- •Әлемдік экономиканың жаһандануының объективтік негіздері мен бағыттарын көрсетіңіз
- •Жаһандану мен аймақтық интеграцияланудың өзара байланыстарын түсіндіріңіз
- •4.Азия-Тынық мұхит аймағының кең түрдегі ұғымы мен оның әлемдік экономикадағы орнына сипаттама беріңіз
- •Шығыс және Оңтүстік Шығыс елдерінің экономикасына жалпы шолу жасаңыз
- •6. Ата елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша айырмашлықтарын сүреттеңіз
- •7. Ата елдерінің өзара экономикалық қатынастарының объективтік негіздерін көрсетіңіз
- •Ата аймағының біртұтастығын негіздеңіз жәнее оның субаймақтарын көрсетіңіз
- •Солтүстік-Шығыс Азия субаймақтық ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •Оңтүстік-Шығыс Азия субаймақтық ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің (асеан) интеграциялану ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •14.Экономикалық дамудағы экспортқа бағытталған стратегияның теориялық негіздерін анықтаңыз және нақты нәтижелерін көрсетіңіз
- •Аймақтан тыс елдердің ата-ғы экономикалық мүдделері мен интеграциялық топтарға қызығушылығын сипаттаңыз
- •16. Қазіргі Жапония экономикасының жалпы сипаттамаларын көрсетіңіз
- •17. Жапонияның табиғи-шикізат және демографиялық ресурстарын суреттеңіз
- •18. Жапонияның экономикалық даму кезеңдерін сипаттаңыз(Мейдзи революциясынан қазіргі кезге дейін)
- •Жапонияның соғыстан кейінгі жылдардағы экономикалық өрлеуінің басты себептері мен нәтижелерін көрсетіңіз
- •Жапония экономикасының 90-ы жылдардан кейінгі даму ерекшеліктерін (экономикалық ғажайыптан кейін) көрсетіңіз
- •23. Жапонияның экспортқа бейімделу стратегиясының себептері мен салдарларын анықтаңыз
- •24.Жапонияның құрылымдық саясаты мен экономикалық құрылымдық өзгерістерін көрсетіңіз
- •Жапонияның ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық дамуының арақатынасын көрсетіңіз
- •Жапония экономикасындағы мемлекеттің рөлін анықтаңыз
- •27. Жапонияда экономикалық басқару (менеджмент) жүйесінің ерекшеліктерін көрсетіңіз
- •28.Халықаралық бәсекелестіктің күшеюі және Жапонияның экономикалық мәселелерінің арақатынасын анықтаңыз
- •29. 1990-Ы жылдардағы “бабуру”(көпіршік) экономикасыныңмәні мен салдарларын көрсетіңіз
- •1990-Ы жылдарданкейінЖапонэкономикасының даму қарқыны мен ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •Фукусима апаты мен Жапон экономикасының даму мүмкіншіліктеріне болжау жасаңыз
- •Қытай халық республикасының экономикасының жалпы сипаттамаларын беріңіз
- •37. Қытайдағы халық “коммуналары”, “Үлкен секіріс” және мәдениеттік революция (Хунвэйбиндер) үдерістерінің себептері мен салдарларын көрсетіңіз
- •1978 Ж. Кейінгі Қытай экономикасының дамуы мен құрылымдық өзгерістерін сүреттеңіз
- •43. Қытай экономикасының болашақ дамуына әсер ететін факторлардың қайшылығын атап, түсінік беріңіз
- •44.Қытай коммунистік партиясының XVIII съезі мен экономикалық саясатындағы өзгерістеріне шолу жасаңыз
- •47. Азиялық “жолбарыстардың” экономикалық өрлеуін жалпы сипаттап, «Жаңа индустриалдық елдер» ұғымының мазмұнын анықтаңыз
- •48.Оңтүстік Корея (Корея республикасы) экономикасының жалпы сипаттарын көрсетіңіз
- •Корея түбегіндегі экономикалық дамудың екі моделіне салыстырмалы талдау жасаңыз
- •Корея республикасының экономикасының әлемдік экономикадағы орны мен рөлін суреттеңіз
- •Тайвань экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Сингапур экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •53. Малайзия экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •54.Индонезия экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Таиланд экономикасына жалпы сипаттама беріңіз
- •Индия экономикасын ажалпы сипаттама беріңіз
- •57. Индияның өнеркәсіптік дамуының құрылымдық ерекшеліктерін көрсетіңіз.
