Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЮВА шпор=)) УРРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать

24.Жапонияның құрылымдық саясаты мен экономикалық құрылымдық өзгерістерін көрсетіңіз

«Ёсида доктринасы». Жапонияның  50-ші жылдардағы өмірінің негізінде мағынасы экономикалық терминдермен анықталатын «Ёсида доктринасы» жатыр. Бұл дегеніміз Есида доктринасы АҚШ қоластында бола отырып, жапон экономикасын дамытуға бағытталған бағдарлама немесе экономикалық ұлттандыру саясаты.

«1955 ж саяси жүйесін» қалыптастыру. Саяси институттар мен саяси партиялар.  Оккупация аяқталаған соң Жапонияда саяси күштердің қайта құрылғаны белгілі. Саяси күштер басқарушы консерваторлар мен оппозиция қолында болды, соңғысы солшыл пиғылда еді. Олардың арасындағы қатынастар конфронтациялық мінезде болды. Консервативтік лагерь біршама әркелкі еді. Алайда консолидациялық тенденциялар айқын байқалды

  Либералдық−демократиялық партияның (1955) Хатояма үкіметі. Хатояманың саяси мектептен өтуі оның қызметінде көп көмектесті. Оны тек өз жақтастары ғана емес, оппозиция өкілдері де құрметтейтін. Социалистік партия өкілдері ағымдағы саяси жүйеге емес, тек тұлғаның өзіне ғана құрметпен қарайтынын айтқан. Каваками Дзетаро деген белгілі социалист қайраткер өз ғұмырында тек екі саясаткерді жақтайтынын айтқан, олар Хатояма мен Катаяма екен. 1955 жыл оккупациядан кейінгі Жапонияның саяси өмірінде өте бір ерекше жыл болды. Қараша айында екі үлкен партия Либералды партия мен Демократиялық партия күштері қосылып Либералды−Демократиялық партия құрылды

Халықаралық қатынастар жүйесіндегі орнын іздеу мен оның ішкі саяси жағдайға әсері. Сан−Франциско бейбіт келісіміне қол қойғаны арқасында Жапония халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды. Бірақ бұл келісімнің сепараттық қатынасы және АҚШ тарапынан қауіпсіздік Жапоиняны өзге мемлекеттермен қатынастарда тежеді, әсіресе жақын көршілестерімен.  Оккупация жылдарында қалыптасқан жағдайдан Жапония АҚШ тарапына тәуелділікке ұшырап қалды. Жапонияның барлық дерлік мәселелері АҚШ арқылы шешілетін болды. 

Сато Эйсаку кабинеті. Жергілікті билік-әкімшілік жүйе. Жапонияның премьер−министрі Сато Эйсаку Ямагути префектурасының Табусе ауылында дүниеге келген. Отбасындағы үш ұлдың кішісі болған, әкесі Хидесуке Сато спиртті сусындарды өндіруші, ақын және шенеунік болған. Жалпы оның отбасында он бала болған екен. Оның отбасындағы үш ұлының бірі, Ичиро адмирал болған да, қалған екеуі, Эйсаку мен Нобусуке саясатқа бет бұрып, екеуі де Жапонияның премьер−министрлері болған.

ЛДП және елдегі басқа саяси партиялардың дамуы. Комэйто (Таза саясат партиясы) 1964 жыл. Соғыстан кейінгі жылдары Жапония тарихында билікке таласқан бірнеше партиялар байқалады. Олардың барлығы мемлекетті өздері қарастырған тұстарынан жандандырғысы келді. Оның ішінде экономиканы жақсарту, американдық бақылауға көзқарас, қауіпсіздік мәселелері маңызға ие болды. осы партиялардың арасынан ЛДП көшбасшы деуге болады. Өйткені бұл саяси партия бірнеше жылдар бойы жеңіс тізгінін ұстап жүрді. Сонымен қатар Демократиялық партия, Комэйто, Либералды партия, Коммунистік партия, Социал−демократилық партияларды атап кетуге болады.

Ғылыми−техникалық революция. Ғылыми-техникалық революция Жапонияда қатты байқалды. Жиырмасыншы ғасырда Жапония АҚШ, Германия сияқты мемлекеттермен бәсекеге түсті. ҒТР жылдарында Жапонияның жоғарғы дәрежеге жетуін мынадай факторлар арқылы байқауға болады. Алдымен территориялық факторға тоқталсам. Бұл тұрғыдан алғанда Жапония ұтымды жағдайда емес. Мемлекеттің аумағы кіші, жырақта орналасқан арал, сонымен қатар пайдалы қазбаларға да бай емес. Таулы аймақ болғандықтан  жер сілкіністері мен тайфундар көп болып тұрады. Дегенмен осылардың арқасында Жапония өзге елдерден шикізатты алып, оны түрлі мақсаттарда ұтымды пайдалануға мәжбүр етті.  ҒТР жылдарында Жапония сапалы техника және технология тауарларын өндіретін Батыс Европа мемлекеттері, соның ішінде Германиямен бәсекеге түсетін дәрежеге жетті. Бұл құбылысқа кейбір мамандар «экономикалық ғажайып» деген де сипаттама береді. Ал менің ойымша, бұл ғажайып емес, жапондықтар табиғатынан ғылым мен зерттеуге бейім халық деп ойлаймын. Ал ҒТР жылдарында олардың техникалық жабдықтандырудан басқа салаларға табиғи қорлары жетпейдіндігі анық байқалды. Сол себепті, Жапония осындай жетістіктерге жете алды. Жалпы бұл Жапонияның өзіне де, өзге мемлекеттерге де пайдалы құбылыс болған сияқты.