Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЮВА шпор=)) УРРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
  1. Солтүстік-Шығыс Азия субаймақтық ерекшеліктерін көрсетіңіз

Солтүстік Шығыс Азия- Азия тынық мұхитының субаймағы болып табылады.Солтүстік Шығыс Азия аймағына Солт Шығыс жағындағы ҚХР,Аомынь,Сянган,Корея , Монголия Ресейдің қиыр шығысы Жапония кіреді. Монғолиядан басқа Солт Шығыс елдерге кіретін мемлекеттер территориалды жағынан да,тікелей немесе жанама болса да Тынық мұхитының аква-ториясында бірігеді. Ал Ресейден басқа елдердің діни нәсілі ұқсас келеді және аймақтың барлық елдеріне Екінщі Дүниежүзілік соғыстың салдарынан Корей түбегінің бөлінуі, және КСРО әсер етті. Территориалды жағына көз жүгіртсек соның ішінде Қытай ен үлкен аумақты алып жатыр. Ал ең кіші аймақ – Аомынь,бар жоғы 16 шаршы км. Аомыньда негізі қытайлар өмір сүреді. Бірақ мемлекеттік тіл-португал. Экономикасын негізінен- тоқыма өндірісі алып жатыр. Солтүстік Шығыс Азия елдрерінің экономикасы тез қарқынмен дамуда.Оған Жапония мен Қытайды алуға болады.Себебі экономикасы дамыған 10 елдің қатарында Жапония мен Қытай кіреді. Кең таралған дін-буддизм. Бірақ Монғолияда – шаманизм болса,Жапонияның жартысы-синтоизм дінін ұстанады. Территориясы 10,5 млн шаршы км. Аймақтың халқы дүние жүзінде 20% алып жатыр. Солтүстік-Шығыс Азияны   ерекше субаймақ деп атауға  болады, ол тек құрамына ең ірі әскери державалардың кіруіне ғана байланысты емес, сондай-ақ  болашақтағы аймақтық интеграцияның  шарттары тұрғысынан алып қарағанда да Азияның басқа субаймақтарынан  ерекшеленеді.

Солтүстік-Шығыс Азиядағы қарым-қатынасты тереңдету мен болашақта интеграцияны жүзеге асыру үшін аймақта саяси тұрақтылықты орнату қажет.

Қазіргі кезде «суық соғыс» кезіндегі сияқты американ-кеңес қарсылығы болмаса да, одан кейінгі период жаңа Америка мен Қытай арасындағы жағдайдың шиеленісуімен сипатталады. Солтүстік-Шығыс Азияда әлі де дүниежүзілік соғыс пен «суық соғыстың» қалдықтары сақталған: Корей түбегінің бөлінуі, Тайвань мәселесі, жапон-ресей территориялық келіспеушіліктері.

Солтүстік-Шығыс Азия субаймағы геосаяси тұрғыдан алып қарағанда АТА-дағы тұрақтылық үшін ең маңызды болып табылады. Экономикалық жағынан АТА-дағы ең дамыған ел – Жапония. Болашақтағы аймақтағы мүмкін маңызды мәселелердің бірі болып, Жапонияның Азияда басымдылық көсетуі болады деген болжаулар да айтылады, әсіресе Американың Солтүстік-Шығыс Азиядан әскери және саяси жағынан кету туралы шешім қабылдаған жағдайда. Қалған үшеуі ядролық қаруы бар әскери державалар.

  1. Оңтүстік-Шығыс Азия субаймақтық ерекшеліктерін көрсетіңіз

  1. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің (асеан) интеграциялану ерекшеліктерін сипаттаңыз

Қазіргі кезде әлемде аймақтық сипаттағы шамамен екі жүз интеграциялық үлгілері бар. Барлық аймақтық бірлестіктерде экономикалық байланыстар күші әртүрлі, капитал, тауарлар мен қызметтер, сонымен қатар еңбек ресурстары нарықтарының интеграциясының нақты деңгейі бойынша да айрықшаланады. Көптеген мемлекеттер бір уақытта бірнеше аймақтық топтардың мүшесі болып табылады.

