- •Әлемдік экономиканың жаһандануының объективтік негіздері мен бағыттарын көрсетіңіз
- •Жаһандану мен аймақтық интеграцияланудың өзара байланыстарын түсіндіріңіз
- •4.Азия-Тынық мұхит аймағының кең түрдегі ұғымы мен оның әлемдік экономикадағы орнына сипаттама беріңіз
- •Шығыс және Оңтүстік Шығыс елдерінің экономикасына жалпы шолу жасаңыз
- •6. Ата елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша айырмашлықтарын сүреттеңіз
- •7. Ата елдерінің өзара экономикалық қатынастарының объективтік негіздерін көрсетіңіз
- •Ата аймағының біртұтастығын негіздеңіз жәнее оның субаймақтарын көрсетіңіз
- •Солтүстік-Шығыс Азия субаймақтық ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •Оңтүстік-Шығыс Азия субаймақтық ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің (асеан) интеграциялану ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •14.Экономикалық дамудағы экспортқа бағытталған стратегияның теориялық негіздерін анықтаңыз және нақты нәтижелерін көрсетіңіз
- •Аймақтан тыс елдердің ата-ғы экономикалық мүдделері мен интеграциялық топтарға қызығушылығын сипаттаңыз
- •16. Қазіргі Жапония экономикасының жалпы сипаттамаларын көрсетіңіз
- •17. Жапонияның табиғи-шикізат және демографиялық ресурстарын суреттеңіз
- •18. Жапонияның экономикалық даму кезеңдерін сипаттаңыз(Мейдзи революциясынан қазіргі кезге дейін)
- •Жапонияның соғыстан кейінгі жылдардағы экономикалық өрлеуінің басты себептері мен нәтижелерін көрсетіңіз
- •Жапония экономикасының 90-ы жылдардан кейінгі даму ерекшеліктерін (экономикалық ғажайыптан кейін) көрсетіңіз
- •23. Жапонияның экспортқа бейімделу стратегиясының себептері мен салдарларын анықтаңыз
- •24.Жапонияның құрылымдық саясаты мен экономикалық құрылымдық өзгерістерін көрсетіңіз
- •Жапонияның ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық дамуының арақатынасын көрсетіңіз
- •Жапония экономикасындағы мемлекеттің рөлін анықтаңыз
- •27. Жапонияда экономикалық басқару (менеджмент) жүйесінің ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •28.Халықаралық бәсекелестіктің күшеюі және Жапонияның экономикалық мәселелерінің арақатынасын анықтаңыз
- •29. 1990-Ы жылдардағы “бабуру”(көпіршік) экономикасыныңмәні мен салдарларын көрсетіңіз
- •1990-Ы жылдарданкейінЖапонэкономикасының даму қарқыны мен ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •Фукусима апаты мен Жапон экономикасының даму мүмкіншіліктеріне болжау жасаңыз
- •Қытай халық республикасының экономикасының жалпы сипаттамаларын беріңіз
- •37. Қытайдағы халық “коммуналары”, “Үлкен секіріс” және мәдениеттік революция (Хунвэйбиндер) үдерістерінің себептері мен салдарларын көрсетіңіз
- •1978 Ж. Кейінгі Қытай экономикасының дамуы мен құрылымдық өзгерістерін сүреттеңіз
- •43. Қытай экономикасының болашақ дамуына әсер ететін факторлардың қайшылығын атап, түсінік беріңіз
- •44.Қытай коммунистік партиясының XVIII съезі мен экономикалық саясатындағы өзгерістеріне шолу жасаңыз
- •47. Азиялық “жолбарыстардың” экономикалық өрлеуін жалпы сипаттап, «Жаңа индустриалдық елдер» ұғымының мазмұнын анықтаңыз
- •48.Оңтүстік Корея (Корея республикасы) экономикасының жалпы сипаттарын көрсетіңіз
- •Корея түбегіндегі экономикалық дамудың екі моделіне салыстырмалы талдау жасаңыз
- •Корея республикасының экономикасының әлемдік экономикадағы орны мен рөлін суреттеңіз
- •Тайвань экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Сингапур экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •53. Малайзия экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •54.Индонезия экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Таиланд экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Индия экономикасын ажалпы сипаттама беріңіз
- •57. Индияның өнеркәсіптік дамуының құрылымдық ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •58.Индияныңтабиғи-шикізатжәнедемографиялықресурстарына шолу жасап, оның экономикалық дамуға тигізетін әсерлерін көрсетіңіз
- •Пакистан экономикасынажалпысипаттама беріңіз