- •58.Индияныңтабиғи-шикізатжәнедемографиялықресурстарына шолу жасап, оның экономикалық дамуға тигізетін әсерлерін көрсетіңіз
- •Пакистан экономикасынажалпысипаттама беріңіз
- •Шығыс және Оңтүстік Азия елдерінің дамуы мен әлемдік экономикаға тигізетін әсерлеріне өз бағалауыңызды беріңіз
Қытай халық республикасының экономикасының жалпы сипаттамаларын беріңіз
Қытай мен Азия, Африка, Латын Америкасы мемлекеттері арасындағы эконмикалық қатынасы сыртқы сауда және көмек салаларына байланысты жүзеге асады. Экономикалық қатынастарда қытайлық ықпалды азшылықтары бар бұл елдерде (бұл ел алдымен Оңтүстік Шығыс Азия елдері) пекин, осы азшылықтардың экспедициялық элементтеріне саяси тұрғыдан қолдау көрсетуге және олардың кәсіпкерлік мүмкіншіліктерін Қытайдың көрсетілген елдерде экономикалық және саяси қатысуын және өзінің эксплуаттарылық кірістерін кеңейту үшін қолдануға ұмтылады.
ҚХР және шетелдік Қытай буржуазиясы бөлігі арасындағы ерекше қатынастар нәтижесінің бірі Қытай экономикалық негізі жоқ және дамушы елдердің экономика үшін орнын толтырмайтын тауарлы және қаржылы аударылымдар болды. Қытай дамушы елдермен экономикалық байланыс облысында Қытай басшылығының «теориялық» құрылуы.
Қытай басшылығы өзінің сыртқы саяси жаспарларында дамушы елдердің экономикалық бағынуына маңызды орын бөледі. Осы мақсаттарда Пекин оларға экономикалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстарының концепциясын байланыстыруға тырысады. Осылай бола тұра «өз көршіне сүйену» деген модификацияланған концепциясы насихатына қытайдың дамушы социалисттік ел рольіне әрекеттенуіне және бұл ерекше характерден шығатын оның дамушы елдермен экономикалық баланысына басты орын беріледі.
Маоизмтар ұлттық көзқарастардан және Қытай экономикасы үшін социалисттік елдердің интерпоционолдық көмегіне сүйене отрып «өз күшіне сүйену» концепциясында бейнеленген халықаралық еңбектің бөлінуінде қатысуының мақсаттың сәйкестілігін жоққа шығарады. Бұл концепция Қытайдың экономикалық дамуына үлкен зиян тигізеді. Әлемдік шаруашылық байланыста ғылыми – техникалық революцияда. Социалисттік экономикалық потенциялының өсуінде және социалисттік носондар бойынша Қытай дүниежүзілік сүйену 3 шаруашылықпен айналасу.
Халықаралық күш салу бәсеңділіктері дамуына елдер үшін, алахронизм болып табылады. Жеткілікті ғылыми техникалық потенциялдары бар және экономикалық құрылу қажеттіліктері үшін сыртқы ресурстарды бірқалыпты жұмылдыруға мұқият елдер, ең бірінші социалисттік елдермен және шетелдермен экономикалық байланыстарды шарты бойынша ұлттық экономикалық деңгейді қазіргі уақыттағы талаптарға сай көтере алады. Маонистік доктринаның ауқатсыздығы «өз күшіне сүйену» теориясы дамушы елдерге байланыстыра отырып шығады және маонистерді өздері Қытайдың сыртқы экономикалық қатынастары практикасында оның ережелерінен аймақтады. Қытай «тор» модернизациясы программасын жүзеге асыру барысында «Батыс монополиясы үшін экономикалық есігін біртіндеп ашады.