90 жылдардың II жартысынан бастап шығыс азиялық интеграция Еуропадан кейінгі әлемде екінші интеграция жүйесіне айналды. Шығыс Азия елдерінің жоғары даму динамикасы, олардың ҿзара жҽне сыртқы аймақтық державалармен сҽтті, нҽтижелі диалогы Шығыс Азия аймағын бұрынғы Еуропа сияқты ҽлемнің экономикалық жҽне саяси тартылысының негізгі орталығына айналдырады. Мҽселен, 90 жылдары аймақта 15 ресми жҽне бейресми интеграциялық үлгідегі ұйымдар жұмыс жасады. Олардың негізгісі – АСЕАН (1967ж.). Бұл Оңтүстік - шығыс Азияның 10 елі мүше болатын субаймақтық ұйым. «10+1» схемасы бойынша аймақтан тыс серіктестермен (АҚШ, Канада, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Ресей, Австралия, Жаңа Зеландия, Үндістан, ЕО) жылдық постминистрлік кездесулер тұрақты сипатқа ие болды, яғни асеандық «ондық» жҽне серіктестердің бірі. Мҽселен, 2010 жылы АСЕАН+Қытай еркін сауда аймағының қалыптасуы Оңтүстік - Шығыс Азияның экономикалық ҿміріне Қытайдың экономикалық ресурстарын қосуға мүмкіндік берді. Мұндай аймақтың құрылуы аумақтық даулар шиеленісе қалса немесе ҽскери - саяси мҽселелер туындай қалса күшті амортизатор рҿлін атқарады. Осындай түсіністік шеңберінде АСЕАН инвестиция жҽне еркін сауда аймағын қалыптастыруды тездетуді, АСЕАН - ның ескі және жаңа мүшелерінің арасындағы экономикалық алшақтықты азайтуға көңіл бөлуді, ірі аймақтық маңызды жобаларға назар аударуды («Үлкен Меконг» жобасын дамыту, Сингапур – Куньмин теміржол магистралінің құрылысы) шешті. Сонымен қатар, 2012 жылға дейін АСЕАН - Жапония еркін сауда зонасын құру жайында келісімге қол қойылды 2005 жылдың желтоқсанында Куала - Лумпурде АСЕАН+3 форматы шеңберінде оған кейін Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия, Ресей мен АҚШ -тың қосылу мүмкіндігі бар бірінші Шығыс Азия саммиті ҿтеді (ШАС). Шығыс Азия еркін сауда аймағын құру жобасы бойынша жұмыс басталды (АСЕАН, Қытай, Жапония мен Корея Республикасымен). Шығыс Азиялық ЕСА - н құруда басты кедергілер - аймақ елдерінің экономикалық даму деңгейі мен адам басына шаққанда орташа табыстағы ерекшелік, ҽлемдік нарықтарда тауарлар бҽсекелестігінің қиындауы, кейбір елдердің экономикаларындағы тұрақсыздық, қаржылық - экономикалық саясатта келісімнің болмауы. Саяси факторлар да бар –Жапония мен Қытай арасындағы аймақтағы басшылық үшін бәсекелестік жҽне Австралия мен Жаңа Зеландияның бұндай аймақты құруға қатысты көзқарастары. Бірақ та жаһандық жҽне аймақтық мҽселелер (қаржылық дағдарыс сабағы, әлемдік ланкестік қауіпі, стихиялық дағдарыстар мен эпидемиялар, энерготасымалдаушылар бағасының өсуі) мемлекеттерді экономикалық интеграцияға түрткілейді.

