Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЮВА шпор=)) УРРА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
  1. Жапония экономикасының 90-ы жылдардан кейінгі даму ерекшеліктерін (экономикалық ғажайыптан кейін) көрсетіңіз

Соғыс аяқталған соң Жапония экономикасы киын кезеңдерді бастан кешірді. Соғыc салдарынан мемлекет өзінің материалдық жағдайының 40%-на айырылуы,ауырөнеркәсіпжабдықтарыньщ 30% жогалып, Нагасаки мен Хиросима атом бомбалауынан толыгымен жойылып кетті. Тауар мен материал, азык-түлік жетіс-пеушілігі жалпыға бірдей сезілді. Инфляция 50%-ға дейін жетті. Жапондық иен курсы американ долларына шакканда элдеқайда төмендеп, құлдырай түсті. Көптеген кәсіпорындар жабылып қалды. 1946 жылы өнеркэсіп өнімінің деңгейі соғыска дейінгінің 14% кұрады. 1945 жылдан 1947 жылдар аралығында қагаз ақша саны 4 есе өсіп кетті. 1945 жылы жұмысшылардың жалақысы соғысқа дейінгі деңгейдің 13% құрады. Барлығын қайтадан, жаңадан бастауга тура келді. 1947 жылы оккупациялық әкімшілік жаңа Жапондык Конс-титуция (Ата Заң) даярлап шығарды. 90- жылдардағы Жапония экономикасы ұзаққа созылган тоқыраудан бір жола шыға койган жоқ, бұған бірден бір себеп болғаны - қозғалмайтын мүлік нарығындағы күйзеліс нәтижелері. Банк жүйесі де айтарлықтай шығынга ұшырады. Соғыстан кейінгі мерзімде бірінші рет банктердің тақырға отыруы байқала бастады. Мемлекеттік бюджет жүйесі де көптеген қайта қарауга тэн жақтарын көрсете бастады. Осылайша 90-шы жылдардагы үкіметтің алға қойған басты мақсаты болып, экономиканы өсіру, тоқыраудан шығу сиякты мемлекет деңгейіндегі өзекті мэселелер болып саналды.

Сонғы кездері бұл факторлар мыналармен толықтырылды: шикізат ресурстарының жоқтығы, Жапония импортпен қажетті ресурстарының 99% алады, соның ішінде 100% боксит, мата, табиғи каучук, 99,7% мүнай, 99,5% темір рудасы, ал бұл өз кезегінде өндіріс құрылымыи эрдайым жаңалап отыруға, энергия мен ресурстарды үқыпты пай- далану технологиясын енгізуге, шикізат пен отынның альтернативті көздерін іздеуге итермелейді. Осылайша 1955-1965 жылдары Жапония алдыңгы қатарлы дамыган капиталистік державалар ішінде 2-ші орынды мықтап ұстанды. Жапон тауарларының бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты факторлар болып саналатындар:

  • өнім сапасын бақылаудың айрықша жүйесі;

  • еңбек өнімділігінің өсімі;

  • еңбек ету саласындатүсінбеушіліктің болмауынан жүмыс уақытын жоғалту;

  • жан басына шыккандағы табыс көлемінің өте жогары- лығы.

Жапонияның қаржы жүйесінің қазіргі кездегі мәселелері мен міндеттері. 1992 жылдан бастап Жапония үкіметі 90-шы жылга дейін «езілген сабындай» созылып кеткен экономикалык тоқыраудың көзін жою мэселелерін алға қойды. Қазіргі таңда тоқырауга қарсы 8 бірдей бағдарлама қаралып, бұл багдарламалардың жалпы қаржыландыру көлемі 110 трлн иенге дейін жетті. 1992-1999 жылдары қарастырылған тоқырауға қарсы шара-лардың негізгі кұралдары болыи табылғандар:

  • салық ставкаларын реттеу;

  • когамдық жұмыстар, әлеуметтік инфрақұрылымга мем-

  • лекеттік инвестициялар;

  • мемлекеттік институттарды несиелендіру және накты сектор кәсіпорындары үшін несиені кепілдеу;

  • шағын жэне орта бизнесті колдау;

  • Жапон Банкімен проценттік ставканы төмендету;

  • Экономиканың бэсеке қабілеттілігінің өсуімен экспортты ынталандыру;

  • Экономика жүйесін қайта ретгеу шаралары. 1991 жылы басталған өнеркәсіптік өндірісінің бірден төмен-деуі, 1993 жылдын аяғында-ақ тоқталды. Жапония либералды салыктық - бюджеттік саясатын жүргізуге қабілетті жалғыз ғана индустриалды мемлекет болды. 1992 жылы мемлекеттік бюджеттің оң-солдысы байқалып, 1994 жылы экономиканы дамытуды ынталандыру максатында қосымша бюджет кабылдауға мүмкіндік пайда болды. Қабыл- данған шаралар ішкі сұранысқа жагымды ыкпал етіп, Жапония экономикасының тоқыраудан шыгуы 1994 жылдың екінші жар- тысында көріне бастады. 1994 жылы Орталық банк мөлшерлемені ең төменгі дэреже - 1,75% деңгейінде ұстады. Нәтижесінде 1994 жылы жалпы ішкі өнімнің накты өнімі небәрі 1% болған болса, 1995 жылы - 2,5% -ға жетті. Жапон экономикасының токыраудан шығуы мемлекет секторында инвестиция деңгейі жоғарылата түсіп, инвестиция саласы ынталандырылды. Жапон инвестициялары бірінші кезекте АҚШ жэне Азияның кейбір жаңа индустриалды елдері: Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Тайланд т.б.-ньң өндіріс куаттарын қалыптастыруға багытталды. Міне, дэл осы факт 1997 жылдыи күзінде Жапон экономикасы үшін жағымсыз рөлін көрсетті, яғни Азиядағы қаржы тоқырауы деген түсінік осы жерден бастама алған. 1996-1997 жылдардағы Жапон экономикасының жагдайы қуанарлык емес еді. Аса жоғары салықтар экономикалық өрлеуге шектеу койып койды, тіпті үлкен такырға отыруға дейін әкелді. 1997 жылдың аяғында Хасимото кабинеті жапон экономика-сын киын жағдайдан шығару үшін шұғыл шаралар кабылдауга кірісті. «Жан-жақты экономикалық шаралар багдарламасы» ел тарихындағы ең ірісі болып саналды - салықтарды төмендету, әлеуметтік инфрақұрылымга инвестиция сияқты шаралар бағдарламасының іске асырылуы, ал осы жобалардың шыгыстар со-масы - 17 трлн иеннен астамды кұрады. Бұл бағыттарды төмендегі кестеден байқауга болады. Үкімет сондай-ақ, банк секторын сауыктыру үшін де шаралар қабылдауда, бұл бағытқа 30 трлн. иен бағытталған.