- •Әлемдік экономиканың жаһандануының объективтік негіздері мен бағыттарын көрсетіңіз
- •Жаһандану мен аймақтық интеграцияланудың өзара байланыстарын түсіндіріңіз
- •4.Азия-Тынық мұхит аймағының кең түрдегі ұғымы мен оның әлемдік экономикадағы орнына сипаттама беріңіз
- •Шығыс және Оңтүстік Шығыс елдерінің экономикасына жалпы шолу жасаңыз
- •6. Ата елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша айырмашлықтарын сүреттеңіз
- •7. Ата елдерінің өзара экономикалық қатынастарының объективтік негіздерін көрсетіңіз
- •Ата аймағының біртұтастығын негіздеңіз жәнее оның субаймақтарын көрсетіңіз
- •Солтүстік-Шығыс Азия субаймақтық ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •Оңтүстік-Шығыс Азия субаймақтық ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің (асеан) интеграциялану ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •14.Экономикалық дамудағы экспортқа бағытталған стратегияның теориялық негіздерін анықтаңыз және нақты нәтижелерін көрсетіңіз
- •Аймақтан тыс елдердің ата-ғы экономикалық мүдделері мен интеграциялық топтарға қызығушылығын сипаттаңыз
- •16. Қазіргі Жапония экономикасының жалпы сипаттамаларын көрсетіңіз
- •17. Жапонияның табиғи-шикізат және демографиялық ресурстарын суреттеңіз
- •18. Жапонияның экономикалық даму кезеңдерін сипаттаңыз(Мейдзи революциясынан қазіргі кезге дейін)
- •Жапонияның соғыстан кейінгі жылдардағы экономикалық өрлеуінің басты себептері мен нәтижелерін көрсетіңіз
- •Жапония экономикасының 90-ы жылдардан кейінгі даму ерекшеліктерін (экономикалық ғажайыптан кейін) көрсетіңіз
- •23. Жапонияның экспортқа бейімделу стратегиясының себептері мен салдарларын анықтаңыз
- •24.Жапонияның құрылымдық саясаты мен экономикалық құрылымдық өзгерістерін көрсетіңіз
- •Жапонияның ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық дамуының арақатынасын көрсетіңіз
- •Жапония экономикасындағы мемлекеттің рөлін анықтаңыз
- •27. Жапонияда экономикалық басқару (менеджмент) жүйесінің ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •28.Халықаралық бәсекелестіктің күшеюі және Жапонияның экономикалық мәселелерінің арақатынасын анықтаңыз
- •29. 1990-Ы жылдардағы “бабуру”(көпіршік) экономикасыныңмәні мен салдарларын көрсетіңіз
- •1990-Ы жылдарданкейінЖапонэкономикасының даму қарқыны мен ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •Фукусима апаты мен Жапон экономикасының даму мүмкіншіліктеріне болжау жасаңыз
- •Қытай халық республикасының экономикасының жалпы сипаттамаларын беріңіз
- •37. Қытайдағы халық “коммуналары”, “Үлкен секіріс” және мәдениеттік революция (Хунвэйбиндер) үдерістерінің себептері мен салдарларын көрсетіңіз
- •1978 Ж. Кейінгі Қытай экономикасының дамуы мен құрылымдық өзгерістерін сүреттеңіз
- •43. Қытай экономикасының болашақ дамуына әсер ететін факторлардың қайшылығын атап, түсінік беріңіз
- •44.Қытай коммунистік партиясының XVIII съезі мен экономикалық саясатындағы өзгерістеріне шолу жасаңыз
- •47. Азиялық “жолбарыстардың” экономикалық өрлеуін жалпы сипаттап, «Жаңа индустриалдық елдер» ұғымының мазмұнын анықтаңыз
- •48.Оңтүстік Корея (Корея республикасы) экономикасының жалпы сипаттарын көрсетіңіз
- •Корея түбегіндегі экономикалық дамудың екі моделіне салыстырмалы талдау жасаңыз
- •Корея республикасының экономикасының әлемдік экономикадағы орны мен рөлін суреттеңіз
- •Тайвань экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Сингапур экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •53. Малайзия экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •54.Индонезия экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Таиланд экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Индия экономикасын ажалпы сипаттама беріңіз