Шығыс азиялық қауымдастық ҿзіне тҽн белгілерге ие болып, ҽлемдегі ең күшті интеграциялық бірлестіктерге айналуда.Қалыптасудың қиындығына қарамастан Шығыс Азияны қамтитын кҿпжақты экономикалық форматтар – АТЭҚ, АСЕАН, АСЕАН+3, АСЕАН+Қытай, АСЕАН+Жапония, АСЕАН+Оңтүстік Корея, АРФ, ШАС –тұрақтандырушы саяси рөл ойнайды.Жалпы, Шығыс Азия аймағындағы интеграциялық үрдістер қарқынды дамып жатыр деуге болады, бірақ Еуропа жҽне Солтүстік Америка үлгілерінен ҿзгеше болып келеді. Бұнда әлі де ресми түрде жалпы аймақтық кедендік одақтар немесе интеграциялық үдерістерді реттеудің бірыңғай саясаты жоқ. Шығыс Азия аймағындағы интеграциялық үдерістердің еуропалық интеграциядан ерекшелігі интеграцияның экономикалық алғышарттары пайда болу үшін біршама саяси шаралардың қолданылуында. Мҽселен, АСЕАН жұмысы басында саяси салада тиімдірек болды. Сондай - ақ, Шығыс Азияның аймақтық интеграциясы «субаймақтық экономикалық зоналар» (ресми кедергілерді шектеулі түрде алып тастау) үлгісі негізінде жұмыс істеуде, яғни аймақтағы ерекшеліктердің біріне экономикалық ынтымақтастықтың жаңа динамикалық формасының - экономикалық даму аймақтарының пайда болуын атап кетуге болады.

Сонымен қатар, интеграциялық үдерістердің жоғары қарқыны Солтүстік - Шығыс Азияға қарағанда, аймақтың оңтүстік - шығыс бҿлігінде көрініс алады. Жалпы, Шығыс Азиядағы бірігу үрдістерінің негізгі орталығы, яғни интеграцияның ядросы Оңтүстік - Шығыс Азия немесе АСЕАН болып табылады, ал басқа беделді аймақтық бірлестіктермен институттар осы ұйым «кеңістігінде» қызмет етуде. Олар АСЕАН тетіктеріне негізделіп, ресми түрде аталған ұйымның құндылықтарын бҿліседі. Шығыс Азия аймағында интеграциялық идеялармен тұжырымдамалар бір - бірімен араласып, ұлттық, аймақтық және жаһандық деңгейде үлкен рөл ойнауда.

  1. АТА-ғы интеграциялық үрдістердің себептерін көрсетіңіз

АТА (Азия Тынық мұхит елдері) – Тынық мұхиты жағалауларында немесе ортасында орналасқан көптеген негізгі мемлекеттерді білдіретін саяси және экономикалық термин. Аймақтың ең елеулі елдеріне: Шанхай, Гонконг, Сингапур, Куала-Лумпур, Сеул, Токио, Лос-Анджелес, Сидней, Мельбурн, Сан-Франциско, Сиэтл және Ванкувер жатады. Азия Тынық мұхит аймақтарының мемлекет аралық және мемлекеттік емес ұйымдардың көбісінің штаб-пәтері Гонолулуда (Гавайи) орналасқан. Аймақта экономикалық және басқа қорларының үлкен әртүрлілігі бар. Мысалы, динамикалық түрде дамып жатқан Гонконг, Тайвань мен Сингапур және Жапония, АҚШ, ТАйваньн мен Корей елдерінің жоғары технологиялары, Австралия, Канада, Филиппин және Ресей Қиыр шығысының табиғи қорлары, Индонезия мен Қытайдың адам қоры, Чили, Жаңа Зеландия, Филиппин, АҚШтың жоғары ауылшаруашалық өнімі. Көптеген экономисттердің айтуы бойынша Әлем экономикасының орталығы осы аймақ айналуы болу мүмкін дейді. Құқықтың дамуы және АТА-да халықаралық қатынастарды реттеу басқа да әлемдік аймақтардағыдай келесі ұйымдармен байланысты. Олар: АСЕАН, АТЭС, АРФ, ШОС және т.б. Интеграциялық процесстердің баяулығына әсер еткен негізгі факорлар:

АТА мемлекеттері аймаққа жатпайтын тарихи мемлекеттермен ынтымақтастық сақтағысы келуі.1980-жылдардың ортасында ішкі тауар айналымының, капитал мен қаржылай көмектің интенчификациялануы басталды. АТА мемлекеттерінің ішкі экспорты 1970 ж 28%-тінен 1992 ж 45%-ға шейін өсті. Импорт болса осы мезгілде 29%-тен 53%-ке шейін-өсті. Субаймақтық дәрежеде интеграционалдық процесстер шешуші болып табылады. Оларда ұймдық саяси формалары болу мүмкін. Институционалды ұйымдардан келесілерді бөліп көрсетсе болады:

  • АСЕАН;

  • АН­ЗСЕР­ТА

Ресми түрде болмаса да нақты инеграцияға – экономикалық өсідің үшбұрыштары: ҚХР, Гонконг пен Тайвань жатады. АСЕАН 1967 ж құрылды. Басында 5 мемлекет кіретін: Сингапур, Малайзия, Таиланд, Филиппины, Индонезия 1984 ж – Бруней, 1995 ж – Вьетнам АСЕАН дамушы елдер арасындағы ең ықпалды қоғамдастық. 1989 ж Азиялық тынық мұхит форумының (АТЭС немесе АРЕС) құрылуы. Басында 12 мемлекет кірді: АҚШ, , Ка­на­да, Ав­ст­ра­лия, NZ, Япо­ния, Рес­пуб­ли­ка Ко­рея және 6 мемлекет мүшелер. 1991 ж ҚХР, Гон­конг, Тай­вань қосылды, 1993 ж Мек­си­ка, Па­пуа Но­вая Гви­нея, ал 1994 ж Чи­ли. Қазіргі кезде форумға 18 мемлекет қатысады. Азиялық тынық мұхит аймағы геополитикалық процесстердің тереңдігімен, бүкіл халықаралық геосаяси күшімен ақырындап Әлемнің бірінші орнына бара жатыр.

13. АТА-ғы интеграциялық үрдістердің саяси-экономикалық қайшылықтары мен қиындықтарына сипаттама беріңіз

Азия-Тынық мұхит аймағы 1989 жылы Австралияның бастамасымен құрылған халықаралық ұйым. Мақсаты: АТА халықтарының мүддесіне сәйкес экономикалық дамуды қамтамасыз ету; дүние жүзілік экономиканың дамуға жәрдемдесу; аймақтық өзара экономикалық тәуелділік жағдайында көпжақты еркін сауда жүйесін қамтамасыз ету; Азия-Тынық мұхит аймағындағы ашық сауда мен инвестициялық саясаттағы кедергілерді жою; аймақтық ынтымақтастықта еркін сауда принциптерін жүзеге асыру. Одаққа 62 ел мүше.

Азия-Тынық мұхиты аймағындағы ерекшеліктер - Олар: - Азия-Тынық мұхиты аймағы жүйесіндегі күштердің әлемдік орта (АҚШ, Жапония; ҚХР, "Азия жолбарыстары", Ресей) мүдделерінің өзара тоғысуы.