- •Шығыс және Оңтүстік Азия елдерінің дамуы мен әлемдік экономикаға тигізетін әсерлеріне өз бағалауыңызды беріңіз
37. Қытайдағы халық “коммуналары”, “Үлкен секіріс” және мәдениеттік революция (Хунвэйбиндер) үдерістерінің себептері мен салдарларын көрсетіңіз
Адамзат тарихы әр түрлі революцияларға толы. Солардың бірі 1966-1976 жылдары Қытайда болған «мәдени революция». Қазіргі таңда бұл революцияның тарихи шындығына әр зерттеушілер әр түрлі баға беруде. Жазылған көптеген монографияларда кеңестік идеологияның иісі аңқып тұр. Кейбір зерттеушілер жалпы революцияларға тән белгілерді таба алмай, болған көтерілістің қаншалықты атына заты сай екенін ажырата алмауда. Аталған революция қазіргі заманда, жаңаша көрініс табатыны ақиқат. «Үлкен секіріс» жылдарындағы экономиканың құлдырауы, елдің дамуын 7 жылға кейін шегерді. 1958 ж мамырда ҚКП-ң VІІІ съезінің екінші сессиясы өтті. Онда партияның жаңа бағытты ұсынылды. Үлкен секіріс, «халық коммуналар» деген жаңа ұрандар көтерілді. 1958 ж ортасынан бастап, бұрынғы кооперативтердің орнына 26 мың «халық коммуналары құрылды». Онда өндірілген өнім теңестірілді, «ұжымдық тегін тамақтану» енгізілді. 1961-1965 ж.ж. экономиканы қалпына келтіруге тырысқан Қытай еңбекшілері, «үлкен секіріс» науқаны әкелген қиыншылықтарды тікелей маоистік саясаттан көрді. Бұл саясаттың салдары еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын нашарлатып қана қоймай, жұмысшы-шаруалар мен интелигенцияның билікке деген қарсылығын өршелендіре түсті. Елде оппозициялық күштер көбейді. Партия қызметкерлері мен қатар, өкімет аппаратындағы кадрлар да оппозицияның құрамын толықтырды. Мао Цзедун билігіне қарсылық елдің ішкі жағдайы мен қатар, мемлекеттің сыртқы саясатына да байланысты болды. Бұлай дейтін себебіміз Мао Цзедунның әлемдік аренадағы бірнеше акцияларды құлдыратып, Вьетнамдағы АҚШ агрессиясына немқұрайдылық танытуы еді. 1963-1964 ж.ж. КОКП мен ҚКП өкілдері арасында сөзталас жүрді. 1965 жылы көктемде екі жақ мемлекет басшылықтары арадағы қатынасты үзеді. Мао Қытайдың Кеңес одағы көлеңкесінде қалуынан қорықты. Әлемдік сахна төрінен орын алған қос держава КСРО мен АҚШ-тан кейінгі, «үшінші күш» ретінде өзін танығысы келмеді. Мао Цзедун кеңестік байланыстан қол үзіп, мемлекетті өз жолымен дамытуды аңсады. «Кемелденген социализм» бағытын ұстанды. Мемлекетте шексіз әскери-коммунистік билік орнатып, сахнадағы қос мемлекеттің бірі, КСРО-ның орнын басқысы келді. Бірақ, елдегі капитализмнің сарқыншақтарын дамытуды қалаған ганьбулар, Маоның идеяларына сын айта бастады. Ендігі кезекте Мао өзінің алғашқыда қолданып жүрген Сталиндік үлгідегі саясатын жалғастыруды жөн тапты. Кезінде Сталиннен қаншалықты қорыққан болса, кейіннен соншалықты идеал тұтты. Одан үлгі алып, халық санасына коммунистік идеологияны, өзінің жеке басына табынту арқылы сіңірмек болды. 1966-1976 жылдары елді жаппай репрессияның ошағына айналдырды. Қара тізімге халық қаһармандарын, ақын-жазушыларды, қоғам қайраткерлерін қоса есептегенде 100 млн-дай адам тіркеліп, жаңа жүйенің құрбаны болды. Барлық жерде тек Маоның кітаптары, суреттері, сөздері жаңғырылды. Адамдардың әрбір таңы «Коммунизм»-деп атса, кештері «Мао»-деп батуы керек болды. Басқа жүйені еске салатын барлық саяси-мәдени құндылықтар жойылды. Мемлекеттің экономикалық дамуын тағы да 10 жылға артқа шегеріп, «Мәдени революция»-деп аталған бұл жылдар халық санасында өшпейтін қанды із қалдырды. XX ғасырдың феномені - тоталитаризм, фашизм сынды саясаттар еді. Қытайдың өзге де коммунистік мемлекеттер сияқты тоталитарлық саясат ұстануы жаңалық емес. КСРО да болған Сталиндік режимнің Қытайда Маолық режим болып қайталануы, елде болған «Мәдени революцияға» сыншыл көзқарас қалыптастырды. Кейбір адамдар мағлұматы аз болғандықтан бұл революция жайлы «Қытай мәдениетінің дамуына үлес қосқан революция» деп ойлайды. Болған революцияны «мәдени революция» емес «асыра сілтеушілік революциясы», «анти мәдени революция» деп бағалауға болатын еді.
