •15. Жердің жалпы құрылысы және эволюциялық даму тарихы.
- •16. Жердің ішкі құрылысы.
- •17.Жердің жұлдыз ретіндегі даму кезеңі.
- •18. Биосфераның бөлімдері.
- •19. Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі.
- •20. Литосфераның даму заңдылықтары.
- •2. Қазақстандағы тұщы су ресурстары.
- •3. Биогеохимиялық айналымдар.
- •4. Ноосфераның пайда болуы және дамуы.
- •5. Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы.
- •6. Қоршаған ортаның биологиялық және химиялық ластануы.
- •7. Әлемдік мұхит проблемалары.
- •8. Парникті эффект және оның пайда болу себептері.
- •9. Қышқыл жаңбырлар. Улы тұман.
- •10. Атмосфераның автокөліктермен ластануы.
3. Биогеохимиялық айналымдар.
Организмдер тіршілігінің барысында биосфераның әртүрлі құрылымдық бөлімдері арасында жүретін энергия және зат айналымын, яғни, химиялық элементтердің тірі организмдердің қатысуымен қозғалуын және өзгеруін биогеохимиялық айналымдар деп атайды. Химиялық элементтер биосферада биологиялық айналымның әртүрлі жолдарымен: тірі затпен жұтылып энергиямен қамтамасыз етіледіде , тірі затты тастап жиналған энергияны сыртқы ортаға беріп үздіксіз айналымда болады. Осындай үлкенді кішілі тұйық жолды В.И Вернадский «биогеохимиялық айналымдар» деп атады. Бұл айналымды екі типке бөлуге болады:1)Газ тәрізді заттардың атмосферадағы және гидросферадағы айналымы, 2)жер қыртысындағы шөгінділер. Күкірт айналымы. Бұл цикл суды, топырақты және атмосфераны қамтиды. Күкірттің негізгі қоры топырақта және тұнбаларда. Күкірт айналымының негізгі буына аэробты тотығу және анаэробты тотықсыздану процестері, керісінше сульфаттың сульфидке дейін өзгеруі жатады. Күкірт айналымы антропогендік әсерге тәуелді. органикалық энергия тасымалдаушылар құрамында белгілі бір мөлшерде күкірт болады. Оттегі айналымы. Оттегі айналымы- фотосинтез процесінен басталады. Оның биологиялақ айналамы 250т/жыл. Ал биосферадағы оның массасы 1014 т. Оттегі жер бетінде ең көп таралған элемент: атмосферадағы мөлшері 23,1%, литосферада 47,2%, гидросферада 86,9%. Ауадағы оттегінің мөлшері ұзақ уақыттыр бойы биологиялық реттеудің арқасында тұрақты деңгейде келе жатыр. Оттегі айналымы мен озон қабатының түзілуіде тығыз байланысты. Фосфор айналымы. Фосфор нуклеин қышқылдарының, клетка мембраналарының, энергия тасымалдаушы жүйелердің, сүйек ұлпасының, дентиннің құрамына кіреді. Фосфор айналымының ерекшелігі: редуценттердің фосфорды органикалық түрден бейорганикалық түрге тотықтырмай көшіретіндігінде.Фосфор айналымын тұйықталған деп есептеуге болмайды, себебі фосфаттардың басым көпшілігі мұхит шөгінділерінде қалып отырады. Фосфордың айналымы құрлықтада да мұхиттарда да жүреді. Фосфор жылжымалы элемент, сондықтан оның айналымы қоршаған ортаның көптенген факторларынаб бірінші кезекте антропогендік факторларға тәуелді. Көміртегі айналымы. Көміртегі айналымы- көмірсулардың, майлардың, белоктардың, нуклеин қышқылдарының және тіршілікке қажет басқа органикалық қосылыстардың негізгі «құрылыс материалдарына» жататын көміртегі биологиялық айналымның негізгі қатысушысы. Осы кезеңде биосферадағы көміртегінің жалпы массасы шамамен 4000 Гт, оның 1000 Гт биомасса үлесіне жатады. Көмір қышқыл газының Жер биосферасында жылжуы екі бағытта жүреді :1) фотосинтез процесі кезінде өсімдіктер көмірқышқыл газын сіңіріп, өсімдіетер массасын құрайды, ары қарай бұл масса көмір, шымтезек түрінде литосфераға ауысады.2) Әлемдік мұхитта еріп, көмір қышқыл газы тірі организмдер немесе химиялық реакциялар көмегімен кальциймен қосылып қуатты корбонатты жыныстар түзеді. Көміртегі айналымы жасыл өсімдіктермен кейбір микроорганизмдердегі фотосинтез процесінде атмосфералық көмір қышқыл газын сіңіруден басталады. Өсімдіктер сіңірген көміртегі бөлігін жануарлар пайдаланып, көмір қышқыл газын бөледі. Тіршілігін жойған өсімдіктер мен жануарлар ең соңында топырақта микроорганизмдер арқылы ыдырайды. Осы ыдырау нәтижесінде ұлпалар құрамындағы қосылыстар көміртегі диоксидіне дейін тотығып , атмосфераға қайтып оралып отырады. Антропогендік әсердің нәтижесінде атмосферадағы көмірқышқыл газының мөлшері көбейіп келеді. Азот айналымы. Азот айналымы -атмосфералық ауаның 78% азот құрайды. Бірақ азот химиялық жағынан белсенділігі төмен элемент. Азот барлық белоктардың құрамына кіреді. Сонымен қатар биогенді элементтердің ішінде организмдердің тіршілік әрекетіне ең қажетті элемент болып саналады. Атмосферадағы бос молекулалық түрдегі азоттың ең аз мөлшері ғана биологиялық айналымға қатысады. Биосферадағы азот айналымын анаэробты бактериялардың және көк жасыл балдырлардың бірнеше топтары жүргізіледі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердегі түйнек бактерияларында азотты сіңіру процесі оттегінің артық мөлшерінен арнайы өсімдік гемоглабинімен қорғалған күрделі ферментті жүйенің көмегімен жүреді. Биологиялық азот сіңіру процесінің тікелей өнімі болып саналатын амин тобы бүкіл организмдер қатысатын айналымға қатысады. Қазіргі кезде азоттың едәуір мөлшерін атмосфераға өнеркәсіп орындары көліктердің ластануы салдарынан түсуде. Су айналымы.Су айналымы- күн энергиясы , тартылу күші , тірі организмдердің тіршілігі және адамның шаруашылық қызметінің әсерімен Жер бетінде судың үздіксіз жүретін, бір бірімен байланысты процесс. Су айналымы табиғат жағдайында былай жүреді: жауын шашын атмосферадан жер бетіне түсіп, топыраққа сіңіріледі немесе су қоймаларына ағады. Мұхиттардың, өзендердіңб құрлықтардың бетінен буланған су булары арқылы тасымалданып, жауын шашынмен бірге немесе шық ретінде жер бетіне қайта түседі. Осылардан басқа су айналымы процесіне өсімдіктердің ауамен жанасатын барлық сыртқы және ішкі беттеріндегі судың булануы және Жердің өте терең қабаттарындағы магмадан бөлінетін оттегі мен сутегіден түзілген жер асты суы жатады. Атмосфералық жауын шашыннан соң су айналымының белсенділігі өзен суларында байқалады. Яғни тек бір жыл ішінде 1000 км3 өзен суларының өзінен 40 есе көп су алынады. Су айналымының тұрақтылығы соңғы 100 жылда адамның араласуынан бұзылы бастады. Ормандар алқабының азаюынан судың булунуы төмендеуде.