
- •«Әлеуметтану» пәні бойынша (іі кредит) Тест Сұрақтары.
- •1. Әлеуметтану ғылыми пән ретінде.
- •2. Әлемдік әлеуметтанудың негізгі тарихи даму кезеңдері.
- •3. Хіх ғасырдың екінші жартысы мен хх ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік ой - пікірлер тарихынан.
- •4. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.
- •5. Қоғамның әлеуметтік жіктелуі (стратификация) және әлеуметтік мобильділік теориясы.
«Әлеуметтану» пәні бойынша (іі кредит) Тест Сұрақтары.
1. Әлеуметтану ғылыми пән ретінде.
1.«Қоғамның» анықтамасы -адамзат дамуының белгілі бір тарихи кезеңінде өз қажеттерін канағаттандыру мақсатында тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде өзара байланысқа, қарымқатынасқа түскен, өзінөзі басқарып, өзінөзі жетілдіріп отыратын, әлеуметтенген адамдардың жиынтығы.
2.«Әлеуметтік ұғым»-бұл жеке адамдар немесе әлеуметтік топтар арасындағы өзара әрекеттің нәтижесінде пайда болатын құбылыстар мен үдерістер.
3.Әлеуметтік топ– қоғамдағы немесе әлеуметтік жүйедегі мүдделері мен құндылықтары ортақ, мақсаттас адамдардың біршама тұрақты қауымдары мен бірлестіктері.
4.Әлеуметтану ғылымы зерттейді-қоғамның әлеуметтік қырларын, оның әр түрлі салаларының қызметтерін ашып береді.
5.Әлеуметтік жүйе -адамдар арасындағы тұрақты қатынастардың жиынтығы.
6.Әлеуметтанудың объектісі -бізді қоршаған өмір, ол адам , оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, әлеуметтік топ, ұйымдар мен институттар, т.б.) мен барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, мінезқұлқы т.б.
7.Әлеуметтанудың пәні-адамдардың әлеуметтік әрекет үстіндегі әлеуметтік мінезқұлқы дей отырып, ол әлеуметтануды әлеуметтік әрекетті түсіндіретін ғылым деп санады.
8.Әлеуметтанудың категориялары- алуан түрлі, бірақ бір бірімен тығыз байланыста болады. Олар әлеуметтік әрекеттің, яғни объектінің мәнді жақтарын, өзіндік белгілері мен қасиеттерінің бәрін қамтиды: "әлеуметтік жүйе", "әлеуметтік байланыс", "әлеуметтік қатынас", "әлеуметтік үдеріс", "әлеуметтік тұлға", "әлеуметтік бірлік", "әлеуметтік құрылым", "әлеуметтік ұйым", "әлеуметтік институт", "әлеуметтік бақылау", "әлеуметтік басқару"; "әлеуметтік ережелер" (бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі); "әлеуметтік стратификация", "әлеуметтік рөл", "әлеуметтік мәртебе", "әлеуметтік тәртіп", "әлеуметтік сана", "әлеуметтік талап-тілек", "әлеуметтік топ", "әлеуметтік мүдде", "әлеуметтік тұтыну", "әлеуметтік қауіпсіздік", "әлеуметтік қорғау", "әлеуметтік белсенділік", т.б
2. Әлемдік әлеуметтанудың негізгі тарихи даму кезеңдері.
9. Мемлекет ізгілікті, үлкен жақсы отбасы іспеттес құрылуы керек, ал басқарушы әкей сияқты азаматтар жөнінде қамқорлық жасауы, сол сияқты азаматтар да оны құрметтеп, туысқанындай бірін бірі жақсы көруі қажет деген: Конфуций
10.Конфуций қоғамға мынандай принцип ұсынды: Ол қоғамда әлеуметтік үйлесімділік принципін ұсынды.
11. Қоғамды тірі организм санаған: Конфуций
12. «Қоғам басшысынан бастап бұзылады» деген: Платон "Мемлекет туралы" еңбегінде.
13. Платонша мемлекет: мемлекет адамдардың бәріне әділ болуы керек деп көрсетті
14. Платон қоғамды басқарудың негізгі құралы ... деді: Бедел
15. Аристотельше мемлекеттің негізгі мақсаты: Оның пікірінше, адамдар мемлекетке белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді, сондықтан мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттікке жету болып табылады.
16. Аристотельше дұрыс мемлекет: ол қоғамдық игілікті көздеген мемлекетті дұрыс мемлекет деп саналады.
