
- •Әлемдік экономиканың жаһандануының объективтік негіздері мен бағыттарын көрсетіңіз
- •Жаһандану мен аймақтық интеграцияланудың өзара байланыстарын түсіндіріңіз
- •4.Азия-Тынық мұхит аймағының кең түрдегі ұғымы мен оның әлемдік экономикадағы орнына сипаттама беріңіз
- •Шығыс және Оңтүстік Шығыс елдерінің экономикасына жалпы шолу жасаңыз
- •6. Ата елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша айырмашлықтарын сүреттеңіз
- •7. Ата елдерінің өзара экономикалық қатынастарының объективтік негіздерін көрсетіңіз
- •Ата аймағының біртұтастығын негіздеңіз жәнее оның субаймақтарын көрсетіңіз
- •Солтүстік-Шығыс Азия субаймақтық ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •Оңтүстік-Шығыс Азия субаймақтық ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің (асеан) интеграциялану ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •14.Экономикалық дамудағы экспортқа бағытталған стратегияның теориялық негіздерін анықтаңыз және нақты нәтижелерін көрсетіңіз
- •Аймақтан тыс елдердің ата-ғы экономикалық мүдделері мен интеграциялық топтарға қызығушылығын сипаттаңыз
- •16. Қазіргі Жапония экономикасының жалпы сипаттамаларын көрсетіңіз
- •17. Жапонияның табиғи-шикізат және демографиялық ресурстарын суреттеңіз
- •18. Жапонияның экономикалық даму кезеңдерін сипаттаңыз(Мейдзи революциясынан қазіргі кезге дейін)
- •Жапонияның соғыстан кейінгі жылдардағы экономикалық өрлеуінің басты себептері мен нәтижелерін көрсетіңіз
- •Жапония экономикасының 90-ы жылдардан кейінгі даму ерекшеліктерін (экономикалық ғажайыптан кейін) көрсетіңіз
- •23. Жапонияның экспортқа бейімделу стратегиясының себептері мен салдарларын анықтаңыз
- •24.Жапонияның құрылымдық саясаты мен экономикалық құрылымдық өзгерістерін көрсетіңіз
- •Жапонияның ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық дамуының арақатынасын көрсетіңіз
- •Жапония экономикасындағы мемлекеттің рөлін анықтаңыз
- •27. Жапонияда экономикалық басқару (менеджмент) жүйесінің ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •28.Халықаралық бәсекелестіктің күшеюі және Жапонияның экономикалық мәселелерінің арақатынасын анықтаңыз
- •29. 1990-Ы жылдардағы “бабуру”(көпіршік) экономикасыныңмәні мен салдарларын көрсетіңіз
- •1990-Ы жылдарданкейінЖапонэкономикасының даму қарқыны мен ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •Фукусима апаты мен Жапон экономикасының даму мүмкіншіліктеріне болжау жасаңыз
- •Қытай халық республикасының экономикасының жалпы сипаттамаларын беріңіз
- •37. Қытайдағы халық “коммуналары”, “Үлкен секіріс” және мәдениеттік революция (Хунвэйбиндер) үдерістерінің себептері мен салдарларын көрсетіңіз
- •1978 Ж. Кейінгі Қытай экономикасының дамуы мен құрылымдық өзгерістерін сүреттеңіз
- •43. Қытай экономикасының болашақ дамуына әсер ететін факторлардың қайшылығын атап, түсінік беріңіз
- •44.Қытай коммунистік партиясының XVIII съезі мен экономикалық саясатындағы өзгерістеріне шолу жасаңыз
- •47. Азиялық “жолбарыстардың” экономикалық өрлеуін жалпы сипаттап, «Жаңа индустриалдық елдер» ұғымының мазмұнын анықтаңыз
- •48.Оңтүстік Корея (Корея республикасы) экономикасының жалпы сипаттарын көрсетіңіз
- •Корея түбегіндегі экономикалық дамудың екі моделіне салыстырмалы талдау жасаңыз
- •Корея республикасының экономикасының әлемдік экономикадағы орны мен рөлін суреттеңіз
- •Тайвань экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Сингапур экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •53. Малайзия экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •54.Индонезия экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Таиланд экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Индия экономикасын ажалпы сипаттама беріңіз
- •57. Индияның өнеркәсіптік дамуының құрылымдық ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •58.Индияныңтабиғи-шикізатжәнедемографиялықресурстарына шолу жасап, оның экономикалық дамуға тигізетін әсерлерін көрсетіңіз
- •Пакистан экономикасынажалпысипаттама беріңіз
- •Шығыс және Оңтүстік Азия елдерінің дамуы мен әлемдік экономикаға тигізетін әсерлеріне өз бағалауыңызды беріңіз
4.Азия-Тынық мұхит аймағының кең түрдегі ұғымы мен оның әлемдік экономикадағы орнына сипаттама беріңіз
Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму одағы — 1989 жылы Австралияның бастамасымен құрылған халықаралық ұйым. Мақсаты: Азия-Тынық мұхит аймағы (АТА) халықтарының мүддесіне сәйкес экономикалық дамуды қамтамасыз ету; дүние жүзілік экономиканың дамуға жәрдемдесу; аймақтық өзара экономикалық тәуелділік жағдайында көпжақты еркін сауда жүйесін қамтамасыз ету; Азия-Тынық мұхит аймағындағы ашық сауда мен инвестициялық саясаттағы кедергілерді жою; аймақтық ынтымақтастықта еркін сауда принциптерін жүзеге асыру. Негізгі принциптері: өзара құрмет, жауапкершілік және серіктестік; дамушы мемлекеттердің мүддесіне сәйкес өзара тиімділік; ашық диалог арқылы консенсусқа жету. Одаққа мүше мемлекеттер (1998 жылы): Австралия, Бруней, Қытай, Канада, Кирибота, Малайзия, Маршал аралдары, Мексика, Жаңа Зеландия, Папуа-Жаңа Гвинея, Корея Республикасы, Сингапур, Америка Құрама Штаты, Тайланд, Тайвань, Филиппин, Чили. Одақ елдерінің жалпы ұлттық табысы дүние жүзізілік өндірістің 56 пайызын, дүние жүзілік сауданың 46 пайызын құрайды. Аймақтық экономикаға және саяси дамудағы тұрақтылыққа, әсіресе аймақтық сауда-саттық, энергетика, қоршаған орта, балық аулау, туризм, байланыс салаларына көп көңіл бөлінеді. Мемлекет басшыларының 1994 жылғы Богаре (Индонезия) бас қосуында 2020 жылға дейінгі дамуға арналған ұзақ мерзімді бағдарлама қабылданды. "Дағдарыстан көп зардап шеккен тұрғындар тобына арналған әлеуметтік бағдарламаларға инвестиция салу, кедейліктің тамырына балта шабу, барынша тұрақты экономиканы құруға ықпал ету арқылы экономикалық жанданудың жемістерін сақтап қалу мақсатында үкіметтер бұл мүмкіндікті пайдалануы қажет", - деп мәлімдеді БҰҰ Бас Хатшысы орынбасары, Азия және Тынық мұхит экономикалық және әлеуметтік комиссиясы Атқарушы хатшысы Ноэлин Хейзер. "Азия-Тынық мұхит аймағындағы экономикалық және әлеуметтік жағдайға шолу: 2010 жыл" бұл - АТМЭӘК жыл сайынғы жариялымы, әлемдегі тұрғындардың 62%-ы үлесіне келетін Азия-Тынық мұхит аймағы мемлекеттерінің үкіметтеріне арналған тұрақты ашық дамуды алға тартудың ерекше "жол картасы". "Шолуда" дағдарыстың нағыз қызған кезеңінде Азия-Тынық мұхит аймағы әлемдегі экономикалық өсімнің ең жоғарғы қарқынымен ерекшеленгені атап өтілген. Бұл өсім аймақтағы экономикасы барынша дамыған мемлекеттерде қабылданған бюджеттік-салықтық шаралар арқылы сақталған болатын. "Шолудың" қорытындысына сәйкес 2010 жылға арналған перспектива едәуір жақсарып, аймақтағы дамушы мемлекеттердің экономикалық өсімі Қытай (9,5%) мен Үндістанның (8,3%) көшбасшылығымен 7% деңгейінде болжанып отыр. "Бүгінгі күні аймақта 1 миллиардқа жуық адам кедейлік жағдайында өмір сүруде. Бүгін біз қаншалықты көп адамды кедейліктен шығаратын болсақ, болашақта тұтынушы тобы мен нарық соншалықты арта түспек"Тұрғындардың басым кедей тобы ауыл аймақтарда өмір сүретіндіктен, ауылшаруашылық еңбегі арқылы өмір сүретіндіктен, сонымен қатар, ауылшаруашылық өндірісінің дамуына барынша мүдделі болғандықтан, "Шолу" ауылшаруашылығын экологиялық деңгейде тұрақтандыруға қабілетті жаңа ғылыми "Жасыл төңкеріске" шақыра отырып, дәнді дақылдар өндірісін мемлекеттік қолдауды және жалпы ауыл аймақтарын дамытуды жалғастыру ұсынып отыр. Аймақтағы мемлекеттер ауылшаруашылық секторының барынша әлеуметтік ашықтығы арқасында экономикалық даму барысында ауылшаруашылықтың үлестік салмағын арттыруы қажет. Бұл міндет фермерлердің, бірінші кезекте, әйелдердің ауылшаруашылық пайдалы жер мен қорларға қатысты құқықтарын қалыпқа келтіру және халықтың кедей тобының экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ету жолымен жүзеге асырылмақ. "Шолу" Азия-Тынық мұхит аймағындағы елдерге ұлттық экономика мен тұтынушы тобы мүддесіне жауап беретін біріккен және тұрақты аймақтық нарықты құру бойынша күш-жігерді белсендендіруді ұсынады. Осы уақытқа дейін аймақтағы мемлекеттер Еуропа мен Солтүстік Америка елдерімен және өздерінің арасында дамыған тұрақты сауда байланыстарға ие болатын. "Шолуда" көрсетілген басымдықтар: аймақтық экономикалық ықпалдасуды тереңдету және бірыңғай көліктік және сауда саясатын дамыту, аймақтық қаржы сәулетін дамыту. Аталғанның барлығы аймақтағы дамудың ашық, біріккен және тұрақты үлгісінің іргетасын қалауға қабілетті.