ҚХР-ы экономикалық реформалардың басты себептері мен бағыттарын анықтаңыз
Аграрлық реформа. Қытай ауылдарындағы шаруашылық жүйесінің реформасы ең бірінші жарияланып, басқа сектор реформаларынан ерте басталып, ерте аяқталған болатын. Сондай-ақ бұл реформа ҚХР-ң басқа да әлеуметтік-экономикалық салаларындағы реформаға бағыт бағдар берген.
Аграрлық жүйедегі реформа ұғымын экономистер социалистік өндірістің даму қажеттіліктеріне сәйкес жүргізілетін халық шаруашылығының негізгі түрлерін қайта құру деп түсіндіреді. Шаруашылық жүйедегі реформаны қарастырғанда Қытай ғалымдары шетелдің тәжірибесін пайдалануға тырысты. Нәтижесінде Қытайдағы аграрлық реформа шетел үлгілерінің пайдалы және пайдасыз жақтарын ескере отырып, Қытай ерекшеліктерімен жаңа шаруашылық үлгісін жасады. ҚХР-дағы аграрлық реформаның теориялық негізі социалистік ел экономикасының қоғамдық жеке меншікке негізделген жоспарлы тауар шаруашылығы болып табылады, ал мақсаты біртіндеп тауар шаруашылығы негізінде ауылдық жүйеге көшіп экономиканың барлық салаларын қамтамасыз ету.
Нарықтық экономикаға біртіндеп көшу. Қаржы жүйесін реформалау Қытайда 80-жылдардың ортасында жүргізілді. Оның нәтижелерін толық елестету үшін Қытайдың бұрынғы және қазіргі қаржы жүйесін салыстырған жөн. Басты қаржыны жинақтаушы және бөлуші мемлекеттік бюджет болып табылады, басты қайнар көз кәсіпорындардың таза табысы (соңғы жылдары сыртқы сауда ролі жоғарлауда). Алайда қаржыны басқару жүйесі оның реформасынан кейін мемлекеттік бюджет инструментінен басқа жаңа механизм пайда болды – кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу қызметі.
Көптеген Қытай ғалымдары 1976 жыл мен 1985 жыл арасында ҚХР-да болған қаржы реформасын 3 кезеңге бөледі.
Бастапқы 3 жыл Қытай қаржы жүйесін реформалаудың эксперименталды-дайындық кезеңі болып табылады.
Екінші кезең орталық пен шалғай аймақтар арасындағы қаржылық қатынас формасының жасақталуымен ерекшеленеді. Бұл жүйе сәтті болып 1984 жылға дейін өмір сүрді. Ал 1984 жылы пайдадан аудару жүйесі бірегей салық механизмімен ауыстырылды. Бұл ҚХР-дағы қаржы реформасының 3-кезеңі болып келеді. Бұл кезеңге қытайлықтар 1978 жылдан бері дайындық жүргізген. Пайда үлесінен өзіндік қорларды қалыптастырумен бірге осы пайданы кәсіпорындар, жергілікті және орталық бюджет арасында бөлу принципін анықтау қажеттілігі туды. Сол кезден бөлудің жасақталған нұсқалары салықтық заңның негізіне енді.
Өнеркәсіпті басқаруды реформалау. Өзінің өнеркәсібі бар кез келген мемлекетте оны басқарудың екі деңгейі бар: өндірісті кәсіпорын деңгейінде және бүкіл ұлттық өнеркәсіп өндірісінің басшылығы деңгейінде. Бұның әсер ету дәрежесі түрлі факторлармен анықталады – ұлттық өнеркәсіптің мамандануы, оның халықаралық еңбек бөлінісіне қатысу формасы, басты идеология (дамудың демократиялық концепциясына жақын болуы нарықтық механизмнің кең қолданылуы мен кәсіпорынның шаруашылығын басқарудың еркіндігімен тұспа-тұс келеді), уақыт жағдайы. Осы және басқа да факторлар өнеркәсіпті басқаруды қалыптастыруда тең дәрежеде әсер етеді, кейбір жағдайда кейбір факторлар басымды түрде әсер етуі мүмкін.
