Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЮВА шпор=)) УРРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
☆
  1. Жаһандану мен аймақтық интеграцияланудың өзара байланыстарын түсіндіріңіз

Жаһандану, ғаламдану, әлемдік ауқымдану, глобализация (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар: экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар: а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі; ә) жаhандық қаржы, валюта және қор рыноктарының қызмет етуі; б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі; в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі; г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы; ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;

Аймақтық интеграция – бұл глобализацияның бірден-бір сатысы болып саналады. Ал әлемдік деңгейде өзара тығыз байланыста болуды интеграциялық блоктар жеңілдетеді. Оған қоса, аймақтың экономикалық дамуына, капитал, тауар мен қызмет, адам ресурстарының еркін қозғалысын белсендетеді. Соңғы жылдары аймақтық интеграция, жаһандану процесімен қатар, мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарда үстемдік сипаттағы тенденцияға айналды. Экономикалық, құқықтық және әлеуметтік-саяси реформалар кейде қаншалықты қиын жүргеніне қарамастан, күткен нәтижелерге жеткізді: ел экономикасы мен демократиялық процестер серпінді даму үстінде.

Аймақтық экономикалық ынтымақтастық

Аймақтық экономикалық ынтымақтастық (интеграция) ауқымы мен даму деңгейі әртүрлі ұлттық шаруашылықтарды біріктіретін маңызды күшке айналуда. Аймақтық ынтымақтастықтың қазіргі даму деңгейі жалпы сыртқы сауда айналымында аймақішілік сауда үлесінің (50%) артуынан айқын көрінеді. Экономикалық ынтымақтастықтың сипаты елдердің өзара байланысу дәрежесіне қарай анықталады. Осыған сәйкес, дүниежүзілік шаруашылық аумағында экономикалық интеграцияның бірнеше түрі ажыратылады.

Қазіргі заманғы кейбір интеграциялық бірлестіктер

Интеграция түрі

Атауы, құрылған жылы

Мүше елдер

Еркін сауда аймағы

Азиялық-Тынық мұхиттық еркін сауда аймағы, АПЭК, 1989

Аустралия, АҚШ, Сянган (Гонконг), Жаңа Зеландия, Жапония, Канада, Кирибати, Корея Республикасы, Қытай, Малайзия, Маршалл аралдары, Мексика, Бруней, Папуа — Жаңа Гвинея, Сингапур, Таиланд, Тайвань, Филиппин, Чили, Вьетнам, Перу, Ресей

Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағы, НАФТА, 1994

АҚШ, Канада, Мексика

Кедендік одақ

Араб ортақ нарығы, 1964

Египет, Ирак, Иордания, Ливия, Мавритания, Сирия, Йемен

Ортақ нарық

Оңтүстік конустың ортақ нарығы, МЕРКОСУР, 1991

Аргентина, Бразилия, Парагвай, Уругвай

Экономикалық одақ

Еуропалық экономикалық қауымдастық,1957; кейіннен Еуропалық одақ, 1993

Австрия, Бельгия, Болгария, Венгрия, Дания, Германия, Грекия, Ирландия, Испания, Италия, Кипр, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Ұлыбритания, Польша, Португалия, Румы- ния, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Эстония

Бенилюкс, 1948

Бельгия, Нидерланд, Люксембург

Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясы, АСЕАН, 1967

Индонезия, Малайзия, Лаос, Сингапур, Таиланд, Филиппин, Бруней, Бьетнам, Мьянма, Камболжа

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, 1992

Армения, Әзірбайжан, Беларусь. Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Өзбекстан

Cayдa және тауарлық ұйым

Мұнай экспорттайтын елдер ұйымы, ОПЕК, 1960

Алжир, Ангола, Біріккен Араб Әмірліктері, Венесуэла, Иран. Катар, Кувейт, Ливия, Нигерня. Сауз Арабиясы, Эквадор

Еуропалық экономикалық және валюта одағы күшіне енді, яғни ЕО құрамындағы 11 ел (Ұлыбритания, Грекия, Дания және Швециядан басқалары) ортақ ақша бірлігіне көшу туралы шешім қабылдады. Бұл елдерде 2002 жылдың басынан бері бірыңғай валюта — еуро айналымға түсті. Әлемдік қаржы нарығында еуроның долларға қатысты бағамы әлі де тұрақсыз болып тұр.

Аймақтық интеграциялық одақтар құрамына соңғы жылдары даму деңгейі әртүрлі елдер ене бастады; ЕО-ның ассоциациялық мүшелігіне Шығыс Еуропа елдерінің, НАФТА құрамына Мексиканың қабылдануы — осының айқын дәлелі.

Сонымен, аймақтық интеграция белгілі бір аймақ шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықты көздейтіндіктен, жалпы ғаламдану процесіне қарама-қайшы келеді. Соған қарамастан елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастың ғаламдану ауқымында жүретін заңды құбылыстардың бірі болып табылады.

  1. “Аймақ” ұғымының анықтамасын беріңіз және әлемді аймақтарға бөлудің әртүрлі критерийлерін көрсетіңіз

Дүние жүзінің қазіргі саяси картасында 240-қа жуық мемлекет пен жер аумақтары бар .Әлемнің сан алуан елдері бір – біріне мүлдем ұқсамайды және әрқайсының өзіне тән қайталанбас қасиеттері бар. Мәселен, жер аумағы мен географиялық орналасуы, халқының саны мен құрамы, табиғат ресурстары мен шаруашылық салалары, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі мен оның сипаты, т. б. белгілеріне қарай ерекшеленеді және осы ерекшелектері бойынша елдерді аймаққа топтастырыға болады.

Аймақ – белгілі бір сипаты мен құбылысының жиынтығы бойынша белгіленген шекара. Аймақ сонымен қатар бір географиялық кеңістікте орналасқан экономикалық қатынастар кешенінің агломерациясын көрсетеді. Аймақ – бұл күрделі қоғамдық-экономикалық жүйе. Аймаққа біртұтастық ұғымы сай келеді (географиялық, экономикалық, геополитикалық, әлеуметтік және әкімшілік-саяси сипатына байланысты).

Аймақтың ерекшелігі:

  • Географиялық орналасу

  • Территориялық жақындық

  • Өзара қарым-қатынасы

  • Бәсекелестік

  • Агломерат, территориялық бірлік

  • Аймақтық қызығушылықтардың жалпы ұғыну бірлігі, яғни әртүрлі субтерриториялар мен әлеуметтік топтардың әртүрлі шаруашылық, экономикалық тәжірибесінің жоғары арақатынасы.

Әлем аймақтары:

Африка – Солтүстік, Орталық, Шығыс, Оңтүстік, Батыс.

Солтүстік Америка – Солтүстік, Карибтер, Орталық

Оңтүстік Америка Латын Америкасы

Азия – Орталық, Шығыс, Оңтүстік-Шығыс, Солтүстік-Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік, Батыс

Еуропа – Орталық, Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік, Батыс

Океания – Австралия, Австралазия, Зеландия, Меланезия, Микронезия, Полинезия.

Поляр аймақтары – Антарктика, Арктика

Мұхиттар – Әлем, Солтүстік, Үнді, Тынық, Атлант, Оңтүстік

Теңіздер