Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЮВА шпор=)) УРРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
  1. Сингапур экономикасына жалпы сипаттама беріңіз

53. Малайзия экономикасына жалпы сипаттама беріңіз

Малайзия – қарқынды дамушы индустриалды-аграрлық мемлекет. 2008 жылдың Малайзияның ІЖӨ 5,1%-ға өсті, сөйтіп 214,7 млрд. АҚШ долл.құрады. Халықтың Адам басына бұл көрсеткіш 15 300 долл. құрайды және аймақтағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. ІЖӨ құрылымы келесі түрде бөлінген: ауыл шаруашылығы - 9,7%, өнеркәсіп - 44,6%, қызмет көрсету саласы - 45,7%. Соңғы жеті жылда елдің алтын валюталық қоры үнемі ұлғайып келді және 104,4 млрд. АҚШ долл.құрады (әлемдегі 14 орын). Еңбекке жарамды халықтың саны - 11,2 млн.адам, олардың 13%-ы ауыл шаруашылық саласында, өнеркәсіп саласында - 36%, қызмет көрсету саласында - 51%. ІЖӨ ең улкен үлесі қызмет көрсету саласына тиесілі, оның басым бөлігі үстеме және бөлшектем сату сауда, сондай-ақ қаржы қызметі; сақтандыру және жылжымайтын мүлік алу. Жұмыссыздық деңгейі 3,2% пайызды құрайды , үйсіз халықтың саны 5,1% пайызды құрайды. бюджеттік кіріс 44,32 млрд-қа тең болды, ал бюджеттік шығыс - 55,1 млрд. АҚШ долл. құрады. Тікелей шетелдік инвестициялар ағымы 2008 ж ІЖӨ 20,7% құрады, ал дағдарыс деңгейі 5,8% пайызды құрайды. Сыртқы қарызы – ІЖӨ 42,7% құрады.

Экономиканың аса қарқынды секторы – өңдеу өнеркәсібі. Ел интегралды жобалардың, кондиционерлердің, радио және телеаппаратура шығарушы әлемдік негізгі елдер қатарына кіреді. Малайзия – АСЕАН елдерінің ішінде өз автомобиль құрылысы бар жалғыз ел. («Протон», «Перодуа», «Наза», «Хайком», «Буфори» сияқты маркалар бар). Өнеркәсіп өндірісі негізінен Кланг өзенінің маңайына шоғырланған. (т.н. «Селикон даласы»), сондай-ақ Пинанг штатында. Кен өнеркәсібі көмірсутек шикізаты Теренггану және Саравак штаттарының континенталді шельфінде өндіріледі (Солтүстік Калимантан). 2008 жылы мұнай өндірісі күніне 753,7 мың. барр.құрады. Мұнайдың артық қоры 4 млрд. барр.құрайды және 15-20 жылға дейін пайдалануға жеткілікті деп саналуда. Табиғи газ өңдеуі 2008 жылы 4,5 млрд. куб. м.құрады. Табылған газ қорының көлемі 2,35 трлн. куб. м құрайды (40—50 жыл қолдануға болады). Табиғи шикізат өңдіруді «Петронас» мемлекеттік компаниясы жүзеге асырады. Компания шетелдегі мұнайгаз жобаларына белсенді қатысады: әсіресе Иранда, Мьянмада, Суданда, Вьетнаммен ынтымақтастыққа қызығушылық танытуда. «Петронас» ТМД-ның Ортаазиялық аймақтарына аса белсенділік танытуда. Ауыл шаруашылығы техникалық тұқымдарды өндіруге бағытталған. Малайзия пальма майының әлемдік өндірісінің 50% пайызын қамтамасыз етеді (11,8 млн. т.), табиғи каучук шығару бойынша әлемде үшінші орынға ие (580 мың. т.). Ел дамуының негізгі алғышарттары қызмет көрсету саласы болып табылады. Туристік, қаржылық, үстемелі және бөлшектеп сату саудасы, салаларының қарқынды дамуына байланысты ІЖӨ-ғы рынок үлесі 45,7%. Пайызды құрауда. Құрылысқа 3% ІЖӨ тиесілі. Қызмет көрсеті саласы және туризм маңызды рөл атқаруда. Жыл сайын елге 20 млн. турист келеді. Малайзия 2008 жылы елдің экспорттық кірістері 195,7 млрд. долл.,құрады. импорт - 156,2 млрд. долл. (ФОБ индексі бойынша). Экспорттың негізгі бағыттары – электрондық бөлшектер, электротехникалық тауарлар, шикі мұнай, сұйылтылған табиғи газ, ағаш, пальма майф, каучук, текстильді және химиялық өнім болып табылады. Машина және жабдықтар, өнеркәсіпте пайдаланылатын көлік құралдары, мұнай өнімдері, пластик, темір рудасы және метал бұйымдары, тұтыну тауарлары мен азық-түлік. Басты сыртқы сауда әріптестері: АҚШ (15,6%), Сингапур (14,6%), Жапония (9,1%), Қытай (8,8%), Таиланд (5%), Гонконг (4,6%). Сыртқы сауда тасымалының төрттен үші Сингапур порты арқылы жүзеге асырылады. Малайзияның аса инвестициялық артықшылықтары – саяси тұрақтылық, анық іскерлік климат (деловой климат), Малайзияға аудару мүмкіншілігі, қажеттілік жағдайында Қытайдан қаржы жасау және ел халқының арасында ағылшын тілі меңгерілуінің жоғары дәрежеде болуы. Малайзияның 2009 жылы Forbes Global 2000 тізіміне 18 компаниясы енген.