Зерттеулер көрсетіп отырғандай, күштердің әрбір тобы белгілі бір саясатты жүргізеді және күштердің кез келген тобында шамшылдық бағдарламалардын бар екендігін көруге болады. - күштердің қарама-қайшылығы мемлеттердің инвестициялық өктемдігін жүргізуінде жүзеге асырылады.  Мысалы, Үлкен Қытай экономикасында инвестициялау көлемі бойынша Тайвань, Сянган, Аоэмень (Аомынь), Сингапур лидерлік орынға ие, екінші орынды - Жапония, үшінші орында АҚШ пен Канада инвестициялары тұр. Инвестициялар көлемдері бойынша Еуропалық Одақ елдер\ атап айтқандай Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия келесі орындарда тұр.  - мемлекеттердің өзара қатынастарындағы потенциалдық мүмкіндіктерде лайықты емес жағдай туындауда.  Мысалы, ҚХР мен АҚШ-тың өзара қарым-қатынастарында саяси кикілжіңдер мен қақтығыстар орын алып отыр, олардың әрқайсысының пайда болуы жағдайында АҚШ саясаты американдық - қытайлық қатынастардың басымдылығын қалыптастырады.Мұндай саяси шиеленіс жапон-қытай қатынастарының жақсаруына ықпал етеді, бірақ жапон-қытай қатынастары 60 - жылдары азды-көпті реттелді, дегенмен, бірқатар жер мәселесіндегі түрлі талаптар, екінші дүниежүзілік соғыс салдары бұл жүйеде шектеуші параметрлерді қалыптастыруда 

Төрт кіші "айдаһардың" келешектегі сауда серіктестері болып табылатындығы ескеріле отырып, Жапония мен Қытай арасында өткізудің бұл нарықтары үшін бәсекелестік күшейіп жатыр. Тиісінше, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттер ассоциациясының (ОШАМА) елдер мен төрт "айдаһар" аумағында ірі қаржылық ағымдарды салуды жүзеге асырып жатыр. Бұүл аймақтың болашағын бағалай отырып, Еуропалық Одақ елдері мынадай саясатты жүргізіп отыр, яғни саудадан АТМА экономикасын тікелей инвестициялауды ұлгайтуға ауысу жүзеге асырылады. ОШАМА және "төрт айдаһар" елдерінің өзара қарым-қатынастарындағы күрделі процестерді ескере отырып, күшті мемлекеттер өздерінің әрбір тактикалық қадамын әрбір қолайлы жағдайда өздері үшін позитивтік позицияларды бекіту мақсатында қолданып отыр. Бұған Оңтүстік Корея теңізіндегі жағдай, Қытай тарапынан әскери қауіптерден қорғау қызмет ете алады. Соның салдарынан белгілі бір дамудың, келіспеушіліктердің ақталуы негізгі державалар үшін сыртқы-саяси мүдделердің өзектілігін анықтайды.

АҚШ алдында тұрған екі міндет: біріншісі - Қытайға "тұсау салу", екіншісі - Ресейге қарсы, яғни Қытайды өз жағына тарту, АҚШ-тың үкімет органдарын АТМА жүйесіндегі адекваттарын кеңейтуге итермелейді. Сонымен бірге, мемлекеттер арасындағы тарихи түбірі бар қақтығыстар, қарама-қайшылықтар мен дауларды ескере отырып, АҚШ дипломатиясы осы дауларды шешуде "әлемдік сот" деңгейін алуға бағытталған.

Бұл аймақтағы Қытайдың өзі екі мәселені шешуге бағытталған: елдегі тұрақтылыкты қамтамасыз ету және экономиканы өзгерту бағдарламасын жүзеге асыру үшін қолайлы сыртқы жағдайларды, сонымен бірге қарулану базасын құру әлемде жетекші орынды алу және АТМА-ға жоғары деңгейде әсер етуді қамтамасыз ету. Бұл мақсаттарға қол жеткізу Ресей позициясының жойылуы мен қайта қалпына келмеуі, ТМД елдеріндегі исламның өсу факторына, сонымен бірге Синьцзян мен Тибеттің сепаратистік күштерін шектеуге Қытайды мүдделі болуы ол үшін тиімді болып табылады. Оның сыртқы экономикалық саясатының курсы Жапон мен АҚШ арасындағы тартыс кезінде қайсысының күші басым болатындығына байланысты болады. Бұл құрлықтағы Жапон жаңа нарықтарды игеру және саяси әсер етуді ақырында күшейтумен қатар өз әсерін сақтап қалуға ұмтылып отыр.