Өндірістік компаниялар құру кәсіпорындар арасындағы кооперацияны күшейтті.
ҚХР-ы ауыл шаруашылығын реформалаудың басты бағыттары мен нәтижелерін көрсетіңіз (1978 ж. бастап)
Бізге белгілі болғандай Қытайдағы реформа 1978 жылдан бастау алды. Бұл уақыт ішінде (21 ғасыр басына таман) мемлекеттің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ), инфляцияны ескергенде нақты шамамен 8 есеге артты (шамамен жылына 10 пайыз). Мақта, көмір, цемент, әйнек, азық-түлік тауарлары, болат және тағы басқа сияқты базалық тауарлар өндірісінен Қытай әлемде бірінші орынға шығып үлгерді.Халықтың нақты табысы жыл сайын 7,7 пайызға өсіп отырды (бұл 9 жыл сайын өмір сүру деңгейінің екі еселенуі). Ал мұндай «тоғызжылдықтардың» үшеуі өтті, сондықтан қытайлықтардың қаншалықты өмір сүру деңгейлері өскендігін есептеу қиын емес. Шамамен 6 есе.Мүлкі жоқ халықтың саны 1980 жылғы 300 млн-нан 21 ғасырдың басына таман 40 млн-ға дейін азайды. Ауыл шаруашылығында өте үлкен алға жылжу болды. Аграрлық өнім реформа уақытында 4 есеге дейін өсті. 1990 жж. бірінші жартысында өнімдік карточкалар жоқ болды. Оған қоса, Қытай көптеген ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын өсіре бастады.Аграрлық сектордың құрылымы да жақсара бастады. Алқап шаруашылығының дәстүрлі жоғары үлесі құлай бастаса, мал шаруашылығының көлемі шамамен 6 есеге, балық аулау шамамен 4 есеге, орман шаруашылығы шамамен 3,6 есеге өсті.Алқап шаруашылығының үлесі жалпы ауыл шаруашылық өнімінде 80-нен 58 пайызға төмендесе, мал шаруашылығы 15-тен 28,5 пайызға, балық шаруашылығы 1,6-дан 10,3 пайызға өсті.Өнеркәсіптегі табыстар да елеулі болды. 1990 жж. өнеркәсіпке құйылған инвестиция көлемі шамамен 7 есеге өсіп, 17 трлн. юаньді құрады. Реформа жылдары кезінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі шамамен 19 есеге өсті. Қазіргі таңда жеңіл өнеркәсіптің үлесі ауыр өнеркәсіппен теңесті. Реформа басынан бастап жеңіл өнеркәсіптің өнім көлемі 25 есеге өсті, ал ауырдікі 15 есете өсті. Көмір өндірісі 627-ден 1100 млн т-ға өсті(әлемде тұрақты бірінші орын). 1960 жылға дейін тұрақты лидер КСРО болатын.
ҚХР-ы өнеркәсіптік реформалардың басты бағыттарын (1982 ж. бастап) атап, түсінік беріңіз
ҚХР-ың шетелдік капиталды тарту саясаты мен Ерекше экономикалық аймақтар құруының себептерін түсіндіріңіз
Инвестициялар тарту ұлттық экономиканың экономикалық өсімі мен оның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауын анықтайтын, сондай-ақ оның әлемдік өндірістік үдерістермен ықпалдасуына ықпал ететін аса маңызды факторлардың бірі болып табылады. Қабылдаушы елдің экономикасына шетелдік инвестициялар ағыны кәсіпорындардың дамуын, адами капитал сапасын жоғарылатуды, жаңа жұмыс орындарын ашуды жеделдетіп, озық технологияларды тарта және олардың жанама салаларға таралуын ынталандыра алады. Сондықтан соңғы екі он жылдықта жаһандық инвестициялар үшін бәсекенің күшеюі байқалады, бұл өз кезегінде мемлекеттің алдына елдің инвестициялар үшін тартымдылығын жоғарылатуға бағытталған экономикалық саясаттың кешенді шараларын әзірлеу мен жүргізу міндетін қояды.