- •57. Индияның өнеркәсіптік дамуының құрылымдық ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •58.Индияныңтабиғи-шикізатжәнедемографиялықресурстарына шолу жасап, оның экономикалық дамуға тигізетін әсерлерін көрсетіңіз
- •Пакистан экономикасынажалпысипаттама беріңіз
- •Шығыс және Оңтүстік Азия елдерінің дамуы мен әлемдік экономикаға тигізетін әсерлеріне өз бағалауыңызды беріңіз
44.Қытай коммунистік партиясының XVIII съезі мен экономикалық саясатындағы өзгерістеріне шолу жасаңыз
Чжан Вейвей «Қытайдың коммунистік партиясы - әлемдегі ең меритократиялық басқару жүйесі. Қытайдың дәстүрлі емтихан алу жүйесі 7-ғасырда басталып, Синьхай революциясына (1911 жылы болған - ред) дейін жалғасқан. Қытайша keju деп аталатын емтихан мемлекеттік органда істегісі келген кез-келген адамға билікке қол жеткізуге жол ашатын. Ол үшін қызметке ұмтылған канидидат ел басқаруға қажетті деп саналатын Қытайдың классикалық ілімін жатқа білуі тиіс. Мұндағы идея - талантты жастардың элита құрамына кіруіне жағдай жасау. Осылайша Қытайдағы бұл жүйе мемлекеттің құрылымдарына жаңа идеялар мен ақылды адамдарды жеткізіп отыратын болған» дейді.ҚКП Орталық Комитетінің бас хатшысы Ху Цзиньтао өз баяндамасында Қытай қытайлық өзгешелікпен соцализм жолымен жүруді жалғастыратындығын атап өтті. 18-ші съездің баспасөз хатшысы Цай Минчжао журналистерге ҚКП ОК-нің бас хатшысы Ху Цзиньтао съезд барысында есептік баяндамасын оқитындығын мәлім етті. Онымен қоса ұйымдастырушылар съезд ашық өту үшін журналистерге барынша жағдайлар жасалатындығын тілге тиек етті.Баспасөз хатшысының сөзіне қарағанда, съезд Қытай Компартиясының Жарғысына түзетулер енгізеді. Жарғыда «ғылыми даму теориясының жаңа түсіндірмелері» қамтылатын болады. Цай Минчжао уәде еткендей, ҚКП ОК саяси бюросының болашақ құрамы журналистерге шығып, сұхбат беретін болады.Естеріңізге сала кетейік, ҚКП-ның алғашқы съезі 1921 жылы Шанхайда өткен болатын. Ол Гуанчжоу, Ухань қалаларында және бір рет Қытай аумағынан тыс - Мәскеуде өтті. Съездің ашылуына байланысты кеше Қытай астанасында қауіпсіздіктің барлық шаралары қолға алынды. Қытай басшылығының негізгі мақсаты коммунистік партияның негізгі рөлі мен тұтастығын сақтап қалу. Қытайдың Саяси бюросының тұрақты комитетінің мүшелігіне үміткер және аса беделді саясаткердің бірі – Бо Силаймен болған дау-дамай қытайлық элитаның тұтас пікірлестігін шайқап жіберді. Бо Силай «сегіз мәңгі өлместің» (ҚКП-ның сегіз беделді және ірі мүшелері) бірі болған Бо Ибоның ұлы. Ол Чунцин қаласындағы портком хатшысы кезінде белсенді жұмысында бірқатар қылмыстар жасаған деп айыпталды.Дәл осы Бо Силайдың ісі Саяси бюроның тұрақты комитетінің тоғыз адамнан сегіз адамға дейін қысқартылуына бір себеп болған. Ондағы мақсат – ҚХР-дың 83 млн коммунистерінің арасында «ыдыраушылыққа» жол бермей, біртұтастықты таныту. Ал ҚХР коммунистерінің арасында Бо Силай қалада енгізген «Чунцин үлгісіне» бүйрек бұратындар да көп еді.12-ші бесжылдықта (2011-2015) Қытай белсенді түрде ҚҰАА (Қытай ұлттық азат ету армиясы) қаруландыруды жалғастырды, ал 2012 жылы күзде Аспан асты елі авиатасымалдаушы державаға (ұшақтары бар кеме иесі) айналды. Қазірге Қытайда алты авиакемелер салынуда. Олар Африка мен Парсы шығанағының сауда жолдарын күзетуге арналған. Ол мемлекет кеме авиациясы мен ұшқышсыз ұшатын аппараттарды (ҰҰА) белсенді түрде шығарумен айналысып жатыр. Олар бұл жаңа құрылымдарды ғаламдық навигациялық «Бэйдоу» жүйесі арқылы үйлестіріп отырмақшы. «Бэйдоу» навигациялық жүйесі 30 спутниктен тұрады, ал олардың жартысы қазірдің өзінде Жер орбитасына шығарылған. Қытай «Бэйдоуды» Азия-Тынықмұхит аумағына 2013 жылдан бастап, ал ғаламдық аумақта 2020 жылға шығармақшы.