Қазір Пекин «өз күшіне сүйену» маонисттік доктринасының банкротқа ұшырауынынң куәчі болатын, Қытай территориясында аралас кәсіпкерлікер шығаруды ұсынады. Қытайлық өкіл 1974 жылы 1 сәуірде БҰҰ басты Ассемблеясының ҮІ арнайы сессиясында «өз күшіне сүйену» біраз түзетілген баяндамасын берді. Ол сонымен қатар «өз күшіне сүйену» шетелдік кенеттен бас тарту немесе «тұйықтық» дегенді білдірмейді деді. Біз бір – бірінің орнан толтырушылық, бір – біріне пайдалылық және мемлекеттің суверенитеті сыйлау негізіндегі экономикалық және технолгиялық алмасуды, әртүрлі елдердің ұлтты экономикасының дамуына пайдалы және ажет деп ойлаймын.
Соңғы 20 – 25 жылда Қытай экономикасы жоғары қарқынмен дамыды. Сыртқы сауда ел экономикасының 45%-дан астамын құрайды. Негізгі сауда серіктесі – Жапония, онан кейін АҚШ пен Оңтүстік Корея.Шетел инвестициясын тартудан Қытай АҚШ-тан кейінгі 2-орында. 1997 жылы 1 шілдеде ҚХР-ға бұрын Ұлыбритания отары болып келген Сянган (Гонконг) аралы қайтарылды. Оған арнайы әкімшілік аудан мәртебесі берілді. Сянганның қосылуы Қытай экономикасының дамуын жеделдетті. Бұл аудан дүние жүзіндегі аса ірі сауда және қаржы орталығы болып табылады. Онда әлемдегі аса ірі 100 банктің 85-інің бөлімдері орналасқан.
33. ҚХР-ың табиғи-шикізат ресурстарына шолу жасаңыз
Қытай Халық Республикасы Орталық және Шығыс Азияда орналасқан. Қытайдың шекарасы - 22 000км2. Теңіз шекарасы 34км2. 3 климатттық белдеуде орналасқан: қоңыржай, субтропиктік, тропиктік. . Батысында климаты күрт континенталды, ал шығысында -муссонды. Әр түрлі климаттық жағдайы агроклиматтық қорлардың ерекшелігі мен ландшафтардың қалыптасуын анықтайды. Олар солтүстіктен, оңтүстікке қарай және батыстан, шығысқа қарай елеулі өзгереді. Ылғалдылығы оңт-шығытан солт-батысқа қарай азаяды. Қытайдың 2/3 көбі биік таулар. Жазықтық жер 31% ғана. Су ресурсына келсек, оңт-шығысында мол, ал орталығы мен батысында су тапшы. Дүниедегі ең ірі су электр станциясы Қытайда.Елдің шығысынан және оңтүстік шығысын алып жатқан Сары , Шығыс- Қытай, Оңтүстік- Қытай теңізінде 5 мыңнан артық аралдар бар. Олардың ең ірісі Тайвань (36 мың аумағы шаршы км).Ішкі өзендері - Янцзы, Хуанхэ, Суцзян, Сунгари (жалпы ұзындығы 227 мың. км); көл ауданы - 80 мың. км2. Гидроэнергетикалық әлеуеттің әзірге 9% ғана игеріліп отыр. Оңтүстіктен солтүстікке су ағызу жобасы ел үшін үлкен маңызға ие. Сол б/ша 3 канал салынуда, оның 1 шісі биыл іске қосылды.
