- •2.Биосфера ұғымы мен түсініктері.
- •3. Биосфераның құрылысы.
- •4.Атмосфера ұғымы мен түсініктері.
- •5. Гидросфера ұғымы мен түсініктері.
- •6. Литосфера ұғымы мен түсініктері.
- •7. Биосфераның негізгі қызметі.
- •8. Биосферадағы биохимиялық циклдер және зат айналымы.
- •10. Азот айналымы.
- •11. Фосфор айналымы.
- •12. Су айналымы.
- •13. Оттегінің циклі.
- •14. Үлкен және кіші зат айналым шеңберлері.
- •15. Жердің жалпы құрылысы және эволюциялық даму тарихы.
- •16. Жердің ішкі құрылысы.
- •17.Жердің жұлдыз ретіндегі даму кезеңі.
- •18. Биосфераның бөлімдері.
- •19. Биосферадағы тірі ағзалардың қызметі.
- •20. Литосфераның даму заңдылықтары.
- •2. Қазақстандағы тұщы су ресурстары.
- •3. Биогеохимиялық айналымдар.
- •4. Ноосфераның пайда болуы және дамуы.
- •5. Қоршаған ортаның механикалық және физикалық ластануы.
- •6. Қоршаған ортаның биологиялық және химиялық ластануы.
- •7. Әлемдік мұхит проблемалары.
- •8. Парникті эффект және оның пайда болу себептері.
- •9. Қышқыл жаңбырлар. Улы тұман.
- •10. Атмосфераның автокөліктермен ластануы.
20. Литосфераның даму заңдылықтары.
Жер шарын салыстырмалы түрде жұқа, біртұтас қатты қабық түрінде көмкеріп жатқан литосфера — географиялық қабықтың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Литосфераның жоғарғы бөлігі болып табылатын жер қыртысының 90%-дан астамын 8 химиялық элемент: оттек, кремний, алюминий, темір, кальций, натрий, калий, магний құрайды (2-кестені қараңдар).
Тектоника ғылымында ұзақ уақыт бойы жер қыртысының платформалық-геосинклинальдық дамуы жайлы тұжырымдама басым болып келді. Бұл тұжырымдама бойынша, материктік жер қыртысы салыстырмалы түрде тұрақты бөліктерге — платформаларға және қозғалмалы бөліктерге — геосинклинальдарға жіктеледі. Жер қыртысының үздіксіз дамуы нәтижесінде геосинклинальдар платформаларға айналады, бұл процесс екі кезеңде жүзеге асады. Ұзаққа созылған алғашқы кезеңде қатты майысып, су басқан жер қыртысының ойыстарында қалыңдығы 15—20 км-ге жететін шөгінді жыныстар жиналады. Салмақ күшінің артуына байланысты Жердің ішкі қойнауындағы күштер ара салмағы өзгереді. Соның нәтижесінде геосинклинальдарда жер сілкінулер, жанартау атқылаулары күшейіп, қатпарлану жүреді. Осылайша биік таулар түзіледі. Ал неғұрлым қысқа уақытты қамтитын екінші кезеңде түзілген тау жүйелері сыртқы күштердің әсерінен үгіліп аласарады. бұл процесс көбінесе материктер аумағында жүзеге асатындықтан, "платформалық-геосинклинальдық" дамуы жайлы тұжырымдама Литосфералық тақталар саны тұрақты емес; геологиялық уақыт аралығында олар рифтілер арқылы бөлшектеніп немесе тектоникалық қозғалыстар әсерінен қайта бірігіп отырады. Материктер мен мұхиттар географиясынан жер қыртысының даму барысында бірнеше ірі тақталар болған және бөлшектен. Қазіргі кезде Жер шарында 7 ірі және ондаған ұсақ литосфералық тақталар ажыратылады.
Тектоникалық картадан ірі литосфералың тақталарды, рифтілердің және шұңғымалардың таралу аудандарын анықтаңдар.
Материктік және мұхиттың жер қыртысы. Литосфераның беткі жұқа қабығы жер қыртысын құрайды. Ол құрамы мен құрылысына қарай материктік және мұхиттық деп бөлінеді.
Материктік жер қыртысының жоғарғы бөлігінде шөгінді жыныстар қабаты, ал одан төменде геофизикалық деректер бойынша, гранит және базальт қабаттары орналасқан. Гранит және базальт қабаттарының шекаралас бөліктерінде сейсмикалық толқындардың жылдамдығы күрт өзгеретіні байқалған. Мұхиттың жер қыртысында гранит қабаты болмайды және шөгінді жыныстар қабаты салыстырмалы түрде жұқа болып келеді. Материктер мен мұхиттардың шекаралас аймақтарында жер қыртысы өтпелі сипат алады. Жер қыртысының осындай құрылымы Еуразияның Тынық мұхитпен шектескен бөлігінде кездеседі. Оған аралдар доғасы мен оны бойлай орналасқан терең мұхит шұңғымалары дәлел болады.
Материктік жер қыртысы платформалар мен геосинклинальдарға жіктеледі. Платформалар аумағында жер бедері кебшесе жазық болып келеді. Бұл — ұзақ уақыт бойы сырткы күштер әсерінен жер бедерінің тегістелуінің нәтижесі. Жазық-платформалық аймақтар құрлық ауданының шамамен 53%-ын алып жатыр. Дүниежүзіндегі аса ірі Шығыс Еуропа, Батыс Сібір, Ұлы Қытай, Ұлы жазық пен Орталық жазық, Амазонка, Ла-Плата және т.б. жазықтар платформалық құрылымдарда орналасқан.