ҚХР-ың экономикалық дамуының әлемдік экономикаға тигізетін әсерлерін көрсетіңіз
Қытайдың экономикалық даму үрдісі қазіргі кезеңде кең кҿлемде зерттеу
объектісіне айналды. Себебі, Қытай Халық Республикасының экономикасы соңғы 30
жылда қарқынды ҿсіп келеді. Қытайдың ҿткізу рыногы ұлғаюда, ҽлемде қытайлық
тауарлар үлесі жыл сайын артуда, ішкі жҽне сыртқы инвистициялар кҿлемі ҿсуде. Қытай
2010 жылы ҽлемде номиналды жалпы ішкі ҿнім бойынша АҚШ-нан кейінгі 2 орынды
иемдеді. 2009 жылы ЖІҾ $5,02 трлн.-ға тең болса, 2010 жылғы кҿрсеткіштер бойынша
сҽуір-маусым айларында Қытай Жапониядан басып озды.
Бүгінгі таңда Қытай – ХХІ ғасырдың басындағы ҿнеркҽсіптік ҿндірістің кҿлемі
бойынша ҽлемдегі бірінші индустриалдық держава, сонымен қатар ғарыштық жҽне
ядролық держава – ол кҿмір, темір, марганец, мырыш, вольфрам рудаларын ҿндіру
бойынша лидерлік позиция ұстануда. Сонымен қатар, ҚХР-ның территориясында мұнай,
газ, аз кездесетін металдар (молибден, ванадий, сүрме) жҽне уран үлкен маштабта
ҿндірілуде. Қытай ҿндірістік продукция – кокс, чугун, алюмений, цинк, никель, телевизор,
радиоқабылдағыштар, ұялы телефондар, кіржуғыш жҽне тігін машиналары, велосипед,
мотоцикл, сағат, фотоаппарат, тыңайтқыштар, мақта жҽне жібек маталар, цемент, аяқ-
киім, ет, астық, күріш, картоп, алма, табак, кҿкҿністер бойынша ҽлемдегі ең үлкен
ҿндіруші ел болып табылады; қой, шошқа, құс, жылқы жҽне ешкі саны бойынша, сонымен
қатар балық аулаудан ҽлемде бірінші орынды иемденеді. Қытай – ҽлемдегі ең үлкен
машина ҿндіруші ел болып табылады (2010 жылы – 18 млн.). Қытай шығаратын жыл
сайынға автомобиль мҿлшері бұрынғы лидерлер – АҚШ пен Жапонияның шығаратын
автомобильдар санынын (қоса есептеп салыстырғанда) артық болып келеді. Қытай
экономикасының қарқынды дамуы (1992 жылы - 14,2%; 1998 жылы - 7,8% ) - экстенсивті
сипатқа ие.1995 жылы басқарушылар Қытай экономикасының ҿсу мҿлшерін 8-9 %-дай
ұстап тұруға шешім қабылдады. Бірақ ҿндірістің интенсификациясы кҿптеген кері ҽсерін
тигізеді: бүгінгі таңда Қытайдағы ауылдық мекендердегі жұмыссыздық деңгейі шын
мҽнінде ресми кҿрсеткіштерден 2 есе артық болып келеді (4,6 %); Қытай эмиграцияны
қолдайды; Қытайдағы кедейшілік деңгейі ҿте жоғары – 128 000 000 адам. 2003 жылдан бастап Қытай ҽлемдегі үшінші ғарыштық державаға айналды. 2010
жылы Ресейден кейінгі 2 орынға шықты (АҚШ-ты озып). Қытай қарулардың барлық
түрлерін ҿндіреді – ядролық, термоядролық, су асты қайықтар, баллистикалық ракеталар
жҽне т.б..