Шикізат ресурстары б/ша Қытай дүние жүзінде 3 ші орында. Аумағының күрделі де, әр түрлі геологиялық құрылысына сәйкес осы кезде, әлемде белгілі барлық пайдалы қазбалардың 150 түрі кездеседі. Олардың ішінде көмір, қара, түсті, сирек кездесетін металлдардың, руда емес пайдалы қазбалардың қорлары бойынша Қытай жетекші орында. Көмірдің өндірістік запасы әлемдік запастың 1/3 құрайды. Көмірдің 50% Қ-ң солтүстігінде, 1/5 солт-батыс аудандарында орналасқан.Мұнай қоры б/ша 3орын, оны өндіру б/ша 5 орынды алады.болашақта мұнай Сары қайраңында, Оңт-Қытай теңізі, Хайнань көлінде өндіріледі. Қытай экономикасының өсуінің тағы бір айқын дәлелі елдің мұнайды пайдалануы. 1960 жылдан бастап 40 жыл ішінде Қытайдағы мұнайды пайдалану 25 есеге артты . ҚХР-дың Мемлекеттік статистикалық басқару орталығының мәліметтері бойынша бұл көрсеткіш 2005 жылы 300 млн. тоннаға жетті. Бүгінгі таңда Қытайдағы өзіндік мұнайды өндіру жылына 170 млн. тоннаға тең. Қытайда ресуртық база жоқ, ал бұл елдің импортқа тәуелділігін арттырады. Экономикалық өсімді есептей отыра, Қытай мамандарының айтуы бойынша 2020 жылға қарай мұнайға деген қажеттілік жылына 710 млн. тоннаға тең болады. Сондықтан, Қытайдағы мұнай компаниялары , мысалы Sinopec, мұнайды ҚХР-нан басқа мемлекеттерде өндіруді көздеуде. Бұл: Ресей, Қазақстан, Африка мемлекеттері және Латын Америкасы. Ал Қытайдағы табиғи газды пайдалану 2005 жылы 50 млрд.куб.м-ге сәйкес келді. Болжауларға сүйінсек, бұл көрсеткіш 2020 жылы 200 млрд. куб.м-ге дейін артады. Уранның барланған қорыда аса ірі мөлшерде, сонымен бірге вольфрамның, мырыштың, литидің, танталдың, титанның ірі қорлары Оңтүстік Қытайда орналасқан. Жалпы қалайы мен мыстың қоры бойынша әлемде 2-ші орында. Ішкі Монғолияда сирек кездесетін элементтердің ірі қоры бар. Сонымен бірге күкірт, каолин, асбест, бор, фосфор сияқты руда емес пайдалы қазбалардыңда ірі қорлары кездеседі Қытайдың жер, су, энергетикалық қорларының шектеулілігі, демографиялық және экологиялық мәселелердің күрделігі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың, ғылыми зерттеу мекемелердің басты назарында.
34.ҚХР-ың еңбек ресурстары мен олардың сапалық және сандық сипаттарын көрсетіңіз
Қытайда соңғы 3 жылда еңбек ресурсын басқаруда түрлі мәселелердің орын алуы анық көрінеді.Негізігі проблема еңбек күшін ынталандыру мен қызығушылықтың азаюы.
Қытайдағы еңбек ресурсының өте көп болуы оны әлемдік экономикада көшбасшы қылады.Қытайдың еңбек ресурсы қазіргі таңда үнділерден 1,5 есе көп болса,арабтардан 4 есе көп болып табылады.Халқының санының күннен күнге өсуі жұмыс күшінің сапалық төмендігін көрсетеді.Осыдан көретініміз қазіргі Қытай халқының 19 пайызын сауатсыздық,үлкен жастағы жұмысшылар,6 пайызын студенттер құрайды.Осыған байланысты Қытай еңбек ресурсының Жапония мен Оңтүстік Кореямен салыстырғанда еңбек ресурсының жұмыс жасау сапасы төменірек.Бұл экономиканың ғана төмендеуіне алып келмейді сонымен қатар білімі төмен жұмысшылардың көбеюі мен құрылымдық диспропорция мен жұмыссыздықтың көбеюіне алып келеді.2012ж мәліметтерімен салыстырғанда биыл ондай жағдай көп орын алып отыр.
