Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЮВА шпор=)) УРРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
  1. Ата аймағының біртұтастығын негіздеңіз жәнее оның субаймақтарын көрсетіңіз

Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму одағы — 1989 жылы Австралияның бастамасымен құрылған халықаралық ұйым. Негізгі мақсаты: Азия-Тынық мұхит аймағы (АТА) халықтарының мүддесіне сәйкес экономикалық дамуды қамтамасыз ету; Одаққа мүше мемлекеттер (1998 жылы): Австралия, Бруней, Қытай, Канада, Кирибота, Малайзия, Маршал аралдары, Мексика, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Корея Республикасы, Сингапур, Америка Құрама Штаты, Тайланд, Тайвань, Филиппин, Чили. Одақ елдерінің жалпы ұлттық табысы дүние жүзізілік өндірістің 56 пайызын, дүние жүзілік сауданың 46 пайызын құрайды. Аймақтық экономикаға және саяси дамудағы тұрақтылыққа, әсіресе аймақтық сауда-саттық, энергетика, қоршаған орта, балық аулау, туризм, байланыс салаларына көп көңіл бөлінеді.

Азия-тынық мұхиты аймағының мемлекетаралық қатынастардың саяси біртұтас жүйесі ретінде қалыптасуы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталып, 60-шы жылдарға дейін жалғасты. Әрине бұл процесс тарихи дамудың алғышарттарымен айқындалған болатын. Мәселен бұл алғышарттарға АҚШ, Англия, Франция және басқа империалистік державалардың Қиыр Шығыс пен Тынық мұхитта 19-шы ғасырдың аяғы мен 20-шы ғасырдың басындағы саясатының белсенділігі, Патшалық Ресейдің кейіннен Кеңес Одағының тынық мұхит державасы ретінде қалыптасуы, Қытай мен Жапонияның мемлекетаралық қатынастардың жалпы жүйесіне араласуы жатады .

Қазіргі әлемде АТА алдыңғы орынды алады. Планетаның бұл үлкен бөлігінде жер шары халқының 1/3 бөлігі тұрады , шамамен 50 мемлекет орналасқан. Солардың ішінде бәсекелестік рейтингі жоғары Жапония, АҚШ, Канада, Гонконг, Сингапур, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея сияқты елдер орналасқан. Қытай қалыпты финанстық – экномикалық орынды иеленеді. Индия, Индонезия, Тайвань, Малайзия, Шри-Ланка және т.б елдер халықаралық авторитетімен, үлкен экономикалық потенциалымен, үлкен адам ресурстарымен, көне және ерекше мәдениетімен ерекшеленеді.

АТА-дағы мемлекеттердің дамуының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін айтатын болсақ, бұл мемлекеттерге бүкіл дүниежүзінің ІЖӨ-нің және сауда айналымының 60 % келеді. Тек АҚШ өзінің экспортының 40 %, Жапония мен Корея 40 % осы ауданға шығарады. Бұл аймақта автомашиналардың, теңіз кемелерінің, телевизор және синтетикалық талшықтардың 70 %, алюминийдің 50 %, пластмассаның 60 % шығарылады.1

АТА-н келесі субрегиондарға бөледі : Солтүстік – Шығыс Азия, Оңтүстік – Шығыс Азия, Орта Азия, Оңтүстік Азия, Тынық мұхиттың Оңтүстік бөлігі. Бұлардың барлығы өзінің ұлттық мәдени ерекшеліктеріне, халықаралық аренадағы саяси «салмағына», саяси және экономикалық интеграцияланғандығы мен интеграциялық процестердің даму мүмкіншіліктеріне, қауіпсіздік деңгейіне байланысты әртүрлі болып келеді.

Солтүстік-Шығыс Азияны АТА-дағы ерекше субаймақ деп атауға болады, ол тек құрамына ең ірі әскери державалардың кіруіне ғана байланысты емес, сондай-ақ болашақтағы аймақтық интеграцияның шарттары тұрғысынан алып қарағанда да Азияның басқа субаймақтарынан ерекшеленеді.

Солтүстік-Шығыс Азиядағы қарым-қатынасты тереңдету мен болашақта интеграцияны жүзеге асыру үшін аймақта саяси тұрақтылықты орнату қажет.

Солтүстік-Шығыс Азияны кейде Оңтүстік-Шығыс Азиямен шатастырады, оның Вьетнамдағы соғыстан кейін және аймақтық ұйымдардың (АСЕАН) белсенді әрекеттеріне байланысты әлемге аты шыққан еді. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы аймақтық және көпжақты қатынастардың дамуының сәтті нәтижелеріне қарап, оның моделі Солтүстік-Шығыс Азияға қолдануға келе ме деген сұрақ туындайды.

Оңтүстік-Шығыс Азияның модельдеріне келетін болсақ, Солтүстік-Шығыс Азия елдері өздерінің табиғатына қарай неғұрлым «реалистер» болып келеді, ал Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін «бірлесіп істеуге неғұрлым икемді» деп сипаттауға болады. Ең негізгі бөгет аймақтағы саяси және әскери қайшылықтар болып табылады.

Қытайдың ойы бойынша, Кеңес Одағының құлауы мен АТА-дан стратегиялық тұрғыдан кетуіне байланысты АҚШ аймақтағы жалғыз сверхдержава болып қалды. Қытай АҚШ-ты аймақтағы басымдық танытып отырған жалғыз держава деп, оның аймақ елдеріне өзінің демократиялық құндылықтары мен экономикалық тәртібін орнату талпыныстарына қарсы келетін басқа мемлекеттің жоғына алаңдайды. Қытайдан басқалары АҚШ-тың аймақта қалуын қалайды.

Жапония белсенді түрде күшін ұлғайтып жатқан Қытайдың пайда болған аталмыш «күштер вакуумын» толтыруға тырысып, тағы бір аймақтық гегемонға айналатынынан қауіптенеді. Пекин өз алдына Жапонияның милитаризациялануынан, АҚШ көмегінсіз ядролық державаға айналуынан қауіптенеді.

«Суық соғыс» периодына қарағанда АТА-дағы қазіргі кездегі жағдай анықсыз, әрі болжауға келмейтін болып отыр. Солтүстік-Шығыс Азиядағы «Суық соғыс» әлі аяқталған жоқ және корей, жапон-ресей, қытай-тайвань мәселелері шешілмей аяқталмайды деуге болады.