- •2.Биосфера ұғымы мен түсініктері.
- •3. Биосфераның құрылысы.
- •4.Атмосфера ұғымы мен түсініктері.
- •5. Гидросфера ұғымы мен түсініктері.
- •6. Литосфера ұғымы мен түсініктері.
- •7. Биосфераның негізгі қызметі.
- •8. Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы.
- •10. Азот айналымы.
- •11. Фосфор айналымы.
- •12. Су айналымы.
- •13. Оттегінің циклі.
- •14. Үлкен және кіші зат айналым шеңберлері.
- •15. Жердің жалпы құрылысы және эволюциялық даму тарихы.
- •16. Жердің ішкі құрылысы.
- •17.Жердің жұлдыз ретіндегі даму кезеңі.
- •18. Биосфераның бөлімдері.
- •19. Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі.
- •20. Литосфераның даму заңдылықтары.
- •2. Қазақстандағы тұщы су ресурстары.
- •3. Биогеохимиялық айналымдар.
- •4. Ноосфераның пайда болуы және дамуы.
- •5. Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы.
- •6. Қоршаған ортаның биологиялық және химиялық ластануы.
- •7. Әлемдік мұхит проблемалары.
- •8. Парникті эффект және оның пайда болу себептері.
- •9. Қышқыл жаңбырлар. Улы тұман.
- •10. Атмосфераның автокөліктермен ластануы.
2. Қазақстандағы тұщы су ресурстары.
Жер бетіндегі әр түрлі мақсаттарға пайдаланылатын тұщы судың қоры қаншама мол болғанымен, жалпы есеппен алғанда, ішуге жарамды су табиғатта аз. Әлемдегі су ресурсын адамзат баласы қалай пайдаланса да аздық етпейді, бұл жердегі проблема – ағзаға зиянын тигізбейтін таза суда, ішетін ауыз суда болып тұр. Мәселе – тұщы судың мол қорында емес, оның химиялық құрамы қандай элементтерден тұратындығында. Судың адамға қажеттілігін ауамен салыстыруға болады. Таза су ішпеген адамнан дені сау ұрпақ тарамайды. Сусыз ас болмайды, сусыз күн көру мүмкін емес, оны бәріміз білеміз.
Адамзатқа алдағы бес-он жылдың ішінде бір амалын таппаса, судың сұрауы қымбатқа түсейін деп тұр. Ішуге жарамды таза су жер қойнауынан шығатын басқа да пайдалы қазбалар сияқты бағалы және шектеулі ресурс, оны жөнсіз ысырап қылмай, жүйелі түрде пайдаланған дұрыс. Жер асты су қорын мен “нәзік ресурс” деп айтар едім. Олай дейтінім, қазіргі техниканың, ғылымның өркендеген заманында таза суды оңай құртып немесе бүлдіріп алуға болады. Қазіргі кезде қоршаған ортаға, соның ішінде жер асты суының бүлінуіне, құрып кетуіне табиғи және техногендік процестер зор ықпал етеді. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы жер асты сулары уран өндірудің технологиясына байланысты бүлініп, жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізуде. Өскемен қаласындағы зауыттардың бірінен кезінде далаға ағып, жерге сіңіп кеткен жүздеген тонна сынап қазір жылжып, Ертіс өзенінің арнасына жақындап қалды. Егер бұның алдын алып, шара қолданбаса, сынап өзеннің суына қосылады да, төменгі ағыстағы елді мекендерге орасан зиян келтіріп, шығынға батырады. Бұл жерде адамдар өз қолдарымен табиғи таза суды жарамсыз етіп отыр.
Созақ жерінде сонау жетпісінші жылдардан бері уран өндіріледі. Уранды жер қойнауынан алу үшін алдымен, қышқылды сумен араластырып ерітіп барып, уранды жоғарыға сорып шығарады, Отыз жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп жатқан уран өндірісінде талай апаттар болды. Жұмыс барысында техникалар істен шығады немесе уранды тасымалдау кезінде әр түрлі ақаулар шығуы мүмкін. Кейде уран қосылған сұйық ерітінділер жер асты суларына қосылады да, ауыз судың құрамы уранмен уланады.
Аудан аумағында малмен күндерін көріп отырған қазақтар радиоактивті су ішіп отыр. Салыстырып қарасақ, олардың жағдайы Семей полигоны маңайында тұратындардан да жаман. Мемлекеттің бірінші байлығы – халық, не істелсе де, не нәрсе өндірілсе де, адамның, халықтың игілігі үшін істелуге тиіс. Сондықтан, алдымен Созақтағы 5 мың халықты экологиясы бүлінбеген басқа аймаққа көшіріп барып, уран байытуды әрі қарай жалғастыру керек деп ойлаймын.
Қазақстанның жер асты су қоры мол. Біз елдегі ауыз су проблемасын өзіміз жасап отырмыз. Гидрогеологтарымыз республика бойынша, тәулігіне 17 мың текше метр су беруге мүмкіндігі бар, 494 жер асты су көздерін баяғыда тауып қойған. Мәселе сол суды жер бетіне шығарып, халыққа жеткізуде. Мысалы, Қызылорда облысында су тапшы дейміз, қате пікір. Жер асты суын 120-150 метржерден шығаруға болады. Суы да жақсы, жері де жұмсақ, Алматының тас араласқан жерін бұрғылаудан Қызылорданың құмын бұрғылау 5 есеге оңайға түседі. Тек қаржы керек.
Дүние жүзінде жыл сайын шамамен 5 миллион адам ауыз сумен тарайтын әр түрлі аурулардан көз жұмады екен. Бұл әлемнің шартарабында болып жатқан соғыстар мен қақтығыстарда қаза болғандардың санынан 10 есе көп, сондықтан ауыз су мәселесіне ат үсті қарауға болмайды. Республикамызға гидрологиямен тікелей айналысатын, оның жұмыстарын үйлестіріп, жүйелі түрде жұмыс істейтін мемлекеттік құрылым керек.