Қытайдың ДСҰ-ға кіруінің алғашқы айларында-ақ еңбек нарығындағы өзгерістер көбейді.Қытайда қазіргі таңда жұмыс күші жеткілікті бірақ жоғары білімді маманды шетелден тарту қиындығының жоғары болуы.Қытайдың білімі төмен еңбек ресурстарының көбісі қазіргі таңда шетелдерде жұмыс жасайды.Қазіргі таңда жұмыс күшіне деген шығындар өте аз XX ғ 80 жылдарымен салыстырғанды.Компьютерлік білімі бар қызметкерлер үшін Қытайда өте мықты бәсеке болып жатыр.Ақпараттық және технологиялық білімі бар Қытай еңбек күшінің жалақы соңғы 2-3 есеге өсті.
Қытайда жұмыс істегісі келіп жүрген адамдарды табу қиын емес .Қытай үкіметі республикадағы мықты-мықты деген өндіріс орындары мен компаниялардың қатарын көбейтіп,керісінше жұмыс істеу қабілеті төмен компаниялар мен өндіріс орындарын жауып тастауды ұйғарып отыр.Қытайдың ДСҰ-ға кірген жылы «ақыл ойдың ағылуы» басталды,Кері ағыс 2008 жОлимпиалық ойындарды Пекинде өткізу туралы келіссөзден кейін басталды.Қытайдың негізігі еңбек ресурстары мына салаларда 2012 ж мәліметі бойынша:
1-ауыл шаруашылығы-21 пайыз
2-өндіріс 41 пайыз
3-құрылыс 9 пайыз
4-сауда 6 пайыз
5-тасымал 6 пайыз
6-қаржымен қамтамасыз ету 17 пайыз
ҚХР-ың 1949-1978 жж. экономикалықдамуын сипаттаңыз (жоспарлы экономика кезеңін)
ҚХР құрылғаннан соң, алғашқы үш жылда ол бар күшін азаматтық соғыс салдарын жоюға салды. Сондай-ақ ҚХР экономикасын қалпына келтіру Екінші Дүниежүзілік соғыстың салдарынан құлдыраған экономиканы ретке келтіруден басталды. 1937 жылмен салыстырғанда 1949 жылы ауыл шаруашылығы өндірісі 20-25%-дан аса төмендеді, өнеркәсіп өндірісі 50-56%-ға азайды, ал жеңіл өнеркәсіп 30%-ға кеміді. Халықтың 90 %-ы ауылда тұрды, ал ауыр шаруашылығының даму деңгейі өте төмен болды. 1949 жылы жанбасына шаққандағы табыс 54 долларды немесе 66 юаньді құрады. Халық саны 541,7 млн. адамды құрады. Әуелбастан Қытайдың жаңа басшылығы кеңестік экономикалық модельді қолға алды. Экономиканы қалпына келтіру кезеңінде 1949-1952 жылдары ауыл шаруашылығы жылына 14,1%-ға, өнеркәсіп 40,7%-ға жетті. Бұл көрсеткіштер 1937 жылғы деңгейге қайта келуін көрсетеді. 1952 жылы Қытайдың ЖІӨ-і 67,9 млрд. юаньді құрады немесе жан басына шаққанда 119 юаньді құрады[1]. Дегенмен Қытай экономикасының бұл көрсеткіштері әлемдік деңгеймен салыстырғанда өте аз болды. Бірінші бес жылдық жоспар кезінде (1953-1957) ауыр өнеркәсіпке көбірек көңіл бөлінді (оның өндірісі 75 %-ға өсті) Алғашқы бесжылдықтың негізгі міндеттері келесілер болды:
КСРО көмегімен 156 ірі нысандардың құрылысына бар күшті салу. Сондай-ақ социалистік индустриялизацияның негізі болып табылатын 694 ірі және орта кәсіпорындарды құру
Ауыл шаруашылық және қолөнер кооперативтерінің құрылуын жылдамдату.
Ұлттық капиталистік өнеркәсіпті мемлекеттік капитализм жолына қою.
Алғашқы бесжылдық кезінде ЖІӨ 1,57 есеге өсті.
