Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЮВА шпор=)) УРРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
  1. Жапонияның ғылыми-техникалық саясаты мен экономикалық дамуының арақатынасын көрсетіңіз

Жапония – өнеркәсібі жоғары дамыған мемлекет. Өңдеуші өнеркәсіпте 14 млн-дай адам немесе елдегі халықтың 25%-і жұмыс істейді. Жапония кеме шығарудан (52%), автомобиль (30%), трактор, металл өңдейтін құрал-жабдықтар, тұрмыстық қажетті электроника, робот жасаудан дүние жүзінде 1-орын алады. Бұған қоса жапондар әлемдегі түрлі түсті теледидардың 60%-ін, жасанды талшықтың 12,3%-ін өндіреді. Жапония энергия ресурстарына өте кедей. Сондықтан жапон энергетикасы энергия көздерінің (мұнай, газ, көмір, уран, т.б.) 80%-ін шеттен әкеледі. Соңғы жылдары су және атом энергиясын өндіру жедел артып келеді. Елде жалпы көлемі 35 млн. квт ток өндіретін 43 атом реакторы бар.

Жапонияның сыртқы экономикалық қатынастарының дамуына төменгі факторлар әсер етті:

1. Ғылыми-техникалық өзгерістерді (жетістіктерді) кеңінен пайдалану;

2. Өндірістің орталықтануы мен шоғырлануын мемлекеттің реттеуі;

3. Батыс Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда капитал көлемінің көбеюі;

4. Жапония менеджментінің сырттан келетін импортқа бейімделуі;

5. Қорғаныс пен қаруландыруға қаржының аз бөлінуі;

6. Ұлттық кірісті мемлекет саясатымен қайта қарауы.

Осының арқасында Жапония аз уақыт ішінде Оңтүстік Шығыс Азия, Австралия және Жаңа Зеландияның нарық жүйелерін кеңінен басып алды.

Бірінші факторға тоқталсақ, яғни жапониядағы ғылыми-техникалық саясат.

Екінші дүниежүзілік соғыста кеңестік және американдық әскердің соққысынан күйрей жеңілген Жапония ес жиюды ғылыммен білімге ден қоюдан бастаған болатын. Бүгінде бұл ел әлемдегі ең бай мемлекеттердің алдыңғы қатарында дамып келе жатыр. Жерінде бір тамшы мұнай, бір кесек қымбат тасы жоқ Жапонияның ғылыми-техникалық дамуы дүниежүзін таң қалдырып отыр. Әлемдегі экономикасы дамыған елдердің ішінде Жапония ғылыми-техникалық потенциалы бойынша АҚШ-тан кейінгі 2-орында тұр. Ғылыми-техникалық саясатты дамытудағы АҚШ пен Батыс Еуропа елдерінен Жапонияның басты ерекшілігі ғылыми-техникалық саланы қаржыландыруда көбінесе жеке секторға иек артады. Жапонияның ғылыми-техникалық саясатты дамытудағы негізгі ерекшеліктері:

- дүниежүзілік ғылым мен техника жетістіктерін тез меңгеруі;

- Батыс Европа мен Америка елдеріндегі патент, лицензияларды алғашқы сатысында сатып алып өндіріске тез енгізуі;

- әскери шығындардың болмауы.

Ғылыми-техникалық саясатты дамытудағы позитивті жақтарының бірі Жапонияның адам ресурстарын тиімді пайдалана білуінде. Табиғи, жерасты қазба байлықтарына өте кедей әрі аумағы тар аралдық мемлекет ғылыми-техникалық саясатты өз мүмкіндіктерінен әлде қайда жоғары дәрежеде дамытып отыр. Автордың пікірінше Жапония және өндірісі дамыған басқа да елдердің экономикалық гүлдеуінің негізін жаңа технологияларды өндіріске енгізудегі осы екі сала арасында тиімді байланыс орната білуінде деп қорытындылауға болады.

  1. Жапония экономикасындағы мемлекеттің рөлін анықтаңыз

Жапонияда мемлекет экономиканы реттеу үшін «аралас экономика» әдісін қолданады. Бұл әдістің мақсаты – негізгі капиталға жеке инвестицияларды сала отырып, мемлкеттің бюджеті мен мелекеттік аппаратының кішкене араласуымен, нарықтық механизм арқылы экономиканың дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, барлық деңгейдің бюджет шығынынң ұлттық табысқа қатынасы ІІ дүниежүзілік соғысқа дейін 30 пайызды құраса, соғыстан кейін 27 пайызды құрады. Содан бері азайып келеді. №соғыс жылдарныда мемлекет экономиканы әуімшілік басқаруда қатал әдістерді қолданды. Сол кезде үкімет экономикаға дефициттік қаржылық ресурстар беру арқылы, тұрақты экономикалық өсуге ұмтылды. Одан соңң үкімет қоғамдық-экономикалық институттар құрды. Ол мемлекеттік басқаруға, салықтарға, полицияға, сот жүйесіне және қаржы-неселік жүйеге деген халықтың сенімін қамтамасыз етіп отырды. Ал сыртқы әлемнің сеніміне ие болу үшін үкімен мредиттік тарихты мінсіз қылып ұстап отыруға тырысты: мемлкеттік қана емес, тіпті жеке несиелік қарыздардың дефолтқа ұшырамауын қадағалады.

Содан соң үкімет жеке секторды дамытуға ықпал жасап, қолайлы климат туғызды. Ұлттық валютаның сатып алу қабілетін тұрақты ұстап отыру үшін, яғни инфляцияға жол бермеу үшін үкімет теңестірілген қаржы приципін ұстанды. Иеннің сыртқы ауналымының тепе-теңдігін сақтауға тырысты. Қоғамдық капитал құру үшін мемлекеттік бюджет пен «екінші бюджет» деп аталатын мемлкеттік инвестициялар мен несиелер пайдаланылды. Жұмыс күшінің сапасын арттыру үшін білім жүйесі қолға алынды.

Үкімен жеке сектордың дамуын қолдайтын субьект рөліне енді. Бұл рөл тікелей араласу емес, тек сырттан бақылап, бағыт-бағдар беріп, қолдап отыру болатын. Қолдаудың басты инструменті болып, қаржы-несиелік және салық жүйесі табылды.