- •Әлемдік экономиканың жаһандануының объективтік негіздері мен бағыттарын көрсетіңіз
- •Жаһандану мен аймақтық интеграцияланудың өзара байланыстарын түсіндіріңіз
- •4.Азия-Тынық мұхит аймағының кең түрдегі ұғымы мен оның әлемдік экономикадағы орнына сипаттама беріңіз
- •Шығыс және Оңтүстік Шығыс елдерінің экономикасына жалпы шолу жасаңыз
- •6. Ата елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша айырмашлықтарын сүреттеңіз
- •7. Ата елдерінің өзара экономикалық қатынастарының объективтік негіздерін көрсетіңіз
- •Ата аймағының біртұтастығын негіздеңіз жәнее оның субаймақтарын көрсетіңіз
- •Солтүстік-Шығыс Азия субаймақтық ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •Оңтүстік-Шығыс Азия субаймақтық ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің (асеан) интеграциялану ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •14.Экономикалық дамудағы экспортқа бағытталған стратегияның теориялық негіздерін анықтаңыз және нақты нәтижелерін көрсетіңіз
- •Аймақтан тыс елдердің ата-ғы экономикалық мүдделері мен интеграциялық топтарға қызығушылығын сипаттаңыз
- •16. Қазіргі Жапония экономикасының жалпы сипаттамаларын көрсетіңіз
- •17. Жапонияның табиғи-шикізат және демографиялық ресурстарын суреттеңіз
- •18. Жапонияның экономикалық даму кезеңдерін сипаттаңыз(Мейдзи революциясынан қазіргі кезге дейін)
- •Жапонияның соғыстан кейінгі жылдардағы экономикалық өрлеуінің басты себептері мен нәтижелерін көрсетіңіз
- •Жапония экономикасының 90-ы жылдардан кейінгі даму ерекшеліктерін (экономикалық ғажайыптан кейін) көрсетіңіз
- •23. Жапонияның экспортқа бейімделу стратегиясының себептері мен салдарларын анықтаңыз
- •24.Жапонияның құрылымдық саясаты мен экономикалық құрылымдық өзгерістерін көрсетіңіз
- •Жапонияның ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық дамуының арақатынасын көрсетіңіз
- •Жапония экономикасындағы мемлекеттің рөлін анықтаңыз
- •27. Жапонияда экономикалық басқару (менеджмент) жүйесінің ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •28.Халықаралық бәсекелестіктің күшеюі және Жапонияның экономикалық мәселелерінің арақатынасын анықтаңыз
- •29. 1990-Ы жылдардағы “бабуру”(көпіршік) экономикасыныңмәні мен салдарларын көрсетіңіз
- •1990-Ы жылдарданкейінЖапонэкономикасының даму қарқыны мен ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •Фукусима апаты мен Жапон экономикасының даму мүмкіншіліктеріне болжау жасаңыз
- •Қытай халық республикасының экономикасының жалпы сипаттамаларын беріңіз
- •37. Қытайдағы халық “коммуналары”, “Үлкен секіріс” және мәдениеттік революция (Хунвэйбиндер) үдерістерінің себептері мен салдарларын көрсетіңіз
- •1978 Ж. Кейінгі Қытай экономикасының дамуы мен құрылымдық өзгерістерін сүреттеңіз
- •43. Қытай экономикасының болашақ дамуына әсер ететін факторлардың қайшылығын атап, түсінік беріңіз
- •44.Қытай коммунистік партиясының XVIII съезі мен экономикалық саясатындағы өзгерістеріне шолу жасаңыз
- •47. Азиялық “жолбарыстардың” экономикалық өрлеуін жалпы сипаттап, «Жаңа индустриалдық елдер» ұғымының мазмұнын анықтаңыз
- •48.Оңтүстік Корея (Корея республикасы) экономикасының жалпы сипаттарын көрсетіңіз
- •Корея түбегіндегі экономикалық дамудың екі моделіне салыстырмалы талдау жасаңыз
- •Корея республикасының экономикасының әлемдік экономикадағы орны мен рөлін суреттеңіз
- •Тайвань экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Сингапур экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •53. Малайзия экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •54.Индонезия экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Таиланд экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Индия экономикасын ажалпы сипаттама беріңіз
- •57. Индияның өнеркәсіптік дамуының құрылымдық ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •58.Индияныңтабиғи-шикізатжәнедемографиялықресурстарына шолу жасап, оның экономикалық дамуға тигізетін әсерлерін көрсетіңіз
- •Пакистан экономикасынажалпысипаттама беріңіз
- •Шығыс және Оңтүстік Азия елдерінің дамуы мен әлемдік экономикаға тигізетін әсерлеріне өз бағалауыңызды беріңіз
47. Азиялық “жолбарыстардың” экономикалық өрлеуін жалпы сипаттап, «Жаңа индустриалдық елдер» ұғымының мазмұнын анықтаңыз
Әлемдік қауымдастық бүгінде Оңтүстік Азия мен Оңтүстік Шығыс Азияның бірқатар елдерін бейнелі түрде «Азия жолбарыстары» деп атайды. Өйткені,соңғы жарты ғасыр көлеміндегі бұл елдердің экономикалық өрлеуі расында да жолбарыстың әрекеті мен секірісі секілді. Оның үстіне олар осынау керемет өсу көрсеткіштерімен «дамудың кілті батыста – Еуропада» деген түсінікті теріске шығарып, әлемді мойындатты. Жалпы елдерді бұлай бейнелеу дәстүрде бар нәрсе. Мысал үшін Ирландия елін «кельт жолбарысы», сол секілді Латвия, Литва және Эстонияны «балтық жолбарыстары» деседі.