Алайда Мао Цзэдун экономикалық өсу қарқынына көңілі толмай, Қытайды жаппай толығымен индустриялизациялауға бағыттады («үлкен қадам басу» бағдарламасы). Оның басты идеясы қысқа мерзім ішінде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп тауарларының өндірісін өсіру мақсатында бүкіл халықты интенсивті еңбекке мобилизациялау.
Бұл бағдарламаның негізгі элементі төменгі сортты жергілікті кеннен, меттал қирандысынан(лом) металл өндіру үшін «аулалық домна пештерін» құру болды. Миллиондаған шаруалар мен қала жұмыскерлері жоғарыдан түскен нұсқауға сәйкес «домна пештерінде» жұмыс істеу үшін егіс алқаптары мен фабрикаларды тастауға мәжбүр болды. Осы бағдарлама нәтижесінде Қытайдағы шойын мен болат балқымасының жалпы көлемі бірнеше жылдың өзінде-ақ, Ұлыбритания көрсеткіштерінен асып түскенімен, экономикаға біраз зардабын тигізді. Табиғи ресурстарды бейберекет сату, өндіріске отын табу мақсатында ағаштардың жаппай кесілуі, бұның нәтижесі – ашаршылыққа тіреді. Кейбір мәліметтер бойынша, 1959-1961 жылдардағы ашаршылық 30 миллион адамның өмірін алып кеткен.
1960 жылы Кеңес Одағы Қытайға көмек көрсетуін тоқтатып, елден өзінің техникалық мамандарын алып кетті. Ол кезде Қытай Батыс елдерінен көмек алған болатын (аштықтан зардап шеккендерге астық), олардың ішінде Канада және Австралия бар. 1961 пен 1965 жылдар арасында Қытай экономикасын қалпына келтіру Дэн Сяопин мен Лю Шаоцидің прагматикалық саяси бағытының негізінде жүргізілді. Жалпы өнеркәсіптік өнімнің көлемі жылына 17%-ға өсті, ауылшаруашылығында да жағдай түзелді. Бұл жағдайға себеп болған өндірісті басқаруда жоғары маманданған кадрларды пайдалану, ғылым жетістіктерін пайдалану және еңбек бойынша төлеу жүйесінің енгізілуі.
«Прагматикалық бағыттың» дамуын 1966 жылы басталып, 10 жылға созылған «ұлы пролетарлық мәдени төңкеріс» тоқтатып тастады. Барлық мектептер жабылып, әскер тарапынан қолдау көрген, өздерін хунвэйбиндармыз («қызыл қорғаушылар») деп атап жүрген жастардың отрядтары барлық «оңшылдарды» - Мао Цзэдунның дұшпандарын жоюға мақсат етті. «Мәдени төңкеріс» Қытайдың интеллектуалды және мәдени саласына зардап келтіруімен қатар, Қытай экономикасына да зиян келтірді. Өндірісті басқару аппараты, үкімет органдары және коммунистік партияның көптеген кадрлары заман талабына сай болмай қалды. Сыртқы ссуда көлемі күрт төмендеді. 1967 жылдан кейін әскер бұл жағдайға бақылау орнатуды қолға алғанымен, елдегі тәртіпсіздіктер 1971 жылға дейін толастаған жоқ.
Мао Цзэдун елді басқаруын тоқтатқан соң, Дэн Сяопин мен Чжоу Эньлай Қытайды тұрақты экономикалық даму стратегиясына қайтаруға тырысты. Алайда бұл талпыныстарға «мәдени төңкеріс» кезінде билік басына келген партия лидерлерінің фракциялық оппозициялық әрекеттері кедергі келтірді. Шиеленіскен жағдай 1976 жылы Мао Цзэдунның өлімінен кейін ғана аяқталды.
Мәдени төңкеріс жылдары Қытай экономикасы аса ауыр хальге түсті. Ауыл шаруашылығы өте қатты құлдырап кетті. Экономика тиімділігі жылдан жылға төмендеді. Халықтың өмір сүру деңгейі де нашарлап кетті. 1966 мен 1976 жылдар аралығында жалақының орташа деңгейі 4,9 пайызға төмендеді. Ел бюджеті де зардап шекті.