2012 жылы импорт пен экспорттың жалпы мөлшері 3 трлн. 866,76 млрд АҚШ
долларын құрады. Бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 6,2 %-ға артты. Экспорт
мөлшері – 2 трлн. 48,93 млрд. доллар (7,9 %-ға өсті), импорт мөлшері – 1 трлн. 817,83
млрд. доллар (4,3 %-ға өсті) .
Әрине, Қытай соңғы 30 жыл аралығында тез арада дамып, бүгінгі таңда әлемнің ең
мықты ұлы державасына айналды. Бірақ кҿріп отырғанымыздай бұл даму жолында кҿптеген
ҽлсіз жақтар бар. Бүгінгі ғалымдардың пікірлері ҽртүрлі болып келеді. Мысалы, «Financial
Times» аналитиктері, Ресей ғалымдары, Збигнев Бжезинский, Гидеон Рахман жҽне т.б.
аналитиктердің айтуы бойынша Қытай ҽлемде 1 – орын иемденеді, яғни жақында
203 ҽлемде «Қытай дҽуірі» орнайды. Басқа ғалымдардың - Фарид Закария, «The Times»
эксперттерінің пікірінше, Қытай ҿзінің дамуының шарықтау шегіне жетті, ҽлемде 1-
орында қашан да АҚШ болады.
ҚХР-ның экономикасы соңғы 30 жылда қарқынды ҿсіп келеді. Қытай 2010 жылы ҽлем
бойынша номиналды ЖІӨ бойынша 2 орынды иемдеді (АҚШ-тан кейін, 2009 жылы ЖІҾ
$5,02 трлн.-ға тең болды;2010 жылғы кҿрсеткіштер бойынша сҽуі-маусым айларында
Қытай Жапонияны озып кетті).
Экспорт мҿлшері бойынша ҚХР дүниежүзінде 1 орында. ҚХР ҽлемнің 182
мемлекетімен сауда-экономикалық байланыс жүргізуде, олардың 80-мен сауда келісімдері
орнатылған.
2012 жылы импорт пен экспорттың жалпы мҿлшері 3 трлн. 866,76 млрд АҚШ
долларын құрады. Бұл кҿрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 6,2 %-ға артты.
Қытай үлкен алтын резервісіне ие. Оған дҽлел ретінде соңғы жаңалықтарды айтуға
болады. Bloomberg хабарлағандай, 2012 жылғы қорытындылар бойынша ҚХР-ның
халықаралық резервілері $3,3 трлн-ға артты. Ал бұл - Қытай қорының бағасы ҽлемнің
бүкіл алтын қорларының бағасынан артық. Bloomberg зерттеулері бойынша Қытай
қорының бағасы ҽлемнің бүкіл алтын қорының бағасынан 2004 жылдан бері артуда. 2004-
2012 жылдар аралығында алтын бағасы 263 %-ке артты, дҽл сол уақыт аралығында Қытай
резервілері 721 %-ке артты. Резервілердің мҿлшері бойынша Қытай ҽлемде 1 орында, 2
орында- Жапония, 3 орында– Сауд Арабиясы, Ресей, Швейцария .