17. "Қоғамдық келісім тұжырымдамасының" авторы кім? Томасс Гоббс
18. Әлеуметтік - саяси үдерістерді адамзат қоғамының дамуы ретінде қарап, мемлекеттің рөлі азаматтардың өмірге, еркіндікке және жеке меншікке құқығын қорғауда жатыр деген: Дж Локк
19. Замандастары әлеуметтану ғылымы жоқ кезде әлеуметтанушы деп атаған: Монтоскье
20. Қоғам заңдары оған сырттан келмейді, оны ешкім де алып келмейді, олар оның ішінде оның өзінің ішінде болып жататын жеке әлеуметтік құбылыстар деген: Монтоскье
21. Адам туралы позитивті ғылымның алғаш ауқымын айқындаған: Огюст Конт (Сенсимон)
22. Әлеуметтану ғылымының негізін салушы: Огюст Конт
23. Огюст Конт қоғамды ... жүйе ретінде қарастырды: Әлеуметтік жүйе
24. Қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде алғаш зерттеген: Огюст Конт
25. Огюст Конттың пікірінше, қоғамның ілгері дамуының негізінде жатқан: Адамзаттың ақыл-ойының дамуы жатыр деп санады. Сондай-ақ ол ақыл-ойдың дамуы-адамзаттың дамуының басты принципі деп есептеді.
26. Алғаш әлеуметтік статика, әлеуметтік динамика туралы әлеуметтанулық тұжырымдамалар жасаған: Огюст Конт
27. Г.Спенсер өзінің әлеуметтанулық тұжырымдарын ... негіздеді: Дарвиннің идеологиялық түрлерінің пайда болу теориясы.
28. Г.Спенсер қоғамды ... ретінде қарастырды : Тірі организм ретінде қарастырды.
29. Биологиялық организмнің эволюция заңын қоғамға алғаш пайдаланған : Спенсер
30. Эволюция дегеніміз: Қозғалыстың барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белгілі өзара байланысқан әртекті күйге өтетін заттар интеграциясы.
31. Әлеуметтану ғылымыны әлеуметтік өсу, әлеуметтік институт, әлеуметтік құрылым және функция т.б әлеуметтанулық ұғымдарды тұңғыш енгізген: Спенсер
32. Қоғамның объективтік-матералистік теориясын жасаған, қоғамның дамуын ерекше бір құбылыс ретінде қарастырған: К.Маркс
33. Қоғамды жікке, топқа бөлудің негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдықтарына меншік нысанына байланысты екенін көрсеткен: К.Маркс
34. Қоғамның әлеуметтік құрылымы таптардың экономикалық қатынастары арқылы анықталады деген: К.Маркс
35. К.Марксше қоғамның дамуының ең басты, қозғаушы, шешуші күші: Экономикалық сала
36. Замандастары XX ғасырдың әлеуметтану ғылымының кіндік шешесі деп атаған: К.Маркс
37. Алғаш қоғамның әлеуметтік құрылымы теориясын жасаған: К.Маркс
38. К.Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымын ... арқылы анықтады: Экономикалық қатынастар
39. Француз әлеуметтану мектебінің негізін салушы: Э.Дюркгейм
40. Э.Дюркгеймнің әлеуметтік теориясының өзегі: Әлеуметтік келісім
41. Әлеуметтану ғылымын теориялық жағынан негіздеуге бірінші көңіл бөлген: Э.Дюркгейм
42. Өз тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орынды алады деп санаған: Э.Дюркгейм
43. Әлеуметтанулық тұжырымның өзегін құраған әлеуметтік келісім мен ынтымақтастық (теория солидарности) теорияны зерттеген: Э. Дюркгейм
44. Э.Дюркгеймше қоғамның тұтастығының негізі құрайтын: ұлттық сана
45. Дінді қоғамның өзі, қоғамдағы барлық киеліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеген: Э.Дюркгейм
46. М.Вебердің әлеуметтануы ... туралы ғылым: саналы адамның іс әрекеті
47. М.Вебердің пікірінше, әлеуметтанудың басты міндеті: қоғамның әлеуметтік-тарихи құбылыстарының субъективтік заңдылықтарын ашу.
48. Бюрократияның дамуын тарихи үдерістің жағымды болашағы ретінде дәлелдеген әлеуметтанушы: Вебер
49. «Әлеуметтік әрекет» ұғымын әлеуметтануға ендірген: Вебер
50. Әлеуметтану саналы адамның әлеуметтік іс-әрекеті туралы ғылым деген: Вебер
51. Әлеуметтанулық ғылымның әдістемесі мен таным теориясына үлкен үлес қосқан: Вебер
52. Индивидтер өз әрекетін субъективті мағынамен байланыстырсы ғана әрекет деген: Вебер