Инвестициялар ағынын, АЭА және экспорттың дамуын ынталандыратын және жағдай туғызатын жүйені құру макродеңгейдегі экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ жеке әдістемені іске асыру негізінде сұрыптық шараларды, экономиканың нақты секторларын, кәсіпорындар мен жобалар тобын сервистік қолдау шараларын іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Экономикалық саясаттың жүйелік шаралары тартымды инвестициялық макроахуалды және заңнамалық базаны қалыптастыруға, экономиканың шикізаттық емес секторларына тікелей шетелдік инвестицияларды тартудың бәсекелік жағдайларын қамтамасыз ету шараларына, сондай-ақ ұлттық өндірушілердің өнімділігі мен бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру шараларына шоғырланады. Сұрыптау шаралары шетелдік инвесторлармен жұмыс істеуде дара (атаулы) әдістің, экспортқа бағдарланған секторларды, кәсіпорындар мен жобаларды қаржылай және сервистік қолдау шараларының аралас пакетінің негізінде жүзеге асырылатын болады, сондай-ақ елдің халықаралық капитал нарықтарындағы оң инвестициялық беделін қалыптастыруға бағытталатын болады. Елдің экономикасына инвестициялар тарту бағдарламасының шеңберінде арнайы экономикалық аймақтарды дамыту бойынша арнайы шаралар қабылданатын болады.
Қытай үкіметі ұзақ мерзімді кезең аралығында тежеп отырған реформаны тұрақтандыруға арналған саяси бағыты бүгінгі күні инвесторларда күдік тудырмайды. Қазіргі уақытта Қытайда өндірушілер мен мемлекет арасындағы сыртқы және ішкі экономикалық өзара байланыс сияқты көптеген түрлерді есепке алатын жеңілдіктердің икемді жүйесі құрылды. Мәселен, төмен рентабельді салалар, депрессивті, алыс аудандарда инвестицияларды бес жылға толық немесе жекелей босатылады, ал сонан соң он жылға 15-тен 30 пайызға дейінгі мөлшердегі табыс салығының сомасына жеңілдіктер алады. Өнеркәсіп, көлік және байланыс кәсіпорындарында 10 жылдан астам қаржыландыру мерзімімен екі жылда бір рет табыс салығының ставкасы нөлге тең, үштен бастап бес аралығында 50 %-ға дейін төмендеуі мүмкін. Бұдан басқа, жаңа технологиялары бар кәсіпорындарда бұл мерзім аймақты басқару шешімімен 6-8 жыл аралығында 50 %-ға дейін төмендеуі мүмкін. Өнімдердің 70 %-ын экспорттайтын кәсіпорындар жеңілдіктер аяқталғаннан кейін 10 % мөлшерінде табыс салығын төлейді. Егер, кірістің қайта инвестицияланатын бөлігі ауыл шаруашылығы, құрылыс, инфрақұрылым, жоғары технологиялар мен экспортқа бағытталған өндірістерге салынған болса, онда табыс салығының алып тасталған сомасын қайтару 100 %-ды құрайды. Жерге төлем төлеудің аудандар мен өндіріс түрлері бойынша ставкалары сараланған. Қытай заңнамасы бойынша қайта инвестициялауға бағытталған инвестициялық қаражат сомасы жеңілдіктерді алды. Осылайша, Қытайда дамудың осы кезеңінде жеке бизнес пен мемлекеттің қатар пайда болуы бірегей өзара тиімді қарым-қатынастарды құрды, нәтижесінде икемді экономикалық саясат пен қатал заңнамалық база болып табылады. Қытайдың икемді экономикалық саясаты өзіміздің және шетелдік инвесторлардың барлық санатына қолайлы жағдай жасауға мемлекет мүддесіне негізделген. Заңның қаталдығы нарықтың барлық ойыншыларының мүмкіндігін теңестіруге және бірдей ойын ережесін құруға мүмкіндік берді. Сыбайлас жемқорлықпен қатаң күрес Қытайға инвестициялық жобаларды және қызметтің түрлі салаларындағы құжаттарды рәсімдеуде тосқауылдар мен. бюрократтық кідірістерді іс жүзінде болдырмауға мүмкіндік берді. Түрлі қызмет салаларында салық салудың дифференциялық тәсілі экономикадағы ең қажет салаларды дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.
Мамандар, қытайлық аймақтық жобалардың табысты болуы арнайы аймақтардағы ең қазіргі заманғы инфрақұрылымның - жолдар, байланыс, қонақ үйлердің жасалуымен байланысты екендігін атап өтеді, ал бұл аса ірі әлемдік инвесторларды тартты. Шығындардың 80 %-ға дейіні мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылды. Индустриялық дамыған аудандарда АЭА жасау, олардың өңірлер және бүкіл Қытайдың экономикасына ықпалын күшейтті, олар ұзақ мерзімді дамудың мақсаттарына жетудің әмбебап құралдарына айналды.