Сонымен, бүгінгі таңда ҚХР – халқы ең кҿп жҽне экономикасы қарқынды дамып
келе жатқан ірі держава. Қытай дамуының күшті жҽне ҽлсіз жақтарын талдағанымызбен,
Қытай ҽлемдегі ең ірі мемлекеттердің бірі екендігі сҿзсіз. Менің ойымша, Қытай
экономикасының болашағы ҿте зор, себебі 30 жыл ішінде осындай дҽрежеге жету тек
саясаты мықты, нақты жоспары бар мемлекетке ғана тҽн. Ҽлсіз жақтарына қарамастан
болашақта Қытай АҚШ-ты озып ҽлем бойынша 1 орынға шығатыны сҿзсіз. Қытай елінің
күшеюі басқа мемлекеттер үшін ҽлемдік дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы болып
табылады. Себебі, Қытай басқа елдер халқының қажеттіліктерін қастамасыз ете алады. Ал
бұл кҿптеген елдер үшін, ҽсіресе Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік болады. Азиялық,
нақтырақ айтсақ Қытай дҽуірі жақында келеді жҽне бұл ҽлемнің даму бағытын ҿзгертеді.
АТА-ы экономикалық өрлеудің екінщі тобын көрсетіп, Азия «Азиялық жолбарыстар»дың экономиасына жалпы шолу жасаңыз
«Азиялық жолбарыстар» дегеніміз - Оңтүстік Корея, Сингапур, Гонконг және Тайвань экономикасының ресми емес атауы. Олар ХХ ғасырдың 60 жылдың басынан 90 жылдардағы дағдарысқа дейін өте үлкен қарқынды дамыған. Азия жолбарыстарының бірнеше онжылдықтың ішінде артта қалған елдер қатарынан алдыңғы қатарлы елдерге шықты. Оған бірнеше фактор әсер етті: үкіметтің жүргізген қатал саясаты мен дамыған елдердің көмегі.
Гонконг 1997 жылдан бері Қытайдың автономиялық мемлкеті. Тайвань Қытайдың билігінде болғанымен, іс жүзінде тәуелсіз мемлекет. Тайвань үлкен капитал экспортері, әсіресе Оңтүстік Шығыс Азияға экспорттайды (соңғы 5 жылдықта экспортталған инвестиция көлемі – 36 млрд долларды құрады). Оның 4,9 млн кВт-тан тұратын 6 блоктік атом станциясы бар. Уран шикізатын Шығыс Азияның басқа елдері секілді Африкадан импорттайды. Жаңа технологиялар өндіруде Тайвань электроника, ұялы телефон шығаруға маманданған. Және де әлем бойынша аяқ киім, спорт киімдерін, спорт құралдарын, т.б шығаруда алдыңғы орында. Елдің экономикасында туризм маңызды рөл ойнайды. Жанар май, шикізат, тамақ импорттайды. Тайванның басты сауда серіктерстері – АҚШ, Жаопния, Гонконг және Германия.
1990 жылдың соңында Оңт-Шығыс Азияда өндірістің жоғары даму қарқынымен Сингапур алды болды. Сингапурдың ірі инвесторлары – Гонконг және Жапония. Сингапур Хьюстон мен Роттердамнан кейінгі 3 оындағы мұнай өңдеуші ел.( жылына 20 млн тоннадан көп). Компьютерлендіру мен робототехнологиялар бойынша Жапониялан кейінгі 2-ші орында алады. Жылына Сингапурға 8 млн турист келеді. Сингапурды «Экватордағы еуропа» деп атайды.
1950 жылы Бүкіләлемдік банкің экономикалық даму деңгейі туралы мәліметі бойынша Оңтүстік Корея артта қалған мемлекет қатарында болды. Оның ол кездегі жан басына шаққандағы табысы 100 долларды құрады(Монголия, Непал, Бурундимен бірдей). Ал, 1994 жылдан бастап жан басына шаққандағы табыс бойынша 38500 долллар(12 орын, Швейцария мен Финляндияның арасында). Оңтүстік Корея гидроэнергия ресурстарына бай. Бірақ ол ресурстарды толық пайдаланбайды. Атом энегетикасын қарқынды дамытуда. 17,7 гигаВт күші бар 20 атом реакторы салынған. Және де Кореяда машина құрастыру жақсы қолға алынған. Дағдарысқа дейін әлемдік нарықта тұрақты орын ұстап отырған(2,5 млн дана), бірақ дағдарыстан кейін шығындарға ұшырады. Оңтүстік Корея кеме жасауда Жапониядан кейінгі 2-орынды иеленеді.