Негіздері архей мен протерозойда қалыптасқан ежелгі платформалар қалқандар мен тақталардан құралады.
Қалқандарда платформаның негізін құрайтын кристалды жыныстар жер бетіне шығып жатады, оларға көбінесе қыратты-үстіртті жер бедері сәйкес келеді. Қалкандарды құрайтын жыныстардың ерекшелігіне байланысты оларда үгілу біршама баяу жүреді. Платформаның қалқаннан тыс, шегінді жыныстармен жабылған бөлігін тақта деп атайды.
Неотектоникалық қозғалыстар әсеріне ұшыраған платформалар қозғалмалы сипат алады. Мәселен, мезозой және альпі қатпарлықтары әсерінен Қытай платформасының тұтастығы бұзылып, бірнеше беліктерге ажырап кеткен; қазіргі кезде оның аумағында жерсілкіну жиі байқалады. Сондықтан оны параплатформа (қозғалмалы) деп атайды. Тттжі күштердің әсерінен кейбір платформалардың іргетасында терең жарықтар пайда болып, интрузивті жыныстардың жоғары көтерілуі жүрген. Соның әсерінен жарылыс күшті жүрген Сібір және Үндістан платформаларында бағалы металдар мен асыл тастардың бай кен орындары түзілген.
С 1. И.В.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі.
Биосфера – Жердің тіршілік бар жұқа қабығы. Қазіргі заманғы түсініктер бойынша биосфераны заттардың планета аралық айналымын ұстап тұратын ғаламдық экосистема ретінде қарастырады. Қазіргі өмір Жердің жоғарғы қабатында(литосферада), ауаның төменгі қабатында (атмосферада) және су қабатында (гидросферада) таралған. Биосфера терминің 1875 жылы Австрия ғылымы Э.Зюсс енгізді. Биосфера туралы әләмнің негізін салған орыстың ұлы ғалымы – академик В.И. Вернадский. Оның классиқалық еңбегі «Биосфера» 1926 жылы жарыққа шықты бірінші рет. Жер қабатының негізгі физико-химиялық қасиеттерін калыптастыруда және ұстап тұрады «тірі заттардың» (Биотаның) ролі туралы тезисті ұсынды. В.И.Вернадский биосфераның негізгі үш құрамдас бөлігін атап көрсеткен: газдық (атмосфера), су (гидросфера) және тас (литосфера), сондай-ақ өлі заттарға қарама-қарсы - «тірі заттарды» атап өткен.
Осыдан үш млрд жылдар бұрын пайда болған қазіргі биосфераның құрамында тірі организмдер, олардың қалдықтары, сондай-ақ олар мекендейтін және олардың әсерінен өзгерген атмосфера,гидросфера және литосфера зоналары кіреді. Планетадағы барлық тірі организмдердің жиынтығын В.И.Вернадский тірі заттар деп атайды. Биосфераның құрамынатірі затармен(өсімдіктер,жануарлар және микрооргангизмдермен) қатар, биогенді заттар (тірі заттардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда болған өнімдер – тас көмір, мұнай, битум), биокосты заттар (тірі организмдерді тіршілік әрекеті мен өлу заттардың негізінде пайда болған – топырақ, қасиеттері тірі организмдердің әрекетіне байланысты барлық табиғи сулар) және қосты заттар – түзілулеріне тірі организмдер қатыспайтын заттар (пайда болу тегі магмалық, бейорганикалық тау жыныстары, космостық шан, метеориттер) кіреді.
Қазіргі жағдайларда, әсерінен биосфера ары қарай дамитын адам қағамының пайда болуы, биосфераның өзінің сапалық құрамының өзгеруіне, оның ноосфераға ауысуына әкелді. Ноосфера деп адамның ақыл ойға негіздерген іс-әрекеті шешуші фактор болып табылатын табиғат пен қоғамның арақатынасының сферасын айтады. «Ноосфера» грек созі («Ноос» - ақыл, парас), ақыл, парасат сферасы деген ұғымды білдіреді.
Жер бетінде адамзаттың пайда болуы, міндетті түрде биосфераның жаңа түрінің пайда болуын, оның адамның мақсатты іс-әрекеттері қамтитын ноосфераға, ақыл, парасат сферасына өтуін анықтады. В.И.Вернадский, адамның ақыл, парасаты мен ғылыми түсініктерінің ролін бағалай отырып мынадай корытындыларға келді:
- ғылымның дамуы, адамзат тіршілік ететін биосфераны өзгертетін күш болып табылады;
- ғылымның дамуымен бірге жүретін биосфераның өзгерістері болмай қалмайтын құбылыс;
- бұл өзгерістер адамның еркіне байланыссыз, стихиялы түрде, табиғи процесстер сияқты жүреді.
Биосфераның қалайда ноосфераға, яғни адам мен табиғат дамуында адамның ақыл, парасаты шешуші роль атқаратын сфераға айналатыны туралы В.И.Вернадскийдің қорытындылары В.И.Вернадскийдің ноосфера заңы деп аталды.