36. Қытайдағыжоспарлыэкономиканыңқалыптасуының ерекшеліктерін анықтаңыз (1949-1958жж.)
ҚХР құрылғаннан соң, алғашқы үш жылда ол бар күшін азаматтық соғыс салдарын жоюға салды. Сондай-ақ ҚХР экономикасын қалпына келтіру Екінші Дүниежүзілік соғыстың салдарынан құлдыраған экономиканы ретке келтіруден басталды. 1937 жылмен салыстырғанда 1949 жылы ауыл шаруашылығы өндірісі 20-25%-дан аса төмендеді, өнеркәсіп өндірісі 50-56%-ға азайды, ал жеңіл өнеркәсіп 30%-ға кеміді. Халықтың 90 %-ы ауылда тұрды, ал ауыр шаруашылығының даму деңгейі өте төмен болды. 1949 жылы жанбасына шаққандағы табыс 54 долларды немесе 66 юаньді құрады. Халық саны 541,7 млн. адамды құрады. Әуелбастан Қытайдың жаңа басшылығы кеңестік экономикалық модельді қолға алды. Экономиканы қалпына келтіру кезеңінде 1949-1952 жылдары ауыл шаруашылығы жылына 14,1%-ға, өнеркәсіп 40,7%-ға жетті. Бұл көрсеткіштер 1937 жылғы деңгейге қайта келуін көрсетеді. 1952 жылы Қытайдың ЖІӨ-і 67,9 млрд. юаньді құрады немесе жан басына шаққанда 119 юаньді құрады[1]. Дегенмен Қытай экономикасының бұл көрсеткіштері әлемдік деңгеймен салыстырғанда өте аз болды. Бірінші бес жылдық жоспар кезінде (1953-1957) ауыр өнеркәсіпке көбірек көңіл бөлінді (оның өндірісі 75 %-ға өсті) Алғашқы бесжылдықтың негізгі міндеттері келесілер болды:
КСРО көмегімен 156 ірі нысандардың құрылысына бар күшті салу. Сондай-ақ социалистік индустриялизацияның негізі болып табылатын 694 ірі және орта кәсіпорындарды құру
Ауыл шаруашылық және қолөнер кооперативтерінің құрылуын жылдамдату.
Ұлттық капиталистік өнеркәсіпті мемлекеттік капитализм жолына қою.
Алғашқы бесжылдық кезінде ЖІӨ 1,57 есеге өсті.
Алайда Мао Цзэдун экономикалық өсу қарқынына көңілі толмай, Қытайды жаппай толығымен индустриялизациялауға бағыттады («үлкен қадам басу» бағдарламасы). Оның басты идеясы қысқа мерзім ішінде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп тауарларының өндірісін өсіру мақсатында бүкіл халықты интенсивті еңбекке мобилизациялау.
Бұл бағдарламаның негізгі элементі төменгі сортты жергілікті кеннен, меттал қирандысынан(лом) металл өндіру үшін «аулалық домна пештерін» құру болды. Миллиондаған шаруалар мен қала жұмыскерлері жоғарыдан түскен нұсқауға сәйкес «домна пештерінде» жұмыс істеу үшін егіс алқаптары мен фабрикаларды тастауға мәжбүр болды. Осы бағдарлама нәтижесінде Қытайдағы шойын мен болат балқымасының жалпы көлемі бірнеше жылдың өзінде-ақ, Ұлыбритания көрсеткіштерінен асып түскенімен, экономикаға біраз зардабын тигізді. Табиғи ресурстарды бейберекет сату, өндіріске отын табу мақсатында ағаштардың жаппай кесілуі, бұның нәтижесі – ашаршылыққа тіреді. Кейбір мәліметтер бойынша, 1959-1961 жылдардағы ашаршылық 30 миллион адамның өмірін алып кеткен.