Айтылып, мойындалып жүргеніндей «азия жолбарыстарының» алғашқы толқынына: Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг және Тайвань жатады. Бұлар тарихи өлшеммен алып қарғанда өте аз мерзім ішінде артта қалған мешеу елден осы заманғы озық техника мен технологияны, тіпті электрониканы жетік меңгерген алдыңғы қатардағы индустриалды мемлекеттерге айналды.
Мәселен, Оңтүстік Корея Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін АҚШ-тың қолдап-қуаттауымен Солтүстік Кореядан бөлінген, елуінші жылдардардың орта тұсында берекесі кетіп, ішер ас, киер киімнің өзін әзер тауып отырған кедей мемлекет болатын. Дүние жүзілік банктің есебі бойынша сол тұстағы елдің ЖІӨ–нің жан басына шаққандағы мөлшері 100 доллардың шамасында ғана болған көрінеді. Ал, 1994 жылдан бастап (арада 40 жылдай өткен соң!) Оңтүстік Корея Республикасы жоғары қарқынмен дамыған бай мемлекеттердің қатарына еніп, ЖІӨ-нің әр адамға шаққандағы шамасы 38,5 мың долларды құрады, яғни Швейцария мен Финляндияның деңгейіне жетті.
Бүгінде Оңтүстік Корея ЖІӨ деңгейі (710 млрд.$) бойынша әлемде 11-ші орынды иеленеді. Елдің экономикасы кешегі 80-90 жылдары шапшаң қарқынмен дамып, жылына 8-12 пайызды құрады. Экономикалық дамудың бірден-бір көзі оған нәр беретін электр энергиясында дейтін болсақ, мұнда жалпы қуаты 17,7 гигаваттық 20 АЭС (Атом электр станциялары) жұмыс істейді.Ел территориясында су ресурстарының да мол көзі мен мүмкіндігі болғанына қарамастан ол аз пайдаланылады.
Әйтсе де Оңтүстік Корея машина жасау, оның ішінде автокөліктер шығару өндірісі жақсы жолға қойылған, жетекші елдер қатарына жатады. Мұнда жылына 2,5 млн-нан астам автокөлік жасап шығарылады. Басқаларды айтпағанда, біздің Қазақстанда да Оңтүстік Кореяның «Даewoo», «Hyndai» фирмалары шығарған жеңіл автокөліктер мен басқа да техникалардың кеңінен тұтынылып, пайдаланылатыны да осының бірден бір дәлелі. Олар шығарған техникалардың бағасы салыстырмалы түрде арзандау болғандықтан үлкен сұранысқа ие болып отырады. Бұл бір жағынан тұтыну рыногында олардың маркетинг қызметінің жақсы жұмыс істейтіндігінің белгісі болса керек.Осы сияқты Корея кеме жасау ісінен де Жапониядан қалыспайды.
Сингапур да 90-шы жылдардың орта тұсында Оңтүстік Шығыс Азиядағы өндірісі жедел қарқынмен (жылына 14 %) дамыған елдердің қатарына қосылды. Бүгінде бұл елдің өнеркәсібінде роботтар кеңінен пайдаланылады. Жапония мен Гонконг ірі инвесторлар саналады. Сингапур мұнай өңдеу жөнінен дүние жүзіндегі алдыңғы орындардың бірінде. Мұнда жылына 20 млн. тоннадан астам мұнай өңделеді. Жоғары технологиялар саласында ғылымның жетістігі табысты қолданылады. Сондықтан да Сингапур компьютерлер шығару мен роботтарды өндіріске енгізу бойынша Азияда Жапониядан кейінгі екінші орында. Жыл сайын Сингапурға 5 млн. турист келіп қайтады. Олар Сингапурды «сүйкімді Азия» немесе «экватордағы Еуропа» деп атайды.
Жаңа индустриалды елдер - соңғы онжылдықтарда бір-қатар өндіріс салалары, соның ішінде өндеу саласы пайда болған, осының нәтижесінде өндіріс өнімін әлемдік нарыққажеткізуді кеңейтіп отырған дамушы елдер тобы. Бұл елдерге Оңтүстік-Шығыс Азия елдері жатады.
